Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Өмір жолы
1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек»
Зерттелуі
Зерттелуі
Базардың арнау өлеңдері
Бақа биге
Пішанның Төребайына көңіл айтуы
«Нарманға», «Маутанға» атты туындылары
Қаражан болысқа
Көнек Жалғасбайдың ел-жұртымен бақылдасуы
Базар жырау дастандары
«Айна-тарақ» дастаны
Әмина қыз
Мақпал-Сегіз
Сұм дүние
Халықтың аузын тұшыттым
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Назарларыңызға рахмет!
2.19M
Category: biographybiography

Базар Жырау Оңдасұлы

1. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Базар жырау Оңдасұлы
Дайындаған: Рахматулла Г.А
Қабылдаған: Кажиакбарова Р.Б
Шымкент 2018

2. Өмір жолы

Базар Жырау Оңдасұлы
Балқы Базар (1842, қазіргі
Қармақшы ауданы ауыл –
1911, Өзбекстан, Тамды
ауданы Жалпақтау деген
жерде) – жырау. Руы –
шөмекей ішіндегі Балқы,
сондықтан ел арасында Балқы
Базар аталып кеткен.

3.

Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше
нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында
Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна сол кездегі
Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп,
апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға
түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау
15 – 16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би
Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-ғайыр той
жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан
жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы
кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы,
Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде
аралайды.

4.

Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы
дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды
жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм
жағында болған кездерінде Орта Азия
жұртшылығы арасында кеңінен мәлім
дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет»,
т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына
таратады. Сонымен қатар шығыс
аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна –
тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады.

5. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек»

жырына да көп
өзгеріс енгізіп, қайта жырлап, ел арасына
таратады. Мұның өзі Базар жыраудың
нәзирашылдық жолды ұстанғанын
байқатады..

6.

Оның жырлары афоризмге толы, жырау ел аузында
айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп,
қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша
мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады. Сонымен
қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалардың да өнегелі
сөздерін ретті жерінде жырға қосып отырады.

7.

Жыраудың жастық шақ, табиғаттың әртүрлі маусымы,
туып-өскен жер, т.б. жайлы шығарған толғау-термелері де
көп. Сараң байларға, қиянатшыл әкімдерге, арнаған сынсықаққа толы, қазақтың ауызекі поэзиясындағы арнауэпиграмма жанрында шығарылған бірқақпайлары да
жетерлік. Базар жырау домбыраны өте жақсы тартқан, Сыр
бойында таралып жүрген, көпке ортақ әуендерді өз даусына
лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп
қолданған. Оның жырлау сазы өте әсем, қисса мен
толғауларды орындағанда неше түрлі құбылып отырады.
Бұдан жыраудың сазгерлік қабілетінің де болғанын
аңдаймыз.

8. Зерттелуі

Жырау көзі тірісінде, әсіресе, қартайған шағында
құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген
оқыған баласына ауызша айтып отырып, көп толғаужырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Жыраудың өз
айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлеңжырлары, 5 дастаны сақталған. Базар жырауды көзі
тірісінде-ақ Сыр бойының жыраулары мен шайырлары
өздеріне ұстаз тұтқан, оның өнегесін ұстанған. Базар
жыраудың өлеңдері 20 ғ-да ғана баспа бетін көре
бастады.

9. Зерттелуі

1925 жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағына,
1931 жылы жарық көрген «Қазақтың әдебиет
нұсқалары» атты кітаптарға енді. Оның
шығармаларына С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, аса
жоғары баға беріп, Бұқар жырау мен Махамбеттен
кейінгі толғау алыбы деп таныған. Жырау
шығармаларын жинастыруда Ә. Диваев, Сейфуллин,
Ә. Марғұлан, Ә. Қайнарбаев үлкен еңбек сіңірді.

