Similar presentations:
Фотопландар мен фотосхемалар
1.
МАРКШЕЙДЕРЛІК ІС және ГЕОДЕЗИЯ(кафедрасы)
ФОТОГРАММЕТРИЯ
(пәні)
ТАҚЫРЫБЫ: Фотопландар
мен фотосхемалар
№_9_ дәріс
Оқытушы
Жантуева Ш.А.
2. ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1. Фотопландар2. Фотосхемалар
ГЛОССАРИЙ
Фотоплан –белгілі бір аймақтың планға қойылатын талаптарға сай
фотографиялық бейнесі.
Фотосхема - пландық түсірістерден құралған жергілікті жердің
фотограметриялық түсірісі аталады
3.
ФотопландарФотоплан –белгілі бір аймақтың планға
қойылатын талаптарға сай фотографиялық
бейнесі. Фотоплан құрудың негізгі
процесстері:
1. негіз дайындау
2. трансформацияланған түсірістерді
дайындау
3. фотопланның монтажы
4 фотоплан тексерулері
5. фотоплан безендірілуі
Фотопланды әдетте мемлекеттік
картографиялық разграфканың трапеция
рамкаларында немесе белгілі бір обьектке
негіздеп(колхоз, совхоз т.б) құрады.
Негізді дайындау. Планшетке координатограф көмегімен координаталық сетка,
трапеция рамкасын, геодезиялық пункттерді және далалық дайындаудан мен
геодезиялық жүйенің фотограмметриялық қоймалжың түсірістерінен алынған тірек
нүктелерін енгізеді. Диагональдар мен жақтаулары рамкадан 0,2мм-ден аспауы
қажет.
4.
Трансформацияланған түсірістерді дайындау. Берілген трапеция үшінтрансформацияланған түсірістерді маршрут бойынша таңдайды.
Түсірістердің фотографиялық сапасы мен біртүстілігін тексереді. Әрбір
түсіріске тірек нүктелерін пуансонмен белгілейді. Ойықтың орталықтары
мен планшеттегі нүктелерді біріктіріп трансформацияланған түсірістердің
нақтылығын тексереді. Нүктелердің арақашықтығы 0,4мм-ден сапауы тиіс.
Одан жоғары болса трансформацияланған түсңрңс қайтадан дайындалады.
Фотопланның монтажын солтүстік маршруттан, яғни солдан оңға қарай
бастайды. Негіз ретінде алғашқы түсірісті алады.
Анықталған ойық орталықтарына сай нүктелер арқылы оны грузиктермен
бағыттайды. Осылайша негізге екінші түсірісті қояды да, екі түсірістің
жабындысының ортасында контурлардың үйлесімін тексереді. Ол үшін
жіңішке инемен үстіңгі түсірістің нақты контурларында астыңғы түсірісте
ізі қалатындай етіп түйреулер жасайды. Бұл іздердің астыңғы түсірістегі
сәйкес контурлардан айырмашылығы 0,6 мм-ден аспауы керек. Содан кейін
үшкір скальпелмен екі түсірісті де жабындының ортасынан қияды.
Кесіндінің сызығы маңызы шамалы контурлар бойымен өту керек,
мүмкіндігінше елді-мекендер мен кіші объектерге – көпірлер, бөлек
құрылыстар және т.б. тиіспей өту керек. Сонымен қатар, кесу сызығы
жолдар, өзендер және басқа да созылмалы объектерді үшкір бұрышпен қиып
өтпегені жөн.
5.
Әрбір түсірістің кесінділерін фотопланның бақылауына сақтап қояды. Біріншіжәне екінші түсірістерді қиғаннан кейін, сәйкес бөліктерін негізге жабыстырады.
