Similar presentations:
Бет-жақ аймағы жұмсақ тіндерының жаракатануы. Лимфаденит
1. Қ.А.Яссауи атындагы Халыкаралық қазақ-түрік университеты Стоматология факультеты
Тақырыбы: Бет-жақ аймағы жұмсақ тіндерыныңжаракатануы.Лимфаденит.
Орындаған: Кидирова.Д
Мадиева.М
Қабылдаған: Ш.
Тобы:СТК-436
2. БЕТТІҢ ЖҮМСАҚ ТІНДЕРІНІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ
Бет-жақ аймағының механикалықжарақаты бар науқастарда бет тіндерінің
зақымдануы кездеседі. Олардың себептері:
тұрмыста, транспортта, өндірісте және
спортта алған жарақаттар болып
табылады. Жұмсақ тіндердің жарақатты
зақымдануын екі негізгі топқа бөледі
(Агроскино А. П. 1986). 1. Беттің жұмсақ
тіңдерінің жекелеген зақымдануы.
2. Беттің жұмсақ тіндерінің және бет
қаңқасы сүйектерінің бірлескен
зақымдануы.
Жұмсақ тіндердің зақымдануы
жарақаттану орнына, жарақаттаушы
заттың әсер ету күші мен түріне
байланысты әр қилы келеді. Бетке тиген
жұмыр заттың әлсіз соққысынан бұлшықет
пен теріасты май клетчаткасы
зақымданады. Жұмсақ тіндер ісініп,
қанталаумен ұштасады. Қанталап ісінген
жер 12— 14 күндерге таман біртіндеп
жоғалып, жасылданып кейін сары түске
айналады. Жарақат алған жерге 2 күнге
дейін салқын, кейін жылы басқан жөн.
3.
Иек, бет доғасы аймағында, мұрын,маңдай, терілері жиі жараланады, тері
бүтіндігі бұзылады, бірақ тігіс салуды
қажет етпейді. Теріні антисептикалық
ерітіндімен өңдеп жарға бриллиант көгі
немесе 5% йод тұнбасын жақса жеткілікті.
Жаралы жердің жазылуы қабықша астында
жүреді. Қабықша тез түзілу үшін
жарақаттың бетіне калий перманганатын
әр 5—7 мин. сайын 1:10 ерітіндісін жағуға
болады.
Өткір құралмен ұрғанда жүмсақ тіндер
жарақаттануы мүмкін. Жарақат беткей
немесе терең болуы, кейде бұлшықеттер,
тамырлар мен нервтер зақымдануы
мүмкін. Бет жарақаты кейде ауыз қуысын,
мүрынды, ЛОР-мүшелерді, көзді,
бассүйекмиды қамтуы мүмкін.
Жарақаттың кесілген, шаншылған,
шабылған, жыртылған, соғылған,
жыртылып-соғылған және т. б. түрлерін
ажыратады. Мұрын, құлақ, ерін
аймақтарында жануарлар немесе адамның
тістеуінен де жарақаттар кездеседі.
Соғылған, жыртылған жа-рақаттар
маңындағы тіндер зақымдануы мүмкін.
Жарақаттың пішіні алуан түрлі келеді
4.
5.
Төменгі жақасты аймағының тіндері жарақаттанғанда бетартериясы мен венасы, төменгі жақасты сілекей бездері, көмекей
мен кеңірдек, ауыз қуысының түбі мен тіл зақымдануы мүмкін.
Мұрынның зақымдануы қан кетіп, тіндердің ісінуімен жалғасады.
Мұрын ақауы пайда болса, оны күрделі реконструктивті
операциялар жасау арқылы жоюға болады. Кей жағдайларда бор
мен сепарациялық дискілер ауыз қуысын зақымдайды. Тіс
емдейтін бор терең жыртылған жарақат тузеді, ол инфекциямен
асқынады. Одан кеткен қанды тіндерді тігу арқылы тоқтатуға
болады. Одан кейін абсцеске қарсы препараттар қолданған жөн.
Сепарациялық диск ауыз қуысын әртүрлі тереңдікте
жарақаттайды. Дискімен немесе таспен тіласты аймағын, тіл
венасы, артериясын кесіп кету өте қауіпті. Ол қатты қан кетумен
жалғасса, оны емхана жағдайында тоқтату өте қиын. Тілдің көлемі
тез ұлғайып, тұншығуға әкелуі мүмкін. Қан тамырлардан басқа
төменгі жақасты сілекей бездері, тіл нервісі зақымдануы мүмкін,
ол аурухана жағдайында емдеуді талап етеді. Тілдің жарақаттануы
қатты қан кетумен көрінеді. Оны жарақатты тігу арқылы тоқтатуға
болады (егер тіл артериясы зақымданбаса).
