Ішкі секреция бездері.
Гормондар
1.29M
Category: medicinemedicine

Ішкі секреция бездері

1. Ішкі секреция бездері.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Ішкі секреция бездері.
*
*
*
*

2.

Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без,
грек, endon — ішкі, krino — бөлу) —
инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына
(қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет
бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды
және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі
секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып
екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус,
гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша,
қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа
организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де
болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус
(айырша без) жатады. Эндокринді бездер
гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене
мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін
гуморальды реттеуге қатысады

3.

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне
қарай екі топқа бөлінеді:
1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер.
Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері,
гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік
(плацента), эпифиз және тимус жатады.
2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл
топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

4.

Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу
жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады.
1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.
2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан
ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ
қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік
бездер мен айыршық без (тимус) жатады.
3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады.
4. топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады.
5.топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.

5.

Жыныс
бездері
Ұйқы безі

6.

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ БАСЫ, ДЕНЕСІ, ҚҰЙРЫҒЫ
БОЛАДЫ. ЕКІ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ.

7. Гормондар

*Ұйқы безінен бөлінетін гормон – инсулин.
*Жыныс бездері организмде 2 ге бөлінеді:
аталық және аналық жыныс бездері.
*Аталық жыныс безі өзінен – тестостерон
гормонын бөледі.
*Аналық жыныс безінен – эстроген және
прогестерон гормоны бөлініп шығады.

8.

Қалқанша маңы бездері

9.

Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам
микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну)
ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз
алмасуы бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп,
сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының
синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты,
йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам
денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша
безде кездеседі.

10.

11.

Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб)
ауруымен ауырады (18, ә-сурет). Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың
құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын
йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.
Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін
жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау
үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша
мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг
йодты калий бар.
Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек соғуы
жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты көп
ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш
болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай
ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А.
Базедов сипаттап жазған.
Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды.
Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді
Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен
бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты
деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл
тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі.

12.

13.

Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей,
жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы
бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм
(фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.

14.

15.

16.

• Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» — өсінді) аралық мидың
астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді.
Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы
0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз — безді және жүйке
ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы
және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін
25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық
зерттелген

17.

Қызметі:
1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан
тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу
гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер
етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше
гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер
етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды

18.

Эпифиз
Эпифиз — пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол
ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан.
Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік
ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы
калий мөлшеріне әсер етеді.

19.

Қорытынды
Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән. Олардың мөлшері үлкен
болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан
көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез
сіңеді. Эндокриңді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae,
лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін
(гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы)
бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады,
шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді.
Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді
бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус,
гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша
маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана
қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы
безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер
гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің
дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге
қатысады
English     Русский Rules