1.27M
Category: historyhistory

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарамақайшылықтары мен салдарлары

1.

Тақырып:
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы
Қазақстандағы кеңестік
реформалардың қарамақайшылықтары мен салдарлары.
Қазақстандағы «қайта құру»
саясаты.

2.

1. «Жеке басқа табынудың» өз шыңына
жетуі және республика қоғамдық-саяси
өміріне «жылымықтың» ықпалы.
Жоспар:
2. Әлеуметтік-экономикалық және
рухани «тоқырау». Қазақстандағы
экологиялық мәселелер.
3. Кеңестік Қазақстандағы «қайта
құру» саясаты: нәтижелері мен
салдарлары.

3.

ХХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы
кеңестік реформалардың мақсаты мен қарамақайшылықтарын және елдегі «Қайта құру»
саясатын жүзеге асырудың ерекшеліктерін
көрсету.
Мақсаты:
Негізгі түсініктер: халық шаруашылығын
қалпына келтіру, Семей ядролық сынақ алаңы,
«жеке басқа табынушылық», «жылымық»,
«қуғын-сүргін, ақтау, «Бекмаханов ісі»,
космополитизм, қайта құру, жариялылық,
әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету,
плюрализм, шаруашылық есеп.

4.

1. Соғыстан кейін Кеңестер Одағы экономикалық жағынан
әлсіреп шықты. 32 мың өндіріс орындары, 100 мың шамасындағы
ауыл шаруашылық кәсіпорындары үлкен шығынға ұшырап,
олардың көп бөлігі жойылып кетті.
1710 қала және қала типтес поселкалар қирады. 70 мыңнан
аса ауыл мен деревня жойылды. 25 млн. аса адам баспанасыз
қалды. 27 млн. аса адам қаза тапты. 1945 жылдың 2 қыркүйегінде
кеңес экономикасын конверсиялау және осы жылы солдаттарды
армия қатарынан елге қайтару басталады. Соның нәтижесінде
1945-1948 жылдары армиядан 8,5 млн-дай адам жаппай
мобилизацияланды.
Армиядан алғашқы кезекте инженер-мамандарды, мұғалім,
агрономдарды босатты.
Әскери тапсырыстармен айналысқан көптеген зауыттар енді
бейбіт өмірге бейімделген өнімдер шығара бастайды. Алайда
соғыстың зардабы Қазақстан үшін өте ауыр болды. мысалы,
зауыттар, фабрикалар және ауылшаруашылығындағы жұмыс
күші жетіспеді.

5.

1)
Соғыс
жылдарында
Қазақстанға
эвакуацияланған
мамандардың көпшілігі туған жерлеріне қайтты. 2) Көптеген
қазақтар соғыстан қайтып оралмады және майданда қаза тапты.
1930-1933 жылдардағы аштық пен ұжымдастырудан кейін
шаруалардың қырылуы республиканың ауыл шаруашылықты
аудандарының босап қалуына әкелді.
Жұмысшы күшінің орнын толтыру үшін республикада еңбек
резервтері училищелері мен мектептері құрыла бастайды. Оларды
соғыстан оралғандар мен тұтқыннан босатылған репатрианттар
толықтырды.
Оның
себептері:
Мыңдаған қазақ жұмысшылары Ленинград пен Сталинградта,
Брянск мен Донбасста, Солтүстік Кавказда, Украина мен
Белоруссияда, КСРО-ның басқа да аймақтарында жұмыс жасады.
Әсіресе өнеркәсіпті өнеркәсіпті қалпына келтіруге, цемент, болат
прокатын өндіруге, түсті және қара металлургия құралжабдықтарын шығару, тау және көмір өнеркәсібін дамытуға үлкен
көңіл аударылды. Қазақстанды индустриялық жағынан дамыту
идеологиясы бұрынғыша қалыпта қалып, ауыл шаруашылығын
дамытуға баса мән берілді. Бұған сонымен бірге қорғаныс қуатын
арттыру мен дамыту қосылды. Қазақстан ірі әскери-өндірістік
кешенге
айнала
бастайды.
Елімізде
әскери
өнеркәсіп
инфрақұрылымы, Семейдегі атом полигоны алаңы және басқа да
әскери нысандар жұмыс жасайды.

6.

Теміртау металлургиялық зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа
зауыттары іске кірісті. Өскемен қорғасын-мырыш
комбинаты алғашқы мырышын берді және Балқаш мыс
балқыту зауыты мыс өнеркәсібін ұлғайтты. Қаратон және
Мұнайлыда жаңа мұнай кеніштерін іске қосу мұнай өндіруді
1950 жылғы соғыс кезімен салыстырғанда 52%-ға ұлғайтуға
мүмкіндік берді. Қарату тау-кен комбинатының алғашқы
кезеңі қатарға қосылды. 1954-1958 жылдары аралығында
Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Семейде 730
өндіріс орындары мен цехтар салынып, пайдалануға берілді.
Жалпы, соғыс қазақ жеріне үлкен экономикалық
зардаптарын тигізді. Отан соғысынан көптеген шығындарға
ұшырап, материалдық, моральдық және рухани жағынан
күйзеліп шыққан қазақ халқы соған қарамастан Кеңестер
Одағы құрамындағы басқа да ұлттарға өз көмектерін
аянбастан
көрсетті.
Бұның
өзі
қазақ халқының
бауырмалдығын көрсетеді.

7.

Қазақ халқының еңбекқорлығы, жер байлығы мен
қойнауының ерекше пайдалы қазбаларға толы
болғандығына байланысты еліміз соғыстан кейінгі
жылдары индустриялы елге айнала бастайды. Алайда
соған қарамастан, тәуелсіздік алғанға дейін тек шикізат
өндірумен шектеліп, аграрлы сала басым болып қала
берді.
Аталған кезеңдерде ауылдарда колхоз режимін қатайту
шаралары жүрді. 1946-1949 жылдары соғыс жылдарындағы
мемлекеттік бақылаудың әлсіреуі кезінде жеке меншікке
алынған шаруалардың жерлері қайтадан колхоздарға
қайтарылды. 1948 жылы колхошылардан жеке малдары
тартып алынды. Міндетті мемлекеттік алым 1940 жылғы
деңгейде қалса да, оған мемлекеттің берген төлемі астықты
өндіру құнының 15 пайызын ғана жабуға мүмкіндік берді.
1947 жылғы ақша реформасы кәмпескелеу сипатында
жүріп, ең алдымен ауыл шаруашылығына соққы болып тиді.
Ақша ауқымы 3 есеге қысқарып, жаңа ақша айырбастау
жүйесі жинақ кассаларына ірі ақша салушылар мен
шаруаларды күйзелтті. 1947 жылы елде карточкалық жүйе
жойылғанымен халыққа аштық қаупі төнеді.

8.

1950 жылы колхоздарды ірілендіру мақсатындағы
жаңа ауыл шаруашылық реформалары жүрді. Осының
нәтижесінде Қазақстандағы колхоздар саны 1945 жылғы
6773-тен 1952 жылы 2047-ге дейін азайтылды. Бұл елді
мекендердің жойылуына, шаруалардың жеке жер
үлестерінің азаюына, натуралдық төлемнің қысқаруына
әкеліп, ауылшаруашылығы жағдайының жақсаруына әсер
етпеді. 1940-1950 жылдардағы КСРО-дағы аграрлық
саясат нәтижесінде елде азық-түлік жағынан қайтадан
қиыншылықтар
туындайды.
Қызметкерлер
мен
жұмысшылардың жалақысы 1950 жылы 1940 жылмен
салыстырғанда 1,5 есе көп болғанымен, осы аралықтағы
баға да бұдан да артық, яғни 3 есеге көбейген болатын.
Бұл шаруалардың сатып алушылық қабілетін төмендетті.
Колхозшылар
өз
еңбектеріне
қалалықтармен
салыстырғанда 4 есе аз жалақы алды және ел бойынша
еркін қозғалу (көшіп-қону) құқынан айрылады.
Қазақстан оккупация жасаған өңірлер мен Кеңестер
Одағының басқа республикаларына көмек көрсетті.
Ресубликада азық-түлік керуендері ұйымдастырылды.
Әсіресе Сталинград, Ленинград, Украина, Белоруссия,
Солтүстік Кавказ шаруаларына көмек көрсетілді. 1945
жылдың өзінде Украинаға 500 трактор мен басқа да ауыл
шаруашылық машиналары, 140 паровоз, жүздеген ауыл
шаруашылық машиналары жіберілді.

9.

Неміс оккупациясынан зардап шеккен аудандарға
жеңілдетілген бағамен жарты миллионнан астам ірі
мүйізді қара мал, жылқы, қой сатылды. Одан бөлек,
қайтарымсыз көмектер көрсетілді. Қазақстан колхоздары
неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға 17,7 бас ірі
қара, 27 мың шамасындағы жылқы, 350 мың қойды тегін
берді. Кеңес үкіметі өз кзегінде қазақ халқының
шаруашылығы мен мәдениетіне үлкен көңіл аударды.
Соғыс
жылдарындағы
еліміздің
ауыл
шаруашылығы тоқырауға ұшырап еңбекшілердің құқы
аяққа тапталды. Бұны біздер жоғарыда айтқан
еңбекшілердің
еңбек
орнын
тастап
кете
алмағандығынан көреміз. Аталған кезеңде Еуропа
елдерінде еңбекшілерге зейнетақы беріп жатқан болса
КСРО жұмысшылары зейнетақыны тек 1960
жылдардан кейін ғана көре алды;
Соған қарамастан қазақ халқы соғыстан
кейінгі жылдары неміс шабуылынан зардап шеккен
аудандарға көптеген мөлшердегі малды қайтарымсыз
берді.

10.

1946-1950 жылдардағы төртінші бесжылдық жоспарды
орындау нәтижесінде республикада болат прокаты, цемент,
жасанды талшық, суперфосфат, қара және түсті
металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібіне арналған
жабдықтар, соғу және машина жабдықтары өндірісі,
ауылшаруашылық машиналары іске қосылды.
Қара металлургия үлкен дамуға ие болды.
Теміртаудағы металлургиялық зауытта үш прокат пен екі
мартен
пеші,
Ақтөбе
ферроқорытпа
зауытында
кәсіпорынның үшінші кезегі іске қосылды. Түсті
металлургияны дамытуға көп көңіл бөлінді. 1947 жылы
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын
берді. Екібастұз алабында көмір кенішінің құрылысы
жүріп жатты. Балқаш мыс қорыту зауытының қуаттылығын
арттыру жұмыстары жалғастырылды. Жезқазғандағы ең ірі
мыс балқыту зауытының кешендері бой көтеріп, Текелі
қорғасын-мырыш комбинатының екінші кезегі іске
қосылуға дайындалды. Шымкент, Лениногор қорғасын
зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді.
Жаңа мұнай кен орындары іске қосылды. Мұнайлы,
Ембі алабы және басқа да кен орындарын іске қосу 1950
жылы соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда мұнай
өндіруді 52%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

11.

1950 жылы электр энергиясын өндіру 1945
жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсті. Өскемен жылу
электр орталығының бірінші кезегі, Алматы су электр
станциясының №6, №7, №8 каскадтары, Тишин су
электр стансасы, Құлсары электр стансаларына
жоғары вольтты электр желілері тартылды. Жезқазған
жылу
электр
стансасының
құрылысы
жалғастырылды. Қуат беретін жоғары вольтты
желілер
жүргізілді.
Жүздеген
ауылдық
электростансалар қуат өндірді. Ақмолада бұрын
жұмыс істеп тұрған «Қазақсельмаш» зауытының және
Қарағандыдағы вагон жөндеу зауытының құрылысы
аяқталды. Бесжылдықтың аяғында Қазақстанда
машина жасаудың жалпы өнімінің көлемі оның
басымен салыстырғанда екі есе өсті. Қаратау тау-кен
химия комбинаты мен Жамбыл суперфосфат
зауытының алғашқы кезегі іске қосылды. Қостанай
жасанды талшық зауыты алғашқы тонна өнімін
шығарды. Қарағанды ​синтетикалық каучук зауытында
екі цех іске қосылып, Ақтөбе химия зауыты кеңейді.
Бұл жылдары жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды.

12.

Семейдегі былғары-экстракт зауыты, Петропавлдағы
«Комсомолка» тігін фабрикасы өнім шығара бастады,
Жамбыл, Қызылорда, Павлодар қалаларында тері өңдеу
зауыттарының құрылысы аяқталды. Шымкентте мақта
зауыты салынды. Бесжылдықтың аяғында республиканың
жеңіл өнеркәсібінде 65 кәсіпорын жұмыс істеді. Кеңес
халқының ерлік еңбегінің арқасында КСРО өнеркәсібі
саласындағы төртінші бесжылдық мерзімінен бұрын төрт
жыл үш айда орындалды.
Төртінші
бесжылдықта
республиканың
халық
шаруашылығына салынған қаржы соғыс кезеңімен
салыстырғанда екі есе көп болды. Қаржы салу бойынша
Қазақстан одақ бойынша үшінші орынға шықты. Бес жылда
республикада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,69 есеге өсті.
Соның нәтижесінде осы жылдар ішінде Қазақстан өзінің
қуатты индустриялық базасын құрды.
1920-жылдардың басынан бастап – 1950 жылдарға дейін
Қазақстанда да барлық КСРО мемлекеттері секілді қатаң
әміршіл-әкімшіл жүйе орнады. Аталған саяси жүйеге адам
еркіндігін шектеу, адам құқын аяққа басу, еңбек
адамдарының өндіріс құралдарын мемлекет пайдасына
тартып алу тән болды.

13.

Елде
И.В.Сталиннің
жеке
басына
табынушылық
үстемдік
құрды.
Елдегі
қателіктер
мен
жеткіліксіздіктер
туралы
айтылмады және кез-келген табыс Сталиннің
есімімен байланыстырылды. Осы аталғандардың
барлығы
Қазақстанның
қоғамдық-саяси
дамуына жағымсыз әсер етіп, ауыр зардаптарға
әкеп соқты. Билік бабын пайдалану, заңды бұзу
саяси ұрандарды пайдалана отырып жасалынды.
Қалыптасып отырған саяси жүйе одан әрі өмір
сүру қабілеттілігін жоғалтты.
1948
жылдан
бастап
«Шығыстың
реакцияшыл
мәдениетіне
табынушылықты
жою» бойынша жаңа науқан басталып, ол
кейіннен академик В.В.Бартольдтің өліміне
соқтырған «комполиттерге» қарсы күрестің
басталуына әкелді. В.В.Бартольдты араб, иран,
қытай мәдениетіне табынуды бастады деп
айыптады.

14.

Қазақстан Коммун.партиясының «Қазақ КСР Ғылым
академиясының
тіл
және
әдебиет
институтының
жұмыстарындағы ірі саяси қателіктер туралы» арнайы
қаулысына сәйкес ұлтшылдық және оны таратумен айналысты
деген негізсіз айыппен
Есмағамбет Исмаилов, М.Әуезов,
Қайым Мұхаметханов, Қ.Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және т.б.
айыпталды. Республиканың ірі тарихшысы Ә.Марғұланның
ғылыми көзқарастары жалған деп айыпталып, Дулат
Шортанбайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Ғұмар Қарашевтің есімдерін
атауға тиім салынып, еңбектері жойылады.
Ленниград пен Мәскеудегі «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісімен»
қатар, Қазақстанда «Бекмаханов ісі» деген жүріп жатты. Жас әрі
талантты тарихшы Е.Бекмаханов белгілі кеңестік тарихшылар
И.Кучкин,
А.М.Панкратова,
В.Д.Грековтер,
Н.М.Дружининдермен бірге «Қазақ КСР тарихы» деп аталған
ұжымдық еңбекті жасақтауға ат салысты. Аталған басылым
1943 жылы жарыққа шықты. Кітапта авторлар Ресей
империясының отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күресін
ұлт-азаттық деп қарастырды.

15.

Отаршылыққа қарсы күреске бұндай бағаның
берілуі шиеленіскен пікірталас туғызды және
И.Сталин мен оның айналасындағылар (А.Жданов,
А.Андреев) бұрынғы «Ресей халықтар түрмесі»
қағидасын өзгертіп, оның орны «Ресей шет
аймақтарда өркениеттілік роль атқарды» деп
аталған нұсқаумен алмастырылды. Ол бойынша
Ресей империясына қарсы болған кез-келген ұлтазаттық қозғалыс реакциялық және ұлтшылдық деп
бағалануға тиіс болды. Жергілікті жерлерде
қорқыту
және
интеллигенцияны
қуғындау
жалғастырылды. 1947 жылы жарық көрген
«Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деп
аталған монографиядағы Е.Бекмахановтың ғылыми
көзқарастары буржуазиялық-ұлтшылдық, саяси
зиянды, идеологиялық мәселелер бойынша партия
шешімдеріне кереғар қағидаларға негізделген деп
айыпталды. Осыған байланысты айыптаған
бірқатар мақалалар жарыққа шыққаннан кейін т.ғ.д.
Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып,
1952 жылдың 4 желтоқсанында Қазақ КСР
Жоғарғы
Сотының
соттық
коллегиясының
шешімімен алдымен өлім жазасына кесілді және ол
кейіннен 25 жылға бас бостандығын айыру
жазасымен ауыстырылды.

16.

Алайда Е.Бекмахановты қорғауды академик
А.М.Панкратова және басқа да адал адамдар
жалғастыра берді. Тек қана И.В.Сталиннің өлімінен
кейінгі
түрмеден
жазықсыз
адамдар
шыға
бастағаннан соң Е.Бекмахановты айыптаған іс қайта
қаралып, қылмыс құрамының болмауына байланысты
іс тоқтатылады.
Бұл 1940ж. аяғы-1950 ж. басындағы жалғыз іс
болмады. Қоғамтанушылар, биолог, медик, геолог
ғалымдардың көпшілігі «негізсіз космополит» деп
айыпталып, республиканың ЖОО-ры мен ғылым
ордаларынан қуылды.
А.Жұбанов,
Қ.Жұмалиев,
Б.Сүлейменов,
Е.Исмаилов секілді белгілі ғалымдар саяси қудалауға
ұшырады. Қазақ КСР ҒА-ның Президенті, академик
Қ.Сәтпаев, атақты жазушы М.Әуезов Қазақстанды
тастап, Мәскеуде жұмыс жасауға мәжбүр болды.

17.

Соғыс жылдарында КСРО басшылығы репрессия
шараларын жүргізе алмағанымен сғыстан кейінгі
жылдары бұрынғы әміршіл-әкімшіл жүйеге қайта
оралып, 1937-1938 жылдардағы репрессиялар ізіне түсе
бастады. Осының әсерінен қазақстандық көптеген
белгілі ғалымдар қуғынға ұшырады;
1937-1938 жылдардағы
репрессия
Сондай-ақ космополитизм үшін айыпталған
республиканың жоғары оқу орындарының ғылыми
мекемелерінде жұмыс жасайтын бірқатар биологтар,
дәрігерлер мен геологтар қызметтен шеттетілді.
Соғыстан кейінгі жылдарда қоғамда пісіп-жетілген
өзгерістердің қажеттілігін түсінуді әкімшілік жүйе
бірқатар
идеологиялық
және
репрессиялық
шаралардың көмегімен тұншықтыра алды. Бірақ 40жылдардың ортасы – 50-жылдардың басындағы
рухани ахуалды біржолата күйрету мүмкін емес
болатын.
Сталин қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы кезеңде
(1953 ж. наурыз) болуы мүмкін өзгерістер туралы екі
көзқарас қалыптасты. 1953-1954 жж. социалистік
қоғамдағы
қарама-қайшылықтардың
сипаты,
тарихтағы жеке адам мен бұқараның рөлі, теория мен
тәжірибенің байланысы, басшылықтың ұжымдасуы
туралы пікірталастар өршіді.