Кейін негізге үшінші түсірісті қояды, нүктелер бойынша орналастырып,
жүкшелермен бекітеді. Екінші, үшінші суреттерді қиып, кесінділерін алып тастап,
үшінші суреттің сәйкес бөлігін негізге жабыстырады. Дәл солай бірінші
маршруттың басқа суреттерін келтіреді. Содан кейін негізге екінші маршруттың
бірінші және екінші суреттерін қойып, тірек нүктелері мен бірінші маршрут
түсірістері бойынша келтіреді. Суреттерді алдымен көлденең жабындының
ортасынан қияды, сосын тік жабындының ортасынан, кесінділерін алып тастап,
негізге жабыстырады. Осындай ретпен екінші маршруттың басқа суреттерін және
басқа маршруттардың суреттерін келтіреді. Келіруді бітіргеннен кейін түсірістерді
трапецияның жақтарына трапециядан 1 см сыртқа қарай шегініп, параллель түрде
қияды. Егер түсіріс зоналар бойынша өзгеріске ұшыраса, әртүрлі зоналарға
алынған таңбаларды негізде бір нүктелер бойынша орналастырады. Шамамен
әрбір таңбада тірек нүктелер орналасуына рельеф орнына дұрыстаулар енгізеді
8r = (h r ) / H,
мұндағы, h – берілген таңбаның өзгеріске ұшырау жазықтықтағы тірек нүктесінің
артығы; H – сол жазықтық бойынша фотоға түсіру биіктігі; r – таңбадағы басты
нүкте мен тірек нүктесіне дейінгі қашықтық. Басты нүктеге түзету һ артығы оң
болса енгізіледі, және керісінше. Жөнделген тірек нүктелерінің орналасуын
пуансонмен бекітеді. Өңделген таңбалар зоналар шекараларымен қиылып,
берілген таңба зонасына қатысты бөліктің негізіне жабыстырылады.
6.
Фотопланның нақтылығы тірек нүктелері, қиындылары мен келтірулері бойынша тексеріледі.Фотоплан тексерісінің нәтижесі бақылау (жөндеу) беттерінде (1-сурет) белгіленеді, оларға
алдын ала трапеция рамкасын, километрлік тор, тірек нүктелері мен кесінді сызықтары
салынады.
Фотопланның тірек нүктелері бойынша бақылауы негізінде тірек нүктелері бар таңбаларда
бекітілген тесіктер центрлерінің келіспеушіліктерін анықтауында болып келеді. Бұл
келіспеушіліктер жазық аудандарда 0,5 мм-ден және жоталы аудандарда 0,7 мм-ден аспауы
керек. Жөндеу бетінде тірек нүктелерінің қасында келіспеушіліктердің бағытын және
олардың миллиметрдің ондық бөлігіндегі биіктігін көрсетеді (1,а- сурет).
Фотопланның кесіктері бойынша бақылауын
өзгерген суреттердің кесінділері бойынша
орындайды. Кесінділерді фотопландағы сәйкес
кесіктерге қойып жүкшелермен бекітеді.
Кесіндіде кесікке мүмкіндігінше жақынырақ
инемен фотопланда іздері көрінетіндей нақты
контурлар қатарын инелейді. Инелеудің
фотопландағы
сәйкес
контурлармен
келіспеушілігі өлшенеді. Кесіктің сызығының
бойымен инелеуді шамамен 2 см сайын
жасайды. Контурлардың кесіктері бойынша
келіспеушіліктері 0,7 мм-ден аспауы керек, ал
өзгеру коэффициенті болғанда 1,5-тен артық
және таулы аймақтарда – 1,0 мм. Жөндеу
парағында
кесіктегі
инелеуді
және
контурлардың
келіспеушілік
биіктігін
миллиметрдің ондық бөлігінде белгілейді (1,бсурет).
7.
Фотосхема деп пландық түсірістерден құралған жергілікті жердің фотограметриялық түсірісіаталады. Жазық жердің фотосхемасын жақындатылған фотографиялық план ретінде
қарастыруға болады. Фотосхемлар далалық дешифрлеудің шолу мәліметтері, рельефті
түсіру, геологиялық және географиялық зерттеу және инжинерлік жобалық жұмыстар кезінде
қолданылады.
