103.57K
Categories: biologybiology ecologyecology

Қазақстан флорасының (сонын ішінде дәрілік шөптер) және фаунасының жағдайына қоршаған ортаныц әсері

1.

Қазақстан – Ресей Медициналық Университеті
Профилактикалық медицина курсы
“Экология”пәні
Лектор. Рыскулова А.Р.

2.

Қазақстан
флорасының (сонын ішінде дәрілік
шөптер) және фаунасының жағдайына
қоршаған ортаныц әсері
Қазақстан
флорасы мен фаунасының түрлік
әртүрлілігі
Қоғамның әлеуметтік гүлденуіне ықпал ететін
ғылыми-техникалық
прогресс,
өндіргіш
күштердің бұрын-соңды болмаған ауқымда дамуы
адамның табиғатқа араласуын күшейте түседі.
Соңғы онжылдықтарда өндіріс пен ауыл
шаруашылығының
қарқынды
дамуына,
қалалардың жедел бой көтеруіне байланысты
табиғи кешендердің өзгеруі өсімдіктер мен
жануарлар әлемінің азаюына, олардың өспей
кеміп кетуіне әкеліп соқтыруда.

3.

Жаңа елді мекендер мен ірі қалалардың, мұнай және газ
өткізу жолдарының, электр тасымалдау жолдарының,
автомагистральдар мен теміржолдардың тез қарқынмен
салынып, бой көтеруі, өзендер ағысын артық реттеу, тың
және тыңайған жерлерді игеру табиғи шөп өсетін өңірдің
азая түсуіне жол ашты. Осының барлығы ең соңында
биологиялық түрлердің жоғалуына әкеледі. Сондықтан, дәл
қазір табиғатты қорғау қажеттілігі ерекше шиеленісе түседі.
Қазақстан флорасы әртүрлі таксондардың (түрлер,
туыстастық және т.б.) құрамы мен саны бойынша, сондай-ақ
географиялық жағынан да, атап айтқанда, табиғи-климаттық
аймақтар мен жоғары белдіктер бойынша да айтарлықтай
өзгерістерге ұшырай бастады. Далалар мен шөлді
аймақтардың жазық бөлігінде флораның орта тіршілігі мен
өзіне тәнділігі батыстан шығысқа қарай, ал таулы
жүйелерде солтүстік шығыстан (Алтай) оңтүстік батысқа
(Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай көбейеді.

4.

Антропогендік факторлардың жануарларға
әсері
Антропогендік әсердің салдарынан көптеген жануар
түрлерінің саны азайды және олардың тіршілік ету
ортасы қысқара бастады. Қазақстан Республикасының
Үкіметі 1978 жылы бекіткен Қазақстанның қызыл
кітабы осы құбылысты өте көрнекі көрсетеді. 1998
жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша оған
омыртқалы жануарлардың 125 түрі (15%) және
омыртқасыздардың 96 түрі (олардың 85 түрі
буынаяқтылар) осы кітапқа енгізілген. Сирек
кездесетін (реликті) жануар ақбөкен XX ғасырдың
басында жоғалып кетуте жақындағанда ғалымдардың
қазіргі түрде күш сатуы арқылы аман қалған еді.
Қазіргі уақытта, оның саны өсіп-өну арқылы қалыпты
өндірістік деңгейге жету үшін 2005 жылға дейін
ақбөкен аулауға мемлекет тарапынан тиым салынған.

5.

Тұрғындар санының өсуі өзендер мен өзен алаптарын антропогендік
түрлендіріп, су жүйелерінің қирауына соқтырады. Сулы ортаның химиялық
заттармен ластануы су флорасы мен фаунасының маңызды топтары
өкілдерінің қырылуына және тіршілігі бұзылуына әкеліп соғуда.
Су нысандарының (көлдер, өзендер, су қоймалары) экологиялық жүйесі
деградациялануы осылар есебінен болады:
химиялық және биологиялық (балық түрлері басқа жақтан әкелінген)
ластану;
органикалық қалдыктармен ластанудан болған су қоймаларының
эвтрофикациясы;
суаруға өзеннен су алу және өзеннің суы ағысын реттеу;
биоресурстарды қолдануға бүкіл ел бойынша бақылау нашарлағанда;
бирациональдық өндіру (шаруашылыққа құнсыздарын аз ұстап, құнды
түрлерін артык ұстау) салдарынан биоценоздарды сапалық қайта құру.
Бұл жағдай су флорасы мен фаунасы үшін қауіп төндірді, балықтар
бірлестігі құрамының бұзылуына, судың физика-химиялық қасиеттерінің
су организмдерінің тіршілік ету жағдайларын, балықтар қоныс аударды
мен уылдырық шашуын нашарлатты, су қоймаларының биоөнімдік
мүмкіндіктерін төмендетті.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына балықтардың 14 түрі енді.

