49.31K
Categories: biographybiography literatureliterature

Сәбит Мұқанов

1.

Сәбит Мұқанов
Орындаған:Ермеков Еркін
Қабылдаған:Бейсенбаева Раушан
Тобы:117-82

2.

• Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) - қазақ әдебиетінің
негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның
халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының
академигі. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл
ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған. Омбыдағы
оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар
факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар
институтының әдебиет бөлімін бітірген.

3.

• Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы
жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып
үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та
шығара бастайды. 1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар
курсында білім ала жүріп Мағжан Жұмабаев хатшылық еткен.
Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1921 жылы
Ақмола губерниясы мемлекеттік саяси басқармасының төтенше
әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921-1922 жылдары әр түрлі
қызметтер атқарып, ел арасында астық жинау жұмысын
жүргізген. 1922-1926 жылдары Орынбордағы жұмысшылар
факультетінде оқыған. 1926-1928 жылдары баспасөз
орындарында қызмет атқарып, республикалық «Еңбекші қазақ»
(қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті бөлімінің меңгерушісі,
Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметтерін
атқарған.

4.

• 1928 жылы Петропавл қаласының «Кеңес ауылы» газетінің
редакторы және Жазушылар бөлімінің жетекшісі болған. 1930
жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде
«Жарыс» альманағын шығарған. 1932-1935 жылдары Мәскеудегі
Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімінде оқыған.
1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті»
газеттерінің редакторы болып, 1936-1937 жылдары Қазақстан
Жазушылар одағын басқарған. 1937-1941 жылдары Қазақтың
Абай атындағы педагогикалық институттың профессоры болып,
қазақ әдебиетінен сабақ берген. 1943-1951 жылдары екінші рет
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарған.
1958-1969 жылдары Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау
комитетінің мүшелігіне, 1965-1969 жылдары Араб елдерімен
достық жөне мәдени байланыстар қоғамы қазақ бөлімшесінің
төрағалығына сайланған.

5.

• Сәбит Мұқанов әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір,
заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ
әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы
қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді,
идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың
жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма,
бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер,
оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын
талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және
этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағы басқа сансалалы кітаптар жазды.

6.

• Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары,
мақалалары мен әңгімелері («Көңілім», 1917; «Бостандық»,
1919, т.б.) 1917 жылдан жариялана бастады. Ол 1924 жылы
өлеңдер мен мақалалардан және аударма шығармалардан
тұратын «Совет өкіметі һәм қазақ әйелі» атты тұңғыш
кітапшасын шығарған. 20 жасынан поэма жаза бастады:
«Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды көл», «Жүйткі, қара
айғырым», 1926-1927 жылдары «Кешегі жалшы мен бүгінгі
жалшы», «Октябрьдің еткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры»
повесі жарық көрген. 1928 жылы «Сұлушаш» дастаны, 1931
жылы «Адасқандар» романы (орыс тілінде «Сын бая», 1934),
тағы басқа туындылары жарияланды. «Сұлушаш» дастанында
ғашықтық, махаббат мәселесін көтере отырып, әлеуметтік мәні
зор түйіндерді толғаған. Ал «Адасқандар» романы қазақ
әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды. Ол бұл
романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы «Мөлдір
махаббат» деген

7.

• 30-жылдары «Майға сәлем» (1933), «Сөз - Советтік армия»
(1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау»
романы (1938), тағы басқа туындыларынан замандас бейнесі,
қоғам кескіні аңғарылады. Одан соң «Теміртас» (1935), «Есіл»
(1937) романдары, «Достар» (1937) повесі, тағы басқа
шығармалары жарыққа шыққан. «Жұмбақ жалау» (1938,
«Ботагөз», 1948, орыс тілінде «Ботагоз») романында
Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды
бейнелеген. 1-дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан
революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда
Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман
сюжетіне аркау болған. Романдағы басты тақырып - қазақ
халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры.

8.

• Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген
келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде
аударылып басылды. «Ботагөз» романына негізделіп пьеса жазылып, Казақстан
театрлары сахнасына шықты, кинофильм түсірілген. Сәбит Мұқанов 40-жылдары
«Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін, «Сырдария» романын,
«Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің
ажалы», тағы басқа прозалық жөне поэзиялық шығармаларын жазды. Прозада ол
роман мен мемуарлық әдебиеттің дамуына үлес қосты. 50 жылдары «Шоқан
Уәлиханов» драмасын, «Тындағы толқындар» романын жазды. «Саяхаттар», «Туған
жердің тыңында», «Тыңда тұнған байлық», «Алыптың адымдары», «Адам-Атаның
шоқысында» кітаптарын шығарған. Өлеңмен жазылған «Замандас туралы аңыз»
атты шығармасын 1961 жылы жариялады. Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы
ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы
терең зерттеді. Омбының, Ленинградтың (Санкт-Петербор) мұрағаттары мен
кітапханаларында болып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинаған. Соның
нәтижесінде оның қаламынан «Шоқан Уәлиханов» пьесасы мен «Жарқын
жұлдыздар» атгы зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында
Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романын жазып, оның екі кітабын шығарған.
Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бүл роман аяқталмай қалған.

9.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules