296.89K
Category: managementmanagement

Мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері

1.

Мектеп менеджері
іс-әрекетінің
теориялық негіздері
Орындаған: Ихсанова А.Ж.
Тексерген: Туребаева Б.З.

2.

Жоспар:
1.Білім менеджеріне қойылатын талаптар
2.Жүйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету
жолдары
3.Мектеп менеджерінің қызметі
4.Білім беру жүйесіндегі ұйымдастыру қызметінің
ерекшелігі
5.Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
6.Мектеп директоры және оның орынбасарларының
міндеттері мен оны ұйымдастыру
а) Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері
б) Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі
мазмүны

3.

Қазіргі мектеп – бүгінгі күн шындығымен бетпе-бет келген мектеп:
балалар бүгінгі күн қандай болса, сол қалпында қабылдайды, олардың
бүгінгі мақсаттары, құндылықтары мен қызығушылығы, жұмысқа өте
қабілетті және өмір мен жұмыс жағдайларының өзгермелілігіне
қарамастан бейімделуге қабілетті мұғалімдермен жұмыс істейді.
Мектептің табысты дамуы мектеп басшысының не істеу керектігін, алға
қойылған мақсатқа жету үшін қандай күш пен тәсілдерді қалай
меңгергеніне тікелей байланысты.
Білім жүйесінде басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін мақсат,
міндеттер
мен
білім
беру
мекемесінің
барлық
деңгейлеріндегі басқару әрекетінің мазмұнын анықтап алу қажет.
Мектепті жаңарту жағдайында бақылау қызметін өзгерту қажет. Жаңа
жағдайда бақылау тексеру мен оның қорытындысы бойынша шара
қолданумен
шектелмеуі
тиіс.
Ол
көбіне
аралық
және
соңғы қорытынды нәтижелері бойынша сарап жұмысын қамтамасыз етуге
тиіс. Мектепті басқарудағы табыс басқару құрылымын дұрыс таңдауға
байланысты.

4.

Жүйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету
мынаған байланысты:
1. Мектеп жұмысын жоспарлау, мақсаттарды дұрыс қою,
оларды маңыздылығына қарай дұрыс ретімен таңдау;
2. Мамандарды бөлу, міндеттерді бөлу, бөліктер арасындағы
байланысты орнату және ол байланысты жұмыс істету.
3. Мектепішілік ақпараттар жүйесін және оның тиімді кері
байланысын орнату.
4. Оқу-тәрбие үрдісінің қалыпты жүруі үшін материалдықтехникалық базаны құру.
5. Ұжымдағы қажетті моральдық климаттың болуы.
6. Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің біліктілігі мен
тәжірибесі және олардың педагогтік шеберлігін арттыру
жүйесіне байланысты.

5.

Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, құрылтайшылар кеңесі, мектеп кеңесі,
жетекші жасаған және іске асыратын мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың
мектепішілік басқару құрылымына енетін басқа органдары мен бірлестік
түрлерінің белгілі қызметтері бар, олар бір-бірін толықтырады және басқару
жүйесін жеткілікті дәрежеде толықтырады.
Мектеп басшысы лауазымдық міндеттерді нақты бөледі және олардың іске асуын
қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.
Мектептегі педагогтік ұжымның құрамы қалыпты. Мұғалімдер мен ата-аналар
мақсаттарын
жетік
түсінетін,
бірлесіп
жұмыс істеу нәтижесінде сол мақсаттарға жетуді бірлесе қамтамасыз ететін
пікірлестер ұжымын құрады.
Мамандармен жұмыста мұғалімдер біліктілігін жетілдіруге баса назар
аударылады. Баланың дами алатын тұлға ретінде қалыптасуын дами алатын
педагогтік ұжым ғана іске асыра алады.
Басшы жұмысының бір бағыты – білім беру мекемесіне міндетті
түрде қажет сыртқы іскерлік байланыстар, облыстық, аудандық ОБ, ПМБАИ,
медициналық мекемелер, МАИ, бұқаралық ақпарат құралдары.
Оқушылар мен олардың ата-аналарын білу, олардың әрқайсысына құрмет
көрсету, педагогтік және оқушылар ұжымында және игілікті микроклиматта атааналармен қатар жұмыс істей
отырып, мектеп дәстүрлерін сақтау және
дамыту балаларды оқыту мен тәрбиелеуде табысқа жетуге мүмкіндік береді.

6.

Мектепті басқарудың негізгі функциялары
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім
саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті,
олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды
бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің
нормалары, ережелері, педагогикалық техника және
шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы
психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық
мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар,
педагогикалық технология және педагогикалық
шығармашылықты да қосатын болды.
Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде
мектеп басқарудың технологиясы мен құндылықтарын жасау,
игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда
өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы.

7.