18.

Қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы
маңызды қадам Л.П.Берияның қылмыстық ісәрекеттерін тоқтату болатын. И.В.Сталиннің өлімі
мен Л.П.Берияны биліктен аластату арқылы КСРОдағы қатыгез режимнің күңгірт парақтарының бірі
жабылды. Н.С.Хрущев мемлекет және қоғам
қайраткерлерін саяси ақтауды қолға алғанымен, ол
одақтағы саяси билік жүйесін сақтап қалуды басты
мақсат ретінде ұстанғандықтан жартылай сипатта
қалып қойды.
1954 жылы Қазақстан Компартиясы ОК басшылығына
Қазақстанда танылмаған П.К.Пономаренко келді. Оған
дейін Қазақстанды басқарған Ж.Шаяхметовті тың игеруге
қарсы болғандығы үшін орнынан алып тастады.
1954 жылы дәнді дақылдарды Қазақстанның
солтүстігі, Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ егені егу
есебінен көбейту мақсатындағы «Астық өндіруді одан әрі
көбейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру туралы»
қаулы шықты. Ол бойынша 1954-1955 жылдары жаңа
жерлерді игеру арқылы 13 млн га жерді жырту және 1955
жылы 1100-1200 млн пұт астық алу көзделді.

19.

1954ж. тамыздың басында КСРО-ның тың игеруге қойған міндеті орындалып, 13,4 млн га жер
жыртылып, жоспар 103,2 %-ға орындалды. 1954 жылдың тамызында жаңадан шыққан «Астық
өндіруді ұлғайту үшін тың иегруді одан әрі туралы» қаулы бойынша 1956 жылы жыртылатын
жерлерді 28-30 млн гектарға жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың жаңа жерлерді бұлай игерудің
өз-өзін ақтамайтындығы туралы айтқандарына ешкім құлақ аспады. 1955 жылы Республикада
жоспарланған 7,5 млн га-дың орнына 9,4 млн га жер жыртылды. Осылайша екі жылдың жоспары 1
жылдан шамалы ғана көптеу мерзімде орындалды.
Республикада жолдар салынып, жаңа поселкалар пайдалануға берілді.
1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына барлығы 266,6 мың механизатор мамандар келді.
Тың игеруге К.Дөнентаева, А.Жангузаков, Н.Геллерт, Л.Картаузовтар көп еңбек сіңірді.

20.

Кеңестік кезеңдегі көптеген еңбектерде тың игеру жылдарындағы асыра сілтеушіліктер
айтылады. Дайындықсыз басталған жалпыхалықтық науқанға тың игеру тек мамандарды ғана
емес, үлкен ақша үшін кездейсоқ адамдар да тартылды. Мысалы, алғашқы екі жылда Солтүстік
Қазақстанға келген 650 мың адамның тың игеруге тек 130000-ы ғана қажет болды.
Топырақтың құнарлы бөлігінің желмен ұшып кетуі, жердің эрозияға ұшырауы салдарынан
экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Егістікке пайдалануға көп жердің алынуы мал
шаруашылығына үлкен соққы болып тиді және республикада ет-сүт өнімдері азайып кетті.
Тың игеру науқаны басқа республикалардан халықтың көптеп келуіне, қазақ халқының
ұлттық әдет-ғұрыптарының төмендеуіне, қазақ тіліндегі ұлттық әдебиет пен мерзімді
басылымдардың азаюына әкелді. Солтүстік облыстарда тілдік және демографиялық мәселелер
шиеленісті.

21.

1954-1956 ж. ж.
1956 жылдың сәуірінде болған КОКП-ның ХХ сьезі қоғамдағы демократияландыруды
бастап берді. Сьезд көпшілікке партияның қателіктері туралы мәліметтерді жарияламау қажет
деп шешті және үш ай өткеннен кейін, 1956 жылдың маусымында ғана сьезд қорытындысы
ретіндегі КОКП ОК-ның қаулысы газет беттерінде «Жеке басқа табыну және оның
зардаптары» атты жарты бет түрінде шықты. КОКП ХХ сьезіндегі Хрущевтің жасаған
баяндамасының толық мәтіні тек одан 33 жыл өткеннен кейін ғана, 1989 жылы жарық көрді.
1945 жылдың Кеңгірдегі саяси сотталғандардың көтерілісі аяусыз басылды. Осы
Жезқазғанға таяу орналасқан лагерьдегі қақтығыс барысында, сотталушылар мен тұрақты
әскер арасында аяусыз күрес жүріп, көптеген адамдар қаза тапты.
Елдің экономикалық жағынан артта қалуының себептеріне талдау жасауға жасалған
әрекеттер бірден басылып тасталды. КОКП ОК мен Кеңес үкіметі 1954-1956 жылдары шектен
тыс орталықтандыруды жою мен одақтас республикалар құқықтарын кеңейтуге бағытталған
шаралар кешенін қабылдағанымен, ол шешімдер қағаз жүзінде ғана қалып қойды.

22.

Көп ұзамай өзгеше саяси ойлайтындар қуғындала бастады. Алайда қоғамның
кемшіліктері туралы айтқан адамдарды бұрынғыша әдістер арқылы тоқтату мүмкін емес
болатын. Сондықтан саяси айыптаулар «жабық» түрде болды. Мысалы, Шығыс Қазақстан
облысы, Күршім ауданының орыс тілі пәнінің мұғалімі, майдангер М.Елікбаевтың қазақ
мектептерінің жабылуы мен адам құқықтарының бұзылуы туралы Хрущевке жолдаған
хатына байланысты оны КОКП қатарынан шығарып, психологиялық ауруханаға қамады. Ол
жерде тамақ жеуден бас тартқан осы азаматқа күштеп тамақтандыру әдісі қолданылды.
КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің мәліметінше, барлығы 90000-нан аса
адам өзгеше ойлағандықтары үшін психиатриялық жазалаулардан өткізілді.
1959 жылы КОКП-ның ХХІ сьезінде Н.С.Хрущев КСРО-дағы социализмнің толықтай
жеңіске жеткендігін және енді коммунистік қоғам құрылысы кезеңі басталғандығын
жариялады.

23.

Қазақстан 1950 жылдары көпұлтты мемлекетке айналды. 1954-1962 жылдары ауыл
шаруашылығына КСРОның еуропалық бөлігінен 2 млн шамасында адам келсе, өндіріс, құрылыс,
көлік саласында жұмыс жасауға 0,5 млн адам келді.
1897 жылы өз жеріндегі халықтың 85%-ын құраған қазақтар 1959 жылы республкиа халқының
3/1-іне де жетпеді және 29%-ды ғана құрады.
Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл
ретінде қолданылды. Кітаптардың 95 % орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 % эфирде
тек орыс тілінде жүргізілді.
Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне
тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың
өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Акмоло – Целиноградқа,
Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды.

24.

1959 жылғы 1 тамызында Теміртау оқиғасы басталды.
Теміртау металлургиялық комбинаты құрылысын салуға
1959 жылы 132 мың адам, одан кейінгі жылы тағы да
70000
адам
келді.
Жаңадан
келгендерге
үй
жетіспегендіктен олар шатырларда тұрды. Климатқа
үйренісе алмау, ауыз судың жетіспеуі, азық-түлік
сапасының
нашарлығы
адамдардың
наразылығын
туғызды. Әлеуметтік жарылысқа 1 тамыздағы жастардың
қоғамдық тамақтану орнындағы наразылығы бастама
болып, халық дүкен, базар, асханаларды тонай бастайды.
Бұл тәртіпсізктер үш күнге созылды және әскер мен
қарудың көмегімен ғана басылды. Өкінішке орай 1962 ж,
Новочеркасскідегі, 1959 ж. Теміртаудағы оқиғалар ел
жетекшілерінің қоғам дамуына деген көзқарастарын
өзгерте алмады.
Н.С.Хрущев
мемлекеттің
«коммунизмге
өтуіне
байланысты» жаңа Конституцияның жобасын жасауды
ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия
құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО
Конституциясын жасауда пайдаланды.

25.

Сол жылдардағы конституциялық заңдарда
жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге
аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне
бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір
палатадан
тұрды,
яғни
балама
болмады.
Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық
қорғау, прокуратура органдары да орталыққа
бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару,
сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп
беріп, бұйрық-жарлықтарын
орындап отырған.
Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан
мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың
адамнан біреу, облыстық кеңеске 5-8 мың адамнан –
біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан – 1 таңдау
негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде
депутаттарды көрмеді, білмеді. 1957 жылы Н.С.
Хрущев экономиканы басқаруда жаңа реформаларды
ұсынды. Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері
таратылды.

26.

Өнеркәсіп пен құрылысты
басқару реформасы КОКП
Орталық Комитетінің ақпан
(1957 ж.) Пленумында
бекітілді.
Олардың міндеттері халық шаруашылығы
кеңестері (совнархоздар) арасында бөлінді. Өнеркәсіп
пен құрылысты басқару реформасы КОКП Орталық
Комитетінің ақпан (1957 ж.) Пленумында бекітілді.
Осыдан кейін 1957 жылы мамырда КСРО Жоғарғы
Кеңесі «Өнеркәсіп пен құрылысты басқаруды
ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы» Заң
қабылдады. Аталған заң арқылы 10 жалпыодақтық
және 15 одақтық-республикалық министрліктер
таратылды. Ел 105 экономикалық-әкімшілік ауданға
бөлінді.
Қазақстанда
Республикалық
Халық
шаруашылық Кеңесі мен сегіз аймақтық кеңес
құрылды. 2. 1964 жылы қазанда демалыста болған Н.
С. Хрущевті КОКП ОК Пленумы биліктен босатты.
КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1966
жылдан бастап – Бас хатшы) Л. И.Брежнев, Кеңес
үкіметінің басшысы (КСРО Министрлер Кеңесі
төрағасы) болып А. Н. Косыгин тағайындалды. Елдің
жаңа басшылығы дағдарыс жағдайынан шығу
жолдарын
іздеу
ретінде
ел
экономикасын
реформалады.

