ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жоспар
Жүйелі склеродермия
Жүйелі склеродермия
Этиологиясы
Патогенезі
Жіктемесі
Жіктемесі
Синдромдары:
Клиникалық көрінісі
ЖСД кезінде саусақтардың зақымдалуы
Р-ма. I саусақтың әктенуі, II саусақ ұшының остеолизі
Лабораториялық өзгерістер
Қосымша белгілер
Емі
Ферменттік дәрмектер
Болжамы
Жүйелік васкулиттер
Жүйелік васкулит жіктелуі:
Жүйелі васкулит кез келген жаста басталуы мүмкін. 3 жасқа дейінгі балаларда сирек, ал 4-12 жас аралығындағы балаларда жиі
Біріншілік васкулит:
Екіншілік васкулит
Түйінді периартерит (Куссмауль-Майер ауруы):
Түйінді периартериттің диагностикалық критерилері:
Түйінді периартериит емі
Бейспецификалық  аортоартерит (Такаясу ауруы):
Бейспецификалық аортоартериттің диагностикалық критерилері:
Қолданылған әдебиеттер
1.87M
Category: medicinemedicine

Склеродермия. Жүйелі васкулиттер

1. ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

HOCA AHMET YESEVI
ULUSLARARASI
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ
АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
TURK-KAZAK
UNIVERSITESI
СӨЖ
Тақырыбы: Склеродермия
Жүйелі васкулиттер
Қабылдаған:Абдрамашева Қ.
Орындаған: Түймебай Е.
Тіленов Ж.
Шамшиддионов Ш.
Тобы: ЖМ-519
Түркістан-2018

2. Жоспар

I.
II.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Склеродермия этиологиясы, патогенезі, клиникасы
мен емі
2. Жүйелі васкулиттер этиологиясы, патогенезі,
клиникасы мен емі
III.
Қорытынды
IV.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

3. Жүйелі склеродермия

4. Жүйелі склеродермия

Жүйелі склеродермия (ЖСД) —
терінің, ішкі ағзалардың фиброздыксклероздық өзгерістері-мен және
жайылма Рейно синдромы тәрізді
облитерациялаушы эндо-артерииттің
дамуымен сипат-талатын, дәнекер
тіннің және ұсақ тамырлардың
жүйелі ауруы.

5. Этиологиясы


Ген кемістіктері.
Кейбір ықпалдар аурудың дамуына немесе өршуіне
түрткі болады, мәселен: суықтау, жарақат, стресс,
нейроэндокриндік бұзылыстар. Поливинилхлорид
және алтын өндірісіне катысты жұмысшыларда,
шахтерларда ЖСД жиілеу байқалады.
ЖСД көбіне 30-50 жас шамасында дамиды және
ерлерге қарағанда әйелдерде 8-10 есе жиі кездеседі.

6. Патогенезі

Вирустың немесе ген кемістігінің әсерінен және түрткі факторлардың
қатысуымен фибробласттардың РНК-сы мен ДНК-сы зақымданады, содан
проколлагеннің коллагенге айналу мөлшері шексіз үлғаяды, сонымен бірге
дәнекер
тіннің
негізгі
затының
гликопротеидтері
де
өзгереді.
Фибробласттардың коллагенді артық мөлшерде түзуінен тері мен ішкі
ағзалардың фиброзы дамиды. Науқастың терісінен алынған фибробласттар,
культурада коллагенді көп мөлшерде (5-7 есе артық) түзетіндігі анықталған.
Осы процеспен қатар организмнің иммундық реакциясы бұзылады —Осыдан
түзілген иммундық комплекстер ішкі ағзаларда, микроциркуляция арнасының
қабырғаларында
жиналып,
аутоиммундық
қабынуды
дамытады.
Микроциркуляция арнасы диффузды зақымданады, эндотелий бұзылады,
тромбоциттер агрегацияланады, тамыр қабырғасының ішкі қабығындағы
жасушалары пролиферацияланады

7. Жіктемесі

I. Клиникалық түрлері.
1.Диффузды склеродермия (терінің тұтас зақымдануымен және
висцеральдік закымданулармен сипатталады — ас қорыту жолының,
жүректін, өкпенің, бүйректің, т.б.)
2.Шектелген (ошақты) склеродермия — қол ұшы, бет терісінің ошақты
зақымдануы немесе СREST синдромның болуы. Бұл келесі сөздердің бас
әріптерінен құралған ұғым: кальциноз, Рейно синдромы, эзофагит,
склеродактилия, телеангиоэктазиялар. СREST cиндромның барысы,
әдетте, созылмалы және қатерсіз болып саналады.