Егер арақашықтықты және ауданды өлшеу кезінде үлкен дәлдік қажет болмаса
фотосхемалар пайдаланады. Олар маршрутты және көпмаршрутты болады.
Түсірісті монтаждаудың екі тәсілі ажыратылады:
1. Алғашқы бағыт бойынша, бұл тәсіл өлшеу жұмыстыры кезінде қолданылыды.
2. Контуры бойынша, бұл тәсілді фотосхема рекогносцировка, дешифрлеу жұмыстарында
қолданылады.
Фотосхемаларды құруда келесі процесстерді жүзеге асырады:
1. Түсірістің монтажы.
2. Түсірістің қимасы.
3. Түсірісті негізге жабыстыру.
4. Фотосхеманың дәлдігін бағалау
5. Фотосхеманы безендіру.
8.
Фотосхеманың маршрутын алғашқы бағыт бойынша құру технологиясын қарастырымыз.Түсірістің барлық маршруты бойынша орталық нүктелерін таңдап, кейін оны көрші түсіріске
тасымалдайды. Тақ түсірістерде бастапқы бағытты қаламмен жүргізеді. Көрші түсірістердің
орталық нүктелерін көлденең жабындының ортасында бастапқы бағытқа бір бақылау
нүктесін к1, к2…..kn бекітеді. Нақты түсірістерде - пуансонмен барлық бекітілген нүктелерді
теседі.
Түсірістерді монтаждау кезінде, алғашқы екі түсірісті негізге орнатқанда жоғарға түсіріс
қағылған тесікпен болу керек. k1тесігінің центрі, төменгі түсірістің қазығына сәйкес келеді.
Түсірістеерді біріктіріп, оларды жүктермен басқаннан кейін оларды көлденең
жабындының ортысымен кеседі. Кесінділерді алып тастағанан кейін, түсірістерді негізге
резинкалық желіммен жабыстырады. Осылайша осы маршруттың түсірістерін
монтаждаймыз. Көп маршрутты түсірістерді мондаждау кезінде, алдымен ортаңғы
маршруттың түсірістерін монтаждайды. Содан кейін біріккен контурлардың толық бірігуне
дейін маршрутты монтаждайды. Барлық түсірістерді көлденең жабынды бойымен кеседі,
сонымен қатар бойлық жабынды бойымен кеседі. Содан кейін кесінділерді алып
тастап,түсірістерді негізге жабыстырады. Жабыстыруды ортаңғы маршруттың ортаңғы
түсірісінен бастайды.
9.
Фотосхеманың дәлдігі фотопланның дәлдігіне қарағанда төменірек, жәнеол түсірістердің бұрылу бұрыштарына, жергілікті жердің бедеріне, ұшу
биіктігінің ауытқуына, түсірістерді монтаждау кезінде кеткен ауытқуларға
байланысты болып келеді. Бұл қателер кездейсоқ қателер болып саналады.
Фотосхемалардың шеттерін тік сызық бойымен кесіп, рамканың
сыртына безендіру жүргізеді. Фотографиялау биіктігі, фотокамераның фокустық
қашықтығы, фотосхеманың масштабы және жұмысты кім жүргізгені жазылады.
Фотосхемаларды фотопландар секілді фотографиялық және типографиялық
тәсілдермен көбейтеді. Егер фотопландар мен фотосхемалардың көп даналары
керек болса, типографиялық тәсілмен, ал аз дана керек болса, фотографиялық
тәсілмен көбейтеді.
10.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ1. Фотоплан дегеніміз не?
2. Фотопландар мен фотосхемаларды қалай көбейтеді?
3. Фотосхемалар мен фотопландардың дәлдігі неге байланысты?
4. Фотосхема деп нені айтамыз?
5. Түсірістерді монтаждаудың қандай тәсілдері қолданылады?
6. Фотопланның фотосхемадан айырмашылығы неде?
7. Фотоплан мен фотосхема қандай болады?