Similar presentations:
Табиғи ресурстар
1. Табиғи ресурстар
Орындаған: Сатанова Д.Р.Тексерген: Сейдуалин Д.А.
2.
Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажынқамтамасыз ету және көздеген мақсатына
жету үшін пайдаланатын қоршаған
ортадағы заттардың, құбылыстардың,
табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа,
күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс
материалдары, пайдалы қазбалар және т.б.
жатады.
3.
Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардыңтүрі. Бұл белгіге сәйкес олар табиғи
құбылыстар (күн энергиясы, жел,
мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен
судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар
әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және
пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі
рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар
пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір,
бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін
(мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы
мүмкін.
Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың
қоры. Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын
және сарқылмайтын деп бөледі.
4.
5.
6. Ал егер толығырақ тоқталатын болсақ
Сарқылатын:Сарқылатын табиғи
байлықтар - табиғатты
пайдалану барысында саны мен
сапасы өзгеретін табиғи
физикалық құбылыстар және
денелер.
Үшінші классификациялық белгі
- сарқылатын табиғи
байлықтардың орнына кайта
келуі. Бұл белгісі бойынша
сарқылатын байлықтардың
мынадай түрлері бар:
- қалпына келетін -өсімдіктер,
жануарлар және
микроорганизмдер әлемі;
- қалпына келмейтін миллиондаған жылдар бойы
жер қойнауында түзілген
пайдалы қазбалар (қара, түсті,
асыл және сирек кездесетін,
радиоактивті металдар
рудалары, мұнай, газ және т.б.);
Сарқылмайтын:
табиғатты ұзақ пайдалану кезінде
саны мен сапасы өзгермейтін
немесе аздап қана өзгеретін табиғи
физикалық құбылыстар және
денелер. Мұндай ресурстарға Күн
энергиясы, жел энергиясы,
қозғалыстағы су энергиясы, жер
қойнауы энергиясы жатады.
Қоршаған ортаның ауасы мен суы
саны бойынша өзгермеуі мүмкін,
бірақ адамның тіршілігі барысында
сапасы төмендеуі әбден мүмкін. Бұл
табиғи байлықтар қазіргі таңдағы
техника мен технологияның
көмегімен (су, шаң, газ тазалау,
сондай-ақ санитарлық-гигиеналық
шаралар) сарқылмайтын бола
алады.
7.
тіршілігінқамтамас
ыз ету
мәдени
Адамның
табиғатты
пайдалануы
төрт түрлі:
денсаулы
қ үшін
шаруашыл
ықэкономшал
ық
8.
Ең бастысы тіршілігін қамтамасыз ету болыптабылады. Яғни, тыныс алу үшін ауаны пайдалану,
шөлін басу үшін су ішу, тамақтану үшін өсімдіктер
мен жануарлар әлемін пайдалану.
Шаруашылық-экономикалық түрі де адам үшін тек
пайдалану болып табылады. Экономика
субьектілері (фабрикалар, заводтар,
ауылшаруашылық өндіріс орындары) табиғи
ресурстарды пайдалана отырып адам үшін
күнделікті қажетті тауарларды өндіреді.
Ауруларды емдеу және профилактика шаралары
үшін де табиғи ресурстарды (тау ауасы, емдік
балшықтар, минералды су көздері) пайдалана
отырып адам денсаулығын түзейді.
Адамның мәдени және танымдық қажеттіліктерін
өтеу үшін табиғат сұлулығы мәдени тұрғыдан да
пайдаланылады. Сондықтан да табиғат сұлулығын
көру үшін Жер шарының көптеген жерлеріне
туристер ағылып келіп жатады.
9. Табиғатты тиімді пайдаланудың мынадай ерекшеліктері бар:
- табиғи байлықтарды пайдалану олардыорнына келтірумен қатар жүруі керек
(орнына қайта келетін табиғи байлықтар
үшін);
- табиғи байлықтарды кешенді пайдалану;
- табиғи байлықтарды қайта пайдалану;
- табиғатты қорғау шараларын жүргізу;
- қоршаған табиғи ортаға антропогендік
қысымды азайту үшін жаңа
технологияларды ендіру.
10.
Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалануқарқыны алдағы уақытта төмендемейтін
болса, олардың қоры азаятыны сөзсіз.
Ғалымдардың болжамы бойынша, мысалы,
алюминий рудасының қоры 500-600 жылға,
темірдікі - 150, мырыштыкі - 200-230,
қорғасындыкі - 20-30 жылға жетеді екен.
Осындай дағдарыстан шығу үшін ресурстар
қорын үнемді пайдалану, сақтау және жаңа
қорларын барлау, қайтара пайдаланатын
шикізатты қолдану, металл сынықтарын
қайта өңдеу, құнды және сирек кездесетін
металдарды, істен шыққан аспаптарды қайта
жөндеу және тағы да басқа шараларды іске
асыру қажет.
11.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардыңерекшелігі, геологиялық даму тарихының
күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда
сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына
жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта
кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері
табылған, бұған қоса климаттық және минералдық,
отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де
республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын
алады.
12. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Отынэнергетикалық қорлар
Минералдық
қорлар
Климаттық
қорлар
Су қорлары
Топырақөсімдік
қорлары
Жануарлар
дүниесінің
қорлары
13.
14.
Қазақстандағы табиғи ресурстарды тиімдіпайдалану республиканың даму болашағы
үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге
қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді.
Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты
қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады.
Табиғи қорларды игерудегі жіберілген
қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын
таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем
болуына байланысты болды. Осының
салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік
бұзылды.