Similar presentations:
Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты
1. Тақырыбы: Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты Орындаған: Султанбекова Айдана Мырзабекқызы ФӨТ 18-002-1
Тақырыбы: Қазақстандағы қуғынсүргін саясатыОрындаған: Султанбекова Айдана Мырзабекқызы
ФӨТ 18-002-1
2. Кіріспе
• Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтінөзекті мәселелері жеткілікті. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің
ұлт санасына салған «жаралары» жеткілікті. Одан арылу үшін уақыт
ғана емес, уақыт ағынымен бірге ұлтшылдық келбетті қалыптастырып
үлгеруіміз қажет. Осы мақсатта өткен тарихымыздың өзекті
мәселелерін ақылмен пайымдауға да күш саламыз. Соның бірі 19201930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды
тұншықтырған тұстары. Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке жол ашқан
кеңестік билікті ақылмен зерделеу қазақ тарихының кісілік келбетін
айқындамақ.
3. Тарихшы-ғалым, академик К. Нұрпейісов 1917-1991 жылдар аралығындағы Қазақстан тарихына байланысты саяси қуғын-сүргіндер
тізбегін мынандай алтыкезеңге бөліп қарастырады:
Бірінші кезең – 1917-1920 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезде Совет өкіметінің орнауы мен азамат
соғысының орын алуына байланысты өлке тұрғындары «ақ» пен «қызылға» бөлініп қырылысты. Олар бір-біріне
«революционер» – «контрреолюционер» деген саяси айыптар тақты.
Екінші кезең – 20 жылдарды, әсіресе, оның екінші жартысын қамтиды. Бұл – Совет Одағында
сталиншілдік, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің нығая бастаған тұсы еді. Бұл кезде Қазақстанда Ф.
Голощекиннің «Кіші Октябрь» аталған авантюристік саясатын жүзеге асыруға кіріскен уақыты.
Саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі – 30-ншы жылдардың басын қамтиды. Бұл
кезеңге Алаш қозғалысы жетекшілері мен қатардағы мүшелерін жаппай түрмелерге
жабу мен соттау белең алды.
Саяси репрессияның төртінші кезеңі – 1937-1945 жылдар аралығын қамтиды. Бұл
кезеңдегі қуғын-сүргін «халық жауларымен» және «социалистік отанына сатқындық
жасағандармен күресу» деген ұрандардың аясында жүргізілді.
Бесінші кезең – 40 жылдардың екінші жартысы мен 50 жылдарды қамтиды. Бұл кездегі саяси қуғын-сүргіндердің
тоқпағы алдымен тағы да интеллигенцияға қарсы бағытталып, елдің зиялы қауымын қудалау және жәбірлеу
буржуазияшыл ұлтшылдар мен тексіз (отансыз) коспополиттермен деген ұраншылдықтың аясында жүргізілді.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің алтыншы кезеңі – 1986 жылы желтоқсанда Алматыда және еліміздің
басқа қалаларында ұлт-азаттық мәніне ие болған көтерілісті және оның салдарын басып-жаныштауға
бағытталды
4. Қазақ өз жерінде отырып, азшылыққа айналды
Солженицынның естелігін байыппен оқысаңыз, «қазақтар өз жерінде отырып,
азшылыққа айналды» дейді. Келімсектердің көптеп келуінен ғана емес. Олар келгенге
дейін санымыз азайып қалып еді. Ол былай болған: Совет үкіметі орнай сала қазақты қыру
жоспарына кірісіп кетті.
Ең алғашқы қырғынды 1916-17 жылдар арасында көрдік. Ол заманда ақ пен қызыл қатар
шауып, ауылдарды селдіретіп жіберді. Бұл кезде шамамен 500 мың кісімізді жоғалтыппыз.
Соңыра қызылдар жеңіп, 1920-1921-нші жылдары азаматтық соғыстың салдарын еңсеру үшін,
«салғырт» деген жаңа салық ойлап тапты. 10 қапшық ұның болса, 9-ын алып қояды. Жалғыз
қапшықты қайтесің? Жеп қойсаң, келер жылға егерге дән, тірерге тұяқ қалмайды емес пе? Бір
айналдырғанды шыр айналдырады. Сол 1922 жылдың көктемінде қатты қуаңшылық боп,
арты алапат аштыққа ұласты. Бұл аштықта қазақ 1 миллион 800 мың адамынан айырылды.
