Similar presentations:
Қазіргі жаратылыстанудағы тіршілікке қатысты көзқарастар
1.
Қазіргі жаратылыстанудағы тіршілікке қатысты көзқарастарҒылыми деректер бойынша күн жүйесіне жататын жер ғаламшары
бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған.
Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті
заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар
өте кызып кетуі мүмкін.
Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы
тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып
тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің
пайда болуы мен дамуы мүмкін емес.
Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына —
ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық
жағдайлар жатады.
Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ
толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген
болжамдармен көзқарастар бар.
2.
Тіршіліктің тарихи дамуы туралыкөзқарастар
Ертедегі Грекияда (б.з.д.VІІІ—VI ғғ.) жалпы тіршілік туралы ең алғашқы ғылыми ойпікірлер айтыла бастады. Көптеген грек ойшылдары Фалес, Анаксимандр, Гераклит, т.б.
тіршіліктің пайда болуы мен тарихи дамуының сырын ашуға ұмтылды. Ол кезде тірі
организмдер жайлы ғылыми деректер өте аз болды.
Грек ойшылы Аристотельдің еңбегінің маңызы зор болды. Аристотель (б.з.д. 384 — 322 жж.)
жануарларды құрылыс ерекшеліктеріне байланысты қарапайым түрлерінен күрделену
ретіне қарай белгілі жүйе бойынша жіктеді.
Аристотель алғаш рет жануарларды қансыздар және қандылар деп екі топқа бөлді. Ол
өсімдіктердің құрылысын зерттеді және тірі организмдер өлі табиғаттан белгісіз бір
құдіреттің арқасында пайда болады деген пікірді ұсынды. Аристотельдің еңбектері орта
ғасырлар бойы өз құндылығын жоймай, тірі табиғат туралы көзқарастардың негізі болды.
XV ғасырдың екінші жартысында өнеркәсіп салаларының өркендеуі, жаңа елдердің
ашылуы, сауданың қарқынды жүруі жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтердің
жинақталуына жол ашты. Жаңадан ашылған елдерден Еуропаға бұрын белгісіз болып келген
жануарлар мен өсімдіктердің түрлері әкелінді. Үндістан мен Америкадан — қалампыр,
картоп, жүгері, темекі, қызанақ, асқабақ, какао өсімдіктері әкелінді.
Ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерінің пайдалы және зиянды жақтарын
сипаттап жазды. Тек қана сипаттап жазу жеткіліксіз болды.
3.
Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV ғ.) бит —еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң —
балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.
Грек философиясының негізін салушылар Фалес
және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған
ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай
негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен
тіршілік пайда болды деп корытынды жасады.
XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен
өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты
қолдаушылар көп болды.
Микроскоптың ашылуына байланысты ағзалардың
құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті.
4.
Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшынфилософы Ф.Бэкон (1561—1626 жж.) міндетті түрде
бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы
ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы
шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған
деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы
жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.
XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер
Франческо Реди (1626—1698 жж.) тәжірибе жасап,
тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға карсы
шықты. 1668 жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық
койды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен
жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа
салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті
дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ.
Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған
жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның
өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді.
5.
1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузынтығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық
ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде
микроазғалар жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Виталистік
(латынша — vitalis" — тірі, тіршілігі бар деген ұғым) көзқарастағылар: "аузы жабық
ыдысқа "тіршілік күші" кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны
қайнатқан кезде "тіршілік күші" өледі, — деген қарсы пікірді ұсынды.
Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама- карсы екі
көзкарас қалыптасқан. Оның
біріншісі — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік
теорияға келіп тіреледі.
Екінші көзқарас — биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің
өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы
бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін
жалғасып келеді.
Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз
ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822— 1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол
ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды.
Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда
болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.
6.
Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасыҚайта өркендеу дәуірінде жинақталған көптеген ғылыми
мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру қажеттігі туындады.
Өсімдіктер мен
жануарлар
адам үшін пайдалы және
зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер адамның пайдалану
ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік өсімдіктер деп
топтастырылды. Тірі организмдерді мұндай жүйелеу
ғалымдарды қанағаттандырмады.
Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды құрылысына,
тіршілік әрекетіне байланысты белгілі топтарға бөлуге
әрекет жасады. Бұл кезде өсімдіктерді және жануарларды
жеке сипаттап жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді
осындай өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда
жүйелеу кажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар өсімдіктер
мен жануарлардың бір немесе бірнеше белгілеріне қарап
топтастыра бастады.
Тірі организмдерді жүйелеуде көрнекті швед ғалымы Карл Линнейдің (1707—
1778 жж.) еңбегі аса зор болды. Ол биология ғылымындағы алғашқы жүйеленім
(систематика) ғылымының негізін салушы. 1735 жылы "Табиғат жүйесі" деген
еңбегі жарық көрді. К.Линней 8000 - нан астам өсімдікке және 4000 - нан астам
жануарға сипаттама жазды. Ол тірі организмдерді ұқсас белгілеріне қарап:
Түрлерді — туысқа,
Туыстарды — отрядқа,
отрядтарды — класқа
7.
топтастырды. Ол, осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейде белгілеп, әрбір түрділатынның қос сөзімен атауды ұсынды. Мұндағы бірінші сөз — туыстың, екінші сөз — түрдің атын
білдіреді. Мұны ғылымда түрді қос сөзбен атау (бинарлық номенклатура) деп атайды. К.Линней
ұсынған түрді қос сөзбен атау казіргі кезде де колданылады. Оның жүйелеуіндегі ең жоғары жүйелік
топ—класс, ең кішісі — түр тармағы деп аталды. Кейінгі кездегі ғылымның дамуына сәйкес
жануарларды жүйелеуде — отряд, тип; өсімдіктерде — қатар, бөлім деген жүйелік топтар косылды.
К.Линней өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің жетілдірілген жүйесін жасады. Ол сол кездегі
ғылымға белгілі өсімдіктер мен жануарларды толық жүйелік топтарға жіктеп шықты. К. Линней,
сондықтан да өз заманының көрнекті ғалымы болды.
К.Линней өсімдіктерді жүйелегенде көбіне гүлдеріндегі аталықтары мен аналықтарының санына, ал
жануарларды тыныс алу және қан айналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді. Мысалы,
сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер , балықтар, жәндіктер, құрттар деп бөлді. Құстарды отрядка
жіктегенде тұмсықтарының пішініне, сүтқоректілерді тістерінің құрылысына қарап топтастырды.
Мұндай кездейсоқ белгілеріне қарап жүйелеудің нәтижесінде, К.Линней көптеген кемшіліктерге жол
берді. Сондықтан оның жүйесі "жасанды жүйе" болды, осыған сәйкес бір- біріне туыстық қатысы жоқ
организмдер бір туысқа жатқызылды. Мысалы, сәбіз бен зығырдың гүлдеріндегі аталықтарының саны
бесеу болғандықтан бір туысқа біріктірген. Шын мәнінде бұл екі өсімдік екі түрлі туысқа жатады. Ол
тауық пен түйеқұсты бір отрядка топтастырды. Негізінде, тауықтар —қырлы төссүйекті құстар, ал
түйеқұстар — қырсыз төссүйектілер болып, жеке отрядтан да жоғары жүйелік топтарға жатады.
К. Линней өз жүйелеуінде осындай кемшіліктеріне қарамастан, биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп
үлес қосты. Ол адамды сүтқоректілер класына, оның приматтар (маймылдар) отрядына жатқызып,
түрін—саналы
адам
(Homo
sapiens)
деп
ғылыми
дұрыс
жүйеледі.
К.Линней түр өзгермейді деген пікірді ұстанып, жаратушы бастапқы кезде қанша түрді жаратса, казір де
сонша түр тіршілік етуде деп тұжырым жасады. бұл да оның кемшілігінің бірі.
8.
Жан Батист Ламарктің эволюциялық ілімі"Тірі табиғат өзгермейді" деген көзқарастың басым болуына қарамастан биологғалымдар нақты материалдарды жинап көбейте берді.
XVII ғ. микроскоптың ашылуы, оны түрлі биологиялық зерттеулерге қолдана
бастау көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп ой-өрісін
дамытты. Эмбриология мен палеонтология өз алдына ғылым болып калыптасты.
Француз ғалымы Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық
дүниенің тарихи дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салған.
Ж.Б.Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы нақты деректерге
сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлар құрылысын тереңірек зерттеуінде. "Зоология
философиясы" (1809 ж.) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін
көптеген мысалдармен дәлелдеді.
