Көне шығыс ойшылдарының көзқарастары
Жүсіп Баласағұн
1.33M
Category: philosophyphilosophy

Көне шығыс ойшылдарының көзқарастары

1. Көне шығыс ойшылдарының көзқарастары

2.

Ортағасырлық педагогикалық ой – пікірдің
даму тарихында аты әлемге әйгілі
ортағасыр данышпандары – Қорқыт ата,
Әбу Насыр әл – Фараби, Жүсіп
Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа
Ахмет Йассауи, Ахмет Иүгінеки қазақ
жерін әлемге мәшһүр етті.

3.

Қорқыт Атаның ел аузында қалған көптеген нақыл сөздері әлі күнге дейін өз
өзектілігін жоғалтпайтыны анық. «Құмды қанша үйгенмен төбе болмас,
Қара есектің басына жүген таққанымен тұлпар болмас», «Күңге сарыпай
шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Тозған мақта боз болмас, ежелгі жау
ел болмас», «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Сырын білмеген
аттың сыртынан жүрме», «Ең сүйкімді әйел – отбасының құты болған
әйел» - секілді қанатты сөздері қазақ халқының мақал-мәтеліне айналды.
Осы нақыл сөздердің жолдары арқылы отбасындағы ананың рөліне ерекше
назар аударылғандығын байқаймыз.

4.

Әл-Фараби шығыс
перипатизмнің аса
көрнекті өкілі, араб
тілінде әлемге тараған
прогресшіл қоғамдық
философияның негізін
салушылардың бірі. Ол
философияның,
логиканың,
әлеуметтанудың, этика
мен эстетиканың әр түрлі
саласына сан қырлы үлес
қосты.

5. Жүсіп Баласағұн

Туған тілдің ролін түсінудегі
пікірлестік олардың түркі
халықгарының рухани
сұраныстары мен тілектеріне
жақындастырды. Мәселен,
кезінде ел арасына кеңінен
тарап, авторға ізгі атақ
әкелген "Құтты білік"
шығармасындағы халықтың
талғам-білігін аңғартатын
толып жатқан арналардың
біреуін ғана, яғни тілдің
қоғамдық-әлеуметтік, әсіресе,
эстетикалық орнын
айқындайтын бәйіттерге
назар аударсақ, қазақ
жағдайында бірауыз сөзбен
адам тағдырын шеше беретін
дәстүрдің алғашқы бастауын
көріп, өткенімізде қаншама
рухани байлық жатқанын
аңғарамыз.

6.

Ол түрік өркениетінің
тәлімдік-тәрбиелік
тәжірибесін паш ететін өте
құнды мәдени мұра - «Диуани
лұғат-ит-түрк» («Түрік
сөздігі») атты кемеңгер
ойшыл М.Қашқаридің
еңбегі.Оның «Түрік сөздігін»
жазудағы негізгі мақсаты
түрік елінің ұлылығын
таныту, түрік тілінің
жасампаздығын жариялау
және түрік өркениетінің
рухани күш-жігерін, елдік
парасатын және ғылыми
дүниетанымын паш ету

7.

«Диуани Хихмет» атты
діни-сопылық
қағидалармен қатар оқу,
білім алу, адалдық,
имандылық, ізгі
қасиетті болу, ақылпарасатқа жету,
жақсылық, жамандық,
төзімді болу, достық
пен махабатты
қастерлеу, әділетті
болу, адал жолмен жүру
сияқты адамгершілік
құндылықтарды
насихаттады.

8.

Шығарма тілдің маңызын, сөйлеу
мәдениетін, қарапайымдылық,
жомарттық, сыпайылық,
өршілдік қасиеттерді қастерлеп,
менмендік, надандық, сараңдық
және дөрекілік сияқты жағымсыз
сияқты мінез-құлықты сынға
алады. Дастанда Ахмет Иүгінеки
адамның бойында кездесетін
жағымды, адами сапаларды
тәрбиелеу жөнінде құнды
дидактикалық кеңестер береді.
Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат
сыйы» дастанында өнер-білімнің
пайдасы, адамгершілік, жағымды
мінез-құлық қасиеттер туралы
нақыл сөздерге ерекше орын
берілген.
English     Русский Rules