Similar presentations:
Қабынып тітіркендірілген тоқ ішек синдромы
1.
Семей мемлекеттік медицина университетіІшкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
Тақырыбы: Қабынып тітіркендірілген тоқ ішек синдромы
Орындаған: Касенова Тана
312-ЖМ
Тексерген: Даутов Д.Х.
2. Жоспар
I)КіріспеII)Негізгі бөлім
2.1ҚТІС туралы жалпы түсінік.
2.2 ҚТІС-ның этиологиясы мен патогенезі.
2.3ҚТІС-ның клиникалық көріністері.
2.4 ҚТІС-ның диагностикасы мен емі,алдын-алу
жолдары.
2.5 ҚТІС-ның болжамы және мүмкін болатын
асқынулары.
III)Қортынды
IV)Пайдаланылған әдебиеттер
3. Кіріспе
Тітіркендірілген тоқ ішек синдромы(ТТІС) –бұл синдром жуан ішектің
барлық
функционалдық
ауруларын
біріктіретін термин, ол жуан ішектің
негізгі
қызметінің,
моторикасының,
секрециясының,
ауыру
әсерлеріне
сезімталдығының,
су
мен
электролиттердің
сіңіру
қабілетінің
бұзылуының жиынтығы.
4. Тітіркендірілген тоқ ішек синдромының туындауына ықпал етуші жағдайлар
ДисбактериозУақытылы емес, ретсіз тамақтану
Гиподинамия
Генетикалық бейімділік
Гормональды бұзылыстар(жүктілік, етеккір)
Әсіресе, бұл синдромның пайда болуына
тамақтану ықпал етеді. Алкоголь, газдалған
сусындар, майлы тамақ, фаст-фуд, кофеин.
Постинфекциялық ішектің кейбір
инфекциялық ауруларын емдеуден кейін де
туындауы мүмкін.
5.
Этиологиясы және патогенезіТітіркенген ішек синдромының себептері толық анықталған
жоқ. Көптеген авторлар кейбір факторлардың бұл аурудың
дамуында белгілі бір маңызы болатынын көрсетеді.
Синдромның дамуында тұлға ерекшелігінің маңызы зор.
Тітіркенген ішек синдромымен ауыратын адамдарға
истериялық, агрессивті реакциялар, депрессия, жабысқақтық,
канцерофобия және иппохондриялық белгілер тән.
Режим мен қоректену ерекшеліктерінің де маңызы бар. Өте
таза, қалдық бермейтін тағамды қолдану, тамақты жүйесіз
қабылдау ішектің моторлы – эвакуациялық функциясы мен
микрофлорасын өзгертеді.
Кейбір тамақты көтере алмаудың да маңызы болады
(иммунологиялық және генетикалық сипаты болуы мүмкін).
6.
Этиологиясы және патогенезіТітіркенген ішек синдромының дамуында бұрын ішектің
инфекция ауруымен ауырып, кейін дисбактериоздың
қалыптасуы да маңызды.
Тітіркенген ішек синдромының даму негізін ішектің қозғалыс
және секрециялық функцияларының реттелуінің бұзылуы
құрайды.
Тітіркенген ішек синдромында жиі ішектің моторлық
функциясының күшейгені (гипермоторлық дискинезия),
сирек – оның әлсірегені (гипомоторлы дискинезия)
байқалады. Перистальтиканың күшеюіне байланысты
көмірсудың кейбір бөлігі жіңішке ішекте ыдырамайды,
сіңбейді және тоқ ішекте микробтық ашыту процесіне тап
болады.
7. Этиологиясы және патогенезі
Ашытудың күшеюі тоқ ішекте органикалыққышқылдар мен басқа осмотикалық органикалық
заттардың концентрациясын көбейтеді. Мұның өзі
ішек қуысында транссудация тудырады, қабыну
дамыған жағдайда (дисбактериоз нәтижесінде) –
экссудация да тудырады. Шамадан тыс газ түзілуі,
ішек құрылымының көбеюі, сирек жағдайда қабыну
экссудациясының болуы тоқ ішектің керілуін және
оның перистальтикасын күшейтеді. Диарея пайда
болады, кейбір ауру адамда ол іш қатумен алмасып
отырады.
8.