8.

І.
Тоғысу синдромы — ЖСД-ның дәнекер
тіннің
өзге
жүйелі
ауруларының
көріністерімен
қабаттасуы
(дерматомиозиттің, ревматоидтық артриттің
немесе жүйелі қызыл жегінің).
Жүйелі склеродермиянының висцеральдік
өзгерістері басым түрі (тері өзгерістері
минимальді бола тұра, жүректің, өкпенің, ас
қорыту жолдарының, бүйректің басым
зақымдануы).

9.

Ювенильдік склеродермия — көрінісінде
терінің ошақты зақымдануы, жеңіл Рейно
синдромы болады, бірақ буындар ауыр
зақымданады (контрактураға кейде аяққолдың даму кемістігіне әкеледі). Ішкі
ағзаларды зақымдау деңгейі шамалы,
функциялық бұзылыстардың деңгейінде.
Барысы созылмалы, кейбір науқастарда
аурудың терілік, висцеральдік белгілері кері
қайтады.

10. Жіктемесі

//. Даму барысы:
Жедел
Жеделдеу
Созылмалы
///. Активтілік дәрежесі:
Минимальді (I)
Орташа (II)
Максимальді (III)

11. Синдромдары:

1. Терінің зақымдануы — басты белгісі. Терінің
өзгерісі 3 сатылы дамиды: ісіну, индурация және
атрофия. Ең алдымен беттің, қол ұшының, аяқ
басының терісі симметриялы ісінеді. Ісінген тері
май жаққандай жылтырайды, қыртыстары
жойылып,
тегістеледі.
Ісініп,
жуандаған
саусақтар майлы сосискаға ұқсайды. Процесс
біртіндеп білектің, кеуденің, арқаның терісіне
таралады. Жеделдеу барысында терінің ісіну
сатысы тез өтеді. Созылмалы барысында ісіну
біраз сақталып, кейде көптеген жылдарға
созылып,
біртіндеп
индурация
сатысына
ауысады.

12.

Индурация сатысында тері аса
тығыздалады, қыртыстары мен әжімдері
жойылады. Осыдан беттің мимикалық
қимылдары жойылып, бет "маска"
тәрізденеді.
Индурация
сатысында
пигментация, депигментация ошақтары
болады; бетте, кеудеде, ерінде, тіл мен
тандайда
тамыр
өрнегі

телеангиоэктазиялар шыға бастайды.

13. Клиникалық көрінісі

Атрофия сатысында тері жұқарады,
тарылып тартылады және онда ерекше
жылтырлық пайда болады. Беттің терісі
тартылып, бет-әлпет қаңқасын тығыз
қаптайды, осыдан мүрын жіңішкеріп, ұшы
құс тұмсығына ұқсайды, төменгі қабақ
тартылып, айналыңқырап тұрады. Ауыз
кішірейеді, айналасына радиальді әжімдер
пайда болады, мүндай ауыз бүрілген
дорбаға ұқсайды. Науқас тарылған аузын
толық аша алмайды. Сөйтіп микростомия
пайда болады.

14.

Атрофия сатысында саусақтардың
тарылған терісі қолды толық жазуға не
июге мүмкіндік бермейді, иілу
контрактурасы
пайда
болады.
Саусақтың ұштық фалангаларының
сүйегі остеолизге ұшырайды, содан
саусақтардың ұшы семіп жіңішкереді,
жіңішкерген тырнақтар кұс тырнағына
ұқсайды.
Саусақтардың
мұндай
өзгерістері
склеродактилия
деп
аталады.

15.

Васкулит салдарынан: сүйектің теріге батқан жерлері
ойылып, жараға айналады, шаш түседі, тырнақтар өзгереді.
ЖСД басым зақымданатын — беттің, қолдың, сиректеу —
аяқтың терісі. Бірақ кейін процестің кеуденің, арқаның
терісіне тарауынан, "корсет" қысқан тәрізді сезім п/б.
Сиректеу — тері тотальді зақымданып, кахексия мен
мумификацияға әкеледі.
ЖСД
тағы
бір
басты
белгісі

терінің
гиперпигментациясы. Тері аса құрғайды, алақан мен
табанда гиперкератоз болады, созылмалы коньюктивит,
атрофиялық ринит, фарингит, стоматит дамиды. Бірқатар
жағдайларда Шегрен синдромы қосылады.

