№ 4. ДӘРІС. Пестицидтерді қолданудың санитарлық- гигиеналық жіктелуі 1. Пестицидтермен улану себептері. 2. Пестицидтердің
3. Ұшқыштық дәрежесі – концентрация қанықтылығы бойынша
Тұрақтылығы бойынша (топырақта):
5. Тұрақтылығы (топырақта) бойынша – уытты емес заттарға дейін ыдырауы
Пестицидтердің қауіпті кластары
Пестицидтермен жұмыс жасау қауіпсіздігі
234.66K
Categories: ecologyecology industryindustry

Пестицидтерді қолданудың санитарлық- гигиеналық жіктелуі. Пестицидтермен улану себептері. Пестицидтердің

1. № 4. ДӘРІС. Пестицидтерді қолданудың санитарлық- гигиеналық жіктелуі 1. Пестицидтермен улану себептері. 2. Пестицидтердің

№ 4. ДӘРІС. Пестицидтерді қолданудың санитарлықгигиеналық жіктелуі
1. Пестицидтермен улану себептері.
2. Пестицидтердің гигиеналық жіктелуі.
4.Ұшқыштық дәрежесі – концентрация қанықтылығы
бойынша жіктелуі.
4. Шоғырланып жиналу қасиеті бойынша жіктелуі.
5. Паталогиялық әсерлері бойынша жіктелуі.
1. Өсімдіктерді қорғауда қолданылатын пестицидтер биологиялық пәрменді заттар. Олар тек зиянды организмдерге ғана емес,
табиғат пен адамдарға да қауіпті. Пестицидтердің адамдар мен жануарларға әсері тікелей – қолданған кезде және жанама, яғни қоршаған ортада жинақталып, азық-түлік, жем-шөпті улап, адамдар мен
жануарларға қауіп төндіреді.
Пестицидтерді қолданудың басты шарты қоршаған ортаны,
әсіресе ауа кеңістігін, азық-түлікті, су қоймалары мен топырақты

2.

зиянды улы заттардан адамдар денсаулығын санитарлық қорғаудың
тиімді шараларын табу. Сондықтан ауылшаруашылығында қолданылатын осы химиялық заттарды қолдану үшін, олардың гигиеналық нормативтерін сақтаған жөн. Пестицидтердің қолдану гигиенасының басты мақсаты - препараттың тиімді мөлшерін қолдану және
сыртқы ортаның әсіресе, атмосфералық ауаның, тамақ өнімдерінің,
су көздері мен топырақтың құрамындағы химикаттардың мөлшері
адам өміріне зиянды болмауы керек. Пестицидтердің сыртқы ортаға
таралу себептері мен мөлшерлерін анықтай отырып, гигиенистер
препараттардың қауіпті екенін болжап, улануды болдырмайтын
әдістер жасауда.
Қазіргі таңда пестицидтерді қолдану гигиенасы бойынша
көптеген ғылыми - зерттеу институттары мен санитарлық – эпидемиологиялық стансалар зерттеулер жүргізеді, нәтижесінде ауылшаруашылығында қолданылатын пестицидтердің бірде - біреуі
тереңдей зерттелмейінше қолданылмайды.

3.

Гигиеналық тұрғыдан жіктеу әр түрлі препараттарды өзара бірбірімен салыстыра отырып сипаттауға және оларды қолданған
кездегі патологиялық әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Пестицидтер уыттылығына және қауіптілік дәрежесіне
байланысты жіктеледі.
Адамзат пен жануарлар пестицидтермен өңделген тамақ
өнімдерін қолданғанда улануы мүмкін. Уланудың өзі кәсіби (профессионалды) және тұрмыстық болып екіге бөлінеді.
Кәсіби улану себептері мен жағдайлары:
- жұмыс ерітіндісін дайындау кезінде;
егістікті пестицидтермен өңдеу кезінде;
- тұқымдарды дәрілеу кезінде;
- бүріккіш қондырғыларды жөндеу кезінде;
- су және тамақ ішкенде;
- темекі шеккенде;

4.

- пестицидтерді қолданғаннан соң танапта жұмыс істеген кезде;
-жеке қорғаныш бұйымдарының пестицидтер улылығына сәйкес
болмау нәтижесінде.
Кәсіби уланудың себептері аяқ астынан болады.
Тұрмыстық улану себептері мен жағдайлары:
- пестицидтерді ұқыпсыз сақтау;
- улы химикаттардың босаған ыдысын пайдалану;
-пестицидтерді сауатсыз қолдану.
Тұрмыстық улануды болдырмау үшін пестицидтерді сақтауда, қолдануда, тасымалдауда қатаң бақылау болу керек. Жылықанды жануарларды уланудан сақтау керек, өйткені мал уланса,
адамның да улануы сөзсіз. Химиялық заттарды дұрыс қолданбаудың
әсері малдан адамға, суға түскен улы зат дәнді - дақылдарды улайды, осының бәрі қоршаған орта мен адам өміріне, құстар мен судағы балықтардың өміріне өте қауіпті.