6.
Жарақатты біріншілік хирургиялық өңдеу. Алдымен бет жұмсақтіндерінің терісін гигиеналық өңдейді. Оны стерилді щетканы сабындап,
жылы сумен жуады. Бірақ бұл кезде жарақатқа ластанған сумен, сабынды
көпіршіктен қорғау қиын. Сондықтан теріні алдымен бензинмен, кейін
спиртпен сүртеді. Тері жабындысындағы түкті қырып тастайды. Кейін
жарақатты антисептикалық ерітінділермен жуып механикалық жолмен
бөгде денелер мен ластанудан тазартады. Егер жарақатты өңдеу жергілікті
анестезиямен жүргізілсе анестетик ерітіндісіне антибиотиктер қосады.
Ал наркоздан соң жүргізсе, жарақат маңына антибиотик ерітіндісін
жібереді. Егер өңдеуді мықты тігіс салумен аяқтаса, онда жарақатты
қабат-қабатымен тігеді. Бұлшықетке міндетті түрде тігіс салады. Ауызға
енген жарақат кезінде бірінші шырышты қабықты, кейін бұлшықетпен
фасцияны, одан соң теріасты майлы клетчат-касымен теріні тігеді. Ерін
жарақаттанғанда 1-ші бұлшықетті, кейін қызыл жиегін біріктіріп келтіріп,
оның терімен біріккен шекарасынан тігеді, содан кейін теріасты майлы
қабатпен теріні, содан кейін барып еріннің шырышты қабатын тігеді. Егер
хирургиялық өңдеу 48 сағат ішінде жүргізілсе (беттің кез келген
аймағының жарақатында), тінді мұқият тігіп резина түтік салуға болады.
7.
Егер өңдеу 48 сағаттан соң жүргізілсе, тіндерден қабыну белгілері болса да ерін,қабақ, мұрын қанаты, қүлақ қалқаны, ауыз қуысының шырышты қабатына мұқият
тігіс салуға болады. Беттің қалған бөліктеріне сирек түйінді тігістер салған жөн.
Тіндер ақауланса, біріншілік хирургиялық өңдеумен бірге жергілікті тіндермен 1 шілік пластикалық ем жүргізу керек, бұл кейін болатын деформациялардың алдын
алу мақсатымен жасалады.
Беттің жүмсақ тіндерінің үлкен тесілген ақауында, хирургиялық өңдеуді, теріні
ауыз қуысының шырышты қабатымен көмкере тігумен аяқтайды. Бұл кейін ақауды
пластикалық жабуға қолайлы жағдай жасап осы аймақтағы дөрекі тыртықтар мен
өрескел деформациялардың түзілуінің алдын алады.
Құлақмаңы сілекей безі зақымданғанда, без паренхимасын, кейін оның
капсуласын, фасциясын, теріасты майлы клетчаткасын және теріні мүқият тіккен
жөн. Ал шығаратын өзегі зақымданса, оның ортаңғы кесіндісіне түтікше енгізіп,
ауыз қуысына шығарады. Бұл ауыз қуысында толық сілекей жыланкөзінің түзілуіне
мүмкіндік жасайды. Түтікті 15—20 күннен кейін алып тастайды.
Кейде зақымданған түтіктің ұшын тефлонды түтікте тігуге болатынын ескерген
жөн.
Науқас 7 2 сағаттан соң келсе, жарақатта іріңді қабыну дамиды, бұл кезде біріншілік
(кеш) хирургиялық өңдеу жүргізеді және іріңді процесті тоқтататын ем жасайды:
іріңдікті тіліп, дренаждайды, жарақатты антибактериалды препараттармен жуып шаяды. Қабынған процесті жойған соң, ерте екіншілік тігіс салады. Жарақатқа
міндетті түрде түтікше салады. Барлық жағдайда схема бойынша сіреспеге қарсы
сарысу енгізу көрсетілген.
