Мәжһүр-Жүсіп Көпейұлы – қазақ тарихын зерттеп жинақтаушы ғалым
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының Кенесарыға байланысты деректері
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы Кенесары бейнесі Оның еңбектерінде Кенесары тұлғасы ел тәуелсіздігі үшін күрескен
Тағы бір деректе Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы: «Отыз ұлды Абылайдың 29-ның тұқымы Кенесары, Наурызбайға қас болған... Бір ғана Қасым
287.16K
Category: historyhistory

Мәжһүр-Жүсіп Көпейұлы – қазақ тарихын зерттеп жинақтаушы ғалым

1.

2. Мәжһүр-Жүсіп Көпейұлы – қазақ тарихын зерттеп жинақтаушы ғалым

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – ақын, эннограф, шежіреші, фолклоршы. Ол қазақ тарихына,
әдебиеті мен мәдениетіне қатысты «Мес» деп аталатын 30-томнан тұратын құнды дүние
жазып қалдырған. Оның мұрасын ғалымдар 11 кезеңге бөліп қарастырған.
11 кезеңге жіктеуге болады. Бұл кезеңдер:
1. Адам Ата - Ел хан (б.з. ҮІІІ ғ. дейін);
2. Ел хан - Қондыкер жұрты (ҮІІІ-ІХ ғ.);
3. 92 баулы Қыпшақ (ХІ-ХІІ ғғ.);
4. Шыңғыс хан - Жәнібек Барақұлы (ХІІІ-ХҮ ғғ.);
5. Жәнібек - Салқам Жәңгір (ХҮ-ХҮІІ ғғ.);
6. Әз Тәуке - Абылай сұлтан (1680-1734 жж.);
7. Абылай хан( 1734-1781 жж.);
8. Уәли-Саржан (1781-1836 жж.);
9. Кенесары (1837-1847 жж.);
10.Қоқан (ХҮІП-ХІХ ғ. 60-ж.);
11.Патшалы Ресейдің отарлау саясаты (XIX ғ. II жартысы - 1907 ж.)

3.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы – қазақтың ең алғашқы
Кенесарытанушысы.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының Кенесары Қасымұлына қатысты жинақтаған деректері:
ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы № 1170 «А» папкасында:
- «Кенесарының өлеңі» (129-136-б.). Басы: «Айтамын, айт дегеннен, ау, жарандар!»
Соңы: «Дін-мұсылман быт-шыт боп, жаман бүлген!» Радлов В.В. (282-286-б.);
- «Кенесары жыры» (136-137-б.). Басы: «Қыстың бір алтауы өткен соң (136-137 б.).
Соңы: «Хабар берді Рахпан!». Қара: Радлов В.В. (286-287-б.) т.б. деректер сақталған.
Сонымен бірге № 1176 папкада:
- «Кенесары жорығы соңы» (86-90-б.);
- «Кенесары кезіндегі Қоқан ханы мен Ұлы жүз байланысы» (90-92-б.).
«Кенесары-Науразбай жыры», т.б.
«Кенесары жорығы»;
Мәшһүр-Жүсіптің «Қазақ түбі» нұсқаларында Кенесары заманы ретiнде
қарастырылған.

4.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының Кенесары туралы
жазбаларының жазылу тарихы
Әдетте Мәшһүр-Жүсіп кез-келген тарихи оқиға туралы мәліметті сол
оқиғаға тікелей қатысқан куәгерлерден мәселен, Кенесары көтерілісі
кезінде Жанайдар батырдың атқосшысы болған Майлы Жәдігер
Сымайыл қариядан жазып алған. Кейде тарихи оқиғалар жайында сол
оқиғаларға қатысқан адамның ұрпағының аузынан естіп, қағазға
қондырып отырған. Мәселен, 1838 жылы Қараөткелдегі оқиғалар
куәгері Байғозының баласы Нүрсейіттен шынайы мәліметтер алып,
Кенесары қозғалысының дерек көздерін молайта түскен. Тағы да осы
Қараөткелдегі оқиға жөнінде Шоң-Торайғыр, Абайділдә, Кенесары
туралы ескі тарихи сөздер мен шежірелерді жинаған Мұса Шорманұлы
қолжазбасын Мәшһүр Жүсіп оның баласы Сәдуақастан сұрап алған.
[Оразкүл Хасенқызы, «Тарихи және тарихнамалық деректер» ]