Алаш қайраткерлерінің жылу жинап, ашыққан жұртқа мал үлестіруінің арқасында алғашқы
аштықты еңсердік. Енді ес жиып, қайта берекелі ғұмырға көше бергеніміз сол еді, Сталин
«ССРО-ны индустриалды ел етем» деп ентікті. Зауыт-фабрикаға керекті жабдықтарды сатып
алуға ақша жоқ. Коммунистер халықты тонауға көшті. «Қазақтың қолындағы 40 миллион қойешкіні мемлекеттің мүлкі» деп жариялап, онысын тартып ап, соғым ретінде Еуропаға сатты.
Түскен ақшаға, жабдықтар ала бастады. Бұл 1932 жылдың көктемі еді. Қолында тышқақ лағы
қалмаған қазақ тағы аштыққа ұрынды. Бұл жолы 3 жарым миллион алаш ажал құшты.
Кейбір деректерге сенсек, Совет үкіметі орнағанға дейін қазақтың саны 9 миллионнан асып
түсіп, даланы тұтас қамтып жатқан. 3 қайтара соққан аштықтан жұртымыз 80 пайызынан
айырылып, ҚАЗАҚИЯ селдіреп қалды.
5.
• Осылай Совет билігі қазақтан босап қалғаналып даланы игеру үшін Ресейдің ішкі
облыстарынан кулак деп айыпталған,
«сенімсіз» деп танылған адамдарды
топырлатып әкеле бастады.
6.
Қазақстан компартиясының көшбасшысы Филипп Голощекин 1927 жылы
"Кіші Қазан" төңкерісін жариялады. Бұл ұжымдастыру мен көшпелі
қазақтың отырықшылық өмірге бейімделуін танытты. Асыра сілтеу мен
халықтың қолындағы малды тартып алып қою салдарынан 1932-33
жылдары Қазақстанда бір жарым миллион адам көз жұмды. 600 мыңға
жуық қазақ елін тастап, көшіп кетті. Биліктің мұндай саясаты кей өңірлерде
қарулы бас көтеруге әкеп соқты, алайда ол аяусыз басып-жаншылды.
7.
• Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алашқозғалысы қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға
«буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге
түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт
қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын
контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды.
Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен
ойлайтындар» деп айыптады.
8.
Большевиктердің сорақылық саясатынкөзімен көріп, жүрегімен сезген Алаш
арыстары «өзгеше пікірлі» болғаны үшін
әртүрлі жазаларға тартылды, соңы жаппай
қырып-жоюмен тынды.
9.
1937 жылдың 30 шілдесінде басталып, 1938 жылдың соңғы айынадейін үздіксіз жалғасқан 17 айдың ішінде Қазақстанда сталиндік
жазалау саясаты қарқынды жүрді. Бұл тарихта «Үлкен террор» деген
атпен қалды.
Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты
«халық жауларын» табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін
таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын
«партия мен халыққа бөтен элементтер» арасынан іздеу көзделеді.
Мұндай «бөгде элементтер» ең алдымен, партияның өз ішінен,
зиялылар қатарынан, елдің «басқаша» ойлайтын азаматтары
арасынан іздестіріледі.
10. 1928 жыл
«Саяси қуғын – сүргін - кеңестік әміршілдік жүйенің саяси және таптыққарсыластарын «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер» және
«әлеуметтік қауіпті элементтер» ретінде саяси қудалау саясаты... осы кезеңде
тұтқындалған 44 алашордашылардың үшеуі Жүсіпбек Аймауытов,
Әбдірахман Байділдин, Дінше Әділов ату жазасына кесіліп, үкім орындалды.
Ал қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды. Осы ретте «мұрағат
қорларынан табылған 520 алашордашылардың тізімі» туралы айта кеткен
жөн. Осы тізімнің ішінде әртүрлі себептермен бүгінгі көпшілік оқырман
қауымға жетпей жатқаны қаншама...
11.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімі,
Ақмола облысының ішкі істер Басқармасы жариялаған.
12.
• 1930 жылы ұлт зиялыларының ІІ тобытұтқындалды, оның 15-і Орталық Ресейге
жер аударылды.
13.
• 1936-1938 жж.Қазақстанда 25833
адам партиядан
шығарылып, олардың
8544-іне "халық
жаулары" немесе "
халық жауларының
сыбайластары"
секілді айыптар
тағылды