8. БЕТ ЖӘНЕ МОЙЫН ЛИМФАДЕНИТІ
Лимфа ағзалармен дене бөлшеқтеріне жеткізетін тамырлароның бойына орналасқан лимфатикалық түйіндер
лимфатикалық жүйе құрып, адам организімінде көптеген
міндеттер атқарады. Лимфаны тіндерден венаға өткізеді
(өткізгіш міндет), лимфоидтық элементтер құрады
(лимфопоэз) және организмге кірген бөтен заттарды сүзіп
аластайды (тосқауыл міндет). Лимфатикалық
тармақтармен қатерлі ісік клеткалары жайылып басқа
ағзаларға жетеді (метастаза).
Жақ-бет аймағынан, лимфа жинайтын лимфатикалық
түйіндерге мыналар жатады: құлақмаңы, құлақарты,
жақарты, жұтқыншақарты, ұрт, төменгі жақ, иекасты,
төменгі жақасты, беткей және тереңде орналасқан мойын
түйіндері, тілдің лимфатикалық түйіні.
9.
Қабыну процестері алғашқы басталған кезден-ақ аймақтылим-фатикалық тамырлардың өткізгіш қасиеті бүзылады,
лимфаның жылжуы бәсеңдейді осы арқылы организмдегі
қатерлі заттар патологиялық ортадан, лимфатикалық тамыр
мен түйін көмегімен венаға келіп қүйылады.
Қабыңу процесінің өршіген кезінде лимфатикалық
тамырларда тромб пайда болады, лимфатикалық жүйе
тежеледі де, қабынуды іріңді аймақтан жан-жаққа
таратпайды. Микробтар, олардан бөліп шығаратын улы
заттар жинақталып лимфа тамырларын, түйіндерін
патологиялық өзгеріске ұшыратады (И. Руфанов 1960).
Лимфа тамырларының қабынуы (лимфангоит) бет-жақ
аймағында сирек кездеседі, жиі кездесетіні лимфа
түйіндерінің қабынуы (лимфаденит).
10.
Этиологиясы мен патогенезі. Қабыну процесін әр микрофлорақоздыра алады, соның ішінде стафилококк пен стрептококктың
орны ерекше. Лимфадениттер одонтогенді, одонтогенді емес
болып бөлінеді. Одонтогендіге инфекциялы-одонтогенді қабыну
ошақтары (жедел және созылмалы перйодонтиттер, периостит,
жақ остеомиелиті, іріңді киста, перикоронарит, пародонтоз т. б.)
болып табылады.
Одонтогенді емес топтарына пиодермиялық, стоматогендік, риногендік, тонзилогендік т. б. симптоматиялық лимфадениттер
жатады, олардың тіс-жақ жүйесімен байланысы жоқ.
Кей уақытта алғашқы қабыну ошағын таба алмағанда және
қабыну процесі тез сөніп қалуына байланысты лимфадениттің
өздігінен (алғашқы лимфаденит) пайда болуы мүмкін деген
тұжырымға келеді.
Жоғарыда аталған лимфадениттердің барлығын арнайы емес
қабынуға жатқызамыз.
Ал арнайыға туберкулезді, актиномикозді, мерезді этиологиясы
бар лимфадениттер жатады.
Олар жеке тарауда сипатталған.
11.
Жедел лимфадениттерНауқас басын қимылдатқанда ыңғайсыздық білініп, қабынған
түйін немесе түйіндер аумағында әлсін-әлсін ауыру сезімі
туады.
Аурудың алғашқы белгісі, қабынған аймақта көлемі шағын,
домалақ, ауырмайтын немесе аздап ауыратын ісік пайда болады.
Науқастың ауру тарихында тістер бадамшасының, жақ-бет
аймағындағы тағы да басқа ағзалардың қабыну процестері
болғаны аталған.
Сары су лимфаденитінде науқас организмінде жалпы өзгеріс
байқалмайды, тек дене қызуы аздап көтеріліп (субфебрилді)
лейкоцитоз (аздаған) болады. Қарап көргенде ауырған жағында
қоршаулы ісік, терісі қозғалмалы өзгеріссіз болады.
Сипап көргенде ауыратын үлкейген, қозғалмалы тығыз, сопақша
пішінді, лимфатикалық түйіндер байқалады. Мұқият
тексергенде қабынудың алғашқы ошағы периодонтит,
пародонтоз, перикоронарит, стоматит, тонзилит, шиқан немесе
бет жарақаты т. б. анықталады.
12.
Алғашқы қабыну ошағын жойған кезде сарысулылимфадениттің кері дамуы басталады.
