Similar presentations:
Психиатрия мен наркологиядағы экспертиза
1.
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТСӨЖ
Психиатрия мен наркологиядағы
экспертиза
Орындаған: Локашева Г.К
Факультет: ЖТД
Тобы: 610
Тексерген: Жолдыбаева Ж.С.
Алматы 2017 ж.
2. Жоспар
1. Кіріспе
1.1. Сот-психиатриялық сараптамасына анықтама
2. Негізгі бөлім
2.1. Сот-психиатриялық экспертизаның жіктелуі
2.2. Еңбек жарамдылық экспертизалары
2.3. Әскери экспертиза
2.4. Сот – наркологиялық сараптама
2.5. Сарапшылардың қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3. Кіріспе
Сот-психиатриялық сараптама - бұлжалпы медицина мен жалпы
психиатрияның жетістіктеріне сүйеніп,
әділеттікке қызмет ететін ғылым.
• Басты міндеті: айыпталушының
немесе сезіктінің (егер оның есі
дұрыстығына күмән болса), куәгердің,
жәбірленушінің, талапкерлердің және
жауапкерлерлің (олардың әрекет
қабілеттілігі туралы мәселені шешу
үшін) психикалық халін анықтау.
4.
Психикалық бұзылыстары бар науқастарғақолданылатын негізгі және жиі экспертизалар :
• 1) Сот ісі кезіндегі сот-психиатриялық
экспертиза;
• 2) Азаматтық процесстегі сот-психиатриялық
экспертиза;
• 3) Психикалық ауытқушылығы бар науқастардың
енбекке жарамдылық экспертизасы;
• 4) Әскери экспертиза.
5. Сотты – психиатриялық экспертиза
• Ең негізгі экспертизаның бір болып табылады, Амбулаторлы,стационарлы , тергеуші кабинетінен, сотта, сырттай және өлім
алды экспертизаларынан тұрады.
• Бұл экспертизалар тергеуші, прокурор, сот үкімімен жүргізіледі.
Соттық - психиатриялық экспертизалардың қажеттілігі
қылмыстық істер қозғалғанда жәбірленуші, қорғаушылардың
қатысуымен жүреді. Экспертиза амбулаторлы болуы мүмкін. Егер
сынақшының (науқастың) психикалық жағдайын бағалауда
қиындықтар болса, міндетті түрде диагностикалық бақылау
қажет, осындай жағдайларда стационарлық соттықпсихиатриялық экспертиза тағайныдалады.
6.
Сот-психиатриялық экспертизалар кемінде 3 психиатрдан тұратынкомиссия мүшелерімен тағайындалады. Бұл экспертиза адамның
жауапқа қабілеттілігі мен қабілесіздігін анықтайды.
Заң бойынша жауапқа қабілетсіз адамдар:
-психикалық бұзылыстары бар, уақытша психикалық бұзылыстары
және кем ақылдылығы бар науқастар адамдарға қауіпті жағдайларында
жауапқа қабілетсіз, яғни өзінің ісін қадағалай алмаған жағдайда;
Стационарлы соттық-психиатриялық экспертиза – психиатриялық
стационар жағдайда ұзақ уақыт бойы бақылаумен жүреді. Стационарлы
экспертиза кезінде сонымен бірге лабораторлы зерттеу әдістері
жүргізіледі. Стационардағы мерзім 30 күннен аспау керек. Егер осы
уақыт аралығында нақты шешім шықпаған жағдайда экспертті
комиссия тексеру уақытын ұзартуға шешім қабылдайды.
7. Еңбекке жарамсыздықты анықтау экспертизасы
• Еңбекке жарамссыздық экспертизасы консультант –дәрігер комиссиясымен және дәрігер –енбектік эксперттік
комиссиясымен қарастырылады. Жедел психикалық
аурулар, аурудың ремиттирлеуші дамуындағы
қайталамалы ұстамалар, аурудың жағымды дамуындағы
өршулер уақытша еңбекке жарамсыздықты анықтайды.
Егер науқас емнен кейін жұмысының жеңілдеуін қажет
етсе немесе сол квалификацияда және жалақысының
сақталуымен басқа жұмысқа ауыстырылса, ол емдеу
мекемесінде КДК-нан қорытынды қағаз алады.
• Мүгедектік тек енбекке жарамдылығын тұрақты жоғалтса
ғана беріледі, яғни, активті емге қарамастан психикалық
бұзылыстар созылмалы немесе қайтымсыз, және
профессиональды жұмысқа кедергі келтірген жағдайда.
8.
• Көп жағдайда мүгедектік тұрақты дефект пенкем ақылдылыққа әкелетін созылмалы
аурулары бар науқастарға беріледі
(шизофрения, эпилепсия, церебральді
атеросклероз, прогрессивті паралич, бас
миының сифилисі). Психикалық науқастарды
біріншілік ДЕЭК-ға емдеуші дәрігер мен КДК
жібереді. ДЕЭК-на науқастардың диагнозы,
аурудың динамикасы, еңбекке жарамсыздық
жиілігі мен ұзақтығы емдік шаралары,
науқастың соматикалық, ауру тарихынан
шығарылу қағазы және коллективпен
арақатынасы мен науқастың мінездемесі
жіберіледі.
9. Әскери экспертизалар
• Әскери – психиатриялық экспертиза әскери– медициналық экспертизаның бір бөлігі.
Экспертизалар әскери комисариаттардың,
әскери училищилердің, госпитальды әскери
–дәрігерлер комиссиясының құрамына
кіретін дәрігер – психиатрлармен
қарастырылады.
10.
