Similar presentations:
Мезеолит дәуірі
1. Мезеолит дәуірі
2.
МазмұныO Мезеолит дәуірі туралы анықтама
O Табиғаты
O Құрал – саймандары
O Негізгі ерекшеліктер
O Баспаналары
O Тұрақтары
O Рулық қауым
3.
МезолитМезолит (орта тас ғасыры)(б.з.б. 12-5 мың жылдықтар)
(грекше «мезос» - орта
деген
сөзден
шыққан)
ежелгі тас ғасыры палеолит
пен жаңа тас ғасыры неолит
арасын
жалғастыратын
көпір сияқты. Бұл дәуір
тарих ғылымында өте аз
зерттелгендіктен,
осы
дәуірдің
ескерткіштері
Қазақстан
жерінен
аз
табылған.
4.
Табиғаты.Орта тас ғасырында ауа райы
күрт жылынып,, мұздықтар
еріді. Шөбі, өсімдігі мол
далалар сирегендіктен, бірқатар
ірі жануарлар (қалың жүнді
мүйізтұмсықтар
мен
мамонттардың қырылуына әкеп
соқты. Аңшылардың аулайтыны
көбінесе бизон мен жылқы,
жабайы ешкі мен киік, қой,
үйрек болды.
5.
Құрал - саймандарМезолит дәуірінің ең маңызды
өнертабысы- садақ пен жебе.
Садақ
пен
жебенің
ойлап
табылуы
өндіргіш
күштер
дамуында
шын
мәнінде
революция еді. Сайып келгенде
бұл ежелгі адамның шаруашылық
өміріндегі түбірлі өзгерістерге
жеткізді.
Садақ пен жебеден басқа осы
кезде микролиттер - ұсак тас
жаңқасынан жасалған құралдар.
Олар, ұшбұрыш, ромб, трапеция,
сегмент тәрізді ұсақ қалақтар
пайда
болды.
Тас
балталар,шоттар,дән
үккіштер,келісаптар
қосылып
жасалды.
6.
Дәуірдің ерекшеліктеріДәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету (ит,жылқы,қой,ешкі),
дәнді дақылдар өсіру. Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке
алып келді. Адамдар жерге жабайы өсімдіктер еге бастады. Аң аулаудан
мал өсіру қалыптасты.
Мезеолит дәуірінде ұрмалы аспаптар,сызбалы жазулар пайда болған.
Алғашқы қайық түрлері мен ескектер бөрене ағаштары арқылы
жасалынды.Адамдар иілген қармақтарды, ауды, гарпундарды пайдаланып,
балық аулаумен айналысты.
7.
БаспаналарыМезеолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып,
өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар
Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.
Мезеолиттік баспаналар тұрақты болмады. Баспаналар жеңіл қос
секілді, ағаштан айқастырыла құрылып, үстінен аң терісі
жабылатын. Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген,
көлемі 40-60 шаршы метр болатын осындай баспана табылды.
8.
ТұрақтарыАрхеологтардың
қазба
жұмыстары
кезінде
мезолиттік
ескерткіштер аз табылды. Қазақстан аумағында 20-дан астам
мезолиттік тұрақ белгілі. Бұл дәуірде аңшылар бір жерде ұзақ
мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты болмады.
Тұрақтары Қызылжар қаласына жақын Есіл
Мичурин, Боголюбов 2, Явленко 2 тұрақтар табылды.
бойынан
Атбасар маңында Тельман 7, 8а, 9а, 14, Оңтүстікте Қарағанды
маңында Виноградовка 2а, 12, тұрақтары табылды.
Торғай ойпаңы ауданында Дузбай 6, Қостанай қаласы
маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан.
9.
Рулық қауымМезолит заманында рулық қауым күшейді. Қауым үш топқа
бөлінді: қариялар, ересектер, балалар.
Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау ғұрыптары
(инициация) арқылы жүзеге асырылды. Ұлдар аң аулаудан,
садақ атудан, ал қыздар үй шаруасынан, тамақ дайындаудан
сынақ тапсырды.