Емдеу дұрыс жүргізілмесе, сарысулы лимфаденит іріңді
лимфаденитке айналады.
Науқастар, солқылдаған ауыру сезімінің қабынған аумақта
күшейе түскеніне, мазасыздығына, тамаққа тәбетінің
жоқтығына, дене қызуының көтерілуіне (37,2—38,0 дейін)
шағым жасайды. Жергілікті периодонтиттің клиникалық
көріністерінің басым болуына байланысты, лимфатикалық
түйін шекараларының анықтығы жоғалады. Ол
қозғалыссыз, басқа түйіндермен жабысып бірігіп, іріңдей
бастайды. Қабынған түйіндер аумағындағы тері ісінген,
қатты, қозғалыссыз, қызарған, артынан ол жұмсарады.
Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды. Шеткі қан
айналысында, лейкоциттердің көбейгені байқалады. 10—
12 103 мкл, нейтрофилез сол жаққа жылжыған,
эозинопения.
13.
Патологиялық анатомиясы. Лимфатикалық түйіндегі қабынуоның қызаруынан және синустарының кеңеюінен басталады.
Эндотелий клеткалары жиырылып, домалақтанып, қозғалып
макрофагтың міндетін атқарып, микробтар мен бөтен заттарды
ұстайды.
Аденофлегмона. Инфекциялық қабыну процесі үдеуінен
лимфатикалық түйін қапшығының сырт жағындағы тіндерге
жайылып лимфаденитке тән клиникалық сурет жойылып
көбінесе остеофлегмонаға ұқсайды. Сөйтсе де
аденофлегмонаның дамуы, ағысы остеофлегмонаға қарағанда
жәй және ақырын болады. Дененің қызуы аденофлегмонада
37—38,7°, өте сирек жағдайда 39° көтеріледі.
Лейкоцитоз, нейтрофилез болады, ЭТЖ 30—40 мм/сағ дейін
көтеріледі, бұл суреттер жәй дамитын процеске тән.
Қарап көргенде лимфатикалық түйіндер аумағында жайылмалы
ісіктер көрінеді. Терінің қызарғаны, ісік үстіндегі терінің
қатаюы, артынан жұмсаруы остеофлегмонаға қарағанда кешірек
байқалады.
14.
Жедел лимфаденитті емдеу. Ем одонтогенді, одонтогендіемес инфекцияның алғашқы ошағын жоюдан басталады.
Кейінгі емдеу, аурудың клиникасына, кезеңіне байланысты.
Жедел лифадениттің сарысулы кезеңінде консервативтік ем
қажет, ол организмнің инфекциямен қарсыласуын,
күресуін күшейтуге арналады (құнарлы тамақтану,
поливитаминдер, десенсибилизациялық дәрі-дәрмектер).
Қабыну процесі асқына бастағанда антибактериялық
емдерді (антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран
қатарынан дәрі-дәрмектер), физиоемдеуді бастайды (УЖЖ,
ӨЖЖ сәл жылу мөлшерінде, УКС).
Іріңді лимфаденит пен аденофлегмонада іріңді ошақты тері
жағынан кесіп дренаж қояды. Қалған ем бет-жақ
аймағындағы абсцестер мен флегмоналарды емдеу
шараларына тән.
15.
Созылмалы лимфаденитСозылмалы арнайы емес лимфаденит жедел лимфадениттің
салдарынан немесе әлсіз вирулентті инфекцияның күшімен
болады.
Аурулар лимфатикалық түйіндер аймағында домалақ
ауырмайтын бірде үлкейіп, бірде кішірейетін ісіктерге көңіл
аударады. Созылмалы лимфаденитпен ауырған аурулардың
жалпы жағдайы қанағаттарлықтай, тек организмде созылмалы
ошақтың болуы дене қызуын субфебрильді көтеріп, тез шаршау,
мазасыздық туғызады.
Патологоанотомиялық суретте гиперпластикалық,
деструктивтік және іріңді (қозған) созылмалы лимфадениттерді
бөлуге болады. Созылмалы лимфадениттер бірте-бірте үзақ
уақыт бойы лимфа түйіндерінің лимфоидтық элементтерінің
гиперплазиялануымен сипатталады, кейінірек олар дәнекер
тіндермен қоршалады. Лимфа түйіні жиырылып, фиброздық
тартпаға айналып дәнекер тіндермен бірігіп кетеді. Созылмалы
арнайы емес лимфаденитті созылмалы арнайы туберкулезден,
актиномикотикалық және ме-резді этиологиясы бар
лимфадениттерден ажырату керек.