10. Базардың арнау өлеңдері

Жеке адамның басына арналған толғаулар қазақ
поэзиясында аз емес. Тіпті, дәстүрге айналған көрініс
десе болады. Базардың жеке адамдарға арнап айтқан
өлең-толғаулары көлем жағынан мол, көркемдігі
күшті. Оған мына туындылары жатады:

11. Бақа биге

Базар өмірі сән-салтанатты өмір болмаған. Тар жол, тайғақ кешулі ғұмыр.
Кезінде ол бір болыстың жала жабуымен Қазалы қаласының түрмесіне түсіп
қалған. Түрме қасынан өтіп бара жатқан Бақа биді көріп қалып, қолма-қол:
«Ассалаумағалайкүм,
Айбектің батыр Бақасы!
Шөменнің алтын сақасы.
Жақсы сөзбенен ашылар
Көңілдің қайғы-қапасы.
Жадыңа дұрыс алмасаң,
Көзіңнің қырын салмасаң,
Қайратты туған Би-аға,
Арлаған Базар ініңнің –
Болмай тұр еркін сапасы…» – деген екен. Бақа би Базар жыраудың қарызын
төлеп, түрмеден шығарып алған [6; 214-215].
Сөйтіп, қыспақта, түрмеде жатып қиналған кезде даңқты жырау «Бақа биге»
деген өлеңін [4; 99-100] осылай шығарған.

12. Пішанның Төребайына көңіл айтуы

Адам баласының өмір бойы күресіп, жеңе алмай келе жатқан, ешкімді ешуақытта құтқармаған Жебірайылдың қара құрығы –
өлім. Сол өлімге Базар да қатты наразы. Ол өлімнің хақ екенін мойындаса да оған күні бұрын бас игісі жоқ. Өмірді нәтижелі
өкінішсіз өткізуді тілейді. Оның шоқтығы биік тұрған шығармасы – Үш жүздің басы қосылған Бекеттің асында Пішанның
Төребайына айтқан көңілқосы. Төребайдың Ысқақ деген баласы он сегіз жасында қайтыс болған. Тірінің қуанышына, өлінің
қайғысына өлең арқылы көңіл білдіру халқымызда бар дәстүр.
Жыраудың Төребайға көп алдында көңіл айтып, қайғы-шеріне ортақтас екенін білдіретін «Пішанның Төребайына көңіл
айтуы» деген толғауы терең тебіреністен туған. Бұл – ақпа ақынның жыр күмбезін көкке көтеріп, шарықтаған кезі,
мөлдіреген бал бұлақтан меруеттей төгілген маржан жыр [4; 82]:
«Сабырдан өзге шара жоқ,
Қайтыңыз, мырза, райдан.
Бұл секілді нәубеттің,
Ақырын сұрап Құдайдан.
Көкте ұшқан көк сұңқар,
Тау бөктерлеп ұшатын,
Тас бөктерлеп қонатын.
Жасаған жаппар кәр қылса,
Өрден аққан дария,
Сағасынан тынатын.
Ер көтерген көк сүңгі,
Күні бүтсе шарт етіп,
Ұңғысынан сынатын.
Қайысқан сынды болатың,
Қайырылып сынды қанатың.
Өлімнің қатты әсері,
Өзегің өрт боп жанатын.
Жағдайсыз жерден оқ тисе,
Әркімдер естен танатын.
Көтермеске әл нешік,
Алланың салған санатын».
Төребайға көңіл айтудың ақыры оны жұбатуға жалғасады. Бұл жырда қайғыға ұшыраған кісіні жұбатумен қатар өнегелі
өсиет, ізгі сезімдер де шендесе келеді.

13. «Нарманға», «Маутанға» атты туындылары

Базардың арнау жырларында сол кездегі әлеуметтік ортаның ісәрекеті, дүние танымы шеберлікпен суреттеледі. «Маутанға»,
«Нарманға» деген өлеңдерінде ел билеген бай, әкімдердің
әділетсіздігі әшкереленеді. Мысалы, «Маутанға» атты
туындысында жырау олардың жұмыртқадан жүн қырқып, қара
судан қаймақ қалқыған сараңдығын суреттейді [4; 122]:
«Кей байлар төрт түлікке сай болғанмен,
Сусынға бір толмап ед тостағаны.
Маутекем аттың жайын көп айтып ед,
Сонда да екі қолы бос барады!
Жалғанда не сараң, не сақи деген,
Пенденің артында бір ат қалады.
Көз жұмбай бұл дүниеден ешкім қалмас,
Бәрі де арасатқа аттанады».

