Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер:
2.12M
Category: medicinemedicine

Жақ - бет аймағының одонтогенді емес ісіктері

1. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Студенттің Өзіндік
Жұмысы
Тақырыбы:Жақ - бет аймағының одонтогенді емес
ісіктері.
Тексерген: Хабиева А.
Орындаған: Турдыбаева Н.М.
Тобы:206

2. Кіріспе бөлім

Ісік ауруларынан жақ бет аймағында одонтогенді және
одонтогенді емес киста, қатерсіз және қатерлі ісік кездеседі.
Ісіктерді анықтауда рентгенологиялық зерттеу әдістері –
интра және экстраоралды рентгенография, контрасты
заттарды қолданып өткізілетін зерттеулер – сиалография,
гайморография, цистография, сызықтық, панорамды және
компьютерлік томография, магниттік резонанстық
томография, ультрадыбыстық және радионуклидті
зерттеулер жасалады. Жақ-бет аймағы жұмсақ тіндерінің
қатерлі және қатерсіз ісіктерінің орналасқан орны, пішіні,
өлшемі, шеттері, құрылымын анықтауда ультрадыбыстық
зерттеу өте мәліметті.Жақ-бет аймағы ісіктерінің
радионуклидті зерттеуі арқылы біріншілік ісіктік түзілісті,
орналасқан орнының анатомиялық-топографиялық
ерекшеліктерін нақтылау, метастаздарды, рецидивқайталауды анықтау және ем нәтижесін бақылау мүмкін.

3. Негізгі бөлім

Инфекция көзі мен таралу жолына қарай
одонтогенді,
одонтогенді емес
Одонтогенді емес қабыну процестері
тонзилогенді, риногенді, отогенді,
травмалық (зақымдау), гематогенді,
лимогенді, контактылы (жанама) болып
бөлінеді.

4.

Қабыну
процестерінің этиологиялық
факторы көп жағдайда (96-98%)
одонтогенді инфекция, яғни микроб агенті
инфекциялы тіс қуысынан алдымен түбір
ұшы периодонтына, содан соң көптеген
майда тесіктер арқылы тіс ұяшығы
қабырғаларынан альволды өсінді мен жақ
сүйегі кемігіне тарайды. Сонымен қатар
сүйек тіндеріне инфекция түсу көзі болып
тіс маңы іріңді кисталары, альвеолит,
маргиналдық периодонтиттер т.б.
табылады.
Тек 2-4% жағдайда одонтогенді емес
инфекция болады, яғни гематогенді,
лимогенді, контактылы т.б.

5.

Одонтогенді емес киста.
Жоғарғы жақтың шар тәріздес кистасырентгенограммада жоғарғы жақ күрек және сүйір (ит) тіс
арасында орналасып, тіс аралық қалқаға жайылады, шеті
тегіс, анық, сүйектің ошақты деструкциясы түрінде
анықталады.
Солитарлы киста- жарақат нәтижесінде болған
остеонекроздық үрдіс және гематомадан келіп шығады,
рентгенограммада тіс түбірі ұшында пішінсіз, шеті тегіс,
анық деструкциялық ошақ, сүйектің қатты қабаты
жұқарған, бұзылмаған.
Мұрын-таңдай өзегі кистасы- сүйек ішінде қалған
эмбрионалды эпителийден дамиды, рентгенограммада
дөңгелек немесе сопақша пішінде, шеті тегіс, анық сиреген
сүйек тінінен пайда болған ошақ түрінде, қатты таңдайдың
алдыңғы бөлігі орталық

6.

Одонтогенді емес қатерсіз ісіктер.
Остеома- жетілген сүйек тінінен өсетін
қатерсіз ісік болып,құрылымдық ерекшелігіне
байланысты жинақы, кеуектіжәне аралас
түрге ажыратылады. Жиі төменгі жақ тіл
бетінде, мұрын қойнаулары айналасы, маңдай
және торлысүйекте орналасады.
Рентгенограммада сүйекте бір немесе
бірнеше дөңгелек пішіндегі, жалпақ табанды
немесе жіңішкеаяқшалы, шеті тегіс, анық
көрінетін көлеңке анықталады

7.

