Similar presentations:
Қашықтықтан оқыту жүйесінде білім контенттерін жасақтау технологиясы
1. Қашықтықтан оқыту жүйесінде білім контенттерін жасақтау технологиясы
2. Қашықтан оқыту техналогиясы
Дүние жүзі бойынша қашықтықтан оқытутехнологиясын өркендетудің басты мақсаттарының
бірі - оқушылардың кез-келген мектептер, колледждер
мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша
оқып, білім алуларына жағдай туғызу.
3. Қашықтықтан оқытуды тағайындау бағдарын
Білім берудің толықмасштабтағы жүйесі
Білім берудің толық
масштабтағы жүйесінде
белгілі бір бағыттағы
бакалаврларды немесе
нақты мамандықтың
инженерлерін дайындау
бойынша оқу
жоспарының толық
орындалуын қамтамасыз
етеді.
Сайланатын жүйесі
4. Қашықтықтан оқыту жүйесінің құрылымы
оқытудыңмақсаты
мазмұны
субъектісі
объектісі
әдістері
ғылыми-білім
материалдық
базасы
құралдары
идентификациялық
бақылау жүргізу
жүйесі
5. Оқыту мақсаты.
Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспенсәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып
үйренушілердің меңгеруі.
6. Оқыту мазмұны.
Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқытуүрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге
асырылуы оның мазмұнымен анықталады.
7. Оқыту объектісі.
Қашықтықтан оқытудың білім беру қызметінпайдаланушылар білім алатын берілген түрінің
объектісі, яғни студенттер, оқушылар және т.б.
болып табылады. Қашықтықтан оқыту
тыңдаушылары өз бетімен және компьютермен
жұмыс істей білу, телекоммуникациялық байланыс
құралдарын пайдалану дағдысы болу керек.
8. Оқыту субъектісі.
Қашықтықтан оқыту субъектісі оқытушыларболып табылады. Оқытушы - қашықтықтан
оқытуда білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін
қамтамасыз ететін басты буын. Ол - кеңес беруші
оқытушы, информатика және телекоммуникация
іргетасы негізін білетін болу керек, оның
білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек.
9. Оқыту әдістері.
Қашықтықтан оқыту түрі: ақпараттық-ережежиынтығы, репродуктивті, мәселені мазмұндау,
теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен
ережелер жиынтығы және зерттейтін 5 жалпы
дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар
оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті
педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын
қамтиды.
10. Оқыту құралдары.
Қашықтықтан оқыту білім беру үрдісіндеоқытудың дәстүрлісі қалай қолданылса,
компьютерлік техниканы және
телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру
технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін
қолдануға негізделген инновациялық оқыту
құралдары да солай қолданылады.
11. Ғылыми-білім материалдық базасы.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу үшін қажеттіматериалдық және техникалық құралдар жиынтығы.
Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық
қондырғылар, техникалық оқыту құралдары,
оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқуәдістемелік материалдардан тұрады.
12. Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі.
Қашықтықтан оқытуға кіретін бақылаудың ерекшелігіабитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің
даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту
әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік
психологиялық бейнесін құру болып табылады.
13. Қашықтықтан оқыту семинарлары
- оқу сабақтарыныңбелсенді түрі болып табылады. Қашықтықтан оқыту
семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен
жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кез
келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан
бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам
артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың
меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік
дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің
арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы
тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.
14. Қашықтықтан оқытудағы зертханалық жұмыстар
материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлібілім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны
талап етеді: арнаулы жабдықтарды, макеттер, тренажерлар,
химиялық реактивтер және т.б. Қашықтықтан оқыту
жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар,
имитациялық үлгілеулер және т.б. қолдану есебінен
зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін
қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады
15. Қашықтықтан оқытудағы бақылау
– бұл білімалушының оқу материалын теориялық және
практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. Тест
ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін
қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар
нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан
дұрыс жауапты таңдауы керек, тиісті балмен
бағаланады.
16. Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі білім контенттері
Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі білім контенттерінің оқубелгілерінің электрондық басылымы қағаз басылымының барлық
ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен
артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында
немесе дискілерде сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер,
бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам
енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша жіберудің
ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және
ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге,
білімді өз бетімен алу және бақылау үшін оны кешенді қолдануға әсері
болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген автоматтандырылған
оқыту жүйесі
17.
«Қашықтықтан білім алу» әр адамның өзіндік жекеқажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене
отырып үйренуіне мүмкүндік береді. Оның тағы бір
ерекшелігі жас ерекшелігіне қарамастан жұмыстан
немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру мүмкіндігін
береді.
18. Кейс – технологияға арналған контент
Кейс – технологияға арналған контенттердіжасақтауда әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлері,
анықтама, оқу, аудио, бейне, бақылау және емтихан
материалдары, қашықтықтан оқытуға арналған
кейстердің сапалық қасиеттері секілді элементтер
қолданылуы қажет.
19. Әдістемелік нұсқаулар.
Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша электрондық
тасмалдауышта оқу әдістемелік материалдардың
кешені беріледі. Кешенді даярлауды ұжымдық
әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай
әдістер арқылы оқушылардың белсенділігін және
шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады.
20. Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері
Курстың терминдер мен ұғымдарына арналғангипермәтіндік құрылымы; пайдаланушыға ыңғайлы
құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің
бірнеше түрін таңдай алуы, сол арқылы бір оқу
материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік
болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар; кейстің құрамына
белгілі нормативті талаптар жоқ. Кең таралған құжаттар
мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу
пайдаланылады; оқушы оқулықтың кез келген бетін
баспаға шығара алады; оқушы оқу материалдарына кез
келген әдіспен қол жеткізе алады; оқулықа енгізілген
білімді тексеру жүйесі бар.
21. Желілік технологияға арналған контент
Желілік технологияға арналған контенттерді жасақтаудынақты мысалмен көрсету мақсатында Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік педагогикалық институтында
ұйымдастырылған қашықтықтан оқыту жүйесін
қарастырайық. Мұнда қашықтықтан білім беру
технологиялары бойынша білім беру сапасын қамтамасыз
ету жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
білім стандартына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар,
институтта қашықтықтан білім беру техологиясы бойынша
оқытудың негізгі құралы ретінде «Platonus»
автоматтандырылған ақпараттық жүйе және «Moodle»
қашықтықтан білім беру жүйесі қолданылады
22.
Қашықтықтан оқытудың контенттері: Білім алаушылардықашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік
материалдарымен, яғни контентпен қамтамасыз ету үшін
қашықтықтық технологияларын қолданумен іске
асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері
бойынша электрондақ оқу-әдістемелік кешен болуы керек;
Электрондақ оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік
оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген,
бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты
әзірлеуші жүзеге асырады; Әрбір пәннің электрондық оқуәдістемелік кешені міндетті және қосымша бөліктерден
тұруы керек. Оқу-әдістемелік қаматамасыз ету жеке және
желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды
аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.
23. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың кезеңдері
виртуальдықсинхрондық
асинхрондық
24.
Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушыныңнақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл
үшін қашықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе
бейне конференциялар қолданылуы мүмкін.
25.
Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пеноқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста
болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл
жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар
жіберу тізімдерінің немесе
телеконференциялардың көмегімен электрондық
пошта бойынша хат алмасу арқылы
ұйымдастырылады.