14. Қаражан болысқа

Әйгілі жыраудың өткір сатиралық шығармасы – «Қаражан болысқа» өлеңі.
«Қаражан болыс жұрт жиып, той жасап, арнайы кісі жіберіп, Базар жырауды шақыртады. Кілем төсеп, құрметтеп, төрге отырғызып: «Базеке, тойға қызмет етіңіз», – дейді. Тыңнан тербеп, соныға сілтеген арқалы
жыраудың толғаулары таң атқанша толас таппайды. Бірақ бай айтқан уәдесіне тұрмай ертеңіне өзі арық, жауыр,
кәрі ат береді. Нысанаға алған кісісін бет-жүзіне қарамай кемшілігін тізе, жер-жебіріне жететін болған арқалы
жырау Қаражан болыстың жалған сөйлеп, жалт бергенін көп алдында аямай айтып, сойып салады» [5; 12-13].
Ақын Қаражан болыстың көкірек кергенін, арсыздығын былайша әшкерелейді [4; 125]:
«Дүниенің қызығына түсемін деп,
Талайлар құр қалып жүр абыройдан.
Өзі арық, өзі жауыр, алжыған көк,
Қолыңа қапелімде түсті қайдан?!
Май құйсаң да оңбайтын өте кәрі,
Қонбайды өлетінге берген дәрі.
«Болыстың берген аты осы ма?» – деп,
Мазақтап күле берді жұрттың бәрі,
Мен – Базар, сен – Қаражан деп
айтамын
Болыстың өкпелесе ықтияры.
Той қылдың мақтанышпен жұртты жиып,
Төбеге тұрды халық әрең сыйып,
Жануар көп тұтынған малың екен,
Қолыңнан не қып шықты көзің қиып.
Шақыртып, әдейі арнап алып едің,
Мен саған келіп пе едім өзім тиіп».
Базар жырау осылай төбе толған халық көзінше сараң мырзаның масқарасын шығарып, астындағы атын түсіп
беруге мәжбүр етеді.

15. Көнек Жалғасбайдың ел-жұртымен бақылдасуы

Қатты ауырған Жалғасбайдың атынан айтылған «Көнек Жалғасбайдың ел-жұртымен бақылдасуы» атты өлең – ауыз
әдебиетіндегі мұң-шер дәстүріндегі толғау [4; 91]:
«Жабырқап жаны ашитын,
Кәнеки біздің ағайын,
Белден қазып көмгендей.
Достың сәні болмайды.
Екі көңіл тең келмей,
Жаттың жайы белгілі,
Етектен ілген шеңгелдей.
Еш пайда жоқ қайғырып,
Жылағанмен өнгендей.
Ақырын ақтап тілеңдер,
Өкініштен пайда жоқ,
Бүгінгі күн болып тұр,
Ортаңнан шырақ сөнгендей.
Енді менің басымнан,
Айналып тұр кетуге,
Салтанатты сәулетім.
Ажалға ара тұра алмайды,
Қайратым мен дәулетім.
Амалым бар ма таусылса,
Кездессе кезек нәубетім».
Басқа біреудің атынан өлең шығару – ақындарда кездесіп тұратын жағдай. Көнек Жалғасбайдың өлеріндегі елжұртымен «Қоштасу» жыры ретінде айтылған Базардың бұл толғауында өмірге қайтып келмес, қиын халге кезіккен
жаралы жүрек зары, соңғы демі үзілер сәттегі сезімді селт еткізіп, кісіге ой салар, оқыс оқиға баяндалады.

16. Базар жырау дастандары

Базарды Базар етіп оның даңқын шығарған толғаулары екені
анық. Әдебиет зерттеушілерінің бұрынғы-соңғы еңбектерінде
бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ, ол айшықты,
нақыл сөздерге толы өлең-толғауларынан басқа, кең тынысты
эпикалық жырлар да шығарған ақын.
Жырау шығыс сюжетін пайдалана отырып, назира үлгісімен
«Айна-тарақ» [4; 139-150], «Әмина қыз» [4; 151-163] және
«Мақпал-Сегіз» [4; 164-191] атты хикаялы үш дастан шығарып
таратқан. Бұларда да автор ізгілік пен тазалықты,
адамгершілікті, өмір тетігі – өнер-білімнің пайдасын асқақ
үнмен ардақ тұта жырлаған:

17. «Айна-тарақ» дастаны

Базар жыраудың жалпы саны 19 дастаны болған деген әңгіме бар.
Алайда қазір қолымызда бары 5-6-ы ғана. Енді осы дастандардағы Базар
жырау келтірген фольклорлық сипаттар мен авторлық, реалистік көркем
шешімдерге келейік. Базар жырау «Айна-тарақ» дастанының соңында:
Өлеңге осы сөзді айналдыр деп,
Өтінді үлкен-кіші, қатар-құрбы,
Сол жерде ертегіні еттім дастан
Толтырған уақытым еді отыз бірді,деп жырлайды

18.