27.

1965 жылғы бұл реформа көптеген басылымдарда
«Косыгин реформасы» деп аталды. Экономикалық
аудандарды басқару жүйесі халық шаруашылықтары
(аумақтық қағидат бойынша басқару) арқылы жойылып,
өнеркәсіп салалары бойынша министрліктер (салалық
басқару) қайта құрылды. Барлығы 29 жалпы одақтық
және одақтық республикалық министрліктер құрылды.
1965 жылғы бұл реформа
көптеген басылымдарда
«Косыгин реформасы» деп
аталды.
Енді кәсіпорындардың өз еркімен дамуына,
шаруашылық есепті дамытуға, экономиканың дамыту
үшін материалдық жағынан ынталандыруға көңіл бөліну
қажеттігі қолға алына бастайды. Бұның барлығы 8-ші
бесжылдық (1966-1970жж) кезінде халық шаруашылық
кешеніне жоспарлы экономиканы енгізгеннен бергі
кезеңде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып
келген еді. Бұл бесжылдық тіпті кейіннен «алтын
бесжылдық» деген атқа ие болды. Бұл жылдары пайда,
баға, сыйақы, несие секілді экономикалық тұтқалар
пайдаланылды және шаруашылықтардың дербестіктері
арттырылды.

28.

1965 жылғы шаруашылық
реформалары еңбек және
өндірісті ұйымдастыруды
жетілдіруге, техникалық
сұрақтарды шешуге
серпін берді. Қазақстан
Одақ бойынша көмір
өндіруден, қорғасын
қорытудан алға шықты.
1965 жылғы шаруашылық реформалары еңбек және
өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге, техникалық
сұрақтарды шешуге серпін берді. Қазақстан Одақ
бойынша көмір өндіруден, қорғасын қорытудан алға
шықты. Мұнай өндіру, химия өнеркәсібінің маңызы
артты. Бесжылдықтың соңына қарай 445 ірі өнеркәсіп
орындары мен цехтар ашылып, зауыттар мен фабрикалар
қайта
жабдықталды.
Соколов-Сарыбай
тау-кен
комбинатының өнімі Орал металлургия зауытының және
т.б. өнеркәсіп орындарының шикізат көзіне айналды.
Қарағанды металл зауыты жоғарғы сапалы шойын, мыс
өндірді. Республика хром өндіруден бірінші орынға,
темір және марганец өнімдерін өндіруден үшінші орынға
көтерілді. Республикадағы трактор жасау саласының
негізі болған Павлодар трактор зауыты іске қосылды.
Қазақстан жеңіл өнеркәсібі 1970 жылы Одақ бойынша
өңдірілген барлық өнімнің 16%-ін берді.
60-шы
жылдардың
екінші
жартысындағы
экономикалық реформалар сәтсіз аяқталды. Ауыл
шаруашылығына, өндіріске қатысты қаулы-қарарлар
бұрынғысынша әкімшіл-әміршіл сипатта қала берді.

29.

1970-1985 жылдардағы
экономиканы дамытудың
экстенсивті жолы.
1970-1985 жылдардағы экономиканы дамытудың экстенсивті
жолы. Аталған кезеңде КСРО-ның шикізат ресурстарын (атап
айтқанда, мұнайды) экспорттау көлемі ұлғайтылды. Шикізат
экспорты қаржыландыруды қажет ететін көптеген өзекті
мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, сонымен бірге Кеңес
экономикасының дамуына жақсы мүмкіндік берді. Алайда
экстенсивті сипатты сақтаған экономиканың кеңестік моделі
негізгі көрсеткіштер бойынша жетекші Батыс елдерінің
экономикасынан артта қалды. Экономиканың ресурстық емес
секторлары іс жүзінде дамуын тоқтатты, өнім сапасы төмендеді,
еңбек өнімділігі төмендеді. Колхоздар мен совхоздардың
көпшілігінің тиімсіз болуы себепті ауыл шаруашылығының
дамуында дағдарыстар байқалды. Кеңес Одағы шетелден азықтүлік сатып алуға көптеген қаражат жұмсауға мәжбүр болды.
Кеңес Одағы тарихындағы бұл кезең (1970-1985) «тоқырау
дәуірі» деп аталды. Кейбір ресми көрсеткіштер бойынша 19701985 жылдардағы елдің жақсы дамуы жалғасқанымен, бұл
көбінесе сандық өзгерістер болды.

30.

Экономикадағы бұл динамиканы «экономикалық дамусыз
болған экономикалық өсу кезеңі» деп атауға болады. Тоқырау
дәуірінің негізгі экономикалық белгілері: жоғары технологиялық
салаларда артта қалу, өнім сапасының төмендігі, еңбек
өнімділігінің төмен деңгейі мен өндірістің тиімсіздігі болды.
Ауыл шаруашылығында көптеген мәселелер пайда болып, азықтүлік сатып алуға көп ақша жұмсады. Сыбайлас жемқорлық пен
көлеңкелі экономика айтарлықтай өсті.
Қазақ КСР өнеркәсібі
Қазақ КСР өнеркәсібі. 1970-1980 жылдары республика
КСРО-ның ірі өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды.
Республиканың жалпы қоғамдық өніміндегі өнеркәсіптің үлесі
1980 жылдардың басында 50% - ға жетті. Қазақ КСР-нде елдің
түсті металлургиясы, химия саласы, ірі отын-энергетика кешені,
көмір өндіру өнеркәсібі негізгі базасы орналасты және мұнай
өндірудің ірі қоры шоғырланды. Қазақстан бүкілодақтық сары
фосфор өндірісінің 90%-н, мыс, мырыш, қорғасынның 30-дан
70% - на дейін берді. 1976-1980 жж. салынған 117, 1981-1985
жылдары-60 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар салынды.

31.

1970-1980жж.
Бірақ
1970-1980
жылдары
Қазақстан
экономикасында жалпы елге тән жағымсыз ерекшеліктер
байқалды. КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық және
ғылыми-техникалық даму деңгейі бойынша жетекші
еуропалық державаларға жақындауы тоқтады. 1971-1985
жылдары республикада өнеркәсіп өнімінің орташа
жылдық өсу қарқыны 9,3-тен 3,5% - ға, ұлттық табыс
10,3-тен 1% - ға дейін төмендеді, бұл жалпы КСРО-ға
қарағанда 36% - ға төмен болды. Қор қайтарымы 2 есе
қысқарды. Өнеркәсіпте экономиканың шикізаттық,
шығынды, өнімсіз сипаты басым бола бастады. КСРО–
дағы еңбек өнімділігі американдық деңгейдің шамамен
1/3 бөлігін құрады, ал ауыл шаруашылығында 1/6-дан аз
болды. Қазақстаннан тыс жерлерге, әдетте, арзан шикізат
арзан бағамен экспортталды, ал қымбат дайын өнім
түсті. Республика 8 миллиард рубльге азық-түлік
экспорттады, ал 16 миллиард рубльге импорттады.
Жоспарлаудағы бұрмалаушылықтар, оның ғылыми емес,
өте орталықтандырылған сипаты, жоспарларға шексіз
түзетулер Қазақ КСР-ндегі өнеркәсіптік дамуда
тұрақсыздандырушы рөл атқарды. Тек 1981-1985
жылдары әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың
жоспарлары 300-ден астам рет түзетілді.

32.

Өнеркәсіптегі алып құрылыстарға деген ұмтылыс үлкен
мәселеге айналды. Павлодар трактор зауыты, Шевченко
пластмасса зауыты (Ақтау қ.), Қарағанды резинотехникалық
бұйымдар зауыты (Саран қ.) салынды, олардың әрқайсысында
ондаған мың жұмысшы еңбек етті. Олар тек КСРО-да ғана
емес, Еуропада да ең үлкен болғандықтан, ең көп салалы,
мамандандырылмаған зауыттарға айналды. Нәтижесінде
Қазақстан КСРО-ның 15 республикасы ішіндегі машина жасау
және металл өңдеу саласында 30% жөндеу өндірісін иеленген
жалғыз республика болды (жалпы КСРО бойынша көрсеткіш
бұдан 3 есе аз – 10%-ды құрайтын).
Өте өнімсіз өнеркәсіп бағыты республика экономикасының
барлық салаларына тән болды. Өнеркәсіптің шикізатты қажет
ететін (материалды, металды қажет ететін, экономикалық
емес) сипаты басым болды. Тек машина жасауда өнімнің
артық салмағы Қазақстанның болат өнеркәсібінің жылдық
көлемімен 2,5 есе асып түсті. Оны өндіру кезінде көмірдің
шығыны 50-60%, мұнай–70%, темір кені–11,5% құрады.
Металлургиялық, химиялық өндіріс қалдықтарында кейде
жаңадан игерілетін кен орындарына қарағанда пайдалы
металдар көп болатын жағдай орын алды.

33.

Бірақ меншік қатынастарын түбегейлі өзгертпестен және
нарықтық экономикаға көшпестен экономиканың шығын
механизмін тоқтату мүмкін болмады. Дағдарыс құбылыстары
1980 жылдардың ортасында барған сайын айқын байқала түсті.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы. Республиканың аграрлық
секторы ірі инвестицияларға қарамастан дағдарыс жағдайында
болды (1971-1989 жылдар аралығында республиканың ауыл
шаруашылығына 58,2 млрд рубль салынды). Инвестициялар
көлемін ұлғайту есебінен ауыл шаруашылығы мәселелерін шешу
әрекеттері күтілетін нәтиже бермеді: олардың жартысынан көбі
(55%-ға дейін) қымбат алып мал шаруашылығы кешендерін
салуға және т. б. бағытталды. Ауыл шаруашылығы
жұмыстарының едәуір бөлігі (жер жырту, егін егу, жинау)
механикаландырылғанына қарамастан, аграрлық секторда
кешенді механикаландыруға қол жеткізілген жоқ. Осы жылдары
елдің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі өте тиімсіз
болды (салыстыру үшін: 6-7 кеңестік колхозшы ретінде 1
американдық фермердің жұмысын жасады).