16.

Рейно синдромы — ЖСД ең ерте және жиі кездесетін көрініс.
Рейно синдромында саусақтар мен бақайлар (әсіресе ІІ-ІУ) кенет
ұйып, жансызданғандай болады (парестезия). Ұстама кезінде
саусақтар бозарып, мұздайды. Ұстама аяқталған соң, ашып ауырады
және терісі қызарады. Ұстама салқын тигеннен — қолды салқын
суға салғанда, суықтағанда немесе өз өзінен болады. Рейно
cиндромы аяқ басында, беттің бір бөлігінде, ерінде, тіл ұшында
болуы мүмкін. Вазоспастикалық реакциялар ішкі ағзаларда да,
мысалы, өкпеде, жүректе, бүйректе де бола береді. Әсіресе,
бүйректің вазоспастикалық реакциялары қауіпті, кортикальді
некрозға алып келіп, бір-екі айда бүйрек шамасыздығын туғызады.
Аурудың бұл көрінісі нағыз склеродермиялық бүйрек деп аталады.

17.

Бұлшық
ет
зақымдануы

интерстициялық миозиттің немесе
полимиозиттің салдарынан кейде
бұлшық еттің ауырсынуы, сіресуі,
әлсіздігі байқалады, КФК шамалы
жоғарылайды.
Сүйек
зақымдануы
вазоспастикалық
реакциялардың,
васкулиттің
саддарынан
шеттік
остеолиз туындайды — саусақ, бақай
ұштары семіп жіңішкереді және
қысқарады.

18.

Бұл ауруда ішектің зақымдануы
көбіне
дуодениттің,
энтериттің
көрінісімен білінеді. Аш ішектің
диффузды зақымдануы мальабсорбция
синдромына әкеледі. Кейде ауру іш
өтуден
басталады.
Мальабсорбция
лимфа
тамырларының
облитерациясынан және тонусы жойылған
ішекте
бактериялардың
көбеюінен
болады. Тоқ ішек зақымданса —
перистальтиксы жойылып, іш қатуы
пайда болады, кейде ішектің өтімсіздігі
болып тұрады.

19.

Жүректің
зақымдануы.
Жүректе
интерстициялық
фиброз,
өткізгіштік
жүйесінің склерозы, МКД бұзылыстары
дамып, коранарогендік емес кардиосклерозға
әкеледі.
Содан
жүрек
аритмиясы,
шамасыздығы
туындайды.
Егер
де
кардиосклероз ірі ошақты болса, ЭКГ-лық
көрініс инфарктқа ұқсайды.
Эндокардтың зақымдануы жүректің
склеродермиялық ақауына - митральді
шамасыздыққа,
митральді
қақпақтың
пролапсына әкеледі. Перикардит көбіне
жасырын дамып, тек Эхо-КГ арқылы шамалы
сұйықтықтың, жабысулардың болуынан,
перикардтың калыңдауынан анықталады.

20.

Бүйрек екі түрде зақымданады:
жедел
нефропатия
(нағыз
склеродермиялық бүйрек); оның дамуы бүйрек
тамырларының Рейно синдромы терізді
түйілуінен болады; тамырлардың түйілуінен
дамитын ишемиялық кортикальдік некроз,
ақырында 1-2 айдың көлемінде АГ мен бүйрек
шамасыздығына әкеледі;
созылмалы нефропатия — клиникасы
кәдімгі созылмалы ГН көрінісімен бірдей.
Оның даму негізінде иммунды комплекстік
механизм және бүйрек васкулиті жатады.
Бүйрек зақымдануын дер кезінде анықтау
үшін науқастардың артериялық қысымы
өлшеніп, қысымы көтерілгенде дөрігерге
көрінуі тиіс.

21.

