191.00K
Category: geographygeography

Кеңістіктік фототриангуляция

1.

МАРКШЕЙДЕРЛІК ІС және ГЕОДЕЗИЯ
(кафедрасы)
ФОТОГРАММЕТРИЯ
(пәні)
ТАҚЫРЫБЫ:Кеңістіктік
фототриангуляция
№_12_ дәріс
Оқытушы
Жантуева Ш.А.

2.

Кеңістіктік фототриангуляцияның мәні және классификациясы
Кеңістіктік
фототриангуляция
суреттердің
көмегімен
топографиялық
карталар,пландар,фотопландар және жергілікті жер туралы басқа да құжаттарды құру үшін
пландағы орны мен биіктік өсімшелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Кеңістіктік фототриангуляцияның негізігі міндеті-далалық геодезиялық жұмыстарды
неғұрлым азайтып,оларды камералды жұмыстармен алмастыру.
Кеңістіктік фототриангуляцияның мақсаты бір немесе бірнеше маршруттарға тиесілі
суреттердің көмегімен жергілікті жердің моделін құру және оның геодезиялық
координаттар жүйесіне сай бағыт табуы.
Жергілікті жердің моделін құру үшін қолданылатын маршруттар санына қарай, кеңістіктік
фототриангуляцияны бір маршрутты, маршрутты немесе көп маршрутты деп бөледі.
Маршрутты фототриангуляция бір маршрутқа тиесілі суреттердің көмегімен
жасалады.Сонымен қатар,маршрутта модельдің геодезиялық координаттар жүйесіне
қатысты бағыт (ориентир) табуы үшін тірек нүктелелері болуы керек.
Көп маршрутты немесе блоктық фототриангуляция екі немесе одан да көп суреттердің
көмегімен жасалады.Бұл триангуляцияны құру үшін әрбір маршрутты тірек нүктесімен
қамтамасыз етудің керегі жоқ,бүкіл блок үшін бірнеше тірек нүктесі жетерлік.Сол себепті
блоктық триангуляция маршрутық триангуляцияға қарағанда далалық геодезиялық
жұмыстарды неғұрлым қысқартуға мүмкіндік береді.

3.

Аналитикалық фототриангуляция әрбір жұп суреттің өлшенген координаталық
нүктелеріне байланысты есептеледі.Қазіргі заманғы аналитикалық фототриангуляция
жоғары дәлдікті автоматтандырылған стереокомпараторлар мен электронды есептеуіш
машиналарды қолданудың негізінде жасалған.
связующая точка

4.

Аналитикалық фототриангуляция әсерін математикалық түрде көрсетуге болатын
барлық систематикалық қателіктерді есепке алуға мүмкіндік береді.Мұндай
қателіктердің қатарына фотокамера объективінің дисторсиясы,Жердің
қисықтығы,атмосфералық рефракция,суреттердің біркелкі және біркелкі емес
деформациясы және т.б.
English     Русский Rules