«Айна-тарақтың» сюжеттік желісі атақты бай балаларының - ағайынды
үш жігіттің хан қызына ғашықтығы туралы айтуға құрылған. Дастан
желісіндегі сюжет шағын, қарапайым. Ағайынды үш жігіт бір-біріне
білдірмесе де хан қызына өлердей ғашық. Үшеуі де Бұхар қаласына сауда
жасап, мал сатып қайтуға аттанады. Кетерінде оңашалап қызға жолығып,
қандай сыйлық әкеп береміз деп сұрайды. Қызға бір-біріне білдірмей көңілін
білдіреді, ғашықтығын айтады. Қыз да үшеуінің көңілін қалдырмай, аманесен оралыңдар, сосын көрерміз деген сыңайда жігіттерді аттандырып
салады. Үш жігіттің үлкеніне кілем, ортаншысына айна, кішісіне тарақ
әкелуді тапсырады. Бұхарға барып, басқа шаруаларын бітіргеннен кейін
әдейілеп қыздың өтінішін орындауға кіріседі. Үлкені таңдап жүріп кілемді
1000 ділдаға, ортаншысы айнаны 2000 ділдаға, кішісі тарақты 3000 ділдаға
сатып алады. Бұл заттардың осыншама қымбат бағалануы иелерінің айтуы
бойынша, олардың тегін, жай заттар еместігі, сиқыр бары себепшілігінен деп
жырланады. Кілем - айшылық алыс жерлерге лезде жеткізетін ұшқыш кілем,
айна - дүниенің төрт бұрышын түгел көрсете алатын құдіретті айна, тарақ өлген адамды тірілтетін сиқырлы тарақ. Ауылға аттанар алдында қызға
алған сыйлықтарын сынап көрмек мақсатпен айнаны қолға алып қарағанда,
ауылдағы қорымға жиналып, өлік шығарып жатқан жерлестерін көреді,
арулап көмгелі жатқаны ханның қызы - ғашықтары болып шығады. Дереу
жету үшін ұшқыш кілемнің сиқырын пайдаланып, 2-3 сағат дегенде елге
жетеді. Тарақты төсіне қойғанда өлген қыз тіріледі.

19.

Осы шумақта маңызды екі дерек бар. Оның біріншісі - Базар
жыраудың 31-дегі шағы, яғни дастанның дүниеге келген уақыты
1872-73 жылдар болуы. Демек ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі
Сыр өңірінің әдебиет дәстүрінен «Айна-тарақ» дастаны арқылы
хабар ала алатынымыз ақиқат. Екінші дерек, «Айна-тарақ»
дастанының мазмұны ел арасына ерте тараған, дастанның басында
айтылатындай Әзіреті Әбу Жүсіптің заманынан бері келе жатқан
ертегіден алынған. Ел аузында ертеден айтылып келе жатқан дін,
жаратылыс құпиялары, жаратушы құдай, жын-пері, шайтан т.б.
жөніндегі ертегілерді, аңыз-әңгімелерді қиссаға, дастанға
айналдыру қазақ әдебиеті тәжірибесінде ХІХ ғасырдың орта
тұсынан басталса, Базар жыраудың «Айна-тарақ» дастаны - осы
бағыттағы алғашқы туындыларының бірі. «Айна-тарақтың» бір
артықшылығы әдебиетіміздің Кеңес дәуіріне дейінгі уақыттағы
басқа шығармаларға қарағанда тілінің араб-парсы сөздерімен көп
шұбарланбай таза сақталып келуі. Жалпы тіл тазалығы - Базар
жырау мұрасына тән ең басты ерекшеліктердің бірі.
Үш жігіт қызға таласу барысында өз заттарының
артықшылығын бір-бірінен асыра айтып, қанша дауласқанымен
бір мәмілеге келе алмайды. Қызға ғашық үшеуінің дауын шешу.