Нерв жүйесінің зақымдануы. Көбіне
шеттік нерв жүйесі полинейропатия түрінде
зақымданады.
Оның
көрінісінде
аяққолдардың ауыруы, гиперестезиясы, сіңір
рефлекстерінің төмендеуі байқалады. Кейде
рецидивтеуші тұрақты тригеминит болады.
Орталық нерв жүйесі сирек зақымданады.
Эндокриндік жүйенің зақымдануы.
Васкулит
салдарынан
гипотиреоз,
аутоиммундық тиреоидит, бүйрек үсті безінің
шамасыздығы дамуы мүмкін. Кейде қантты
диабет қосылады.

22.

ЖСД кезінде саусақтардың зақымдалуы

23. ЖСД кезінде саусақтардың зақымдалуы

24. Р-ма. I саусақтың әктенуі, II саусақ ұшының остеолизі

25.

“Бүрілген
ауыз”
«Барабан
керілген
тері»
Саусақтарда
қанайналы
мының
бұзылысы

26.

АРАЛАС ДӘНЕКЕР ТІН АУРУЫ (Шарп синдромы). Жүйелі
склеродермия, полимиозит және жүйелі қызыл жегі
белгілерінің бірігуімен сипатталады.

27.

28.

29.

30.

CREST -синдром

31.

CREST синдром

32. Лабораториялық өзгерістер

ҚЖА — көбіне болмашы лейкоцитоз және
ЭТЖ жоғарылайды. Кейде гипохромдық
анемия, лейкопения болады.
НЖА — оксипролиннің экскрециясы
үлғаяды
және
нефропатия
дамыса
протеинурия болады.
ҚБА — активтіліктің дәрежесіне қарай
гиперпротеинемия, α2- және ү-глобулиндер,
фибриноген, гаптоглобин деңгейлерінің
жоғарылауы
анықталады;
коллаген
алмасуының бұзылысынан серомукоид,
оксипролин деңгейлері биіктейді және СРБ
пайда болады.

33.

Иммунологиялық
зерттеуде:
науқастардың 40-50%-да — РФ, 3090%-да

антинуклеарлық
антиденелер, 2-7%-да — жегілік
жасушалар табылады; эндотелийге
карсы антиденелер және антигенге
антинуклеарлық
антиденелер
анықталады;
Т-лимфоциттердін.
әсіресе Т-супрессорлардың азаюы
және α2-, ү-глобулиндердің көбеюі,
дисиммуноглобулинемия
болуы
тән.

34. Қосымша белгілер

Перифериялық: терінің гиперпигментациясы,
телеангиоэктазиялар,
трофикалық
бұзылыстар,
Шегрен
синдромы,
полиартрал-гиялар,
полимиалгиялар, полимиозит.
Висцеральдік:
полисерозит
(көбіне
адгезия-лық), созылмалы нефропатия,
полиневрит, тригеменит.
Жалпы: дене салмағын жоғалту (10 кг
аса).
Лабораториялық: ЭТЖ ↑ (20 мм/сағ. аса),
гиперпротеинемия (85 г/л артык), гипергаммaглобулинемия (23% аса), ДНҚ-на
антиденелер, РФ, АНФ.

35. Емі

Емнің негізгі мақсаттары:
фиброз дамуын тежеу (базистік ем);
иммуносупрессия және қабынуға қарсы ем;
бұзылған микциркуляцияны жөнге келтіру;
симптомдық ем.

36. Ферменттік дәрмектер

Гиалурон қышқылына, гиалуронидаза
жүйесіне әсер етіп, фиброз түзілуін азайтады.
Лидаза — гиалурон қышқылын бейтараптап,
оның тұтқырлығын азайтады
(64 Б
новокаинның 0,5% ерітіндісінің 1 мл бірге),
тері астына немесе бұлшы қетке күн ара
салынады. Ем курсы - 12-14 инъекция.
Қан кету қаупінен жара ауруында,
геморрагиялық
синдромда,
бүйрек
шамасыздығында қолданылмайды. Тері мен
буынның
зақымданған
аймақтарына
лидазаны жергілікті электроферез әдісімен де
қолданады.

37. Болжамы

Терісі басым зақымданған
науқастардың
болжамы
тәуірлеу; өкпе, бүйрек, жүрек
қоса
зақымданғандардың
болжамы нашар. Жасы 45-тен
асқан
шақта
ауырған
ер
кісілердің де болжамы қатерлі.
Науқастардың көбінде ауру
ұзаққа созылып, ішкі ағзаларды
біртіндеп баяу зақымдайды.

