Шалкиіз Тіленшіұлы
558.00K
Category: historyhistory

Шалкиіз Тіленшіұлы

1. Шалкиіз Тіленшіұлы

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Шалкиіз
Тіленшіұлы

2.

• Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 —
1560 жылы ш.) — жырау, орта
ғасырлардағы қазақ
поэзиясының көрнекті өкілі.
• Шалкиіз жас кезінен-ақ ер
жүрек жауынгер әрі талантты
жырау ретінде даңққа
бөленді. Жігіттік шағы Ноғай
ордасындағы Мұса бидің
маңайында өткен. Кейіннен
Үлкен Орданың әміршісі,
Мансұрұлы Темір бидің және
ноғайлы Жүсіп бидің
төңірегінде, өмірінің соңғы
кезін қазақ ханы Хақназар
маңында өткізді
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

3.

IKAZ.KZ - ашық
мәліметтер порталы
• Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп
мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен
ерекшеленеді. Оның шығарм-нан
ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі
туралы нанымды, моральдық, этикөлі
түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар
тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару
аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа).
Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ
романтикаға толы жырлар да жеткілікті.

4.

IKAZ.KZ - ашық
мәліметтер порталы
• “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы
жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа).
Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған
шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би
Темірді қажы сапарынан тоқтатуға
айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ
поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын.
Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне
түсе бастады.

5.

IKAZ.KZ - ашық
мәліметтер порталы
• Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ
тілдерінде 1875 жылы “Записки Оренбурского
отдела Императорского Русского
географического общества” жинағында
жарияланған. Кейін аталған жинақта (1885),
“Астраханский вестник” газетінде (1893, 1916),
Ы.Алтынсариннің “Қырғыз
хрестоматиясында” (1879, 1906), т.б.
жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “Ертедегі
әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971)
“15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы” (1982),
“Бес ғасыр жырлайды” (1984) жинақтарында
жарық көрді.

6.

IKAZ.KZ - ашық
мәліметтер порталы
• Шалкиіз жырау (1465-1560) - ақын, жырау,
батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне
аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның
шығармашылығын сол дәуірдегі орыс
оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары
бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі
жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте
басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі
орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп
бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір
бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен,
әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді
болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар
хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.

7.

IKAZ.KZ - ашық
мәліметтер порталы
• Оның барлық толғаулары – заман, өмір,
мораль туралы дидактикалық шешендік
туындылар. Шалкиіз шығармаларынан айқын
аңғарылатын сыр —оның логикалық жағынан
жүйелі келуі. Жырау туындыларына ұйытқы
болған оқиғалар аса көп емес, әйтсе де оның
өмір кезеңдерін, дәуірге көзқарасын өлеңтолғауларына қарап мол сезінуге болады.
Шалкиіз жырларында суреттелетін адамдар —
Темір, Азике, Мансұр, Арық хан және
жыраудың өзі.

8.

IKAZ.KZ - ашық
мәліметтер порталы
• Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық
«мені» арқылы танимыз. Өз тұсындағы
әміршілердің ешқайсысының да шашбауын
көтермеген, турашылдығынан танбаған.
Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар
әсерлілігімен, көздегенін орып түсер
өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған
нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау
серпімді қуатымен ерек-шеленеді. Шалкиіз —
көбі мақалға айналып кеткен талай
афористік сөздердің авторы.

9.

IKAZ.KZ - ашық
мәліметтер порталы
• Ел әңгімелерінің айтуынша, Шалгез батыр
болған. Жауынгер, жорықшы жырау
болғандығы оның өз шығармаларынан да
көрінеді. Шалгез поэзиясы белгілі дәрежеде
жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі
жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен
қайқы қылыштан тым аулақ тұрмағанын
көрсететін өлеңдерінен-ақ байқауға болады.
(«Аспанды бұлт құрсайды», «Балпаң-балпаң
басқан күн», «Асқар, асқар, асқар тау» т.б.).

10.

IKAZ.KZ - ашық
мәліметтер порталы
• Қазақ батырларының өзіндік орын-үлесін,
белгі-ерекшеліктерін көрсететін «Ер Шобан»
жырында Шалкиіз елдік, ерлік мәселелерін
көтереді. Шын мәнісіндегі жыраулық
поэзияны жасаушы болған Шалгез
дидактикасын кейінгі жыршылар да азық етті.
• Сондықтан да жыраулық поэзияның гүлдену
дәуірі Шалгезбен байланысты, өйткені ол —
қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.

11.

IKAZ.KZ - ашық
мәліметтер порталы
Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Rules