Алғашқы аңдар клас тармаға
308.45K
Category: biologybiology

Алғашқы аңдар клас тармаға

1. Алғашқы аңдар клас тармаға

АЛҒАШҚЫ АҢДАР КЛАС
ТАРМАҒА

2.

Алғашқы аңдар (лат. Prototheria) — қазіргі сүтқоректілердің ең
қарапайым және алғашқы класы.
Оларды кейде жұмыртқа салушы сүтқоректілер деп те атайды. Бұдан
1,8 млн.-10 000 жыл бұрын тіршілік еткен. Алғашқы жануарлардың қаңқа
қалдықтары Аустралиядағы тау жыныстарының арасынан табылған.
Алғашқы жануарлардың көптеген белгілері (бас сүйегінің шеміршекті
болуы, жүрегінің, миының құрылысы т.б.) бауырымен жорғалаушыларға
ұқсас болған. Дене тұрқының ұзындығы 30-80 см. Ересектерінің тістері,
қарнында ас қорыту безі болмаған. Ішегі, зәр және жыныстық мүшелері
тікелей клоакаға ашылады. Дене температурасы басқа
сүтқоректілермен салыстырғанда біршама төмен болады (250-360 0С).
1 не 2 жұмыртқа салып көбейеді, ұрпағын сүтпен асырайды. Сүт
бездері түтік пішінді келеді. Оның өзектері жеке-жеке құрсақ жағына
қарай ашылып, ұрпағы ондағы сүтті жалап қоректенеді.

3.

Арнаулы
емшегі
болмайды
сүт
тамшылары
шұрықтардан
шығады
жұмыртқа
салу
арқылы
көбею
Клоакан
ың болу
Алғашқы
аңдардың
ерекшеліктері
Етті еріндері
болмайды
мүйізді
тұмсық
Иық белдеуінің
құрылысы
бауырымен
жорғалаушыл
ардікіне ұқсас
мүйізді

4.

Алғашқы жануарлар 3 отрядқа жіктеледі.
Оның 2 отрядының (көпбұдыртістілер,
үшбұдыртістілер) өкілдері жойылып кеткен.
Қазіргі кезде жұмыртқа салушылар отрядына
жататын ехидна, проехидна (лат. Zaglossus) ,
үйректұмсық тәрізді түрлері Аустралияда,
Тасмания және Жаңа Гвинея аралдарында
тіршілік етеді. Олар терісі бағалы болғандықтан
ауланады.

5.

Ехиднаның сипаттамасы
Ехиднаның дене тұрқы 40 см. Денесінде сырттай
қарағанда кірпі тәрізді ұзындығы 6 см. түкті "тікенектері"
болады. Ехиднаның ұзындығы 5 см, жіңішке сүйір
тұмсығы мүйізбен қапталған және оның ұшында аузы
бар. "Тікенектерінің" түбінде қызғылт-қоңыр түсті қысқа
түктер өседі. Құлағының айналасында топтанып өскен
ұзын түктері де болады. Ехиднаның аяқтарының күрек
тәрізді жалпақ саусақтары бар. Әсірісе, артқы аяғының
екінші саусағы ұзын, имек, онымен ехидна денесіндегі
тікенекті түктерінің арасындағы паразиттерден
тазартады. Қазіргі кезде олар Аустралия, Жаңа Гвинея
мен Тасмания аралдарында мекендейді. Ехиднаның
дене температурасы тұрақсыз, шамамен 30 градус.

6.

