7.25M
Category: medicinemedicine

Су мен тұздардың ағзадағы маңызы

1.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Су мен тұздардың ағзадағы маңызы.
Орындаған: Құрбанқожа С.
Қабылдаған: Қаратаева Г. Е.
Тобы: В-ЖМҚБ-03-17
ШЫМКЕНТ-2018

2.

Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
2.1 Су. Судың ағза үшін маңызы.
2.2 Минералды тұздар. Олардың түрлері.
2.3 Минералды тұздардың адам ағзасы үшін маңызы. Натрий,
магний, кальций, калий, фосфор, темір, йод, фтор, мыс, мырыш.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде,
адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста
өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат
алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға
химиялық элементтер жеген ас пен ішкен
суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың
сараптауынша, ағзаға түскен хи-миялық
элементтердің әрқайсысы белгілі бір
биологиялық қызметті орындайды. Осы
бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық
элементтің биологиялық ролі анықталды.
Таратып айтсақ…

4.

Су – тіршілік нәрі. Адам организімі үшін судың
маңызы өте жоғары. Ересек адамның дене
салмағының 60-70% су. Адам толық ашығып
және су ішпесе 8-10 күн өмір сүре алады.

5.

Судың адам организміндегі қызметі:
• Су жасуша протоплазмасының және тінаралық
құрылымдардың құрамына кіреді;
• Су әмбебап еріткіш;
• Барлық ас қорыту ферменттері гидролазалар тобына жатады,
сондықтан барлық қоректік заттар судың қатысуымен
қорытылады;
• Су қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңуіне, түрлі
заттарды, газдарды, зат алмасуының қалдықтарын тазалуға
қатысады;
• Денедегі жылуды реттеуге қатысады;
• Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады;
• Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың
қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың
шығуына дейін судың міндеті орасан зор.

6.

7.

Адамның тәуліктік су қажеттілігі 2-2,5
л. Организмдегі судың несеп арқылы
1,2-1,4 л, термен 0,5-0,8 л, үлкен
дәретпен 0,1-0,2 л сыртқа шығады.
Организмнен шығатын су мен ішетін
судың мөлшері тең, яғни су балансы
болады. Егер ішетін су сыртқа шығатын
судан аз болса гипергидратация, кем
болса гипогидратация байқалады.

8.

Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:
• Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
• Қан қоюланады.
• Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
• Нәжіс сары түсті болады.
• Іш қатуына(запор) себеп болады.

9.

Су жетіспеген жағдайда мыналар болады:
• Бас ауруы.
• Бас айналуы.
• Шаршау және әлсіздік.
• Ойдың тынықтығы бұзылады.
• Тәбетсіздік.

10.

Минералды тұздар.
Адам денесінде Менделеев кестесіндегі
барлық элементтер кездеседі.
Организм құрамындағы бұл элементтерді
биогендік элементтер деп атайды.
Минералды тұздар 2 ге бөлінеді:
• макроэлементтер
• микроэлементтер

11.

12.

Макроэлементтерге: Натрий (Na), Кальций (Ca),
Магний (Mg), Калий (K), Хлор (Cl), Фосфор (P),
Азот (N), Күкірт (S) және т.б. жатады.
Микроэлементтерге: Темір (Fe), Мыс (Cu), Кобальт
(Co), Йод (I), Фтор (F), Мырыш (Zn), Стронций (Sr),
Марганец (Mn), Никель (Ni), Сурьма (Sb), Кремний (Si),
Бор (B), Ванадий (V) жатады.

13.

Барлық тұздардың организмдегі маңызы өте күшті:
• Олар қан мен тіндегі осмостық қысымды реттейді;
• Қанның сілтілі – қышқылды реакциясын тепе –
теңдігін және қанның белсенді реакциясын бір
қалыпты сақтауға қатысады;
• Минералды заттар катализаторлық қызмет атқарады.
Ферменттер мен гормондардың әсеріне қолайлы орта
жағдайларын қамтамасыз етеді және тұздардың өзі
сол ферменттермен гормондардың құрамына кіреді;
• Тұздар құрылыс пластикалық материал ретінде
қаңқаның, организмдегі барлық жасуша
құрылымының құрамына кіреді, бірақ белок, май,
көмірсудан ерекшелігі, минералдық тұздардың
энергиялық маңызы жоқ;

14.

Организмге тұздар үнемі тамақ
құрамымен қабылданады, ал несеп, тер
және ішек арқылы сыртқа
шығарылады. Тұздардың артық
мөлшері денеде қор ретінде сақталуы
мүмкін. Өсіп келе жатқан ағза үшін
тұздар өте қажет. Кейбір тұздардың
организм үшін маңызы ерекше.

15.

16.

17.

Натрий (Na) – Натрий ағзаның өн бойына толық
таралған; қан сарысуында, арқажұлын
сұйықтығында, көз сұйығында, асқорыту
сөлдерінде,өтте, бүйректе, теріде, сүйек
ұлпаларында, өкпеде және мида таралған.
Натрий организмге хлорлы тұз ретінде
қабылданады. Тәуліктік мөлшері 10-12г,
натрийдің мөлшері 6 г. Натрий жасушаларда
қалыпты су-тұз балансын сақтауда және
ағзадағы сұйықтық көлемін реттеуге басты рөл
атқарады және қандағы қантты жасушаларға
тасмалдауға, бұлшық еттің жиырылуына
қатысады.

18.