6.

Әртүрлі
техногендік әрекеттердің сипаты мен
салдары
Биологиялық әртүрлілікке техногендік әсер етудің
сипаты мына дәреже бойынша анықталады: күшті,
орташа, әлсіз; зоналық әрекеті бойынша (ареалы);
жиынтық кешені бойынша бағаланады.
Биоәртүрлілік
үшін
ластанган
өзендердің,
өнеркәсіптік агрегациялардың және көршілес
орналасқан
ракета-ядролық
сынақ
полигондарының трансшекаралық әрекеттері
қауіпті. Басқа сыртқы елдерден технологиялардың
әкелуі және экологиялық ауқымы мен карантиндік
қауіптілігі
бағаланбай
биотаны
интродукциялаудың тәуекел қауіпі бар.

7.

Республикада биоәртүрлілік үшін ішкі қауіп төндіретіндер
мыналар:
Арал теңізі бассейнінің, Семей ядролық полигонының және
басқа жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының
күйреутушілік (кризис) жағдайлары;
Мұнай өнеркәсіптері, өнеркәсіп кешендері (Павлодар-Екібастұз, Қарағанды-Теміртау және т.б.) ракеталық сынақ
полигондарының Байқоңыр-Бекпақдала ауданы;
Көптеген
жас
экожүйелердің
ландшафтық
қалыптаспаушылық, өзін-өзі өндірудің жоғалуы, экожүйелер
өнімділігі мен түрлік популяциялар санының төмендеуі;
Урбанизацияда, құрылыста, өзендер суалуында, жерлер
жыртылуда да түрлер мен экожүйелердің құртылуы (немесе
қысқаруы мен әлсіреуі);
Табиғатты зиянды түрде байланыспай пайдалану және
биологиялық ресурстарды игерудің нормативтері болмауы;
Стихиялық апаттар, соның ішінде құрғақшылық, аяздар мен
кенет суық түсулер, өрттер, селдер, тау көшкіндері.

8.

Анторопогендік әрекет салдарынан зооценоздар құрылымы
өзгереді: жануарлардың түрлік құрамының өзгеруі мен жалпы
санының азаюымен қатар эврибиоттық өзгергіш түрлер (олардың
ішінде көбісі ауыл шаруашылығының зиянкестері) көбірек бола
бастады. Ірі өнеркәсіптік қалаларда, әскери полигондардың
аумақтарында және пайдалы қазбалар өндіру, көптеген шағын
көлдер пайда болады, бұрғыланған аудандарында фауналар елеулі
өзгерістерге ұшырады. Даланың шөлге айналу құбылысына қарсы
жасаған адам қызметтерінің кейбір түрлері фауна жағдайына
қолайсыз әсер жасады. Мысалы, артезиандық құдықтармен
суландыру шөлдің түрін өзгертеді жерден өзінен-өзі сулар ағады.
Осындай суаттарға жануарлар жиналады, бұл браконьерлікті
оңайлатады және күшейтеді. Жолдар салу, құбырлар, электр
тасымалдау жолдарын жүргізумен байланысты құрылыс
жұмыстары фаунаға үлкен әсер жасайды. Олар табиғи
ландшафтарға бөтен элементтер енуіне жағдай жасайды, олардың
аборигендік фаунаға қолайсыз әрекеттері болуы мүмкін.

9.

Қазақстанда антропогендік қызметтің қарқындылығы
нәтижесінде жануарлардың мекендеу орындары азаюда.
Сонымен бірге қалыптасудағы антропогендік ландшафтар
аумақтарында бастапқы табиғи экожүйелер бұзылады, ол
түрлердің көбінің құрып кетуімен катар жүреді.
Тіршілік ету орнының негізгі өзгеруі территорияларды
ауылшаруашылық және өнеркәсіптік игеруде, елді
мекендер мен әскери полигондар салғанда, автомобиль
жолдарын, ирригациялық және басқа құрылыстар салғанда
болады. Қалалық өнеркәсіп нысандары құрылыстарын
салу салдарынан 35 млн. га жер ауылшаруашылық егіс
айналымынан шығарылған. Жер жырту (31 млн. га), флора,
фауна
аймақтары
түрлері
ареалдарының
және
экожүйелердің қысқаруы 65 млн. га асты. Өнеркәсіптік
өңдеулерде және пайдалы қазбалар өндіруде экоцид
болады.