38.

Жүйелік васкулиттер,

39. Жүйелік васкулиттер


Жүйелік васкулит —тамырлардың жалпылама
қабынуы мен некроздалуға және сол себептен түрлі
ағзаларда ишемиялық бұзылыстарға алып келетін
аурулар тобы. Ол калибрі әртүрлі веналар мен
артерияларды зақымдайды.

40.

41. Жүйелік васкулит жіктелуі:


Біріншілік және екіншілік түрлерін ажыратамыз.
Васкулиттердің клиникалық көрінісі көбінесе
зақымданған тамырлардың калибріне тәуелді.
Васкулиттердің клиникасы әртүрлі болғанымен,
олардың барлығына келесі сипаттамалар ортақ:
Этиологиясының белгісіздігі Патогенезінің
ұқсастығы Тамырлар қабырғасындағы қабыну
процестері фибриноидтық некроз және
плазмалық,лимфоидтық немесе алып жасушалық
инфильтрация түрінде дамуы
Иммундысупрессиялық дәрмектердің айқын емдік
әсер етуі Аурудың өршуі мен ремиссиялары
кезектесетін созылмалы барысы

42. Жүйелі васкулит кез келген жаста басталуы мүмкін. 3 жасқа дейінгі балаларда сирек, ал 4-12 жас аралығындағы балаларда жиі

кездеседі.

43. Біріншілік васкулит:

А) Ірі тамырларды зақымдайтын:
Алып жасушалық артерит (Хортон
ауруы мен ревматиздік полимегалия)
Бейспецификалық
аортоартерит (Такаясу ауруы)
Орталық нерв жүйесінің жеке ангиниті

44.

Б) Орта калибрі
тамырларды зақымдайтын
Классикалық түйінді
периартерит
Кавасаки ауруы

45.

В) Ұсақ және орта
калибрлі тамырларды зақымдайтын
Вегенер гранулематоз
Аллергиялық грануллематоздық ангиит
Микроскопиялық плоиартерит

46.

Г) Ұсақ тамырларды зақымдайтын
Гемораггиялық васкулит
Эссенциальдік криглобулинеимялық
васкулит
Лейкоцитопластикалық тері васкулиті

47. Екіншілік васкулит

А. Инфекциялық аурулардағы
Бактериялық
Вирустық (Созылмалы гепатит)
Риккетсиялық аурулардағы

48.

Б. Паразиттік аурулардағы
В. Дәрмектік аурулардағы
Г. Қатерлі ісіктердегі (түкті жасушалық
лейкоз, лимфомада)
Д. Коллогеноздарлағы, ревматоидты
артриттегі
Е.Кәсіптік ауруларда (бериллиоз, силикоз,
мышьякпен улану)

49.

50. Түйінді периартерит (Куссмауль-Майер ауруы):

Түйінді
периартерит (КуссмаульМайер ауруы):
Сегментті түрде ұсақ және орта калибрлі
артерияларды зақымдайтын некроздаушы
васкулит. Кейде панартерит деп те атауға
болады, себебі тамыр қабырғасын түгелдей
зақымдайды. Клиникалық көріністері ретінде
қызба, жалпы әлсіздік, арықтау, тері
зақымданулары, бұлшықет-буын синдромы,
кардиоваскулярлық синдром, бүйрек
зақымдануы, асқорыту зақымданулары, өкпенің
зақымданулары, нерв жүйесінің
зақымданулары, эндокриндік жүйе
зақымдануларымен корінеді.

51. Түйінді периартериттің диагностикалық критерилері:


Аяқ қолдарда, денеде тармақтанған тамыр
өрнектернің пайда болуы.
Иық белдемесі және бел аймағының бұлшықетінен
тыс бұлшықеттердің тұтас ауырсынуын немесе тек
аяқ бұлшықетінің ауырсынуы және әлсізденуі.
4 кг-нан аса салмақ жоғалту: Аурудың басталуынан,
тамақтануға байланыссыз салмақ жоғалту;
Мононеврит немесе полинейропатия: Осыған сәйкес
неврологиялық көріністердің болуы;
Ұсақ және орта калибрлі артериялардың
биопсиясы: Морфологиялық зерттеуде тамыр
қабырғасының мононуклеарлық инфильтрациясы

52.