Магний (Mg) – жасуша ішіндегі маңызды
катиондардың бірі. Адамға күніне шамамен 400 мг
магний керек. Магний жетіспеген кезде көңіл-күй
құбылады. Адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы
нашарлайды. Магний күйзеліске қарсы макроэлемент.
Әсіресе, В6 витаминімен бірге ол жүйке ұлпаларының
жұмысын жақсартады. Сондай-ақ сүйек түзуге де
қатысады. Жүрек соғысының ырғағын қалып-қа
келтіреді, тамыр кеңейтуге атсалысып, оттегімен
қамтамасыз етуге көмектеседі, сондықтан да магнийді
жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қолданады.
Магний кейбір ферменттік жүйелердің құрамына кіріп,
гликолизге қатысады, ферменттерге белсенділік қасиет
көрсетеді. Магний жасыл жапырақты көкөністерде,
авокадо, балықта және кептірілген цитрусты
жемістерде көп болады.

19.

Кальций (Ca) – Адам ағзасында 1-1,2 кг. кальций
болады, оның 99% сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы
ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль
атқарады. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға,
жүрек және бұлшық еттердің жұмысына қатысады,
қанның ұюын қамтамасыз етеді. Кальций сүйектің
саулығы мен беріктігін сақтайды. Ересек адамдарға
тәулігіне 500 мг. кальций жеткілікті. Ағзаға бір
тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне
немесе жарты литр сүт жетеді. Кальций ағзаға сіңімді
болуы үшін D - витамині, фосфат, магний, мырыш,
марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет. Кальций
сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде
көп болады.

20.

Калий (K) – жасуша ішінде белокпен
байланысқан түрде көбірек 155-160 мэкв/л
болады. Калий иондары ферменттік жүйені
белсендіруге, жүректің қызметін реттеуге
қатысады. Тәуліктік қажеттілігі 3-5 гр. KCL
түрінде қабылданады. Қан қысымын
төмендетеді. Жүрек қағысын реттейді.
Бананда, өрік-мейізде, картопта мол
болады.

21.

Фосфор (P) – ағзада фосфатты кальций
қосындысы ретінде сүйектің құрамында болады.
Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор
мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты.
Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе
көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда
тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап
тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан
алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын
реттеп отырады. Фосфор – белок, май, көмірсу,
витаминдер т.б. алмасуына қатысады. Тәуліктік
қажеттілігі 1 гр.

22.

23.

Темір (Fe) – өте бағалы микроэлементке
жатады. Адам организмінде темірдің мөлшері 35 гр. Оның 65-70% эритроцит құрамында
болады.Темір белоктар: гемоглабин мен
миоглабиннің, ферменттер: каталаза,
пероксидаза, цитохромдар т.б. құрамында
кездеседі. Ағзаға темір жетіспесе қан түзілу
үрдісі бұзылады да – гипохромды анемия пайда
болады. Темір бауырда, көкбауырда, сүйек
кемігінде ферритин және гемосидерин түрінде
сақталады. Темір ағзаға тағаммен түседі.
Тәуліктік қажеттілігі 13-15 мг. Ет, бұршақ,
бауыр, өрік, фасоль, мейізде т.б. тағамдарда
болады.

24.

Йод (I) – аса маңызды микроэлемент. Организмдегі
мөлшері 25 мг, оның 15 мг қалқанша безінде
неорганикалық иодид түрінде тироидты гормондар
құрамында болады. Йод селенге тәуелді, ол ағзада
селенсіз әрекет етпейді. Бұл элементтің жетіспеуі негізгі
зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз
болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала
қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден
бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке
қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы
интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына,
кретинизмге әкеліп соқтырады. Ал ересек адамдарда
ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы
байқалады. Йод ас тұзында, теңіз өнімдерінде болады.
Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып жүр. Тәуліктік
қажеттілігі 0,15–20 мг.

25.

Фтор (F) – фтор кальций және калий,
натриймен қосылыс түзіп сүйектің,
тістің кіреукесінің мықты болуын
қамтамасыз етеді, сонымен қатар ол
сүйек минерализациясы мен дамуына
қатысады. Организмге тәуліктік
қажеттілігі 2–3 мг. Тіске беріктік
қасиет беретіндіктен, тіс пастасының
құрамында болады.

26.

Мыс (Cu) – көптеген ферменттерді белсендіреді:
тирозиназа, цитохромоксидаза, галактозоксидаза
құрамында болып тотығу тотықсыздану үрдістеріне
қатысады. Мыс – қан түзуге, гемоглобин синтезіне
және коллаген эластин синтезіне қатысады. Мыс
жеткіліксіз болса:бауырда қорланған темір
гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды,
фосфолипид синтезі,пигменттер алмасуы, коллаген
және эластин синтезі бұзылады, шаш ағару болады.
Тәуліктік қажеттілігі 30–50 мг. Мыс ағзаға тағам
арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында,
қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде,
алмада көбірек кездеседі.

27.

Мырыш (Zn) – көптеген гормондар (гипофиз
гор. инсулин), ферменттер (карбоксипептидаза,
дипептидаза, карбоангидраза, альдолаза т.б.)
витаминдер құрамында кездеседі. Организмге
мырыш жетіспесе бойдың өсуі, зат алмасу,
жыныс мүшелерінің дамуы бұзылады. Тәуліктік
қажеттілігі–5 мг. Мырыш цитрус жемістерінде,
қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада,
асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте,
тазартылған күріште болады.

28.

Қорытынды
«Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол
іздеген» жөн. Ағзада үнемі элементтер қоры
болуы үшін уақытында, әрі құнарлы тамақтанып
жүрген абзал.

29.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Х.Қ. Сәтбаева, А.А. Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева
«Адам физиологиясы» Алматы 2007 ж.
2. Л.З. Тель, К.М. Хамчиев, Н.А. Агаджанян, В.И.
Циркин «Адам физиологиясы» 2012 ж.
1.

30.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!
English     Русский Rules