10.

Қазақстанның
өсімдік ресурстары
Биосфераның барлық өзара байланысқан — элементтерінің,
оның кәдімгі бірлігі - экожүйе мен биогеоценоздың негізі,
жердің нәзік өсімдік қабаты антропогендік әрекетке
шыдамайды. Аумағының басым бөлігін экстрааридтік
климаттық жағдайлардағы жазықтар алып жатқан Қазақстанда
өсімдіктер жамылғысының антропогендік өзгерістері өте анық
бөлінеді. Малдың үзбей жайылуының, дәрлік шөптердің
шикізаты өндіршуінің, таулы ормандарды жаппай кесу жою.
Бақылаусыз жер жырту нәтижелерінде өсімдіктер бірлестігінің
едәуір конвергенцияға ұшырағанын байқаймыз.
Эндемиялық түрлер — бұлар республика аумағында ғана
кездесетін немесе шектелген жерде ғана шығатын өсімдік
түрлері. Қазақстанда олардың саны 600 астам. Жоғалып кетуіне
нағыз қатер төнген түрлерге эндемдер мен қолайсыз жағдайда
қалған (жер жыртылуына, мал жайылымына айналған
өсімдіктер өсетін жер орындары) кең тараған түрлердің аралдық
популяциялары.

11.

Қазақстанның бай өсімдік дүниесі бірқатар құнды азықтық
шөптердің көзі болады, оларға дәнді дакылдар
тұқымдасынан шыққандар: селеу, бидайық сияқтылар
жатады. Азықтық жағынан кұрғақ шөл климатты және
топырақ тұздылығына төзетін әжірек, ақ қамық, бидайық,
еркек шөп, қарашағыл, бозшағыл сияқты өсімдіктер өте
құнды. Жабайы өсетін қосжарнақтылар ішінде азықтық
құны аса жоғары бірқатар өсімдіктер бар: сары, көк
жоңышқа, сиыр жоңышқа, чина, түйе бұршақ. Әртүрлі
шөптер тобында құнды азықтық шөптердің: жусанның,
изеннің, бұйырғыннын, кобрезиянын, айланшөп таранның
көптеген түрлері ең үлкен үлесін құрайды.
Негізгі азықтан басқа, көп өсімдіктер малдарға өзін-өзі
емдеу үшін аздаған мөлшердегі қоспалар түрінде керек. Мал
шаруашылығының өнімдерін жақсартатын түрлердің 50-ден
астамы белгілі.

12.

Қазақстанда қандай дәрілік шөптердің қанша өсетіндігін айту
қиын, өйткені жыл сайын олардың тізімі арта түсуде.
Олардың саны 500 ден кем емес, бірақ солардың 50 түрі ғана
шикізат есебінде қолданылады. Жүрек-тамыр ауруларын
емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың 80 % өсімдік тегінен
шыққан заттар.
Қазақстанда Шымкенттік ірі химия - фармацевтік зауыт бар.
Зауыт өсімдіктік щикізатпен ғана жұмыс істейді.
Қазақстанның оңтүстігінде өсетін цитварлық жусаннан
(ламиндер) сантонин алынады, зауыт одан басқа ондаған
дәрілік препараттар шығарады.
Қазақстанда бір қатар аса құнды дәрілік шөптер өседі, соның
ішінде эфедра (жыл сайын 1000 тоннаға дейін шикізат
дайындалады), Рихтер тұздығы және сферофиза, тяньшаньдық көктемгі жалынгүл, үлкен және биік андыз,
торжеміс тегеурінгүл, шәйқурай, сабынды түбір, итмұрын,
қалакай, ит ошаған, жалбыз, долана, алтын түбір, марал түбірі
және тағы басқалар.

13.