16.
Созылмалы лимфадениттерді емдеу. Жеделлимфадениттер сияқты алғашқы ошақты жоюдан
басталады, соның әсерінен бірте-бірте лимфатикалық
түйіндегі қабыну да жойылады.
Емдеу шараларды мыналарға бағытталған:
1) . Ауру организмнің жалпы иммунологиялық
қарсыласуын арттыру (толық диета, витаминді емдеу).
2) . Жалпы организмдегі иммунды жүйенің
функционалдық белсенділігін арттыру (арнайы емес
терапия, алоэ экстрактысы, ФИБС, пирогикол,
преднизолон салу, УКС).
3) . Бет-жақ аймағындағы иммундық қасиетін күшейте
отырып, қабыну ошағындағы иммунды процестерді
арттыру (УЖЖ, ӨЖЖ, ультрадыбыс, калий йодитімен
электрофорез). Егер осы комплексті емдеу шараларынан
лимфатикалық түйіндер кішіреймесе оны сылып алып
тастау қажет.
17.
18.
19.
ЛимфангоиттерЭтиологиясы және патогенезі. Лимфангоит немесе лимфангит — лимфа тамырларының
қабынуы. Лимфангоит микрофлораның және олардың токсиндерінің лимфа жолдарына
өтуінен пайда болады. Ол периодонтта, периостта жақ сүйектерінің қабыну процестері
кезінде дамиды. Лимфа тамырларына ісік клеткаларының ыдырау өнімдері және де бөгде
заттардың енуінен де лимфангоит дамуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Лимфангоиттар жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел
қабыну процесі беткей немесе терең орналасқан лимфа тамырлар торларында дамиды.
Созылмалы лимфангоиттар жедел қабыну процесінің созылмалыға өтуінен дамиды, ол
организмнің қорғағыштық қасиетінің төмендеуінен немесе антибиотиктерді дұрыс
қабылдамау әсерінен дамуы мүмкін.
Жедел лимфангоит қамтылған тамырлар топографиясына сәйкес торлы (ретикулярлы)
және тармақты (турункулярлы) болып бөлінеді.
Ретикулярлы немесе торлы лимфангоит жара, шиқан, көршиқан айналасындағы беткей
орналасқан лимфа тамыр торларының қабынуымен ерекшеленеді. Нәтижесінде тілмелік
қабынуға ұқсас клиникалық көрініс береді. Қызару және ауру сезімі байқалады, кейіннен
инфекциялық ошақтан лимфа түйіндеріне бағытталған жіңішке қызыл жолақтар пайда
болады. Дене қызуы 38—39° дейін көтеріліп, қалтырау және уланудың басқа да көріністері
байқалады (құрғақ тіл, бас ауруы, тәбеттің болмауы).
20.
Турункулярлы немесе тармақтық лимфангоит ірі лимфа тамырларынқамтиды, тері бетінде біріншілік инфекциялық ошақтан аймақтық
лимфа түйіндеріне бағытталған 1—2 ашық-қызыл жолақ байқалады.
Бұл жолақтар лимфа тамырлары қабырғаларының қабыну әсерінен
қызаруынан пайда болады. Алғашқыда жолақ бойымен сыздаған ауыру
сезімі анықталады. Кейіннен тығыз, басып тексергенде ауыру сезімі
бар жолақтар, ал олардың айналасындағы тіндерді ісіну және кернеу
пайда болады. Лимфа тамырларынан қабыңу процестерінің оны
қоршаған тіндерге өтуі (перилимфангоит) терідегі қызару көлемінің
ұлғаюы, бет және мойын жұмсақ тіндерінің ісінуімен суреттеледі және
төменгі жақасты немесе мойын аймақтарының лимфадениттеріне
ауысады.
Терең орналасқан лимфа тамырларының қабынуы негізінен, беткей
лимфа тамырларының қабынулары әсерінен дамиды.
Емдеу шаралары негізінен біріншілік инфекциялық ошақты жоюға
бағытталуы керек. Жергілікті хирургиялық емдеумен қатар,
антибиотиктер, сульфаниламидтер және т. б. тағайындалуы тиіс.
Алдын алу. Біріншілік инфекциялық ошақтарды дер кезінде тоқтату
(периодонтиттер, периоститтер, остеомиелиттер, гаймориттер т. б.).