Similar presentations:
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері
1. Дәріс№2 Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері
Дәріс№2Қазақстан
Республикасының
конституциялық
құқығының
негіздері
2. Негізгі сұрақтар:
• ҚР Конституциялық құқығы құқықсаласы және заң ілімі сапасында.
• Конституциялық-құқықтық
нормалар және олардың түрлері.
• Конституциялық құқықтағы адам
және азаматтың құқықтық
мәртебесі.
• Азаматтық ұғымы. Азаматтықты
алу және тоқтату.
3.
Конституция сөзі латынның«constitutio» –
бекіту, орнату деген сөзді білдіреді.
Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789
жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез
келген мемлекетте өз конституциясы бар.
Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді
(1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.).
Конституция – бұл ұлттық құқықтың басқа
көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең
жоғары
заңдық
күші
бар
нормалардың
жиынтығы.
4. Конституцияның ерекшелiктерi:
- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;
- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
5.
Конституциялық құқық дегеніміз қоғамдық өмірдің саяси, әлеуметтікжәне
экономикалық
негіздерін
орнықтырумен,
жеке
тұлғаның
мемлекеттегі
орны
мен
ролін
айқындаумен, жалпы мемлекет нысанын
бекітумен байланысты мемлекет үшін
аса
маңызды
қарым-қатынастарды
реттейтін
құқық
нормаларының
жиынтығы.
6.
Конституциялық құқықтыңпәні
деп
–мемлекеттік
биліктің
жүзеге
асыру
барысында
қалыптасатын
қоғамдық қатынастар мен
қоғамдық құрылым болып
табылады.
7.
Конституциялық-құқықтыққатынастарды реттеу үшін
бірнеше әдістер қолданылады:
мынадай
а) міндеттеу әдісі
тек мемлекеттік
органдарға ғана емес жеке тұлғаларға да
қатысты қолданылады. Бұл әдіс арқылы
мемлекет мемлекеттік органдармен қатар,
жеке
тұлғаларды
да
өзінің
басты
ұстанымдарына
сәйкес
әрекет
етуге
міндеттейді.
8.
тыйым салу әдісіқұқық
субъектілеріне мемлекет пен қоғам
үшін тиімсіз әрекеттерді жасауға
тыйым салады, көбінесе мемлекеттік
органдар мен қоғамдық ұйымдарға
қатысты
қолданылады,
ал
жеке
тұлғаларға қатысты тек шектеулі
жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
ә)
9.
б) рұқсат ету әдісі көбінесе заңарқылы республика азаматтарына заңға
сәйкес әрекеттер жасауға құқық береді.
в) тану әдісі арқылы азаматтардың,
мемлекеттік
органдардың
нақты
құқықтары мен мүдделерін тану немесе
танымау мәселелерін шешетін норма
қабылданады.
10.
МіндеттеуКонституциялы
құқықтың
әдістері
Тыйым
Рұқсат ету
Тану
11.
Конституциялық құқықтың қайнар көзі:- Конституция;
- конституциялық заңдар;
- әдеттегі заңдар (жай заңдар);
- президенттің нормативті жарлықтары;
- үкімет қаулылары;
- қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік
билік ұйымдарының ұйымдастырылуын
реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік
актілер
12.
Конституциялық құқық қағидалары:- Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
- Бүқіл халықтың игілігін көздейтін
экономикалық даму;
- Қазақстандық патриотизм
- Мемлекет өмірінің аса маңызды
мәселелерін демократиялық әдістермен оның
ішінде республикалық референдумда немесе
Парламентте дауыс беру арқылы шешу
13.
Конституциялық-құқықтық нормаларМемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды
реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері.
Құқықтың басқа салаларының нормаларымен
салыстырғанда, конституциялық құқықтық нормалар:
-Реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәнімен
байланысты өзінің мазмұнымен;
-Олардың ең маңыздылары Конституцияда-мемлекеттің
Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
-Құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді;
14.
Конституциялық-құқықтық нормаларға тән немесе дәстүрлі түрдебөлініп алынатын үш сатылы құрылым:
Гипотеза;
Диспозиция;
Санкция;
Әдетте, конституциялық құқық нормасының
құрылымында гипотеза (норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін
көрсететін норма бөлігі) және диспозиция (құқық субъектілерінің тәртіп
ережелерін қалыптастыратын норма бөліг) болады.
Санкция оның бұзылғаны үшін ықпал ету шаралары белгіленетін норма
бөлігі ретінде коституциялық-құқық нормалар құрылымында тек
жекелеген жағдайларда ғана кездеседі.
-құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделеген әрекеттерді
жүзеге асыру құқығын баянды етеді;
-міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс-әрекетін осы
нормалар талаптарымен үлестіретін міндеттерін баянды етеді;
-тыйым салатын нормалар өз ұйғарымдарында белгілі бір әрекеттерге
тыйым салуларды қамтиды;
15.
Қазақстан РеспубликасыныңАта заңы тоғыз тарау, тоқсан
сегіз баптан тұрады.
Конституция
негізінде
биліктің бірден-бір бастауы
халық болып танылады.
16.
Қазақстан Республикасыбасқару нысаны – Президенттік.
Президент:
- мемлекеттің басшысы;
- ішкі және сыртқы саясатты
қалыптастырады;
- үкімет
мүшелерін
тағайындайды
және
босатады;
- парламентті тарата алады және кезектен тыс
сессияға шақыра алады;
17.
Қазақстан Республикасынысаны унитарлы.
құрылым
Республика аумағы әкімшілік-аумақтық
бірліктерге бөлінген, олар:
- ауыл (село);
- кент;
- ауылдық (селолық) округ;
- қаладағы аудан;
- қала- аудан- облыс.