Медицинада және халық шаруашылығында жан жақты
қолданылуы және өнімділігі бойынша алаптарда өсетін жабайы
өсімдіктер ішінде бірінші орындардың бірін қызыл мия алады.
Қызыл мия Қазақстанның Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Қаратал
өзендерінің алаптарында өседі. Қызыл мия түбірінде көп
пайдалы заттар, соның ішінде глицирризин және глициррет
қышқылдары бар. Қызыл мия түбірі және одан алынған экстракт
металлургияда, темекі, химия, тамақ және кондитер
өндірістерінде қолданылады және экспорт өнімі болады. Қызыл
мия көптен экспорт затына айналған, оны елде және шетелге
шығару қажеттігі 70—75 мың тонна құрады. Қызыл мияның өсіп
тұрған табиғи қоры 130 мың тонна, бірақ бұл қор дұрыс
қолданбағандықтан тез азаюда.
Қазіргі уақытта ең жақсы зерттелген пайдалы өсімдіктертері
илеуге қажет өсімдіктер. Тері қатайтатын өімдіктер қоры
Қазақстанда терінің иін келтіретін экстрактар алу үшін ірі
шикізаттық база болады. Мысалы, тамырлық иіндіктердің (татар
рауғашы, бұқар тараны және Максимович рауғашы) ірі
шикізаттық қоры Арал мен Балқаш маңайларында бар.

14.

Қазіргі уақытта ТМД елдері өнеркәсібі 40 шақты атаулар
бойынша эфирлік май өндіреді. Осының үлкен бөлігін
парфюмер-косметологиялық өнеркәсіп қолданады.
Баршаға мәлім, эфир майлары тамыр ауруларын, қауіпті
ісіктерді, зәр жолдарының тас ауруларын емдеу үшін
қолданылады. Оның үстіне, олар тамақ өнеркәсібінің әртүрлі
салдарында кең қолданылады, сондықтан оған сұраныс көп.
Мысалы, кориавдр жемісі балық, ет, консерві, тамақ
концентраттық және нан пісіру өнеркөсіптерінде қолданылады.
Зире жемісі сірне өндіруде, эфир майлық шикізатта болатын
ұшатын заттар және эфир майлары ликерарақтық өнеркәсіпте
қолданылады. Аздаған мөлшерде кейбір эфир майлары бояусыз
және оптика өндірістерінде пайдаланылады.
Эфир майлары өздерінің физикалық қасиеттерімен өсімдіктерге
пайдалы: олар жылу шығаруды азайтады; олардың буы өсімдік
бөліктерін қоршап, олардың қызуы мен тоңазуын реттейді.
Эфир буларымен қаныкқан ауа қабаты өсімдікті қоршағанда, ол
ылғал шығаруды азайтады. Осылай, егер 50 см3 суға эфир
майының ] тамшысын тамызғанда, булану 6,6 % азаяды.
Гүлдердің эфир майы бунақтыларды тартады, олар гүлдердің
тозаңдануына себеп болады.

15.

Қазақстанның оңтүстігінде (Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстары)
әдетте арамшөп ретіндегі жабайы сәбіз, тыңайған жерлерде, тау
баурайындағы жазықтықтардан далалық белдеуге дейін кең тараған.
Сәбізде эфир майлар мөлшері әртүрлі экологиялық жағдайларға
тәуелді кең шектікте өзгереді. Мысалы, эфир майының қомақты
мөлшері сортаңды топырақта өскен жабайы сәбізде байқалған.
Жабайы сәбіз майы ертеден бері дәрі ретінде қуыратын және тұздық
экстрактар
дайындауда
қолданылады;
парфюмер,
тамақ
өнеркәсіптерінде қолданылады.
Жемістері ұнтақталған түрде халық медицинасында асқазан
ауруларында қолданылады, бүйрек-тас ауруын емдеуде қоспалар
құрамына кіреді.
Көптеген өсімдіктерден алынатын емдік дәру заттар мен препараттар
арасында флавоноидтар, кумориңдер үлкен мағынаға ие болуда, ол
олардың терапевтік әрекетінің өте кең спектрімен түсіндіріледі.
Флавоноидтер шөгу үшін Қазақстанда өсетін өсімдіктсрден ең зор
болашағы бары альпі термопсисі, сүттіген, Кароли ырғайында;
кумариннен шығатындардың (іш өткізетін, ыстық төмендететін,
гормональдық, ісікке қарсы әрекеттері бар) ең көп мөлшері кейбір
жусандарда, кара андызда, мыңжапырақта байқалған.

16.

Жүрек гликозидтерін өндіретін дәрілік өсімдіктер марганец,
молибден, хромды қалаулы сіңіретіні, алколоидтар
өндіретіндері

мысты,
марганецті,
кобальтты,
кумариндерді,
флавоноидтарды
және
антроценнен
шығарылатындарды өндіретіндер - мысты, витамин
өндіретіндер — марганецті, мысты және полисахоридтерді
өндіретіндер — марганецті, хромды, сапонин өндіретіндер молибден мен ванадийді таңдап сіңіреді.
Күнбағыстың полифенол оксидазасының белсенділігін
никельдің, хромның, бордың жоғары дозалары күшейтеді.
Күнбағыс ферменті белсенділігінің күшеюі қышқылданған
фенолдар жинақталуы қостайды. Фенолдар көптеген
физиологиялық
және
молекулярлық-биохимиялық
үрдістердің күшті бұзылуларына әкеледі, солардың ішінде
нуклеин
қышқылдарының,
ДНК
синтезделуі,
хромосомдардың құрылымдық бір тұтастығынан болады.

