206.00K
Category: philosophyphilosophy

Махаббат феномені

1.

2.

1. Махаббат философиясындағы негізгі
түсініктер.
2. Махаббаттың сипаттамалары.
3. Махаббаттың түрлері.

3.

Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда
адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды
философиялық ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат
ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ
сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет
ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың
тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни
өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып
отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады.
Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл
екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат
ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі
грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты
білдіреді.

4.

Орта ғасырларда
христиандық ілімі
махаббатты адамның мәнін
терең ашатын
адамгершіліктің ең жоғарғы
принципі ретінде анықтаған
болатын. Христиандық
ойшыл Аврелий Августин
махаббаттың үш түрлі
формаларын көрсеткен
болатын, олар: адамның
құдайға деген махаббаты,
жақыныңа деген махаббат
және құдайдың адамға деген
махаббаты.

5.

6.

Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру
үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа,
агапэ, строгэ.
«Эрос» сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу
мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін
қолданды.
«Рhilia» сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне
байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.
«storge» сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық
түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді.
Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары
арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.
«Аgape» термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі
бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда
болатын саналы махаббатты білдіреді.

7.

8.

Енді махаббаттың сипаттамаларының ең маңызды ерекшеліктері
неде? Осы сұрақтарды талдайық: Махаббаттың экзистенциалдық
анықтамасы, яғни оның сезімінің терең осі – бұл сүйікті, ғашық
адамыңды өзің сияқты көру, оған да өзіңе сияқты қарау, онымен
өзіңді бір деп ұғыну. Мұнда сүйіп отырған емес, сүйікті адам
маңыздырақ. Махаббат болашақты көруге меңзейді, алдағы
перспективаларды көруге мүмкіндік береді; сүйіктіңнің, яғни
ғашық адамыңның ерекше мүмкіндіктерін ашады. Махаббаттың
басты құпиясының бірі – оның таң қаларлықтай, екі жақты оптика
сияқты екендігінде. Сүйікті адамыңның жақсы жақтарын
бинокльмен ұлғайтып көрсетіп, ал кемшіліктерін теріс
айналдырылған бинокльмен кішірейтіп көрсететіндігінде. Адам
өзінің сүйікті ғашығын әлемдік өлшеммен теңестіреді. Ғашық
адамның іштей өзінің таразысы болатындай, ол таразының бір
басына ғашығын, ал екінші басына бүкіл жер шарын қояды. Яғни
бір жанды бүкіл адамзатпен тең дәрежеде қояды. Жақсы көру, сүю
дегеніміз басқа адамды бүкіл әлемдік өлшем ретінде түйсініп,
ұғыну, оны адамзаттың өкілі ретінде тану, оны бақытқа бөлеуге
ұмтылу, оған адмзаттың шеңберінде қарым қатынас жасау, яғни
оған шектен тыс қайырымдылықпен, мейірімділікпен және
қамқорлықпен қарау. Шынайы махаббатта екі орталықтық,
эгоистік қатынастар болмайды және бұл оның ең маңызды негізі
болып табылады.

9.

Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында
махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:
Махаббат ол құмарлық;
Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз
және жүректе суық із қалдыратын ынтықтық сезім;
Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын
инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ
болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;
Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана
негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған
махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар
модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды.

10.

Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш
түрлі типтерін ажыратады, олар:
1. махаббат ол көбінесе береді де, бірақ
ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген
махаббаты;
2. махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе
бермейді, бұл баланың ата -анаға деген
махаббаты;
3. махаббатта осы жоғарыда көрсетілген
белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл
жыныстық немесе ерлі зайыптылардың
махаббаты.

11.

Махаббат бұл адам еркіндігінің көріністерінің
бірі. Адамды ешкім біреуді немесе өз өзін жақсы
көріп сүюге мәжбүрлей алмайды, өйткені оны
жұмыс істетуге, тіпті зұлымдық жасатуға да
мәжбүрлеуге болады, бірақ жақсы көргізуге емес.
Жалпы махаббат дегеніміз, интуиция мен түсіну
тәжірибесін талап ететін өнер болып табылады.
Жақсы көруге, сүюге, махаббатқа деген
қабілетсіздік биологиялық емес ол жанның, яғни
психологиялық кемістік. Махаббат әр түрлі
дәреже мен деңгейде дамуы мүмкін, махаббаттың
болмауы мүмкін емес, махаббат болмаса адамзат
та болмас еді.
English     Русский Rules