34.

Егін жинау кезіндегі шығындар 30%-ға жетті. Егінді
уақтылы жинау үшін қарулы күштер солдаттары,
студенттер мен оқушылар тегін жұмыс күші ретінде
тартылды; жыл сайын күзде оқу үрдісінің орнына мектеп
оқушылары (5-10 сыныптар) мен жоғары оқу
орындарының студенттері күн сайын картоп, қырыққабат,
мақта жинауға және т. б. тартылу қалыпты нормаға
айналды. Мұның бәрі Қазақстанның аграрлық
құрылымындағы ұзаққа созылған дағдарысты айғақтады.
Республиканың астық шаруашылығы тұрақсыз
дамыды. Дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 3-тен 10
центнерге дейін болды және ең гүлденген жылдары да
төмен болды (1980 ж.1 гектардан 10,9 центнер). Жалпы
астық жинау тұрақсыздықпен және көрсеткіштердің күрт
өзгеруімен де сипатталды. Республиканың мал
шаруашылығында да жағдай күрделі болды. Сандық
көрсеткіштер бойынша республикада малдың жалпы саны
1961 жылға қарай (ірі қара, ұсақ мал, шошқа, жылқы, түйе)
37131,8 мың басты, 1986 жылы – 49205,8 мың басқа
өскенімен, республиканың колхоздары мен
совхоздарындағы мал басы 15 жыл ішінде (1970-1985 жж.)
айтарлықтай өзгерген жоқ.

35.

1981-1985 жылдары республикада барлық совхоздар
мен колхоздардың 53% - ы тиімсіз болды. Қазіргі
жағдайға бәрі бірдей қанағаттанбады. Әрине, қоғамда
жағдайды қандай да бір жолмен түзетуге ұмтылған,
аграрлық кәсіпорындарды басқаруды қайта құру
шаруашылық жүйесін өзгерту арқылы жүргізуге
тырысқан, бірқатар бастамашыл басшылар болды.
Солардың бірі, Алматы облысы Ақши совхозының шөп
ұнын өндіру жөніндегі тәжірибелік шаруашылығының
басшысы И.Н.Худенко рентабельді шаруашылық
құруға әрекет жасайды. Ол ұйымдастыру мен
басқарудың жаңа формаларын енгізді және соның
арқасында өз шаруашылығындағы еңбек өнімділігін
арттырды. Бірақ бұл кәсіпорын қолданыстағы
экономикалық жүйеге сәйкес келмеді және ол
республика ауыл шаруашылығы министрлігінің
шешімімен жойылады. Д. Қонаевқа ресейлік
экономистер А.Г. Аганбегян және Т. И. Заславская И.
Худенконы Сібірге жіберуді сұрағанымен, кейбіреулер
үшін Худенконың тәжірибесі ерекше қызығушылық
тудырды.

36.

Республикадағы әлеуметтік- саяси өмірі
Мал шаруашылығы институты директоры академик Н.П. Федоренко мен оның орынбасары Н.Я.
Петраков КСРО Ғылым Академиясының Орталық экономикалық-математикалық институтының ғылыми
жетекшілігімен тәжірибені қайта бастауды сұрағанымен, республика басшылығы оны жалғастыруға рұқсат
бермеді. Аталған тәжірибені ұйымдастырушы И. Н. Худенконың репрессиялық жүйенің құрбанына
айналып, сотталды және кейіннен түрмеде қайтыс болды.
Республикадағы әлеуметтік-саяси өмір. Идеология. Саяси жүйенің жалпы одақтық моделі одақтас
республикалардың, атап айтқанда Қазақстанның саяси жүйесінде де толық көлемде жаңғыртылды. 19701980 жылдары билік партия органдарының қолында болды (Орталық Комитеттен жергілікті Комитетке
дейін), олар басқарудың барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін шешіп, кеңестік және
экономикалық құрылымдарға жетекшілік етті. Демократия мен жеке бас бостандығын шектеу, халықты
билік пен меншіктен алшақтату, жеке бастама мен келіспеушілікті басу, коммунистік идеологияның
үстемдігі – мұның бәрі КСРО-дағы «социализмнің» шыңына жетуінің негізгі белгілеріне айналды.
Кәсіподақтар мен комсомол (Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағы – ВЛКСМ) сияқты
қоғамдық ұйымдарда Коммунистік партияның саясаткерлері мен басшыларының рөлі көтере көрсетілді.

37.

1977 жылы КСРО
Конституциясы, 1978 жылы
сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі – Қазақ КСР
Конституциясы қабылданды.
1977 жылы КСРО Конституциясы, 1978 жылы сәуірде
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі – Қазақ КСР Конституциясы
қабылданды. Республика Конституциясы өзінің құрылымы мен
мазмұны бойынша Кеңес мемлекетінің негізгі Заңына толық
сәйкестендіріле отырып әзірленді. Бұл Қазақ КСР-нің екінші
және соңғы кеңестік Конституциясы болды (біріншісі 1937
жылы наурызда қабылданды). Конституцияда тек декларативті
сипаттағы негізгі демократиялық бостандықтар жарияланды: сөз
бостандығы, жиналыстар, шерулер, демонстрациялар, ар-ождан
және т.б. Қазақ КСР Конституциясының 6-бабында (КСРО
Конституциясына ұқсас) КОКП «кеңес қоғамының басқарушы
және бағыттаушы күші, оның саяси жүйесінің, мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдарының өзегі» деп жарияланды. Осылайша,
КОКП-ның мемлекеттік институттарға, оның ішінде заң
шығарушы, атқарушы және сот органдарына қатысты толық
диктаты елдің Негізгі Заңы-Конституцияның мәтінінде заңды
түрде рәсімделді.

38.

Партияға мүшелік болашақ мансаптық өсуге мүмкіндік
берді.
Мемлекеттік
мекемелердегі,
өнеркәсіптік
кәсіпорындардағы және т.б. бірінші басшылар кеңестік кадр
Биліктің
партиялық-мемлекеттік саясаты
талаптарына
сай
коммунистер
қатарынан
номенклатураның қолына шоғырлануы тағайындалды.
кеңестік саяси жүйенің тоталитарлық
сипатын күшейтті. 1971 жылдың КСРО республикаларының ұлттық саясатында айқындаушы
басында Қазақстан компартиясы өз болған "интернационализм" саясаты ұлттық мәдениетті және
қатарында 575 439 коммунист пен (оның ішінде) тілді біртіндеп ығыстыру арқылы орыс емес
КОКП
мүшелігіне
кандидаттарды халықты орыстандыруға бағытталды. Қазақ тілі өзінің
мүшелікке алды. Республиканың әрбір толыққанды өмір сүруі үшін қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10н ғана ғана орындады. Ол іс қағаздарын жүргізуде, мемлекеттік,
13 ересек тұрғыны коммунист болды.
дипломатиялық, армия өмірінде, жоғары мектепке қызмет
көрсетпей, тек қана тұрмыстық саламен шектелді.

39.

Осы
кезеңде
кітаптардың 95% - ы,
телешоулардың 70%-ы
орыс тілінде жарық
көріп,
эфирлерге
шықты.
Тұрмыстық
салада
қазақ
тілі
біртіндеп
ығыстырылды, қазақтар
жастары
(негізінен
қалалық)
ұлттық
мәдениет пен тілден
алшақтап кетті.
КСРО-дағы ұлттық саясатты ұлттық мүдделерді
ескермей, ұлтаралық қатынастарды насихаттаумен
арқылы жүргізу республиканың қоғамдық-саяси
өміріндегі наразылық қозғалыстарына әкелді. 1960
жылдары ғылыми, шығармашылық зиялы қауым,
студенттік орта республикада егеменді құқықтардың
жоқтығына, қазақ мәдениеті мен тілінің жай-күйіне
байланысты наразылықтарын байқата бастайды. 1960
жылдары студенттік жастар құрған «Жас тұлпар»
(Мәскеу қ.,), «Жас қазақ» (Қарағанды қ.), «Тайшұбар»
(Семей қ.)бейресми ұйымдары қуғын-сүргінге
ұшырады.

40.

Ұлттық қатынастардағы шиеленістердің көрінісі
1979 жылдың жазындағы Целиноград (қазіргі Ақмола
облысы-Астана қ.-авт) қаласындағы оқиғадан көрінді.
1979 жылдың көктемінде КОКП Орталық Комитетінің
Саяси бюросында КСРО КГБ төрағасы Ю. В.
Андроповтың бастамасымен Қазақстан аумағында
Неміс автономиялық облысын құру туралы шешім
қабылданды
(республикада
депортацияланған
немістердің саны 1 млн. адамға жетті). Бұл шешім
Үкіметпен,
Жоғарғы
Кеңеспен,
ҚазКСР
жұртшылығымен келісілген жоқ. Қазақстан аумағында
Неміс автономиясын құру жөніндегі Комитет құрылып,
оның басшлығына ҚазКСР КП ОК II хатшысы А.
Коркин тағайындалды. Автономия құрамына Ақмола,
Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының
бірнеше аудандарын қосу ұсынылды, Болашақ
автономия орталығы болып Ерейментау қаласы
(Ақмола облысы) сайланды. Одақтық орталықтың
республикамен келісімінсіз осындай шешім қабылдауы
жергілікті халықтың наразылығын тудырды.

41.

