Similar presentations:
Гибридомалар алу технологиясы
1. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
ПрезентацияТақырыбы: Гибридомалар алу технологиясы
Орындаған: Төлеш Н
Тобы: 302-ФӨТ
Қабылдаған: Абдраманова А.А
Шымкент, 2017 г
2. Жоспар
КіріспеНегізгі бөлім
Гибридома туралы түсінік
Алу технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Гибридома — будандастырылған жасушалартобы. Тышқан жасушасымен егілген малдың
көкбауырының лимфоциттерінбудандастырып
алады. Бұл әдісті 1975 жылы Келер мен
Милштейн ұсынған. Гибридома құрамындағы
жасушалар ата-анасынан антидене туғызатын
және организмнен тыс өте көп уақыт өмір сүре
алатын қасиеттерін сақтап қалады. Мұндай
культуралардан қажетті тәнділігі бар антидене
шығаратын бір текті, ұрпағы таза
жасушалардың түрін алуға болады.[1]
4.
Клетка инженериясының еңперспективалы бағыты тибридомалар
алу. Гибридома дегеніміз лимфоцит және
миелома (рак) клеткаларының қосылуы
нәтижесінде түзілген гибридтік клетка.
Организмнің иммундық жүйесінің негізін
құрайтын лимфоциттер (Т — және В)
арнайы қоректік орталарда көбейіп,
өздері организмде синтездейтін
иммуноглобулиндерді түзей алады.
Дегенмен, олардың өсу уақыты
жеткіліксіз.
5.
Осы мәселені 1975 ж. Д. Келлер жәнеЦ. Милстейн (ГФР) гибридомалық
клетка алу әдісі арқылы шеше алды.
Олар миеломаны алдын ала
антизатпен егілген көкбауыр
клеткаларымен (лимфоциттермен)
қосып, гибридтік клетка
немесе гибридомалар ала алды.
6.
Гибридомалар рак клеткаларыныңшексіз көбеюге қабілеттілігін, ал
көкбауыр клеткаларынан нақты
антизаттарды синтездеу мүмкіндігін
тұқым қуалау арқылы алады. Бұл
ғылыми жұмыс медицина және
ветеринария үшін маңызды жаңа
клеткалық иммунобиотехнологияның
пайда болуына әкелді.
7.
Алдын ала белгілі бір антизатпениньекцияланған В-лимфоцитті миелома
клеткасымен полиэтиленгликоль көмегімен
қосу арқылы В-гибридомдық клондар алады.
Мұндай гибридтік клеткалар моноклонды
антизаттар яғни иммуноглобуллиндердің
бір ғана типін синтездейді. Моно-клонды
антизаттарда антигеннің бір типімен ғана
байланыса алатын рецепторлар бар.
Моноклонды антизаттардың шығу көзі —
гибридомаларды биотехнологиялық әдіс
арқылы көбейтеді.
8.
Сома клеткаларын гибридизациялау әдісіарқылы моноклонды антизаттар алу
мынадай кезеңдерден тұрады: малды
иммунизациялау, клеткаларды біріктіруге
дайындау және оларды біріктіру, қажет
антизатты синтездейтін клондарды
сұрыптау, гибридомалық клеткалардың
жеткілікті мөлшерін көбейту, антизаттар
бар культура сұйықтығын алу және
антизаттарды бөлу.
9.
Организмнің иммундық жүйесі Т —лимфоциттерге де байланысты.
Мысалы, олардың цитотоксиндік (цтТ
— лимфоцит) популяциясы вирус және
рак клеткаларын жойьш жіберуге
қабілетті. Осындай лимфоцитті
миелома клеткасымен біріктіру арқылы
алған гибридомаларды рак ауруына
қарсы қолданудың маңызы зор.
10.
Клетка инженериясы негізіндегі еңперспективалы биотехнологиялық бағыт
моноклонды антизаттар алу. Моноклонды
антизаттар өздерінің қасиеттері бойынша
бір келкілікпен сипатталады және тек
жалғыз ғана антигенмен байланыса
алады. Осыған орай моноклонды
антизаттардың вирустар, бактериялар,
саңырауқұлақтар, токсиндер, аллергендер
және қатерлі ісіктер қоздыратын
ауруларды тану және емдеу үшін үлкен
практикалық маңызы бар.
11.
Гибридомалар технологиясы негізіндемоноклонды аитизаттар алу үлгісі
төменде көрсетілген. Одан моноклонды
антизаттар алу сома клеткалардың
гибридизациясына негізделгенін байқау
қиын емес.
12.
Моноклонды антизаттарды әр түрліауруларды диагностикалау үшін
қолданады. Әр түрлі рак, ҚИЖС,
гепатит, оба т. б. көптеген ауруларға
диагноз қоюда моноклонды антизаттар
кең практикалық қолдану алуда.
Гибридомалар технологиясының
ветеринария үшін маңызы ұлғая түсуде.
13.
Мысалы, ірі қараның р24 лейкемиявирусы белогына қарсы моноклонды
аитизаттар синтездйтін клеткалар
культурасы алынды. Қазіргі кезде
моноклонды антизаттар алу
технологиясымен 500-ден астам
компаниялар айналысады. Олар құны 5
млрд. долларға жуық
биотехнологиялық өнім – моноклонды
антизаттар өндіреді.
14.
15.
Гибридомная технология:(1) иммунизация животных;
(2) выделение В-лимфоцитов из селезенки;
(3) культура клеток миеломы;
(4) слияние В-лимфоцитов и клеток миеломы;
(5) сегрегация клеточных линий;
(6) скрининг и селекция линий, производящих
антитела;
(7) размножение гибридомы in vitro (a) или in
vivo(b);
(8) получение антител.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23. Қорытынды
Гибридома дегеніміз лимфоцит жәнемиелома (рак) клеткаларының қосылуы
нәтижесінде түзілген гибридтік клетка.
Ол клетка инженериясының
ең
перспективалы
бағыттарының бірі
болып табылады.
24. Пайдаланылған әдебиеттер
1.Б.Бегімқұлов Молекулалық генетика жәнебиотехнология негіздері. Алматы, «Білім»
1996.
2.Дж.Уотсон, Дж.Туз,Д.Курц.Рекомбинантные
ДНК.М.Мир, 1986г.
3.А.Сассон Биотехнология:свершения и
надежды Москва “Мир” 1987 г.
4.Маниатс Т.Фрич Э.Дж.Сэмбрук. Методы
генетической инженерии.Молекулярное
клонирование.М.Мир 1984г.
5.Инге-Вечтомов С.Г.Введение в
молекулярную генетику.М.Высшая
школа,1983г.