17.

Мыспен
байытылған
биогеохимиялық
провинция
жағдайларында және жемдерде мыстың жоғары мөлшері
болғанда қойларда бауыр циррозы кең тараған,
ксантооксидоза белсенділігі мен құрамы бұзылады.
Магний, никель, стронций және барий молшылығы
фонында
кобальт
пен
марганец
жеткіліксіз
биогеохимиялық провинцияларда өсімдіктердің химиялық
құрамында ауытқулар байқалады. Жануарларда фосфоркальцийлік алмасу бұзылады, белоктар синтезі, көмірсулар
мен А витамині азаяды, бауыр мен бүйрек зақымдалады.
Никель молшылығы тамырлар кеңейуіне, бұлшық ет
тонусының төмеңдеуіне асқазан-ішек жолдарының кілегей
қабығының және тері эпителиінің ұшырауына әсер етеді.
Батыс Қазақстанның бор (элемент) провинциясында, АралКаспий ойпатында өсімдіктердің физиологиялық және
морфологиялық өзгергіштіктері байқалады, қойлардың
эндемиялық ауруы борлық энтерит болады.

18.

Өсімдіктік ландшафтқа антропогендік әрекеттің өзіне
тәнділігі ол күкірт газымен ауыр метавдардың (мыс,
мырыш, қорғасын, кад-мий, темір, марганец, мышьяк)
ерітілген қосылыстар мен қатты аэрозольдар түрінде
аэральдық жолмен түсуі. Ағаш өсімдіктердің
жапырақтары
металдарды
қомақты
мөлшерде
жинақтайды. Шаңның бір бөлігі жапырақтарда нық
ұсталады және нөсерлі жаңбырлардан кейін де
қорғасын, мырыш, кадмий мөлшері жоғары болып
қалады. Мысалы, қайың жапырақтары еменнің
жапырақтарына қарағанда мырышты 10 есе, кадмийді
5 есе артық ұстайды. Металдардың қомақты жиналуы
ағашты
өсімдіктердің
тамырларында
болады.
Металдардың ағаш өсімдіктердің шырынына түсуі
тамырдағыдан төмен, бірақ фоннан жоғары.

19.

Жануарлар мен адамдар организмінде метоболитикалық
үрдістер деңгейін анықтайтын ферменттік реакцияларда
микроэлементтер мен витаминдер тығыз бірлестікте
болады. Мысалы, селен мен Е витаминнің жасушалық
метаболизмде біріккен қатынасы белгілі. Е және В6
витаминдері организмде йод алмасуына әсер етеді. С авитаминозда молибден алмасуы күрт төменлейді. А
витамині, қалқан безінің қызметі және йод алмасуы
араларының өзара әрекеттесуі анықталған. Мырыш
алмасуына А витаминінің қатысы барлығы білінген. А
витаминінің жеткіліксіздігі бауырда марганец, қанда
кобальт мөлшерін азайтады.
Организмде зат алмасу үрдісінің бөлігі минеральдық
алмасу болады. Минеральдық элементтер ферменттер
молекуласының

коэнзимі,
каргоангидразалар,
цитохромдар) гормондардың (инсулин, тиреоидин), В12
витаминінің құрамына кіреді.

20.

Минеральдық заттар ферменттердің активаторлары
мен
ингибиторлары
болады
және
жасушаның
біртұтастылығын
сақтауға
қажет.
Гиповитаминоздар мен әртүрлі аурулар минералдық
алмасу бұзылуының себебі болуы мүмкін. Мысалы, В6
витамині жетіспегенде натрий алмасуы бұзылады,
ревматизмдік
артритте
организмде
марганец
алмасуының жылдамдығы баяулайды және оның
эритроциттердегі концентрациясы көбейеді.
Су алмасу үрдістері кейбір тұздарға тәуелді. Мысалы,
натрий тұздары ұлпаларда су тоқталуына келтіреді.
Калий және кальций тұздары және осы тұздардың көп
мөлшерлері бар тағамдық өсімдіктер (картоп,
жемістер) организммен суды шығаруға ықпал
жасайды.
English     Русский Rules