1979 жылы 16 маусымда таңертең Целиноград (Астана қ авт.) қаласында қазақ студенттері мен оқушы жастарының
өкілдері Кремльдің шешіміне қызу наразылық білдіріп, орталық
алаңдағы митингке жиналды. 19 маусымда осы мәселе бойынша
тағы бір митинг өтіп, оған куәгерлердің айтуы бойынша оған 2
мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Осындай митингілер мен
демонстрациялар Атбасар, Ерейментау, Көкшетау және т.б.
қалаларда да өтті. Митингілерге қатысушыларға қарсы ауқымды
қуғын–сүргін болмады және бұл оқиғалар туралы ақпарат
таратылмағанымен, кейіннен Қазақстан аумағында Неміс
автономиясын құру туралы шешім жойылды.
Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев
(1912-1993 жж.) Қазақ КСР
Компартиясы
ОК
бірінші
хатшысы (1960-1962, 1964-1986
жж.), Қазақ КСР Министрлер
Кеңесінің Төрағасы (1955-1960,
1962-1964 жж.) қызметтерін
атқарды. Ол Қазақстанның өз
ішінен
шыққан
Қазақстан
партиясын
Тоқырау кезеңінде республика өмірінде үлкен рөл атқарған коммунистік
санаулы
ғана
Д. А. Қонаевтың жеке тұлғасы мен қайраткерлігі туралы басқарған
басшылардың бірі болды
студенттерге кеңінен таныстыру қажет.

42.

Д.
А.
Қонаевтың
тұсында
республика
айтарлықтай
экономикалық өрлеуге
қол жеткізе алды.
Республиканың өнеркәсіптік әлеуеті (негізінен
тау-кен өндіру, шикізат салалары және оларға
қызмет көрсететін мұнай-газ және қуат өндіру
саласы есебінен), ауыл шаруашылығы өсті.
Қазақстандық астықтың жыл сайынғы әйгілі
«миллиард пұт» өнімді өндіруі бірнеше рет
қайталанды. Замандастарының естеліктерінде Д.
Қонаев қарапайым адам ретінде қалды. Ол Кеңес
Төрағасы бола отырып, шамамен 340 рубльді
құрайтын академик атағы үшін төлемнен бас
тартқаны халықтың арасында аталған тұлғаның
елінің шынайы патриот екендігін көрсеті.
Д.А.Қонаев аталған қаржыны балалар мен жас
ғалымдарға көмектесу үшін пайдалануға берді. Бұл
қарапайымдылық туа біткен қасиет ретінде
барлығына белгілі болды және оған деген халық
сенімділігін нығайтты.

43.

Д. А. Қонаев Л.И. Брежнев
бастаған КОКП Орталық
Комитетінің саясатын
жүзеге асырды.
Алайда Д. А. Қонаевтың қызметі, сондай-ақ оның
басқарушы партиялық және мемлекеттік қызметі
кезінде үлкен оң және теріс сипаттарға да ие болды.
Бірінші хатшы ретінде Д. А. Қонаев Л.И. Брежнев
бастаған КОКП Орталық Комитетінің саясатын
жүзеге асырды. Республикада экологиялық дағдарыс
пайда болып, ел өнеркәсіптік дамуда өзінің
шикізаттық бағытында қала берді. Д. А. Қонаевтың
тұсында орыстандыру үрдісі әсіресе, білім беру
саласында одан әрі белсенді жүргізілді (мысалы,
облыс орталықтарында ауыл балаларына арналған 1
қазақ интернаты ғана қалды). Тәуелсіздік пен
принциптілік танытқан кейбір дарынды басшылар
(Ж. Тәшенев, М.Бейсебаев, М. Сужиков, Е. Бөкетов
және т. б.) қуғындалып, қысымға түсті.

44.

Қазақстандағы
экологиялық дағдарыс.
Қазақстандағы экологиялық дағдарыс. 19701980 жылдардағы «қырғи-қабақ соғыс» саясаты мен
жанталаса қарулану жарысы КСРО әскериөнеркәсіптік кешенінің қарқынды өсуіне әкелді.
Әскери кешен кәсіпорындарының едәуір бөлігі
Қазақстанда орналасты. 1980 жылдары полигондар,
түрлі әскери нысандар меншігіне республиканың 18
млн. га жері (республиканың жалпы жер аумағының
шамамен 7%) берілді. 1985 жылға қарай республика
аумағында КСРО ҰҚК-нің 43 ірі кәсіпорны болды.
Қазақстанда уран өндіруден бастап оқ-дәрілерді
сынауға дейінгі ядролық қаруды жасаудың барлық
дерлік циклдерін қамтитын қуатты ядролық ғылымиөндірістік кешен жұмыс істеді. Қазақстанда 1949
жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 8372 шаршы
шақырым аумақты алып жатқан Семей ядролық
полигоны ең күрделі экологиялық мәселеге айналды.

45.

40 жыл ішінде полигонда 124 жер үсті және 354
жерасты сынағы жүргізіліп, барлығы 478 (КСРО-да
өндірілген 715-тен) ядролық жарылыс өткізілді. Семей
ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы жүргізілген
ядролық қаруды сынау адамдардың денсаулығы мен
қоршаған табиғи ортаға орны толмас залал келтірді,
халықтың жалпы сырқаттануы мен өлімінің өсуіне себеп
болды.
Семей полигоны Павлодар, Шығыс Қазақстан және
Қарағанды
облыстарының
аумағында
(Семейде
полигонның жалпы ауданының 54%-ы, Павлодарда 39%ы, Қарағандыда 7%-ы) орналасты. Семей және полигонға
іргелес аудандардың барлық аумағы экологиялық апат
аймағы болып танылды. Полигон аудандарында радиация
көздері топырақта, суда, өсімдіктерде, адамдар мен
жануарлардың ағзаларында байқалды. Мысалы, Семей
облысы Қоңырат ауданының, Қарағанды облысының
Егіндібұлақ және Қарқаралы аудандарының сүт
өнімдеріндегі радиоактивті заттардың орташа мөлшері
нормадан 4,7-30,7 есе асып түсті.

46.

1963 жылдан бастап
Семей облысында
лейкозбен
байланысты өлімжітім деңгейі 3 есеге,
ақыл-есі кем және
физикалық
ауытқушылықтары
бар балалардың туу
жиілігі үш есеге
жуық өсті.
Полигон қызметінің салдары Қазақстан халқы,
республика экологиясы мен экономика үшін апатты болып
қала беретіндігі қазіргі уақытта анықталып отыр. 1989
жылы Қазақстанда ядролық қаруды сынауға мораторий
енгізіліп, екі жылдан кейін Семей полигонын жабу туралы
Жарлыққа қол қойылды.
Семей полигонынан басқа әр жылдары Қазақстан
аумағының 27 нүктесінде 38 ядролық жарылыс жасалды.
Азғыр полигонында (Каспий маңы ойпаты, Атырау
облысы) 1966 жылдан 1979 жылға дейін 17 жерасты
ядролық жарылысы өткізілсе, республиканың басқа
аудандарында барлығы 21 жарылыс және 4 ядролық
зарядты зымыран ұшырылды. Оның ішінде Оралда-8,
Қарашағанда-6 (1983-1984 жж.), сондай-ақ Ақтөбе, Ақмола
және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынақтар өткізілді.

47.

1950 жылдардың ортасынан бастап республикада «Байқоңыр»
ғарыш айлағының құрылысы басталды. Алып кешен 6717 шаршы
шақырымнан астам аумақта орналасқан, ол Мәскеу сияқты 12
қаланың аумағына тең болды. Ғарыш айлағы қызметінің
нәтижесінде жердің едәуір бөлігі гептилмен (зымыран отынының
құрамдас бөлігі) ластанып, нәтижесінде 180 мың гектардан астам
жем-шөп алқаптары шаруашылық айналымнан шығарылды.
Арнайы зерттеулер жер асты суларыа гептильдің араласқандығын
және сол судан нәр алатын шөптердің ластанғандығын анықтады.
Қазақстанда 100-ге жуық ядролық қалдық (басқа деректер бойынша
300-ге жуық) қоймаларының орындары анықталды. Ядролық
қалдықтардың жалпы салмағы шамамен 419 миллион тоннаны
құрады. Ядролық инфрақұрылым кең аумақтардың радиоактивті
ластануына, жергілікті халықтың денсаулығындағы көптеген және
қауіпті
ауытқуларға
әкелді.
Әскери-өнеркәсіптік
кешен
Қазақстанның табиғатына, қазақстандықтардың денсаулығына
орны толмас залал келтіріп, оның салдарын адамдардың бірнеше
ұрпағы сезетін болады.

48.

Экологиялық
мәселелер
табиғи ресурстарға ұтымсыз
және жыртқыш көзқарастың,
аграрлық
және
өнеркәсіптік
министрліктер
мен
ведомстволардың
жауапсыз
шаруашылық
қызметінің
нәтижесінде де туындады. 19701980 жылдары мақта мен күріш
алқаптарын суару үшін өзендерді
жыртқыштықпен,
тиімсіз
пайдалану республиканың су
ресурстарының
сарқылуына
әкелді.
КСРО су және мелиорация министрлігінің
кінәсінен Арал теңізі өлі теңізге айналды. Теңіз
деңгейі 14 метрге, су алабы, 40%-ға, су көлемі
65%-ға азайды.
1950 жылдары бұл жерде балықтың 45 түрі
болып, жылына 500 мың тонна балық өндірілсе,
1980 жылдардың аяғында балықтың 20-дан астам
түрі толық жойылып кетті және теңіз балық
шаруашылығы ретіндегі маңызын жойды.
Теңізден ұшқан тұз кейін солтүстікте Белоруссия,
Латвияға, оңтүстікте Ташкент дейін жетті.
1990 жылдары Арал маңы халқында вирусты
гепатит – 7 есеге, онкологиялық аурулар – 15
есеге азайды.

49.