20. Әмина қыз

«Әмина қыз» – сиқыр күшке сенетін шығыс тақырыбына
арналған шығарма. Бағдат шаһарындағы бір жігіт әкеден
қалған мол байлықтың арқасында Әмина атты бір қызға
үйленген. Жігіт алған жарына қаншама ықылас, кең пейіл
көрсеткенмен кенет әйеліне тосын мінез пайда болған.
Әмина дуаның күшімен сиқырлап, ерін итке айналдырып
жібереді. Жеті жыл ит болып, көп азап шегіп, ақыры бір
қыздың жәрдемімен адам қалпына келген. Жырау бұл
шығармасында әділдік жолын берік ұстаған адал адам,
талай тауқымет қиыншылықтарға кездессе де, оны жеңіп,
мерейі үстем болып, ойға алған мақсатына жетеді деген
қорытынды шығарады [5; 16].

21. Мақпал-Сегіз

Базар дастандарының ішіндегі ең көркемі – «МақпалСегіз». Ақынның бұл еңбегінде бас бостандығын аңсаған
екі жастың мөлдір махаббаты жырланған. Қызын теңге
бермей малға берген кер заманның шындығы көркем
бейнеленген. Жырдың тілі бейнелі, көркем де шешен.
Дастанның құрылысы – жеті-сегіз буынды жыр үлгісі және
он екі буынды қара өлең.
Демек, Базар жыр-толғаулар ғана емес, көлемді дастандар
да жырлаған арқалы жырау.
1986 жылы жарық көрген дербес кітап – Базар жыраудың
толық жинағы емес. Бірнеше арнау өлеңдері, Құдай мен
Пайғамбардың аты аталған термелері, үш мың жолдық
«Жүсіп-Ахмет» дастаны бұл кітапқа кірмей қалған.

22. Сұм дүние

Кез келген мәселені нақты, деректі жырлау арқылы Балқы Базар
шығармалары толғаудың жанрлық мүмкіншілігін жетілдіре түсті.
Көркем шығарманың өзі өмір сүріп отырған дәуірдің ділгір
мәселелерін көтеруін, уақытпен үндесуін, реалистік сипатының
артуын жолға қойды. Сондықтан да біз сөзімізді Базар жыраудың
«Сұм дүние» атты керемет толғауындағы [4; 76-77]:
«Мына қысқа дүниеден,
Шайыр өлмес дер едім;
Сайраған қызыл тіл берген,
Көңіліне сонша жыр берген;
Алжаспай сөзді ағытып,
Есебін тауып үлгерген;
Мәжілісінде жақсының –
Дәурен сүріп, күн көрген;
Ерегескен олармен –
Ажалы жетпей күнде өлген»

23. Халықтың аузын тұшыттым

Базар жырау Оңдасұлы өзінің халық алдындағы қадір-қасиетін түсіне
білген. Елі, халқы үшін еңбек етіп, адал жүріп анық басқан.
Дұшпанын сынаудан бір тынбай, тілін тартпай өткен. Заманының
шыншыл жырауы болған. Өзінің «Құмарын тарқат алқаның» атты
толғауында «Халықтың аузын тұшыттым», – деуінің сыры да осы [4;
27]:
«Тереңдігім теңіздей,
Қайратым қоңыр өгіздей.
Халқымның аузын тұшыттым,
Сере шыққан семіздей.
Дабысым кетті алысқа
Жиреншенің өзіндей».
Бұл туындысында ақын өзін халыққа аңыз болған Жиренше шешенге
салыстырады. Бұл жайдан-жай айтылған салыстыру деп айтуға
болмайды. Шынында да, Базар – өз тұсында аты аңызға айналған
шешен. Оны халық Жиреншеден кем көрмеген [1; 675].

24. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы: Оқулық. –
Алматы: «Санат», 1997. – 928 бет.
2. http://akikat.kazgazeta.kz/?p=8308
3. https://kk.wikipedia.org
4.Базар жырау. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. – 200
бет.
5. Алдашев Ш. Базар жырау (1841-1911) // Базар жырау.
Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986, 5-20 – беттер.
6. Неталиев М. Кіші жүз шежіресі (Тарихи-этнографиялық
зерттеу). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2014. – 296 бет.

25. Назарларыңызға рахмет!

English     Русский Rules