Тіршілік етуі
Ехидна - құрлық жануары. Тастақты жерде өсетін бұталардың арасында
кездеседі, ін қазбайды. Негізгі қорғаушысы - түкті тікенектер. Жауы мазаласа
түкті тікенектерін тікірейтіп кірпіге ұқсап домаланып қозғалмай жатады. Кейде
тырнақтарымен жұмсақ топырақты қазып, бас жағымен топыраққа жартылай
көміліп, түкті тікенектерін жауына қарай бағыттайды. Олар қорегін түнде
аулайды. Күндіз ағаш қуысында, бұталардың арасында жасырынады. Күн қатты
суығында ехидна үңгірлерді уақытша қысқы ұйқыға кетеді. Терісінің астындағы
май қабаты қалың болғандықтан, бір айға дейін аштыққа шыдай алады.
Қорегі: құмырсқалар, ақ құмырсқалар (термиттер), шұбалшаңдар.
Қорегін ұзын, жіңішке, жабысқақ тіліне жабыстырып алады. Ехиднаның тістері
болмайды, ұстаған қорегін тілінің артқы бөлігінде болатын мүйізді
"тісшелерімен" ұсақтайды. Таңдайында тарақ тәрізді бүртікті өсінділер болады.
Ехидна жақсы естиді, бірақ нашар көреді, тек затты өте жақын жерінен ғана
көре алады.

7.

8.

Көбеюі
Ехидна бір ғана жұмыртқа салады, оны құрсағындағы
терілі қалтасында сақтайды. Бұл терілі қалта ехидна көбейер
кезде пайда болады. Ұрпағы дамып жұмыртқадан шығу үшін
тұмсығындағы мүйізді төмпешігімен үрғылап қабығын жарып
шығарады. Сүт безінен шыққан сүт қалтадағы түктерге
жайылады, сол түктерден сорып қоректенеді. Ұрпағы түкті
тікенектері шыққанша ұзақ уақыт қалтада болады. Аналық
ехидна ұрпағын қалтадан шығарып, қауіпсіз жерге
қалдырып, сүтімен қоректендіреді. Ехидна да жұмыртқа
салатын сүтқоректілерге жатады. Құстар секілді ехиднада
да клоака болады. Олардың жер бетіне таралу аймағы да
шектеулі, яғни шағын аумақтарда ғана таралған.

9.

10.

11.

Үйректұмсық (лат. Ornithorhynchus anatinus) — біртесіктілер класс тармағы,
клоакалылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Өзі аттас тұқымдастағы жалғыз
түр. Шығыс Австралия мен Тасманияда өзен, көл жиегінде мекендейді. Денесінің
ұзындығы 30 — 45 см, құйрығының ұзындығы 10 — 15 см. Басы жалпақ, ұзын
(ұзындығы 6,5 см-дей), үйректің тұмсығына ұқсас тұмсықпен аяқталады (аты осыған
байланысты аталған). Құлақ қалқаны жоқ, көзі кішкентай, олар суға сүңгігенде тері
қатпарымен жабылады. Алдыңғы аяғындағы саусақтарының арасында жақсы
жетілген жарғақтары болады, солар арқылы суда жақсы жүзіп, сүңги алады, бірақ
құрлықта баяу қозғалып, аузы суға қараған інінен онша ұзап кетпейді. Артқы
аяғындағы жарғақтар нашар дамыған. Қнін алдыңғы аяғымен қазады, ал артқы
аяғы жүруге ғана көмектеседі. Жас Үйректұмсықтарда болатын сүт тістерінің
орнына, ересектерінде мүйізді тақташықтар пайда болады. Денесін жапқан түгі
қатты қылшықты, түбі мамықты, түсі қара қоңыр, астыңғы жағы сұрғылт. Құйрығы
жалпақ, үстіңгі беті түкті, астыңғы беті түксіз, тықыр. Судағы омыртқасыздармен
қоректенеді. Үйректұмсықтар суда жұптасып, жылына бір рет ұрпақ береді.
Аналығы 2 жұмыртқа салады, оны 9 — 10 тәуліктен соң соқыр баласы жарып
шығып, 11 аптадан кейін көзін ашады, баласын сүтімен асырайды. Терісі өте
бағалы, қазіргі уақытта аулауға тыйым салынған1
English     Русский Rules