9. Симптомдары
СимптомдарыТТІС негізгі симптомдары – іштің ауырсынуы, іштің кебуі
(метеоризм), нәжістің бұзылысы.
Іштегі ауырсынудың келесі тән белгілері бар:
Жеңіл жайсыздықтан шыдатпайтын ауырсынуға дейін,
Айқын шекарасы жоқ, бүкіл ішке таралады.
Іштің түрлі аумағында әр уақытта пайда болуы мүмкін.
Күйдіретін, бататын, сыздайтын, қысатын, жайылған, т.б.
Әдетте, тамақ ішкеннен кейін күшейеді.
ТТІС анықтауда маңызды белгі - ұйқы кезінде ауырсынудың
болмауы, әдетте, науқас іш аумағындағы ауырсынатын
сезімнен оянбайды. Әдетте, оянғаннан кейін пайда болады.
10. Симптомдары
Іштің кебуінен (метеоризм) әдетте, іш күні бойы ұлғаяды, кешке асаұлғайып, әсіресе, тамақтан кейін ұлғаюы айқын байқалады (көбінесе,
түскі астан кейін).
Нәжістің бұзылысы сұйық немесе қатуымен көрініс береді. Іш өткенде
нәжіс, көбінесе, таңертеңгілік, таңғы астан кейін байқалады, ішектің
босатылу жиілігі 2-5 рет, арасында аз аралықпен. Нәжіс шығарғысы
келу әр тамақ ішкен сайын болады. Ішекті босатқысы келу сезімі аса
қолайсыз кезде болуы тән, мысалы, жиналыс кезінде, метрода, қала
маңы пойыздарында, емтихан немесе басқа күйзелістік жағдайларда.
Нәжіс шығарғысы келу сезімі жиі пайда болуы салдарынан науқас
театр, кино, басқа да қоғамдық орындарға барудан бас тартады. ТТІС
кезінде іш өтуі ешуақытта түнде пайда болмайтындығын атау қажет.
Сонымен қатар, нәжістің салмағы қалыпты болып, тәулігіне 200 г
аспайды. Көбінесе, ішектің толық босамау сезімі болады. Нәжісте
сілемей, тағамның қорытылмаған бөліктері болады, алайда, ТТІС
кезінде нәжісте қан немесе ірің болмайды. Ішекті босату алдында
ауырсыну күшейіп, босағаннан кейін едәуір азаюы байқалады.
11. Симптомдары
Іш қатуында нәжіс жиі «қой құмалағындай» болады,яғни, ұсақ тығыз бөліктерден немесе «тығын» тәрізді –
яғни, нәжістің алғашқы үлестері соңғыларына қарағанда
тығыздау болады. Сондай-ақ, нәжіс қарындаш түрінде –
ұзын жіңішке лента тәрізді болуы мүмкін. Іш қатудан
кейінгі іш өтуі – бірнеше күндік іркілуден кейінгі сұйық
нәжіс болуы мүмкін.
Ас қорытудың іштегі ауырлық, жүрек айнуы, немесе
құсу, оң жақтағы ауырсыну секілді симптомдары
байқалады.
Психологиялық бұзылыстардың белгілері байқалады:
көңіл-күйдің тұрақсыздығы, алаңдау, себепсіз
қорқыныш, истерия
12.
ДиагностикаТТІС болуына арнайы зерттеу жоқ. Дәрігер басқа ауруларды ескеру
үшін талдау мен зерттеулерді тағайындайды.
Анықтаудың негізгі әдістері:
Жалпы қарау
Қан талдауы (лейкоцитоз, анемия, СОЭ үдеуі)
Несеп талдауы
Қанның биохимиялық зерттеуі (билирубин, АлТ, АсТ, сілтілік
фосфатаза, ГГТП)
копроцитограмма (нәжісті зерттеу), қанды, іріңді, тамақтың
қорытылмаған бөліктерін көруге болады.
температураны өлшеу (инфекциялық себепті ескеру үшін)
дене салмағын өлшеу (онкологияны ескеру үшін)
эндоскопиялық зерттеу
13.