8.

Остеокластома- жиі төменгі жақта, 20-30 жаста, баяу өсетін
ісік. Рентгенологиялық көрінісінің ерекшелігіне байланысты
торлы- ұяшық тәрізді, кистозды (қуысты) және
литикалық түрге бөлінеді. Торлы- ұяшық тәрізді түрінде
деструкциялық ошақта бір- бірінен жіңішке қалқалармен
ажыралған көп санды қуыстар анықталады.Қуысты
(кистозды) түрінде рентгенограммада дөңгелек немесе сопақша
пішінді, шеті анық, тегіс қуысты көлеңке көрінеді.Литикалық
түрінде сүйектің шеткерісінде шеті анық, құрылымы және
қоюлығы әр келкі ошақты деструкцияболады.Ісіктің өсуіне
байланысты сүйек тығыз қабаты жұқарып, ығысуы
анықталады. Тығыз қабаттың үзілісі ісіктің қатерлі түрге
айналғанын білдіреді. Остеокластома жақ сүйегінің
деформациясына, тіс түбірінің сорылуы, ығысуы және
қимылдауына, мұрын қойнаулары, көзге, мұрынға жайылып өсіп
беттің деформациялануына алып келеді. Остеокластоманы
кератокиста, амелобластома, миксома,
сүйек ішіндегі гемангиома және остеогенді саркомамен
ажырату диагностикасын жасау қажет.

9.

10.

Гемангиома- сүйек ішіндегі және жақ сүйегі
айналасындағы жұмсақ тіндер қан тамырынан келіп
шығады, жиі әйелдерде,қыздарда, 10-20 жас аралығында
кездеседі. Сүйек айналасындағы жұмсақ тіндердің
гемангиомасының рентген суретінде сүйек шетінде
қысым әсерінен табақша тәріздес дефекттің және
диаметрі 5-6 мм-лік флеболиттер, ангиолиттердің
болуымен сипатталады.
Жақ сүйегі ішіндегі гемангиома рентгенограммада шеті
анық немесе анық емес кисталық қуыс, әр түрлі пішіндегі,
өлшемдегі көп санды сүйектің ошақты деструкциясы
түрінде анықталады («сабынды көпіршік» көрінісі). Жақ
сүйегі тығыз қабығы ісік көлемінің ұлғаюына
байланысты алдымен ығысады, соңынан жұқарады және
жақ сүйегінің деформациясына алып келеді.

11.

Хондрома- шеміршек тінді қатерсіз ісік,
жиі жоғарғы жақтың алдыңғы бөлігінде
орналасады, өсуі баяу, тістің ығысуы
байқалады. Сүйекте орналасуына
байланысты:энхондрома-сүйек ішінде
және экхондрома- сүйек сыртындағы
түрлерге ажыратылады. Рентгенограммада
энхондрома дөңгелек пішінді, шеті анық
ошақты деструкция, ал экхондрома сүйек
тығыз қабатының шеткері дефектісі
түрінде анықталады. Қатерлі
хондросаркома ісігіне айналуы мүмкін.

12.

13.

14.

Остеохондрома- жоғарғы жақ қойнауы
қабырғасы және төменгі жақ айшық тәрізді
өсіндіде орналасатын қатерсіз ісік. Рентген
суретте шеті анық, кеуекті түзіліс, сүйек
өлшемінің ұлғаюы және деформациясы
анықталады. Жиі самай- төменгі жақ буыны
қызметі бұзылады.
Остеоид- остеома- остеоид және жетілмеген
сүйектінді, қантамырлы қатерсіз ісік. Сүйектің
тығыз қабатында өлшемі 1,0 см-ге дейін, шеті
анық деструкциялық ошақ, ал остеобластомаөлшемі 1,0 см-ден үлкен сүйектің кеуекті
бөлімінде орналасқан деструкциялық ошақ
түрінде
анықталады.

15.

16. Пайдаланылған әдебиеттер:

Интернет
желісі
English     Русский Rules