1970 жылдардың
басынан бастап
Қазақстан ауыл
шаруашылығында
қолданыла бастаған
жер өңдеудің
көшпелі әдісі
бойынша өз
құнарлылығын
жойған
шаруашылықтар
пайдаланудан
алынып, жаңа
жерлер пайдалануға
берілді.
Осылай егіске пайдаланудың әсерінен Сырдария, Жаңадария,
Қуаңдария түрінің маңындағы тоғайлар жойылды. Арал маңы
тақырға айналып, осы өңірдегі жануарлардың 173 түрінің 38-і ғана
қалады.
Өнеркәсіптік
дамудың
жағымсыз
көріністерінің
ішінде
республиканың ауа және су бассейнінің ластанғандығын атап өткен
жөн. 1970-1980 жылдары түсті металлургия кәсіпорындары
(Балқаш, Шымкент, Лениногорск, Өскемен қалаларында)
атмосфераға шаң–газ шығарындыларының көп мөлшерін (айына 14
мың тоннадан астам) шығарды. Технологиялардың жетілмегендігі,
экологиялық қауіпсіздікті елемеу, тазарту құрылыстарының,
сүзгілердің болмауы және т.б. республиканың бірқатар қалалары
мен облыстарының (мысалы, Шығыс Қазақстанда – Өскемен қ.)
КСРО бойынша ең ластанған қалалардың қатарына енуіне әкелді.
Осы кезеңде республикада экологиялық мәселелерді шешу үшін
елеулі шаралар қабылданбады.

50.

Экологиялық апат
халықтың денсаулығына
және
қазақстандықтардың
демографиялық
сипаттамаларына кері
әсер етіп, қауіп
төндіретіндей деңгейге
жетті.
3. 1980 жылдардың ортасына қарай КСРО терең
экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарысқа
тап болды. Қоғамның дағдарыстық жағдайы қоғам
мен мемлекет өмірінің әртүрлі салаларында көрінді.
Елге дамудың жаңа тұжырымдамалары қажет болды.
1985 жылы наурызда К. У. Черненко қайтыс
болғаннан кейін КОКП Орталық Комитетінің Бас
хатшысы болып Саяси Бюроның ең жас мүшесі М.С.
Горбачев сайланды, 1985 жылы сәуірде оның
басшылығымен КОКП Орталық Комитетінің кезекті
пленумы өтіп, сол пленум шешімдері негізінде
КСРО-да
ең
үлкен
саяси,
экономикалық,
идеологиялық және әлеуметтік өзгерістер кезеңі
басталады. Бұл кезең 7 жылға созылды және «қайта
құру»деген атпен тарихқа енді.

51.

1985 жылы сәуірде КОКП Орталық Комитетінің пленумында
экономикалық өсу қарқынының әлсіреуін тоқтату және осы бағытқа
негізгі күш-жігерді шоғырландыру есебінен әлеуметтік-экономикалық
дамуды жеделдету бағыты жарияланды. Жеделдетудің негізгі тетіктері
- ғылыми-техникалық жағынан алға ілгерілеу, машина жасауды
техникалық жағынан қайта жарақтандыру және адам ролін күшейту
болды. Аталған бағыт КОКП Орталық Комитетінің XXVII съезінде
(1986 ж. ақпан) үлкен қолдау тапты.
1985ж.
Алайда, қайта құру қайшылықты сипатқа ие болды. Аталған
тұстағы мамандарды өзгерту үлкен өзгерістер әкелмеді. Адамдардың
жеке өміріне қол сұғу жиі кездесіп отырды. КОКП Орталық
Комитетінің 1985 жылы шыққан «маскүнемдікті жеңу шаралары
туралы» қаулысы үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Аталған
қаулыны жүзеге асыру мақсатында партия комитеттерінің нұсқауы
бойынша бүкіл жүзімдіктер кесілді. Дүкендерде алкоголь үшін үлкен
кезектер пайда болды. Биліктің ойластырылмаған шаралары
нашақорлықтың өсуі, ұрлықтың артуы, «көлеңкелі» экономика, үйден
арақ қайнатып жасау, маскүнемдік сияқты құбылыстардың күшеюіне
әкелді.

52.

1986 жылғы желтоқсандағы Алматы және республиканың басқа
қалаларындағы оқиғалар және олардың нақты себептері. 1986 ж. ақпаннаурыз айларында Қазақстан Компартиясының XVI съезі өтті. Съезд
республиканы дүр сілкіндірген әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың
себептерін терең талдай алмады. КОКП басшылығы қайта құруды баянды ете
алмады, көптеген жолсыздықтар мен заңсыздықтарға жол берді. 1986 жылдың
желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде республикада қоғамдық-саяси
даму бағыттарын қозғаған реформалар болған жоқ. Бұл жағдай Қазақстандағы
басшылықты ескі тәсілмен – бір күнде ауыстыра салу әрекетіне итермеледі.
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V
пленумында республика басшылығын ауыстыру мәселесі қаралып, КОКП
Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаевтың
орнына Г.В.Колбин тағайындалды (1986-1989).
Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі
қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп
тіреді. Қоғамдық-әлеуметтік, мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер,
ұлт мәселесінің шиеленісуі жастарды ашық қимылға еріксіз алып келді.
Басшылықтың ауыстырылуы жаппай наразылықтың шығуына түрткі болды.

53.

1986 жылғы 17 желтоқсанда Алматыда Брежнев атындағы алаңда жаппай толқу
басталды. Жиналғандар орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне наразылық
білдірді. Лениндік ұлт саясатының дұрыс жүргізілуін, республиканың егемендігін
сыйлауды, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі
келтірмеуді, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді талап етті.
Ал Желтоқсан оқиғаларының түпкі себептері төмендегідей болатын:
1. Өндіргіш күштерді жоспарлау мен орналастырудағы әкімшіл-бюрократиялық жүйенің қайшылықтары
мен кемшіліктері;
- өндіруші салаларды басым дамыту, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы республикадан тыс жерлерге
әкелінді;
- ведомстволарға берілген миллиардтаған табыстан республикаға тек ашмалы ғаан бөлігі қалды.
2. Идеологиялық тоталитаризм және ғылым мен білім беруді қаржыландырудың төмен деңгейде болуы.
3. Мәдениеттің ұлттық тамырлармен байланысын жоғалту.
4. Қазақ тілінің қолдану барысында қысымшылыққа ұшырауы.
5. Республикадағы ұлт өкілдерінің өзін-өзі анықтау құқығына қысым жасау.

54.

1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының шеруі бастапқы кезеңде
заңдық негізде жүріп, еш ұлтшылдық сипат алмады. Демонстрация бейбіт
және саяси сипатта болды.
1986 жылы 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жастардың жаппай толқулары басталып,
кейін республиканың басқа қалаларына тарады. Орталық Комитет Пленумының шешіміне
Алматы қаласының жұмысшы және оқушы жастар тобы наразылық білдірді. Демонстранттар
қатарында «Лениннің идеялары ұзақ өмір сүрсін!», «Әр ұлтта өз көсемі!», «Бірде-бір
халыққа, бірде-бір тілге артықшылық берілмесін!», «Біз зорлық-зомбылық үшін емес,
халықтардың ерікті жақындасуы үшін!» деген ұрандар айтылды. Брежнев алаңындағы
Компартия ОК ғимаратының алдына Қонаевты алып тастау себептерін түсіндіруді талап
ететін 200-300 адам жиналды.
КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара училищесінің курсанттары ерекше
қатыгездік көрсетті. «Бұрқасын-86» атты құпия жедел жоспар жасалды. Ол жоспар бойынша
жастарға қылмыскер немесе ұлтшыл деп айдар тағып, арандатушылық бағытқа бұрып
жіберуге мүмкіндік алды. Бұл жоспар кейіннен әдейі құртылып жіберілгені белгілі болды.
Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, өрт сөндіруші
машиналар, бронды транспортерлер пайдаланылды. Ұсталған жастарды аязда бірнеше сағат
бойы қар үстіне жатқызды. Жастарды қаладан алысқа әкетіп, жұқа және су киімдерімен түнгі
аязда ұстады.

55.

Желтоқсан құрбаны
Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін, аса қатыгездікпен
және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды. Желтоқсан
оқиғаларын тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов
Швеция
мен
Англияның
университеттерінде
оқыған
дәрістерінде көрсетілген мәліметтер бойынша: 8,5 мыңға жуық
адам ұсталып, жаза тартты. 1720 адам жарақат алды. 99 адам
сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді. Ішкі істер
министрлігінен 1200 адам жұмыстан қуылды. Жоғары оқу
орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. 246 студент
оқудан шығарылды.
Желтоқсан құрбаны – Қайрат Рысқұлбеков, Алматы
архитектура құрылыс институтының студенті. Оған «жасақшы
С.Савицкийді өлтірді» деген айып тағылды. Құқық қорғау
жүйесінің 5 қызметкері «кісі өлтірушіні тез тапқаны үшін»
марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Қайраттың өлім
жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын
тудырды. Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның, АҚШтың қоғам қайраткерлері мен зиялыларынан қарсылық хаттары
келіп жатты. Қайрат абақтыда жұмбақ жағдайда қаза тапты.
Желтоқсан оқиғалары алғашқы күннен бастап халыққа
бұрмаланып түсіндірілді.

56.

Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОК Саяси
Бюросының мүшесі М.С.Соломенцевтің нұсқауы бойынша бұл
оқиғаларды «Маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық,
ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірілді.
Демонстранттарға қарсы сапер иық пышақтары,
үйретілген
иттер,
өрт
сөндіру
машиналары
мен
бронетранспортерлер қолданылды. Ұсталған жігіттер мен
қыздар бірнеше сағат бойы қарда жатуға мәжбүр болды. 20
жедел жәрдем бригадасы қаланың емдеу мекемелеріне 540
зардап шеккен адамды жеткізді, 209 адам ауруханаға
жатқызылды, 1722 адам дене жарақатын алды. Жоғарғы кеңес
төралқасы комиссиясының бағалауы бойынша ұсталғандардың
жалпы саны шамамен 8500 адамды құрады.
Республикада желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың
айналасында ауыр психологиялық жағдай жасалды. 1986
жылғы желтоқсандағы жастар көтерілісі ұлтшылдықтың
көрінісі болған жоқ, өйткені ол басқа халықтарға, соның
ішінде орыстарға қарсы бағытталмады. Бұл жүргізіліп жатқан
әлеуметтік-экономикалық саясатқа наразылық білдіру болды.
Алматыдағы желтоқсандағы оқиғалар, шын мәнінде, екі
қарсылас күштің - әлсіз демократияның және сол кездегі
командалық-әкімшілік жүйенің алғашқы қақтығысы болды.