Диагностиканәжісті флораға зерттеу (тоқ ішек микрофлорасының құрамын
зерттеу),
колоноскопия (полиптер мен ісіктерді ескеру үшін)
нәжісті ішекқұртқа зерттеу
тік ішекті саусақпен зерттеу
іш қуысы мен жамбас қуысы ағзаларының УДТ (УЗИ)
эзофагогастродуоденоскопия (асқазан-ішек жолдарының жоғарғы
бөлігінің сілемей қабатын қарау)
ирригоскопия (ішекті рентгендік зерттеу рентген-контрастылық
заттектерді қолданумен)
тыныс алу тесті (аш ішектегі тым көп бактериалдық өсу синдромын,
лактаздық жеткіліксіздікті, фруктоза мен сорбитолды көтере алмауды,
аш ішектен өту уақытын анықтау үшін)
психотерапевтінің кеңесі.
14.
ЕмдеуЕмдеу үшін емдәмді қадағалау, өмір салтын өзгерту,
мысалы, дене белсенділігінің дәрежесін арттыру
ұсынылады.
Психотерапия (науқасты мазалайтын симптомдар
күрделі аурудан емес, психикалық жағдайға тікелей
байланысты екендігін түсіндіру қажет).
Дәрі-дәрмек құралдарынан жұмсақ
транквилизаторлар (науқас күйзеліс немесе
алаңдауда болса), спазмолитиктер (ауырсынуды басу
үшін), антифлатуленттер (метеоризмді азайтуға
ықпал ететін препараттар), диареяға қарсы
препараттар (смекта, лоперамид), іш жүргізетін
құралдар (іш қатуында прокинетиктер ішектің қимыл
белсенділігін жақсартады)
15.
16.
Профилактика17. Аурудың болжамы
Тітіркенген тоқ ішек синдромы өмір бойықайталануы мүмкін. Кейбір адамдар үшін аурудың
симптомдары күшті жайсыздық әкеліп, еңбекке
қабілетті төмендетеді, әлеуметтік өміріне әсер етеді.
Симптомдар әдетте, емдеу басталғаннан кейін
жойылады. ТТІС ішекке зақым әкелмейді және
күрделі салдарға апармайды.
Тітіркенген тоқ ішек синдромында өмір болжамы –
оң. Дәрігер науқкстарды аурудың болжамының
ерекшеліктерімен таныстыруы тиіс, бұл олардың
психо-әлеуметтік адаптациясын жақсартады.
18. Мүмкін асқынулары
ТТІС ауыр асқынуды туындатпайды, мысалы, қан кетуі немесеішек сілемйінің беріштенуі. Дегенмен, Тітіркенген тоқ ішек
синдромы бар науқастарда ұдай іш қатуы болса, копростаз
даму қаупі болады (ішекте нәжістің көп жиналуы).
Копростаздың белгілері:
амақтан жиіркену
іш аумағындағы ауырсыну
түйілу
құсу және жүрек айнуы
несеп пен нәжістің ұстамауы
естің бұзылысы
ішектің түйнегі
Перитонит.
19. Қорытынды
Тітіркенген тоқ ішек синдромының пайда болусебептері белгісіз болғандықтан:
Негізгі пайда болу себептері: теріс эмоциялар,
күйзелістер, инфекциялық аурулар, дәрілік әсер,
тамақтану ерекшеліктері (тамақтану тәртібі мен
ырғағының бұзылуы, тағам өнімдерінің жеткіліксіздігі
және көмірсу құрамдас өнімдерді көп тұтыну) сақ болу
керек.
ТТІС негізгі себебі ретінде жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс
істемеуін және отырумен өтетін өмір салтын,
эндокриндік бұзылыстарды (климакс, дисменорея,
етеккір алды синдромы, семіздік, гипотиреоз, қант
диабеті, т.б.) болдырмау қажет.
20. Пайдаланылған әдебиеттер
1.Б.Н.Айтбембет Алматы 2007ж 447-448беттер2.Н.А.Мухин В.С.Моисеев Мәскеу 2015ж 413-471беттер
3. Пропедевтика внутренних болезней, Гребнев,
учебник, 2001г, 592с
4. Пропедевтика внутренних болезней - Гребенев А.Л.
2011 ж
Интернет желісі:
1.http://www.studfiles.ru/preview/6189214/page:85/
2. http://www.zdrav.kz/kk/node/10507