213.17K
Category: medicinemedicine

Психологиядағы және наркологиядағы сараптама түрлері

1.

Психологиядағы және
наркологиядағы сараптама түрлері.
Орындаған: Анхан Ж.
Тобы: ЖМҚ-502
Қабылдаған: Манахаев Б.
Шымкент-2016

2.

Жоспар:
1.Психиатриялық аурулар сараптамасы.
I.Түрлері.
II.Мақсаты.
III.Міндеті.
2.Наркологиялық сараптамаларға жалпы шолу.
а)Наркологиялық сынамалар.

3.

Психикалық аурулар сараптамасы үшке бөлінеді:
›››Сот сараптамасы.
››› Еңбек сараптамасы.
››› Әскери сараптама.

4.

Соттық сараптама дегеніміз сотқа тартылған
адамның ақыл-есінің дұрыс немесе дұрыс еместігін
дәлелдеу. Сараптама комиссиясында үш психиатрдан кем
болмау керек.
Заң бойынша қылмыс жасау сәтінде қабілетсіздік
жағдайында, яғни созылмалы психикалық аурудың, уақытша
жан қызметінің бұзылысы, деменция немесе өзге дертті
күйге байланысты өз әрекетіне есеп бере алмау немесе
оларды басқара алмау жағдайында болған тұлға қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайды деп көрсетілген. Мұндай
тұлғаларға соттың шешімімен мәжбүрлік медициналық
шаралар колданылуы мүмкін.

5.

Біздің елімізде еріксіз емдеу соңғы жылдары
наркоман және алкоголизммен ауыратын
науқастарға да қолданылады.
Медициналық критерийді 4 топқа
бөлеміз:
1-топ.Созылмалы психикалық бұзылыстар.
2-топ.Уақытша психикалық бұзылыстар.
3-топ.Туа біткен және жүре пайда болған ақыл-естің
төмендеуімен жүретің психикалық бұзылыстар.
4-топ. Басқа аурудың әсерінен болатын психикалық
бұзылыстар.

6.

Қылмысты саналы жағдайда жасаған, бірақ сот
үкімі шыққанға дейін өз әрекетіне есеп бере алмау
немесе оларды басқара алмау жағдайына алып
келетін психикалық дертке шалдыққан тұлға жазаға
тартылмайды.
Қоғамдық қауіпті әрекет жасаған адам егер де
оның психикалық денсаулығында күмән болса
прокуратурамен. Тергеу органдарымен немесе сот
арқылы соттық психиатрлық экспертизаға
жіберіледі.

7.

Еңбек сараптамасы дегеніміз психикалық
ауытқулары бар адамдардың еңбекке жарамдылығын
бағалау:
1-топқа өзін күте алмайтын және біреудің қарауында
болатын науқастарды жатқызамыз.
2-топқа айқын түрде психоорганикалық
төмендеумен,анық сандырақпен және галлюцинаторлы
бұзылыспен жүретін бірақта терапияға резистентілігі
бар науқастарды жатқызамыз.
3-топқа анық емес психикалық бұзылысы бар бірақ
мамандығы бойынша жұмыс істей алатын науқастарды.

8.

Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы мақсаты жеке адамның еңбекке жарамсыздығын және
оның сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін
орындаудан уақытша босатылуын ресми тану болып
табылатын денсаулық саласындағы сараптаманың түрі.
Психикалық аурулардың еңбекке қабілеттілігіне
баға беру қиын және жауапты міндет. Дәрігер
науқастың дертіне медициналық дұрыс баға беріп қана
қоймай оның еңбекке қабілеттілігінің дәрежесін
анықтауға, сонымен бірге қандай жағдайда еңбек ете
алатынын анықтауға міндетті.

9.

Егер аурудың еңбекке жарамсыздығы уақытша
болса, оған басқа ауру кезіндегідей ауруханалық
анықтама қағазын береді. Аурухана қағазын психикалық
ауруларға бергенде оның мерзімі, аурудың еңбекке
уақытша қабілетсіздігінің ұзақтығының жалпы
ережелерімен анықталады. Бірақ негізгі мерзімі 4 ай.

10.

Еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі немесе тұрақты
жоғалуын анықтай келе оның дәрежесін де анықтауымыз
керек. Еңбекке қабілеттілік бұзылуының III дәрежесі бар,
мүгедектіктің I,II және III тобына сәйкес келеді.
I топ мүгедектігі бар науқастарда еңбек
қабілеттілігін жоғалту созылмалы немесе тұрақты болады.
Бұндай дәрежесі бар науқастар үнемі көмек,күтім және
бақылауды қажет етеді.

11.

II топ жеңіл жұмыстарды орындау мүмкіншілігі
барнауқастарға беріледі. Олар өзгелердің көмегін әдетте
қажет етпейді, өзін-өзі күтуге қабілетті.
III топқа еңбек қабілеттігі өте төмен науқастар
жатады.
Психикалық ауруларға берілетін мүгедектіктің
келесі түрлері бар: аурудың жалпы психикалық дертіне,
кәсіби еңбектік зақым алуына және әскери қызметті
өтеуіне байланысты мүгедектік.

12.

