607.56K
Category: lawlaw

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көздері

1.

2.

Жоспар:
Қазақстан Республикасының
Конституциялық құқығының түсінігі, пәні,
әдістері.
2.Қазақстан Республикасының
конституциялық құқығының қайнар көздері.
3.Конституциялық-құқықтық нормалар
түсінігі және оның түрлері.
4.Қазақстан Республикасының
Конституциясы, құрылымы.

3.

Негізгі ұғымдар: конституциялық
құқық, құқықтар мен бостандықтар,
нормалар, конституциялық құрылыс.

4.

Конституциялық құқық
Қазақстан
Республикасы
конституциялық
құрылысының,
адам және азаматтың мәртебесінің,
мемлекет
құрылымының,
мемлекеттік
билік
органдары
жүйесінің, жергілікті мемлекеттік
және өзін-өзі басқарудың негіздерін
реттейтін құқық нормаларының
жиынтығы.

5.

Конституциялық құқық пәні Конституциялық құқықтың
нормалары
берілген
салалардағы
белгілі
қатынастарды ғана реттейді

6.

Конституциялық құқық пәні
Бұл қатынастар:
-Қазақстан Республикасының Конституциялық
құрылымының негізін сипаттайтын қоғамдық
қатынастар (суверенитет, басқару нысаны, мемлекеттік
құрылым нысаны, биліктің тиесілілігі, саяси режим);
- Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтық
жағдайының негіздерін іске асыратын қоғамдық
қатынастар құрайды (ҚР азаматтығына тиесілігі,
адамның
құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін
айқындайды);
- мемлекеттік тетік және жергілікті өзін өзі басқару
органдарының қызметі мен ұйымдастыру қағидалары
(мемлекеттік аппарат, органдардың түрлерін, заң
шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарының
құқықтық мәртебесі, олардың құрылу тәртібі)

7.

Конституциялық-құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді:
міндеттеу әдісі, тыйым салу әдісі, рұқсат ету әдісі, тану әдісі.
Конституциялық құқықтық
қатынастарды реттеу әдістері
Міндеттеу
әдісі
Тыйым салу
әдісі
Рұқсат ету
әдісі
Тану
әдісі

8.

Конституциялық құқықтың қайнар көздері дегеніміз
конституциялық құқықтық нормалардан тұратын актілер.
• - Конституция;
• - Заңдар: конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін
заңдар, конституциялық заңдар және жай заңдар;
• - Президенттің Жарлықтары
• - Парламенттің және оның палаталарының Қаулылары;
• - Үкіметтің қаулылары;
• - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің,
Конституциялық Соттың, Жоғарғы Сотының және Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік
Қаулылары;
• - Орталық атқарушы органдардың басшыларының нормативтік
құқықтық Бұйрықтары;
• - Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік
актілері;
• - Декларация, регламенттер, ережелер және т.б.

9.

бұл
конституциялық
Конституциялық
құқық нормалары
құқықтың пәні
болып
табылатын
қоғамдық
қатынастарды
реттейтін
нормалар

10.

Конституциялық құқықтық нормалары: :
өкілеттік беруші (субъектіге, яғни мемлекеттік
органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға
қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық
береді);
тыйым салушы (адамдардың белгілі бір қасиеттегі
әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін
белгілейді);
міндеттеуші (мемлекеттік органдардың, қоғамдық
бірлестіктердің, азаматтардың белгілі бір жағымды
әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді)
нормаларға бөлінеді.

11.

конституциялық құқықтық нормаларының ерекшеліктері:
Конституцияның құқықтық
нормалары конституциялыққұқықтық қатынастарды
реттейтін барлық
нормативтік құқықтық
актілерді қалыптастыру мен
дамытудың негізі болып
табылады
мемлекет пен қоғам өмірінің барлық
салаларын: саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени салаларды
қамтиды.
Қазақстан Республикасы
Конституциясында халықтың,
мемлекеттің еркі, олардың
құқықтық демократиялық мемлекет
құру, дүниежүзілік қауымдастыққа
оның оның тең құқылы мүшесі
ретінде қосылу жөніндегі
табандылығы тікелей көрініс
Қазақстан
Республикасы
Конституциясының
жоғары заңдық күші
бар және Қазақстан
аумағында тұтас
қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Конституциясының
идеялары, принциптері,
құқықтық нормалары
бүкіл қоғам өмірінің
мейлінше мәнді
бағыттарын реттейді:
жекелеген адамды,
азаматты, қоғамдық
қызметтің барлық
субъектілерін қамтиды.
Конституция
конституциялық
құқықтың басқа
бастауларынан
өзгерістер мен
толықтырулар
қабылдаудың ерекше
тәртібін белгілеуімен
де ерекшеленеді
заңдық күшінің
деңгейі, қабылдау,
жариялау, күшін жою
тәртібі көрсетіледі.