5.

3. Гигиеналық жіктеу әртүрлі препараттардың патологиялық
әсері бойынша қауіптілігіне салыстырмалы сипат беру болып
табылады.
Улылығы және қауіптілік дәрежесіне тәуелді пестицидтер
негізгі критериялар бойынша бірнеше топтарға бөлінеді:
Тәжірибелік жануарлардың
(егеуқұйрық) асқазанына
ендіргендегі уыттылығы бойынша:
1. Өте күшті әсерлі улы заттар – СД50 = 50 мг/кг;
2. Улылығы жоғары улы заттар – СД50 = 50-200 мг/кг;
3. Улылығы орташа улы заттар – СД50 = 200-1000 мг/кг;
4. Улылығы төмен улы заттар – СД50 >1000 мг/кг;

6.


Жоғарыда келтірілген жіктеуге байланысты ауыл шаруашылығында қолданылуға ұсынылған препараттар мынадай
топтарға бөлінеді:
1-топ. Өте күшті әсерлі улы заттар – бромды метил, гранозан,
глифтор, зоокумарин, крысид, меркургексан, меркурбензол,
мырыш фосфиді;
2-топ. Уыттылығы жоғары улы заттар: базудин, ДНОК,
тиодан, фозалон, фофамид (БИ-58);
3-топ. Уыттылығы орташа заттар: бетанал, 2,4-Д, карбофот,
формалин, мыстың хлорлы тотығы, фитобактериомицин;
4-топ. Уыттылығы төмен заттар: бордосс сұйығы, күкірт,
триаллат.
Өте күшті және улылығы жоғары заттарға жататын пестицидтер,
өткір улануға әкелетін болғандықтан үлкен қауіп тудырады. Өткір
уланудың қауіпін болжау үшін, орташа өлу мөлшерін (СД50)
бастапқы мөлшерге қатынасы бойынша препараттың улылық
әсерінің аумағын анықтайды. Егерде де осы қатынас аз болса,
онда улылық әсердің аумағы мен қатты уланудың қаупі жоғары
болады.

7.

Организм бойына тері арқылы ену уыттылығы бойынша (терірезорбтивтік уыттылық):
• Өте айқын байқалатын уыттылық – СД50< 300 мг/кг,тері – ауыздық коэффициент 1-ден төмен.
• Айқын байқалатын уыттылық – СД50 = 300 -1000 мг/кг, тері –
ауыздық коэффициент 1-3.
• Шамалы байқалатын уыттылық – СД50 > 1000мг/кг-нан көп, тері
– ауыздық коэффициент 3-тен көп.
Тері – ауыздық коэффициенті СД50 – шамасының қатынасындай,
яғни теріге препарат тигенде СД50 асқазанға да барады. Мысалы,
егер СД50 теріге түскенде 300 мг/кг болса, ал асқазанға түссе –
400 мг/кг, онда тері – ауыздық коэффициент 0,75 - ке тең болады.
Мұнда тері – ауыздық коэффициенттің шамасы көп болса, терінің
улануы аз болады.

8. 3. Ұшқыштық дәрежесі – концентрация қанықтылығы бойынша

1.
2.
3.
Өте қауіпті заттар – қанықтырушы концентрация шекті концентрацияға
тең немесе одан артық.
Қауіпті заттар – Қанықтырушы концентрация > шекті концентрация.
Қауіптілігі төмен заттар – шекті концентрациядан едәуір төмен.

9.

4. Организм бойында улы заттардың түгел ыдырамау және ағзадан
шығарылмау нәтижесінде шоғырланып жинақталуы немесе удың
әсерінің өзгеруі кумуляция деп аталады.
Кумулятивтік қасиет материалдық және функционалдық болып
2 бөлінеді:
- Қайталап әсер ету нәтижесінде улы заттардың еселенуі материалдық кумулятивтік деп аталады.
- Ал функционалдық кумулятивтік дегеніміз удың өзінің емес,
оның метоболиттік әсерінің еселенуі.
1.
2.
3.
4.
Кумулятивтік қасиеттеріне байланысты 4 классқа жіктеледі:
Шоғырланғыштығы өте жоғары заттар –шоғ. коэфф.<1
Айқынбайқалатын - шоғ. коэфф. - 1-3
Тұрақты –шоғ. коэфф. - 3-5
Әлсіз байқалатын - шоғ. коэфф. >5

10. Тұрақтылығы бойынша (топырақта):

• Өте тұрақты заттар – улы емес компоненттерге ыдырау
мерзімі 1-2 жыл;
• Тұрақты заттар – улы емес компоненттерге ыдырау
мерзімі 0,6-1 жыл;
• Орташа тұрақты – улы емес компоненттер-ге ыдырау
мерзімі 1-6 ай;
• Тұрақтылығы нашар заттар – ыдырау мер-зімі бір айға
дейін.