57.

1987 ж.
1987 жылы шілдеде КОКП ОК «Қазақстандық
республикалық партия ұйымының еңбекшілерді
интернационалдық және патриоттық тәрбиелеу
жөніндегі жұмысы туралы» қаулы қабылдады,
онда 1986 жылғы желтоқсандағы Алматы
қаласындағы оқиғалар «қазақ ұлтшылдығының
көрінісі» деп бағаланды. Бұқаралық үгіт-насихат
құралдарында партия комитеттерінің нұсқауы
бойынша «ұлтшылдарды» іздеу бойынша бүкіл
науқан жүргізілді. Алайда, қоғамның табанды
талаптарынан кейін КОКП ОК қаулысында
айтылған қазақ ұлтшылдығы туралы айыптаулар
қате деп танылды.
КСРО Халық депутаттарының I-ші съезінде
(1989 ж. мамыр-маусым) халық депутаты, белгілі
ақын М.Шаханов алдымен желтоқсан оқиғаларын
әділ бағалауды және оқиғаларға қатысып әділетсіз
сотталғандарды ақтауды талап етті.

58.

Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі Төралқасының 1990
жылғы 24 қыркүйектегі
қаулысында бейбіт және
аздаған
наразылық
демонстрациясының
жаппай
тәртіпсіздіктерге
ұласуы
республика
басшыларының
саяси
дәрменсіздігінен, олардың
өткір жағдайдан бейбіт жол
таба
алмауынан
және
тапқысы
келмеуінен,
олардың ақыл мен ізгі
ниетке
емес,
күшке
сүйенуінен
туындағанын
аталып
өтті.
1986
жылғы
Алматыдағы
оқиғалар
республикалық және одақтық басшылықтың төмен
саяси мәдениетін көрсетті. Ұлттық белгілері
бойынша топтастыру, «қазақ ұлтшылдығы»
терминін енгізу бүкіл халықтың қуғын-сүргінге
түсуіне
жол
ашты.
Желтоқсан
оқиғасы
экономикалық
реформаларға,
әлеуметтік
өзгерістерге түрткі болды және қазақ халқының
тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты.
1991 жылы 17 желтоқсан күні Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың
Жарлығымен
Демократиялық
жаңару күні болып жарияланды.

59.

КСРО-да қоғамдық саны
қайта құру бағыты
КСРО-да қоғамдық сананы қайта құру бағыты саяси
қуғын-сүргінге ұшырағандардың құрбандарына қатысты жаңа
заңдардың қабылдануына және іске асырылуына әкелді. 1987
жылдың 28 қыркүйегінде КОКП ОК Саяси Бюросының «3040-шы жылдар мен 50-ші жылдардың басында орын алған
қуғын-сүргінге
байланысты
материалдарды
қосымша
зерделеу жөніндегі КОКП ОК Саяси Бюросының
комиссиясын құру туралы» қаулысы қабылданды. Соған
байланысты ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында Алаш
қозғалысы қайраткерлерін ресми түрле ақтау шаралалаы
жүргізілді. Сол шара аясында 1988 жылы «халық жаулары»
ретінде
атылған
қазақтың
қайраткер
тұлғалары
А.Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Ғаббасов, М.
Жұмабаев, 1989 жылы 16 мамырда Алаш көшбасшысы,
Қазақстан зиялыларының жарқын өкілі Әлихан Бөкейханов
ақталды.
Қазақстанда
жаппай
саяси
қуғын-сүргін
құрбандарын ресми ақтаудың жаңа кезеңі Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігін алумен және 1993 жылғы 14
сәуірде № 2143-XII «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын
ақтау туралы» Заңның қабылдануымен басталды.

60.

«Қайта құру» мен «жариялылықтың»
ел экономикасына әсері.
зардаптарды жоб шаралары жүргізілді. 1989 жылы ел
билігіне Н.Ә.Назарбаев келді. 1989 жылы 22
қыркүйекте қабылданған Қазақ КСР-нің «Тіл
туралы» Заңы 1990 жылдың 1 шілдесінде күшіне
енді. Аталған заңнамалық актінің 1-бабы бойынша
қазақ тілі Қазақстанның мемлекеттік тілі мәртебесіне
ие болса, 2-бап бойынша Қазақ КСР-де орыс тілі
ұлтаралық қатынас тілі болып бекітілді. 1990 жылы
25 наурызда өткізілген Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
XII-ші
сайлауында Қазақстанның
басқарушы
Коммунистік партиясы 360 орынның 342-сін алды,
қалған 18 орын партиялық емес кандидаттарға
берілді. 1990 жылдың 25 қазанында XII шақырылған
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен «Қазақ
Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік
Егемендігі туралы Декларация» қабылданды. Ол
Қазақстанның
шынайы
тәуелсіздікке
қадам
басуының құқықтық негізін қалады. 1990-1991
жылдар
аралығында
Қазақстан
КСРО
республикалары арасында экономикалық тұрғыдағы
заңдарды қабылдауда көш бастады. Парламент
«Меншік туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық

61.

1991-1993ж.
1993-1995ж.
Бұл заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қатынастарды
дамытудың негізін қалады. 1990 жылы «Экономиканы
тұрақтандыру
және
нарықтық
қатынастарға
көшу
бағдарламасы» қабылданды, ол нарыққа көшудің басты шарты
ретінде мемлекеттік меншікті жекешелендіруді көздеді.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру екі кезеңде жүргізілуі
керек болды. Оның біріншісі: 1991-1993 жж. – купондық тетік
және әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар арқылы
мемлекеттік тұрғын үйді жеке меншікке беруді көздейтін
«шағын жекешелендіру». Екінші кезең: 1993-1995 жж. –
«үлкен жекешелендіру», яғни қалған мемлекеттік мүлікті
азаматтардың жеке меншігіне беру. Әлеуметтік және рухани
салаларда адамның негізгі құқықтарын қамтамасыз етуге
бағытталған «Азаматтық туралы», «қоғамдық бірлестіктер
туралы», «бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Діни сенім
бостандығы туралы» заңдар қабылданды.

62.

КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы. 1991 жылы наурызда М. С.
Горбачевтің бастамасымен КСРО құрамында қалу немесе одақтан шығу мәселесі
бойынша жалпыодақтық референдум өткізілді. Осы оқиғалардың нәтижесінде
1990жылдың аяқ жағы мен 1991 жылдар аралығында «егемендік шеруі» деген атау
алған одақ құрамындағы республикалардың Тәуелсіздік туралы декларацияларын
қабылдау кезеңі жүрді. Сондай-ақ, республикалар жергілікті экономиканы бақылау
бойынша шаралар қабылдап, одақтық және Ресейдің федералды бюджеттеріне
салық төлеуден бас тартты. Осындай келіспеушіліктердің салдарынан Одақтың
бұрынғы республикаларының арасындағы экономикалық байланыстар үзіліп,
КСРО-дағы экономикалық жағдай одан әрі нашарлады.
КСРО-ның ыдырауы және
ТМД-ның құрылуы.
1991 жылдың көктемі мен жазында КСРО президенті М.С. Горбачев НовоОгаревоның Мәскеу маңындағы резиденциясында Одақтағы республика
басшыларының кеңесін өткізді. Ұзақ және қиын келіссөздер нәтижесінде одақтың
тоғыз республикасы мен Ресей Федерациясы арасында «9+1» деп аталатын келісім
шарт дайындалып, оған қол қою 20 тамызға жоспарланғанымен, 19 тамызда елде
төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылуына байланысты аталған
шартқа қол қою рәсімі өткізілмей қалды.

63.

1991 жылы 8 желтоқсанда Беловеж орманында, Брест
маңында Беларусь, Ресей, Украина басшылары Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол
қойды. Онда «1922 жылғы одақ шартына қол қойған КСРО
құрылтайшылары Кеңестер Одағы халықаралық құқықтың
субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатты» деп мәлімдеді. Бұл
келісім арқылы 1922 жылы КСРО-ны құру туралы келісімнің
күші жойылды.
Қорытынды
1991 жылдың 13 желтоқсанында Ашхабад қаласында өткен
кездесуде Орта Азия мен Қазақстан Республикасы басшылары
Беловеж келісімін талдап, жаңа достастықты қалыптастыруға
толыққанды дайын екендіктерін білдірді.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы кездесуінде тоғыз
мемлекет КСРО-ның өмір сүруін тоқтатқандығын мәлімдеп,
ТМД-ның құрылуы туралы Декларацияны қабылданды.
1991 жылы 26 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің
Республикалар Кеңесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
(ТМД) құрылуына байланысты КСРО-ның өмір сүруін тоқтату
туралы Декларация қабылдады.

64.

1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес
томдық. ІҮ-V томдар. Алматы., «Атамұра»., 2010. 1989ж.
дейін.
2. Бегалиева А.К. Қазақстан тарихы: оқу құралы. Алматы.,
2017ж.
3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. –
Алматы, 2007.
Әдебиеттер
4. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы: Оқулық. – Астана:
Фолиант, 2013. – 360 бет.
5. Қазақстан тарихы қазіргі заманнан бүгінге дейін. (очерк).
А., 1994. 264-б.
6. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.
Көмекші оқу құралы. Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
English     Русский Rules