Ғылымға "биология", "биосфера" терминдерін енгізді, Ж.Б.Ламарктің еңбектері,
негізінен, жануарларды жүйелеуге арналды. Ол ұқсастық белгілеріне қарап
жануарларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп 6 сатыға, 14 класқа
топтастырды. Мұндағы сатылар мен кластар жануарлардың қарапайым
құрылысынан бірте-бірте күрделену деңгейіне қарай орналастырылды.
I саты — кірпікшелі кебісшелер мен полиптер.
II саты — сәулелілер мен құрттар.
III саты — жәндіктер (насекомдар) мен өрмекшітектестер.
IV саты — шаянтектестер мен былқылдақденелілер.
V саты — балықтар мен бауырымен жорғалаушылар.
VI саты — құстар мен сүтқоректілер.
Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді.
9.
1. Кірпікшелі кебісшелер.2. Полиптер.
3. Сәулелілер.
4. Құрттар.
5. Буынаяқтылар.
6. Өрмекшітектестер.
7. Шаянтектестер.
8. Қылтандылар.
9. Мұртаяқтылар.
10. Былқылдақденелілер.
Шаянтектестер мен өрмекшітектестер және жәндіктер қазіргі кезге дейін өз алдына жеке класс
ретіндегі жүйелік топтар. Осылайша Ламарк жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады. Ламарк: "Тіршілік
өте қарапайым тірі денеден пайда болып қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай
дамиды жене бұл құбылыс өте баяу жүреді” — деді.
Ламарктің эволюциялық көзқарастары көптеген деректермен делелденгендіктен эволюциялық теорияға
айналды. Ламарк жаңа түрдің пайда болуында эволюцияның негізгі факторы — сыртқы орта (жер бетіндегі
гидрогеологиялық жағдайдың ауысуы мен ауа райының өзгеруі) және уақыт екендігін ерекше ескертті.
Дегенмен организмдердің өзгеру себептерін, яғни эволюцияның қозғаушы күшін дұрыс түсіндіре алмады.
Ламарк эволюцияның негізгі факторы — сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелер
өзгереді, ал жаттықпаған мүшелер өзгермейді деп есептеді. Өзгеріссіз калған мүшелер қалады немесе
кітшірейіп жойылып кетеді деп оған бірнеше мысалдар келтірді. Мысалы: а) керік (жираф) мойнының ұзын
болуы, оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп ағаш жапырағымен қоректену үшін мойнын
биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы нәтижесінде денесінің ұдайы созылуына
қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған деп
түсіндірді. Ламарк — көп әрі белсенді кимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, мүше жақсы өседі және
бұл қасиет тұқым қуалайды деп түсіндірді.
10.
Тіршілік жер бетінде мәңгілік деген теорияны 1880 жылы неміс ғалымы В. Прейерұсынды. бұл көзқарасты аса көрнекті орыс ғалымы В.И. Вернадский де жақтады. бұл
теория: "Тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық
жоқ",— деген пікірге келіп тіреледі.
Бұл салада неміс ғалымы Э. Пфлюгердің (1875 ж.) нәруызды заттардың шығу тегін
зерттеуінің маңызы зор. Ол нәруыздың цитоплазма құрамының негізгі бөлігі екендігіне
ерекше мән беріп, тіршіліктің пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіруге
тырысты.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас биопоэз теориясы
деп аталады (биохимиялық эволюция теориясы деп те атайды). Бұл теорияны 1947
жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін
ажыратты. Оның
•бірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы.
•Екінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі.
•Үшінші
кезеңі
—
менбраналы
құрылымдар
мен
алғашқы
ағзалардың
(протобионттардьщ) пайда болуы.
Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген ұғымға
көптеген
анықтамалар
беріліп
жүр.
Солардың
ішінде
орыс
ғалымы
М.В.Волькенштейннің берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі. Бұл
анықтама бойынша: "Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер — нәруыздар мен
нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін-өзі реттеп
отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып
отырады".
Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі басқа да ғаламшарларда жер бетіндегі тіршіліктен
өзгеше тіршіліктің болуын жокка шығармайды.
11.
Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" — “тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаныбілдіреді. Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында геология, география,
астрономия, т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы — уақыттың өтуіне байланысты
дамудың бастапқы қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді. Бұл терминді
биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі
(натуралисі) Ш.Бонне (1720 — 1793 жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім
тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму
бағыттары мен заңдылықтарын зерттейді.
Эволюциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт
Дарвин (1809 — 1882 жж.). Қазіргі кезде вирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың 100
мыңдай, өсімдіктердің 500 мыңнан астам және жануарлардың 1,5 млн- дай түрі ғылымға
белгілі. олардың ішінде омыртқалылар – 70 мыңдай, олардың 16 мыңы құстар, сүт
қоректілердің – 12 540 түрі бар. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі
организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде
1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.
12.
ХVШ ғасырдан бастап, Ресейде органикалық дүниенің тарихидамуы туралы М.В. Ломоносов, А.Н.Радищев, К.Ф.Рулье және
т.б. ойшылдар өз көзқарастарын білдірді. Олар түр өзгеріп,
үнемі дамып отырады деген көзқараста болды. К.Ф. Рулье
(1814—1858 жж.) өз заманында түрлер тұрақты әрі өзгермейді
деген көзқарастарды сынап, органикалық дүние өзгеріп әрі
дамып отырады деп атап көрсетті.
Бір түрмен екінші түрдің арасында қорек үшін күрес болатынын
және сол арқылы бір түрдің екінші түрді ығыстырып
отыратынын ескертті. К.Ф. Рулье эволюциялық процестердің
болатынын ертеде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа
калдықтарын қазіргі кездегі жануарлардың құрылысымен
салыстырып зерттеуге зор мән берді. Ол жануарлардың
ұрықтарының дамуын да бір-бірімен салыстырып зерттеуге
ерекше көңіл бөлді.
Организмдердің шығу тегін, олардың арасындағы туыстық
байланыстарды,
құрылысы
мен
атқаратын
қызметін
байланыстыра зерттеу қажеттігін А.И.Герцен (1812—1870 жж.)
атап көрсетті. Ол әрбір жаратылыстанушы ғалымның міндеті
— органикалық дүниенің пайда болуын, олардың сан алуан
түрлерінің
бір-бірімен
байланыстылығының
себептерін
анықтау екендігін ерекше ескертті.
13.
Қазақ халқының ойшыл қайраткерлерінің арасында датабиғаттағы түрлі организмдердің үнемі өзгеріп әрі
дамып отыратындығы туралы дұрыс көзқарасты
қолдағандар Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Ғұмар
Қараш болды. Ш.Құдайбердіұлы (1858—1931 жж.) "Үш
анық" атты философиялық еңбегінде: "Осы дүниеде
көзге ілінбейтін (көрінбейтін) кішкентай жандылардан
бастап адамдарға дейін бері һәм нәсілдері өсіп-өнуге қам
қылады". Мұны "барлық таласы" деп атайтындығын
ерекше атап көрсеткен. Мұндағы "барлық таласы"
деген ұғым биология ғылымындағы "тіршілік үшін
күрес" деген ұғымды білдіреді. Оны Ш. Құдайбердіұлы "
Жаратылыстың берік жолы" деп нақтылай түсті.
Қазақтың көрнекті ақыны әрі ағартушы қайраткері
Ғұмар Қараш (1875—1921 жж.) "Тіршілік таласы" деген
арнайы мақала жазып, онда тірі организмдер арасында
үнемі болып жататын тіршілік үшін күреске жан-жақты
талдау жасаған. "Жан-жануарлар арасында тоқтаусыз
жалғасып келе жатқан таласты ғалымдар тіршілік
таласы деп атайды", — деп өз ойын қорытындылаған.
Сонымен бірге Ғ.Қараш бір тәңірден басқаның бәрі де,
яғни барлық организмдер өліп, өзгеріп отырады деген
көзқараста болды.
14.
Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды.Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған
“Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің
пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан
кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең
танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.
1953 жылы С.Л.Миллер мен Г.К. Юри деген америкалық ғалымдар Опариннің теориясы
негізінде жасанды атмосферамен бірінші болып тәжірибе жасады. Олар Жердің алғашқы
атмогидросферасының құрамында болған сутегі (H2), метан (CH4), аммиак (NH3) пен су буының
(Н2О) қоспасынан амин қышқылын алды. Басты факторлардың бірі тотығу - қалпына келу үрдістері
белсенді жүруіне мүмкіндік беретін бос оттегінің болмауы және энергияның жеткілікті мөлшері
еді.