• Психиатриядағы әскери экспертиза болашақәскер қызметкерлерінің психикалық және жүйелі
денсаулығының жағдайына қарай оның әскерге
жарамдылығын анықтайды. Әскери және
бейбітшілік уақытында психикалық денсаулыққа
көрсетілетін талаптар әр түрлі. Әдетте зерттеулер
стационарда өткізіледі. Ол симулятивті
тенденцияларды шектеуге кемектеседі. Кейбір
жағдайларда қызметкерлері, неде болса да әкер
қатарында болу үшін ауруларының өршуін
немесе психикалық сферадағы дефекттерін
жасырады. Сондай жағдайларды анықтау аса
маңызды.
11.
• Психиатриядағы әскери экспертизаосыларға көрсетіледі:
• -әскери борышын өтуге шақырылған
азаматтарға;
• - әскери оқу орнына түсетін түлектерге;
• - әскери міндетті кызметкерлерге;
• - милиция қызметкерлеріне;
• - ГАИ;
• -Прокуратура;
• - ФСБ.
12.
• Психикалық аурулары бар әскергешақырылғандар әскери қызметке
жарамсыз болып табылады. Аурулар
қатарында әскерге шақырылғандарға 5 жыл
көлемінде шектеу қойылады. Содан кейін
қайталамалы тексерулер жүргізіледі. Егер
ол ұзаққа созылса стационарда
жатқызылады.
13. Сот – наракологиялық сараптама
• Сот – наркологиялық сараптама -қылмыстықнемесе азаматтық іс жүргізу кезінде наркология
мамандығы бойынша арнайы білім қажет болған
жағдайда тағайындалатын азаматтардың
денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің құрамдас
бөлігі болып табылатын медициналық
сараптаманың бір түрі.
• Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін
арнайы медициналық комиссия ұйымдастырылады.
Медициналық комиссияның дербес құрамын жыл
сайын денсаулық сақтауды министрлігінің
жергілікті органдары басшылары бекітеді.
14.
Комиссия құрамы үш дәрігерден:-дәрігер-наркологтан,
- дәрігер-терапевтен,
-дәрігер-невропатологтан ұйымдастырылады.
Сот-наркологиялық сараптаманың саны бір жылда 1000-нан
артқан жағдайда қосымша бір дәрігер-нарколог пен бір
медициналық тіркеушінің лауазымдары енгізіледі.
Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін комиссияның
төрағалық қызметін, психиатрия және наркология бойынша
арнайы дайындықтан өткен және мамандығы бойынша кем
дегенде 5 жыл жұмыс стажы бар дәрігер-наркологқа жүктеледі.
15. Сот-наркологиялық сараптама өткізу мерзімі
Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін арнайымедициналық комиссияның жұмыс кестесін ішкі істер
органдарымен келісе отырып, наркология ұйымының
басшысы бекітеді.
Сот-наркологиялық сараптама өткізу мерзімі
• Сараптама жүргізу мерзімінің ұзақтығы
сараптама өткізу туралы шешім қабылданған
күннен бастап 30 тәуіліктен аспауы тиіс.
• Істі сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіпте
жүргізілген жағдайда сараптама
қорытындысын беру мерзімдер үш күннен
аспауы керек.
16. Сарапшылардың қорытындысы
Зерттеулер нәтижесі бойынша жазба түріндегіқорытынды дайындалады. Ол сарапшылардың
жеке қолтаңбаларымен бекітіледі. Егер сараптама
сот-наркологиялық сараптама органы өткізген
болса,
қорытынды
сарапшылардың
жеке
қолтаңбалары және органның мөрімен бекітіледі.
17. Қорытындыларда келесілер көрсетіледі
• Қорытынды рәсімделген күн, мерзімдер жәнесараптаманың өткен жері;
• Сарпатаманы өткізу негіздері;
• Сараптама өткізу үшін бастама жасаған орган немесе
тұлға туралы мәлімет,
• Сот – наркологиялық сараптама органы және
сарапшылар туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты,
білімі, сарапшылық мамндығы, мамандығы бойынша
жұмыс өткізілді, ғылыми дәрежесі жіне ғылыми
атағы, лауазымы)
18.
• Сарапшылар қасақана жасалған ақпарат бергендігіүшін құқықтық жауапкершілікке тартылатындығы
жөнінде ескертілгендігі туралы қолтаңбамен
расталған белгі;
• Сот – психиатриялық сарапшыларға қойылған
сұрақтар;
• Қолданылған әдістер көрсетілген зерттеу мазмұны
мен қорытындылары;
• Зерттеу қорытындыларын бағалау, сарапшыларға
қойылған сұрақтар бойынша негіздемелер мен
формулировкасы.
19. Сарапшылардың қорытындылары төмендегілерге негізделуі тиіс
• 1) Клиникалық зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге(жалпы қарау, соматикалық қарау ж.т.б)
• 2) Сот-наркологиялық сараптама жасау ұсынылған тұлғаны
сипаттайтын мәліметтер берілген іс материалдарындағы
ақпаратқа (іс парағы көрсетілуі тиіс), Қажетті материалдар:
бұрын сотталғандығы туралы анықтама, бұрынғы
құқықтық жауапкершілікке тарту туралы үкімдердің
көшірмелері, аймақтық инспекторлар мен туыстарынан
алынған мінездемелерге;
• 3) Өмірі анамнезінде көрсетілген психиатриялық,
наркологиялық ұйымдардан алынған медициналық
құжаттар;
• 4) зерханалық және аспаптық зерттеулердің
қорытындылары.
20. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Илешева Р.Г. Психические болезни. Краткая энциклопедия, Алматы.
Н.М.Жариков, Ю.Г.Тюльпин – Психиатрия
Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте. Алматы, 1981.
Қосымша:
Руководство по психиатрии ( ред. А.В. Снежневский). Москва, Медицина,
1983.