Педагогикалық талдаудың түрлері мен
мазмұны
Мектепішілік басқарудың теориясы мен
практикасында (Ю. А. Копержевский, Т. И.
Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың
негізгі түрлері анықталған. Талдаудың
субъектісіне (не талданады) қарай оның
көптеген түрлері кездеседі. Солардың
арасынан параметрлік, тақырыптық және
қорытынды талдау деп аталатын үш түрді
бөліп атауға болады.

8.

Параметрлік талдау оқу процесі
нің барысы мен нәтижесі туралы
күнделікті мәлімет жинап, ондағы
кемшіліктердің себебін анықтауға
бағытталды.Параметрлік талдау ба
рысында тұтас педагогикалық про
цестің барысына өзгерістер мен тү
зетулер еңгізіледі.
Тақырыптық талдау педа
гогикалық процестің бары
сында барынша тұрақты
ағымдар мен нәтижелерді
зерттеуге бағытталады.
Қорытынды талдау
уақыт, кеңістік және маз
мұн жағынанда
барынша кең көлемді
қамтиды. Ол оқу тоқ
саны, жарты жылдық,
оқу жылының қорытын
дысымен өткізіліп, қол
жеткен нәтижелер, олар
дың алғышарттарын
оқыпүйренуге бағытталады.

9.

Мектеп директоры және оның орынбасарларының міндеттері
мен оны ұйымдастыру
Мектеп директорының функциялық міндеттері »Жалпы білім беретін
мемлекеттік оқу орындары туралы уақытша ережесінен» және соның
негізінде жасалатын әрбір жалпы білім беретін оқу орнының өз
жарғысымен айқындалады. Жалпы білім беретін оқу орнының директоры
мынадай функциялық міндеттерді атқарады:
•Мемлекет және қоғам алдында балалар құқын қорғау талаптарының
орындалуына жауапты, оқу-тәрбие процесін жоспарластырады және
ұйымдастырады, оны орындалу барысын және нәтижесін қадағалайды,
оқу орнының тиімді және сапалы жұмыс істеуіне жауап береді;
•Мемлекеттік және қоғамдық органдар алдында мектептің мүддесін
танытады;
•Мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті
жағдай туғызады;
мектеп директорының орынбасарын таңдайды, олардың функциялық
міндеттерін белгілейді;

10.

•Педұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірін
ескере отырып оқу орнының педагог кадрларын
орналастырады, соның жетекшілерін тағайындайды;
•Оқу орнының педагог, әкімшілік, оқу-тәрбие және қызмет
көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады;
•Белгіленген тәртіп бойынша оқу орнына бөлінген бюджет
қаржысының ұтымды жұмсалуын ұйымдастырады;
•Оқу орны Кеңесінің келісімімен шығармашылықпен жұмыс
істейтін мұғалімдердің жалақысына үстеме қосады;
•Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің
педагогикалық эксперимент жасауына, оқу мен тәрбиенің
өзінің әдістерін практикада қолдануына қолайлы жағдай
жасайды; өзінің қызметі бойынша білім басқармасы
органының алдында жауап береді.

11.

Педагогикалық талдаудың негізгі объек
тілері өз бойына балаларды оқыту мен
тәрбиелеудің барлық мақсаты, міндеті,
мазмұны, түрлері мен тәсілдерін
жинақтаған педагогикалық талдаудың
негізгі объектісі ең алдымен сабақ,
сыныптан тыс шаралар және мектептің
оқу жылының қорытындысы.
Педагогикалық талдаудың барлық
объектісін біріктіруші - ортақ
әдістемелік жүйе болып табылады.

12.

Перспективалық жоспар мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына
терең талдау жасау негізінде
бес жылға жасалады.
Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:
1. Жоспарластырған мерзімдегі мектептік міндеттері.
2.Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың
арту мүмкіндігінің перспективасы.
3.Оқу-тәрбие
процесін
жаңалаудың,
педагогикалық инновация еңгізудің перспективасы.
4. Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
5.Педагог
кадрлардың
біліктілігін
арттыру
(МБЖИ,
курстар, семинарлар, тренингтер және т.б.)
6.Мектептің
материалдық-техникалық
базасы
мен
оқуәдістемелік
жарақтандырылуын
дамыту
(құрылыс жұмыстары, ЭЕТ
және компьютер жабдықтары,
кітап қорын толықтыру, кабинет безендіру).
7.Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын,
еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.

13.

Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмүны
Мектептердің жылдық жоспарларының түрлі нұсқаларын жинақтай келіп, жоғарыда жоспарластыруға
қойылған талаптарды ескеріп,
жылдық жоспардың мынадай үлгі жоспарын көрсетуге болады:
1.Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқу жылының міндеттері.
2.Мектеп ұжымының жалпы білім қорының жұмысын атқаруы.
3.Педагогикалық
ұжымның
оқутәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі
4.Мектептің, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстары.
5. Педагог кадрлармен жұмыс.
6. Мектепішілік бақылау жүйесі.
7. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту.
8. Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар.
English     Русский Rules