Қазіргі кездегі тіршілік ететін тірі организмдердің негізгі топтарының пайда болуына себеп
болған процестердің теориялық реттілігі Осылайша, биотаның түзілуі химиялық процестердің
кейіннен биохимиялық процестерге айналғанынан басталады. Бұл процестердің реттілігін схема
түрінде төмендегіше беруге болады: амин қышқылдары белок молекулалары күрделі
көмірсулар ферментация фотосинтез тыныс алу. Тыныс алу – фотосинтезге кері үрдіс –
оның нәтижесінде өсімдіктерге қажетті көмірқышқыл газы бөлініп қана қоймайды, сонымен қатар
өте көп мөлшерде энергия бөлінеді.
Ферментация
(Хемосинтез)
Фотосинтез
Тыныс алу
Органикалық қосылыстар + энергия
орг.қосылыстар+СО2
СО2 + Н2О + энергия =
орган.қосылыстар + О2
О2 + орган.
энергия +
+ Н2О + СО2
Оттексіз ортадағы
организмдер
Өсімдіктер
Жануарлар
қосылыстар
=
15.
Тіршілік формаларының дамуындағы оқиғалар мен негізгі даталардың геологиялықшкаласы
Стратиграфикалық және хронологиялық бөлімдер, радиометриялық даталар
Эралар
Кезең
Кайназой,
Төрттік, 2.5 млн жыл
65 млн жыл
Үштік, 65-2.5 млн жыл
Дәуір
Голоцен Плейстоцен
(Homo sapіens) Ақылды адам
Плиоцен
6-2.5 млн жыл
Соңғы гоминидтер
Миоцен 22-6 млн жыл
14 млн жыл бұрынғы
қарапайым гоминидтер –
рамапитек
Злактар, шөпқоректі
сүтқоректілер
Қарапайым жылқылар
Олигоцен 36-22 млн жыл
Эоцен 58-36 млн жыл
Мезозой,
255-65 млн
жыл
Бор 145-65 млн жыл
Юра 210-145 млн жыл
Триас 255-210 млн жыл
Тірі организмдердің
эволюциясындағы
Негізгі оқиғалар
Палеоцен 65-58 млн жыл
Сүт қоректі тышқан тәрізді
жануарлар Cynognathus
эволюциясының қарқынды
дамуы
Бөлімдер мен кезеңдер
Гүлді өсімдіктер; 65 млн жыл
бұрын –динозаврлар жойылды,
сүт қоректілер эволюциясы
Динозаврлардың жаппай
көбеюі. 167 млн жыл бұрын
алғашқы ұшқыш кесірткелер
(птерозаврлар,
архиоптерикстер);
150 млн жыл бұрын алғашқы
сүт қоректілер
Қылқан жапырақтылар,
цикадалар, динозаврлар
16.
ПалеозойПерм 280255 млн жыл
Динозаврлар: сүт қоректі
Бауырымен жорғалаушылар.
Таскөмір
360-280 млн
жыл
Девон 415360 млн жыл
Ормандар, насекомдар, амфибиялар, 290
млн жыл бұрын, динозаврлар,
Бауырымен жорғалаушылар.
Жануарлардың құрлыққа шығуы
(алғашқы амфибиялар-ихтиостегиялар) –
балық құйрықты жануарлар
Өсімдіктердің құрлыққа шығуы, және
теңіз жануарларының активті тіршілігі
Силур 465415 млн жыл
Ордовик
520-465 млн
жыл
Кембрий
580-520 млн
жыл
Докембрий, магмалық және
метаморфоздық жыныстар;
бөлімдері мен кезеңдері жоқ
Хордалы жануарларда скелеттің пайда
болуы; қарапайым балықтар.
Түрлі теңіз омыртқасыз
дары
1000 млн жыл
2000 млн жыл
3300 млн жыл
4500 млн жыл
4700 млн жыл
Организмдердің жануар
лар мен өсімдіктерге бөлінуі: қарапайым
теңіз
жануарлары, жасыл балдырлар.
Эукариоттар –ядролы бір клеткалы
организмдер
Прокариоттар – ядросыз бір клеткалы
организмдер: бактериялар, көк-жасыл
Балдырлар
Тіршіліктің пайда болуы:
аминқышқылдары,белок молекулалары,
коацерват
тар, прокариоттар.
Жердің түзілуі, салмағына
Байланысты заттардың түрлі агрегат
күйлеріне дифференциациялануы.