Әскери сараптама әскерге жарамдылығын
анықтайды. 8 топқа бөлінеді:
*Мидың органикалық зақымдалғаннан кейінгі психикалық
және психикалық емес психологиялық бұзылыстар.
*Эндогендік психоз.
*Симптоматикалық психоз және басқа экзогенді психикалық
бұзылыстар.
*Реактивті психоз және невротикалық бұзылыстар.
*Тұлғалық бұзылыстар.
*Созылмалы алкоголизм,наркомания және токсикомания.
*Ақыл-ойдың қалуы.
*Эпилепсия

13.

Әрбір топ өзіндік топқа бөлінеді:
А- әскерге жарамды.
Б- шамалы шектеулермен әскерге жарамды.
В- шектелген,бірақ әскерге жарамды.
Г- шектелген,бірақ әскерге жарамсыз.
Д- әскерге мүлдем жарамсыз.

14.

Бейбітшілік кезеңде, жүйке-психикалық ауруларына
әскери-дәрігерлік сараптама жүргізудің негізгі міндеті
әртүрлі психикалық немесе жүйке ауруларымен адамдарды
анықтау, сонымен қатар адамның айқын мінездік және
тұлға дамуындағы ауытқуларды анықтау болып табылады.
Бұл әскери сараптаманың азаматтық сараптамадан
айырмашылығы жер мен көктей. Яғни азаматтық сараптама
кезінде психикасында шамалы ауытқу байқалса оны
қоғамдық пайдалы іске баулу, еңбек пен емдікпрофилактикалық әсер ету, әлеуметтік деградацияның
алдын алу ұсынылады. Ал әскери жағдайда мұндай
міндеттердің орындалуы мүмкін емес. Әскери өмірдегі
темірдей қаталдылыққа бойында аз ғана болсада ауытқуы
бар адамдар төзімділік таныта алмауы әскери міндетті
орындауды мүмкін емес етеді.

15.

Наркологиялық сынамалар.
Алкогольдік маскүнемдікті анықтау үшін әртүрлі
пробаларамен лабороторлық зерттеулер жүргізіледі.
Раппопорт сынама – күкірт қышқылынла калий
перманганатының әсерінен этил спиртының
қышқылдануы әсерінен пайда болатын
сынама(түссіздені). Ол үшін 2 пробиркаға 2 мл
дистиллденген су құямыз. 1-ші пробиркамен
зерртелуші адам аузын шаю керек, 2-ші пробиркаға 2030 рет көпіршік пайда болғанша үрлеу керек.Содан
кейін 25 тамшы концентрленген химиялық күкірт
қышқылын, 1-2 тамшы 0,5% калий перманганатын
пробирка қабырғасымен құямыз. Егер 2 минуттан
кейін түссізденсе ашық күлгін түске дейін өзгерсе
сынама «+», егер 1-015 минуттан соң өзгермесе сынама
«-».

16.

Шинкаренко – Мохова сынамасын жүргізу
үшін трубканы перманганат калиймен суланған
мақтамен трубканың жуан соңын сүртіп, трубканың
екі соңын кесіп алып тастайды да зерттелуші адам
20-30 секунд үрлейді, егер де этил спиртінің пары
болса немсе сынама «+» болса, ортасында жасыл
сақина пайда болады. Ал түі өзгермесе сынама «-».

17.

Қандағы алкоголь құрамына байланысты
мастық деңгейін анықтау:
0,3 промиле аз -Алкоголь әсері жоқ
0,3 тен 0,5 дейін -Шамалы алкоголь әсері
0,5 тен 1,5 дейін- Жеңіл масю
1,5 тен 2,5 дейін -Орташа дәрежелі масаю
2,5 тен 3,0 дейін -Қатты масаю
3,0 тен 5,0 промилеге дейін -Ауыр алкогольмен улану,
өлімге қаупі бар.

18.

Созылмалы алкгольдік интоксикацияны бауыр қызметін
зерттеу арқылы анықтауға болады. Ол үшін бауыр
ферменттерін:
Гамма –глутамилтранспептидаза,трансаминаза, сілтілі
фосфотаза, тығыздығы жоғары майлар.
Опиатты қолданғанын анықтау үшін келесі
лабороториялық тесттер арқылы анықтауға болады.
1.Зәрді токсикологиялық зерттеу- соңғы 48 сағат аралықында
қабылдаған болса 90% оң болады.
2.Налаксон(опиаттар антогонисті ) арқылы – көктамырға 0,20,4 мг наолоксрн 5 мин ішінде енгізеді ,15-30 минуттан кейін
синдром отмены болмаса тағы 0-4 мг көктамырға енгізеді.
Өзгеріс болмаса сынама теріс.

19.

Кокаин анықтау – 38 сағатқа дейін зәрде және
бэнзоилэлектонин маркеры, кокоин метоболиты
арқылы 7 күнге дейін анықтауға болады.
Гашиш анықтау – каннабиноидтарды зәрде
анықтауға болады.
Анаболитикалық стероидттарды анықтау
үшін лабороториялық зерттеулер:
Зәрді токсикалық зерттеу.
Аш қарынға глюкоза деңгейінің жоғары болуы.
ТЖЛ сарысуда төмен, ТТЛ сарысуда жоғары болуы.
Мочевина азотының азот кретининге қатынасы
жоғарылауы.

20.

Уақытқа сай электрондық аппараттарды
басқару жоғары зейінді қажет етеді. Осының
барлығы әскери-дәрігерлік сараптаманың
алдына үлкен міндет кояды, оның шешімі тек
әскерге шақырылған әрбір тұлғаны біртіндеп
мұқият тексергенде ғана шығады.
English     Русский Rules