Similar presentations:
3-типтік ұшық вирусы
1. 3-типтік ұшық вирусы
Вирус варицелла зостер2.
• Вирионның формасы сфералы, d-150-210 нм. Екіспиральді ДНҚ, сыртқа қабаты бар, липопротеидтен
шығыңқы шашақтармен қапталған. Сыртқа қабатысуперкапсид. Нуклеокапсидпен суперкапсид арасындағы
қабат тегумен. Вирустар тауық эмбрионында көбейеді,
клетка культурасының барлық түрінде бір қабатты
бляшкалар түзеді. Жұқтырылған клеткаларында
денешіктері көп ядролы болады.
3.
• 3-типтік ұшық вирусы (varicella- zoster вирусы) 2 түрлізақымданулар қоздырады: жел шешек (varicella) ж/е белдеу
теміреткі (zoster). 1-шілік инфекция жел шешек түрінде
өтеді, оның рецидиві- белдеу теміреткі түрінде өтеді.
• Вирус екі түрлі ауру қоздырады. Жел шешекке(Varicella
) көбінесе балалар шалдығады, дене қызбасымен, жалпы
интоксикацияланумен, мөлдір суйық толған
бөртпе (везикула) шығумен өтеді. Белдеу ұшық (herpes
zoster) немесе белдеуші теміреткі- бала кезінде жел
шешекпен ауырған ересек адамдарда болатын эндогенді
инфекция. Ауру нерв жолдарының бойымен везикулярлық
бөртпелер шығуымен көрініс береді.
4.
• Таксономиясы.Тұқымдастығы: Herpesviridae
Тұқымдасшасы:[Alphaherpesvirinae]
Туыстастығы: Varicellavirus.
5. Эпидемиологиясы.
• Балаларда жиі кездесетін ауру. Жел шешекпен ауырып тұрғандардың10%- да белдеу теміреткімен науқастанушылық тіркелген.
• Инфекция көзі - ауру адам және вирус тасымалдаушылар.
• Жасырын кезеңі жел шешек кезінде –11–23 күн. Вирус ауалы–
тамшылы және жанасу (бөртпе бөлінділерімен) жолдары арқылы
беріледі. Балалар белдеу теміреткімен науқастанғандармен тығыз
қатынаста болғанда жел шешекпен ауруы ықтимал. Жылдың суық
айларында жиілейді. Жасырын кезеңнің соңынан бастап бөртпе
шыққаннан кейін 5 күн бойы басқаларға жұқтыру қаупі сақталады.
6. Патогенезі, клиникалық көріністері.
• Ену қақпасы-шырышты қабат. 1-шілік репродукция тыныс жолдары.Лимфа тамыр арқылы қанға түсіп, вирусемия қоздырады. Қан мен
терінің (дерматотроптық әсері) және шырышты қабаттың эпителиялық
жасушаларына барады. Нәтижесінде науқастың бетінде, кеудесінде,
аяқ – қолдарында, ауыз қуысының шырышты қабатында везикулярлы
бөртпелер пайда болады. Жел шешек кезінде жасырын кезеңі -11-23
күн. Сулы бөрітпелер орнындағы күлдіреуіктер жарылады да, біраз
уақыттан кейін құрғап, қатаяды. Бетіндегі қабыршық түскеннен кейін
ешқандай тыртық белгі қалмайды.
7.
8.
• 2 ай-1 ж дейінгі сәби және егде ересектерде жел шешек ауыр түрдеөтеді. Ауырып тұрған балалардың жұлын артқы түбіршіктерінде
н/е бас ми нервінің ганглияларында вирус бірнеше жыл бойы
сақталады. Жұлынның нерв жасушасында ұзақ уақыт сақталған
вирустың белсенділігі-теміреткі дамуы ықтимал. Оған әртүрлі
жағдайлар (ілеспе аурулар, жарақаттану, иммунитетінің төмендеуі
т.б.) ықпалын тигізеді. Сезімтал нервтердің айқын емес қызарған
дақтар (d–3–5см). 18–24 сағ везикулаларға айналады. Зақымдану
кеудеде, сезімталдық нервтердің бойында (біржақты) орналасуы
мүмкін. Зақымдану белгілері 2-4 аптадан кейін жоқ болады.
9.
10.
• Иммунитеті. Өмірбақилық иммунитет. Қан сарысуында вирусбейтараптаушы және комплемент байланыстырушы
антиденелер жиналады. Бірақ олар аурудың рецидивінен
құтқара алмайды. Өйткені персистенциялық инфекция ошағы
жұлынның ганглияларында сақталады. Сонымен қатар Тсупрессорлар санының көбеюі байқалады, ол өз кезегінде
екіншілік иммунды-тапшылық қоздыруға себепкер болады.
11.
Зертханалық диагностика.• Зерттеу заттары: күлдіреуік бөліндісі, қан, мұрын-жұтқыншақ
шайындысы. Вирусоскопиялық әдіс-таңбалы-жағынды дайындап,
Романовский-Гимзе әдісімен бояп, препаратты микроскопта қарап
қосынды денешіктер (Липшиц денешігі) бар ,Цанк жасушаларын
анықтайды. Вирусты бөліп алу (индикациялау)- тек қана адам
эмбрионының фибриобластынан дайындалған жасуша дақылдарына
жұқтыру (ЦПӘ, синцитиялар тізілуі бойынша индикациялау).
• Вирусологиялық әдіс-тауық эмбрионында, клетка культурасында
нейтрализация реакциясымен жүргізіледі.
• Серологиялық диагностика- антидененің қос қан сарысуында өсуіне
байланысты.
• Жедел экспресс әдісі- ПТР.
12.
• Емдеуі. Симптоматикалық және арнайы препараттар интерферон, интерфероногендер, ацикловир, видарабинқолданылады.
13.
• Алдын алуы. Жалпы- медициналық сақтану шараларын орындау.Спецификалық профилактика мақсатында қолданылады:
• VZV-тірі вакцина
• Вакцина Окавакс (Франция)
• Вакцина Варилрикс (Бельгия)
• Жел шешек ошағында болған балағаиммунды глобулин енгізу.