12.

Конституцияда көрсетіліп, бекітілген
мемлекеттік құрылыс конституциялық
құрылыс деп аталады.
Конституцияның 1-бабының 1тармағында: «Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы
- адам және оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары»,- деп айқындалған.

13.

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
• Халық билікті референдум және еркін сайлау
арқылы мемлекеттік органдарға өз өкілдерін қою
арқылы іске асырады.
• Мысалы,
Қазақстан
Республикасы,
демократиясының көрінісі ретінде жергілікті өзін-өзі
басқару органдарынының мойындалуын айтсақ
болады. Бұл органдар тұрғындардың жергілікті
деңгейдегі барлық мәселелерін өз бетінше шешеді.
Сөз, ар-ождан, тіл, бірігу, мемлекеттік қызметке
араласу сияқты құқықтар мен бостандықтар бере
отырып, мемлекет әлеуметтік, ұлттық шыққан
тегіне қарамастан азшылық пен жекелеген
азаматтардың мүдделерін қорғауға мүмкіншілік
туғызады.

14.

Зайырлы мемлекет
Қазақстанда дін, діни мекемелер мемлекеттен
ажыратылған. Әрбір адамның, азаматтың белгілі
бір дінді ұстануына, не ұстанбауына, дінін
ауыстыруға болатын ар-ождан бостандығы,
құқығы бар. Діни негізде партия құруға тиым
салынған. Конституцияда және 2011 жылы 11
қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» Заңында кең көрініс тапқан.
Діни
бірлестіктер
дінге
сенушілердің
дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына
әсер етуге мүмкіндік берілген.

15.

Құқықтық мемлекет
• Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде
бекітетіндіктен қоғамдық өмірдің барлық
салаларында құқықтың рөлі мен үстемдігі
жоғары болуы қажет. Құқықтық мемлекетте
адам мен азаматтың құқығы, бостандығы
ең қымбат құндылық, заңның үстемдігі,
биліктің
тармақталуы,
сот
билігінің
тәуелсіздігі, мемлекет пен әрбір адамның
өзара жауапкершілігі мойындалуы тиіс.

16.

Әлеуметтік мемлекет
• Қазақстан Республикасы жеке топтарға немесе
ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызмет
ететін мемлекет. Мемлекеттік қаржы көздері
есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей
мөлшерде
игіліктер
көрсетіп,
қоғамдағы
ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен
әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.
• Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын
Конституцияда кепілдік берілген білім беру,
денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, еңбекті қорғау,
әлеуметтік қамсыздандыру, және табыстары төмен
тұрғындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік
істер арқылы анықталған.

17.

идеологиялық және саяси
әралуандық
Қазақстан Республикасында идеологиялық
және саяси әралуандық мойындалады. Саяси
әралуандық Конституцияның аясында
әрекет жасайтын барлық саяси партиялар
мен қоғамдық бірлестіктерге саяси үрдістерге
тең
араласу
мүмкіндігін
туғызатын,
көппартиялықтың
өмір
сүруі
және
азаматтардың кез-келген партияның мүшесі
болуға не болмауға еркі бар, саяси пікір мен
саяси іс-әрекеттің бостандығы.

18.

идеологиялық және саяси
әралуандық
• Идеологиялық
әралуандылық
мемлекеттік не жалпыға ортақ міндетті
идеология орнатуға тиым салынатын,
саяси әралуандылықтың кепілі болатын,
идеологиялық
және
рухани
құндылықтарды таңдау еркіндігі.
English     Русский Rules