Диастолалық қысым 90 мм.сб.
жоғарылауы: Артериялық қысымның
биіктеуі;
Қанда креатинин, мочевина деңгейінің
жоғарылау: Мочевинаның 14.4 ммол/л ден
жоғары, кратининнің 133 ммоль/л ден
жоғары биіктеуі (дегидратациядан немесе
несеп жолдары обструкциясынан болады)
Ангиографиялық өзгерістер: Висцеральдық
артериялардың бойында
аневризмалардың, окклюзияларының
табылуы (егер бұл өзгерістер
атеросклероздан, фибромускулярлық
дисплазиядан т.б.аурулардан болмаса.

53. Түйінді периартериит емі


Негізгі дәрмектері глюкокортикоидтар мен
цитостатиктер. Глюкокортикоидтардан негізгі
қолданылатыны преднизолон (тәул.60-100мг) және
метипред. Висцериттер және шеттік невриттер
болғанда емге цитостатиктерді қосады. Бұл
жағдайларды цитостатиктер үлкен дозада
азатиоприн 2-3мг/кг, циклофосфан 1.5-2 мг/кг 1-2
көлемінде беріледі. Бұл кезде:
Плазмоферез жасалынады.
Гиперкоагуляциямен күресу мақсатымен гепаринді
5000 Б күніне 4 реттен 30-45 күн енгізеді және
антиагреганттарды қолданады. Қажеттілігіне қарай
осылармен бірге гипотензиялық дәрмектер, жүрек
гликозиттері, холинолитиктер.

54. Бейспецификалық  аортоартерит (Такаясу ауруы):

Бейспецификалық аорто
артерит (Такаясу ауруы):
Аортаның және оның негізгі
тармақтарының гранулемалық
қабынуы. Өте сирек кездесетін
ауру. Көбінесе 40-50 жетпеген жас
және орта жастағы
әйелдер шалдығады. Жапон
офтальмологы Микито Такаясу
1908 жылы жас әйелдің көз түбі
тамырларының ерекше өзгерісте
ріне назар аударған .

55. Бейспецификалық аортоартериттің диагностикалық критерилері:


Аурудың басталатын жасы <40: Аурудың алғашқы
белгілерінің <40 жастан басталуы;
Артериялық гипертензия және АҚ
ассиметриялығы: Қолдағы систолалық қысымның
>10 мм. сын.бағ. айырмашылығы;
Иық артериясында пульсацияның төмендеуі және
тамыр шуының естілуі: Иық артериясының
біреуінде немесе екеуінде пульсацияның төмендеуі
немесе иық, ұйқы. Бұғанаасты артериясының немесе
құрсақтық аортаның проекциясынан тамыр шуының
естілуі.

56.


Абдоминальдық ишемия синдромы: Іштің тамақ
ішкенен кейін жайылма ауруы некмесе өтуі;
Қолдардың ұстамалы ақсақтығы: Бір немесе екі
қолдың ауырсынуы, бұлшықеттің әлсіздігі,
дискомфорт сезіну;
Тамырлардың артериографиялық немесе
доплерографиялық өзгерістері: Аортаның,
магистральдік тамырлардың барлық бойының
стенозы немесе окклюзиясы;
Ишемиялық энцефалопатия: Атеросклерозға немесе
эссенциялық гипертензияға байланысы жоқ,
тамырдың созылмалы шамасыздығынан ми тінінің
органикалық бұзылысының біртіндеп меңдеуі;

57.

• Бейспецификалық
аортоартериттің емнің
негізгі мақсаттары тамыр қабырғасындағы
жедел қабынуы басу, болуы мүмкін
асқынуларды алдын алу және тамыр
жетіспеушілігін компенсациялау.
Сырқаттың емінде қолданылатын дәрі
дәрмектер: преднизалон (1мг/кг/тәул
есебімен 1ай), цитостатиктер (циклофосан,
азатиоприн, метатрексат), стероидты емес
қабынуға қарсы заттар, антиагреганттар
және тамыр кеңітетін дәрмектер.
Пульстерапия.

58. Қолданылған әдебиеттер

• “Склеродермия”
тақырыбындағы №23
протокол
• “Ішкі
аурулар” II том, Алматы 2007
62-92 бет
• https://sklerodermıa/cnt/10445?gp=818409
• Wikipedia.org
• Kazmedic.kz
English     Русский Rules