18.
ҚазақстанРеспубликасы
демократиялық, құқықтық, әлеуметтік
және зайырлы мемлекет.
Мемлекетте саяси, идеологиялық
еркіндік, саяси көппікірлілік бар.
Азаматтар кез-келген саяси партия
құрамына кіруге құқылы.
Қазақстан азаматы тек бір партияға
мүше бола алады.
19.
Мемлекеттік билік дін ісінеараласпайды, діни ұйымдар
мемлекет ісіне араласпауға тиіс.
Елімізде
бір
дінге
артықшылық жасалып, оған
мемлекеттік мәртебе берілмейді.
20.
Конституциясыныңекінші
тарауы «Адам және азамат» деп
аталады.
Бұл тарауда адам мен азаматтың
мынандай мәселелері қаралған:
- құқықтары;
- бостандықтарына;
- кепілдіктері;
- міндеттер;
21.
Адамқұқықтары
Табиғи
Саяси
22.
Президенті республикадағы адамқұқықтарының
қорғалуы
мен
қамтамасыз етілуінің кепілі.
Президент адам мен азаматтың
саяси,
әлеуметтік
және
жеке
құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асыруды көздейтін жеке
құқықтық актілер шығарады.
23.
Олар мыналар:- азаматтығын;
- саяси баспана беру мәселелерін;
- республиканың мемлекеттік
наградаларын және құрметті
атақтарын береді;
- ауыр қылмысы үшін
сотталғандарға кешірім жасайды.
24.
ҚазақстанРеспубликасында
шетел
азаматтары
мен
азаматтығы
жоқ
адамдар
республика азаматтарымен тең
дәрежедегі құқықтарға ие бола
алады және міндеттер атқарады.
25.
Азаматтық дегеніміз - адамның нақты бірмемлекетке саяси және құқықтық қатысты.
Шетел азаматты дегеніміз - Қазақстан
азаматы болып табылмайтын, бірақ, өзге бір
мемлекеттің азаматы.
Азаматтығы жоқ дегеніміз - Қазақстан
азаматы болып табылмайтын, өзге елдің
азаматы екендігі дәлелденбеген адамдар.
26.
Қазақстан Республикасының азаматтығыадамның мемлекетпен орнықты саясиқұқықтық байланысын айқындайды, бұл
олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің
жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасында әрбiр адамның
азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан
Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес
алынады және тоқтатылады.
27.
Қазақстан Республикасының азаматы болуМына адамдар:
осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын;
Қазақстан Республикасының аумағында туған
және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;
осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтығын алған адамдар Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының басқа
мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
28.
Азаматтық туралы құжатҚазақстан Республикасының
азаматтығын растайтын құжат Қазақстан
Республикасы азаматының жеке куәлiгi
немесе Қазақстан Республикасы
азаматының паспорты болып табылады.
16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның
туу туралы куәлігімен, ата-анасының
қайсысының болса да паспортымен
расталады.
29.
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтықжағдайы
Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай
негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып
табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк
және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына,
бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де
сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне
және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарында
жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық
және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық
иеленедi.
30.
Қазақстан Республикасы азаматтығыныңсақталуы
Қазақстан Республикасы азаматының
республикадан тыс жерлерде тұруы
Қазақстан Республикасының азаматтығын
тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы азаматының
немесе азаматшасының республика азаматы
емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ
мұндай некені бұзуы азаматтықтың
өзгеруіне әкеп соқтырмайды.
31.
Азаматтық алу негіздеріҚазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарында көзделген негiздер
мен тәртiп бойынша;
4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер
бойынша алынады.
32.
Ата-анасы Қазақстан Республикасыныңазаматы болып табылатын баланың
азаматтығы
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де
Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол
туған жеріне қарамастан Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасы шет мемлекеттің азаматы болып
табылатын баланың азаматтығы
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де шет
мемлекеттің азаматы болса, ол туған жеріне
қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылмайды.
33.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болғанжағдайындағы баланың азаматтығы
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған
кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының
азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында
туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ,
ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде
Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты
тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының
азаматы болып табылады.
34.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуіҚазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде атаанасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты
тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың
азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша
анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы
азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның
азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады.
Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан
Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа
толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының
азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты
тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша
анықталады.
Егер ата-ана баланың азаматтығы туралы келісімге келе алмаса, азаматтық
сот тәртібімен айқындалады.
35.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаушарттары
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде
кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының
азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар
қабылданатын болады.
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын
туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы),
жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы),
апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан
Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы
одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан
Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын
болады.
Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы
аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы
мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық
шарттарымен белгiленедi.
36.
Азаматтықты тоқтату негіздеріҚазақстан Республикасының
азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы
азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасының
азаматтығын жоғалту;
3) Қазақстан Республикасының
азаматтығынан айыру салдарынан
тоқтатылады.
37.
Азаматтықтан айырылуҚазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді
қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне,
полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару
органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе
жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер
бойынша;
5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған
Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
7) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап
алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
8) адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік
және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан айырылады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің
азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз
күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі
істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне
хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке
куәлігін тапсыруға міндетті.
38.
Асырап алған ретте баланың ҚазақстанРеспубликасы азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасының азаматы асырап
алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы
жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала
Қазақстан Республикасының азаматы болады.
Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал
екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап
алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы
жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала
асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген
келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы
болады.