11. 5. Тұрақтылығы (топырақта) бойынша – уытты емес заттарға дейін ыдырауы

очень
очень
стойкие
стойкие
стойкие
стойкие
умеренные
умеренные
малостойкие
малостойкие
1.
2.
3.
4.
Өте тұрақты –2 жылдан артық
Тұрақты– 0,5- 2 жыл
Орташа тұрақты - 1-6 ай
Әлсіз тұрақты – бір ай ішінде

12.

Кумулятивті әсердің шамасы жануарларға жасалған тәжірибелерде әртүрлі мөлшерде пестицидтермен бірнеше рет өңдеу кезінде анықталады. Кумуляция шамасының көрсеткіші кумуляция
коэффициенті (Ккум) бір рет қолданғандағы орташа ұшу мөлшерімен көп қайталау кезіндегі орташа ұшу мөлшерінің қатынасына
тең:
СД50 (созылмалы тәжірибеде)
Ккум = ----------------------------------------СД50 (өткір тәжірибелерде)
Кумуляция коэффициенті аз болған сайын, препараттың
кумулятивті әсері анық.
Ұшқыштығы төмен препараттарға химиялық қасиеттері баяу
өзгеретін гексахлоран, карбофос, хлорофос, фосфамид, цинеб,
карбатион, 2,4 –Д эфирлері және басқалары орташа тұрақты
топтарына жатады.

13.

Қоршаған ортаның әсерінен буланатын,
химиялық өзгеретін пестицидтер тұрақтылығы аз
топтарға жатады: фумиганттар, сынап препараттары кіреді. Оларды герметикалық ыдыстарда
сақтау қажет.
Пестицидтерге гигиеналық баға беретін
жоғарыда аталған негізгі критерилерден басқа,
бластомогендік, мутагендік, тератогендік және
эмбриотроптық т.б. патологиялық әсерлері болуы
мүмкін, сондықтан оларда зертелуден тыс
қалмайды.

14.

Пестицидтердің ісік тудыру қасиеті бластомогендік деп
аталады. Егер ісік зиянды болатын болса пестицид концерогенділер
тобына жатады.
Ағзадағы ұрпақтың қалыпты қалыптасуын бұзатын пестицидтердің қасиеті – эмбриотроптылық деп аталады.
Мутагендікті тудыратын пестицидтер өсiмдiктерде, жануарларда және дрозофильдерде мутациялардың пайда болу жиiлiгімен
сипатталады. Осыған байланысты пестицидтер 5 топқа бөлінеді:
супермутагендер – өсімдіктер мен жануарларда 100% мутация
тудыратын заттар (100% деп 100 хромосомада 100 мутация деп
қабылданады); күшті, орташа, әлсіз және өте әлсіз мутагендер –
дрозофильдерде сәйкесінше 5 - 10, 2 – 5, 1 – 2 және 0,5 – 1% мутация тудыратын заттар.
Пестицидтердің кемтар ұрпақтардың пайда болуын туғызатын қабілеті тератогендікпен сипатталады. Оның бірнеше түрі бар.

15.

-Анық
тератогендер – адамдарда кемтарлықты тудыратын препараттар;
-Тератогендікке күдікті, яғни тәжірибелік
жануарларда кемтарлықты тудыратын препараттар
деп бөлінеді.
Пестицидтердің адамдарға уыттылығы,
олардың қоршаған ортада сақталу, алынатын
өнімде жинақталу қабілеттерін қауіпсіз деңгейде
және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету үшін,
қатаң ғылыми негізделген қолдану регламентін
қалыптастырып, оны сақтау міндетті.

16. Пестицидтердің қауіпті кластары

Көрсеткі
штер
1
норма
<0,1
2
норма
0,1-1,0
3
норма
1,1-10,0
СД
асқазан
да
<15
15-150
151-5000 5000
СД
денеде
<100
100-500
501-2500 >2500
ПДК
ауада
4
норма
>10,0

17. Пестицидтермен жұмыс жасау қауіпсіздігі

-1-топ пестицидтерімен жұмыс істеуге тұрақты
мамандарға ғана рұқсат етіледі.
-Пестицидтерді алу, тасымалдау, сақтау және
есепке алу арнайы нұсқаулар бойынша
жасалады.
- Елді мекендердегі бақтар мен саябақтарда, үй
жанындағы учаскелерде өсірілетін өсімдіктерді
қорғау үшін өте күшті және уыттылығы жоғары
заттарды қолдануға тиым салынады.

18.

- Ұшқыштығы жоғары препараттар ағзаға тыныс алу
мүшелері арқылы енеді. Сондықтан олармен жұмыс
істегенде тыныс алу мүшелерін мұқият қорғау қажет
(сәйкесті патрондары барпротивогаз пайдалану).
- Өте тұрақты улы заттар ауылшаруашылығында
қолданылмауы тиіс.
- Тері-резорбтивті уыттылығына байланысты
препараттармен жұмыс жасағанда денені жақсы
қорғайтын қорғаныш бұйымдарды пайдалану қажет.
English     Русский Rules