5.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының Кенесары туралы
жазбаларының тарихилығы
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының Кенесары туралы жазбалары терең тарихи негізге негізделеді.
Өз кезегінде Мәшһүр еңбектерін зерттеулерінде пайдаланған қазақтың белгілі тарихшы,
ғалымы Е.Бекмаханов «Көпеев өзгелерге қарағанда шайқас болған орындарды егжейтегжейлі суреттейді және жекелеген мекендердің атауларын атап-атап көрсетіп отырады, ал
мұны басқа шығармалардан ешбір кездестіре алмайсың», -деп, шежірешінің жазбаларын
жоғары бағалаған.
Ал ғалым Оразкүл Хасенқызы «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әңгімелері Кенесары Қасымұлы
бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттеуде дерек көздері болып табылады деп
тұжырымдаймыз»,-деген.
Мысалы:
1. Мәшһүр жазбаларында Кенесары Қасымұлы 1839-40 жылдары, ал А.Кенесарин естелігінде
1847 жылы хан сайланған деп көрсетілген[42.11 б] .
Осы қозғалыс тарихын өзінің зерттеу объектісіне айналдырған Е.Бекмаханов Кенесарының
1841 жылдың қыркүйегінде хан сайланғанын ресми құжаттармен дәйектеген[35. 255 б] . Бұдан
А.Кенесаринмен салыстырғанда Мәшһүрдің тарихи шындықка таяу болғандығын байқаймыз.
2. Бекмаханов Кенесары туралы жазған еңбегінде Мәшһүр-Жүсіптің еңбектерін кеңінен
қолданған. Мысалы, Кенесарының қырғыз жеріндегі соңғы шайқасы туралы деректерінде
Көпейұлына сілтеме жасап отырады.

6. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының Кенесарыға байланысты деректері

Шежіресі
Өмірбаяны
Көтеріліс
Кенесарыға
байланысты
әдеби
туындылар
Көтеріліске
қатысты жер-су
атаулары,
тарихи оқиғалар
Кенесары
тұсындағы
саяси, тарихи
жағдайлар

7. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы Кенесары бейнесі Оның еңбектерінде Кенесары тұлғасы ел тәуелсіздігі үшін күрескен

қаһарман ретінде бейнеленеді.
Мәшһүр-Жүсіп: «Біздің бұл Сарыарқадағы Ойлағаны жамандық,
қазаққа «қазақ бізге бағын, қара» деп, «ақ патшадан Жарадан аққан іріңдей,
жарлық алып шықтым» - деп, Ибан Сыманыш деген Абақты деген үйі бар,
бөлкебай келді. Сонда оныменен талас Қытайдан да Қазулы даяр көріңдей.
елші келді, «қазақ саған қарамайды, маған қарайды»Қызыл қарын жас бала,
деп. Ол екеуінен патшаға қазақтың өз ішінен
Обалына қаларсың
төреден Кенесары, Наурызбай шығып, келіп айтты: Кейінгі үрім-бұтақтан,
Бағынба қазақ орысқа,
Қарғыс бір нәлет аларсың,
Бағынсаң қазақ орысқа.
Ап кетейін бір жаққа,
Осы бастан амандас,
Соңымнан ерші ерінбей!
Сарыарқа деген қонысқа.
Сонда сол замандағы қазақтың жақсылары кеңесті
Береке кетер асыңнан,
де Кенесары, Наурызбайдың сөзін қостамады және
Билік кетер басыңнан.
қытай елшісіне де сөйлеспеді. Жерімізге тимесең,
Інгеннен інген күйерсін,
баладан солдат алмасаң саған қараймыз деп,
Күйдіруші табылып.
ғәдәләтшілік бар деп, ақ патшаны өз
Көршілес жақын қасыңнан,
ықтиярларымен қарап бағынды. Теріге жаздырып
Қызығып тұрсың байқамай.
уағда хат алды».
Күйгеннен зарлап айттым-ай,
Көрінісі орыстың,
Текеметтің бозындай.

8.

Тағы бір мысал ретінде «Кенесары-Наурызбай» жыры
Нысанбай жыраудың Кенесары тұсындағы және одан кейінгі халық тіршілігін
сипаттап салыстыра айтқан жыры Мәшһүр-Жүсіптің «Кенесары-Наурызбай»
дастаннының екінші нұсқасында кездеседі. Онда жырау:
Кене ханның тұсында
Қарт баурадай жарадық.
Жауған қардай борадық.
«Абылай-лап!»-ат қойып,
Дұшпанның алдын орадық.
Кене хан жазым болған соң,
Бет-бетімен тарадық.
Көрінгенге қорғалып,
Кісі аузына қарадық.
Өзіміз шапқан Созақтан
Бір шақта ақыл сұрадық.
Бастан ауды бағымыз.
Иесіз қалды тағымыз

9. Тағы бір деректе Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы: «Отыз ұлды Абылайдың 29-ның тұқымы Кенесары, Наурызбайға қас болған... Бір ғана Қасым

Тағы бір деректе Мәшһүр-Жүсіп
Көпейұлы: «Отыз ұлды Абылайдың 29ның тұқымы Кенесары, Наурызбайға қас
болған... Бір ғана Қасым ұрпағынан
басқа Абылай ұрпағы ас ішіп, аяқ
босатқаннан басқа ешнәрсеге жарамаған»
деп, Кенесары мен Наурызбайды жоғары
бағалайды.
English     Русский Rules