763.50K
Category: philosophyphilosophy

Ежелгі Үнді философиясы

1.

Ежелгі Үнді философиясы

2.

Ежелгі Үнді философиясын
негізгі үш кезеңге бөлу
қабылданған;
•Б.д.д.ХV – VI ғ.ғ аралығы- ведалық
кезең
•Б.д.д VI-I-і ғ.ғ эпикалық кезең
•Б.д.д II біздің дәуіріміздің VII ғ.ғ.
аралығы сутралық кезең.

3.

Ежелгі Үнді гносеологиясының ерекшелігі –
заттар мен құбылыстардың сыртқы, көрінетін
белгілерін емес, сананың нәрселер құбылыстар
дүниесімен қатынасы барысындағы процестерін
зерттеу.
Осыған байланысты Үнді философиясында сана
үш түрге жіктеледі; «пракрити»-материалды
сана; «пуруша»-таза сана; «майя»- түстер,
елестер.

4.

Үнді философиясында жан екі бастамадан
тұрады;
1.Атман – Брахманнан адам бойына берілетін
бөлшек, ұшқын. Атман бірінші, тұрақты, мәңгі.
2.Манас - өмір барысында қалыптасқан адам
жаны. Манас адам тәртібі мен әрекетіне,
тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап,
жетіледі немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін.

5.

Үнді философиясындағы түсініктер
Сансара – жанның тән мен космостық Брахман арасында
тоқтаусыз, мәңгілік қозғаласы.
Карма – адамның келесі өмірде қандай бейнеде туылуы осы
өмірдегі іс әрекетіне байланысты.
Мокша –карма тоқтайтын,жан эволюциясы,космостық
Брахман мен жердегі тіршілік арасындағы үздіксіз қозғалыс
аяқталатын адамшылық жетілудің жоғарғы шыңы.
Ахисма- жер бетіндегі тіршілік формаларының өзара
байланыстылығы, біртұтастығы. Ахисманың басты
қағидасы «Кіші бауырларға,тірі табиғатқа қиянат жасамау».

6.

Ежелгі Үнді философиясындағы түсінік.

7.

Ведалар(сөзбе сөз «білім» деген мағынада) –
б.д.д.XVғ.ғ. Орта Азия,Еділ жағалауы, Ираннан Үндіге
көшпелі тайпалар-арийлер келіп қоныстанғаннан
кейінгі кезеңнен жеткен тарихи-мәдени ескерткіш діни
философиялық трактаттар жиынтығы.
Бұл күнге жетіп келген Ведалардың төрт түрі бар:
Ригведа
Самаведа
Яджурведа
Атхарваведа

8.

Негізгі мазмұны
Атауы
Ригведа
Ведалар құдайларға арналған 1017
гимндер(самхиталар) жинағы
Самаведа Құрбандық шалу кезінде Ригведаның
гимндерін дұрыс айтуға ұйрететін
түсіндірмелер
Яджурведа Ригведаның гимндері орындалатын
ритуалдарды сипаттау
Атхарваве Құдайларға, демондарға, рухтарға,т.б
да
арналған дұғалардың жинағы

9.

Ведалық дүниетаным- ритуалдарға, әдепғұрыптарға негізделген күрделі мифологиялық
көзқарастар комплексі. Ол әрдайым дамуда
болған.
Мифологияға
тән
политеизм,
антропоморфизм, ашық құдайлар жүйесі
Ведаларда да орын алған. Бұл дүниетанымның
маңызды түсінігінің бірі- сансара ілімі. Үнділік
діни морфологиялық сенім бойынша адамтабиғаттың бір бөлігі.

10.

Үнді философиясының онтологиясы
(болмыс пен бейболмыс туралы ілім)космостық эволюция, цикл, тәртіп, жүйе және
өзара байланыс – Рита құдайының заңдарына
сүйенеді. Рита – заттардың, нәрселердің
барысы туралы заң немесе заңдылық. Бұл
идеяның
негізінде

нәрселер,заттар
тіршілігінің өзгеріссіз қозғалысытуралы пікір
жатыр. Рита- сезімдік құбылыс, ол рухани
дүниеге дейің пайда болды; заттық,тәндік
дүние- Ританың көрінісі.

11.

Үндідегі философиялық мектептер.
Ведалық түсініктерді мойындау–мойындамауына
байланысты Ежелгі Үнді философиясының мектептері
(даршандар) екі топқа бөлінеді:
«Астика» , «ортодоксальды», «негізгі», «ведалық» –
Ведалық ілімді жалғастырушы мектептер.
«Настика», «бейортодоксальды», «бейведалық» –Ведалық
білімге оппозициялық мектептер.

12.


Ведалық
ортодоксальды
мектептер:
Бейведалық,бейортодоксаль
ды мектептер:
Веданта (б.д.д.IV-IIғ.) Жайнизм (б.д.д VI)
Вьяса, Бадараяна
Махавира
Вайшешика (б.д.д VI- Буддизм(б.д.д.VII-VI ғ.)
V ғ.) Кананда
Будда
Миманса (б.д.д.VI ғ.)
Джаймини
Чарвака локаята
Брихаспати
Санкхья(б.д.д.VI ғ.)
Капила
Адживика Маккхали Госали
Ньяя(б.д.дIIIғ.) Готам
Йога (б.д.д II ғ.)
Патанджали

13.

Ортодоксальды мектептер
Веданта – дербес мектеп ретінде басқа ортодоксальды
мектептерден
кешірек
–б.д.д
VII-VIIIғ,
яғни
ортағасырлық дәуірде қалыптасты. Ал Ежелгі дүниеде
ведантаның алғышарттары ғана болғаны туралы айтуға
болады.
Миманса
(дәлме
дәл:
«ойлау»,
«зерттеу»,
«талқылау»)-мәселені ойлау, талқылау және сындарлы
зерттеу арқылы шешу дегенді білдіреді. Миманса өз
ішінде екі ағымға бөлінеді: ертедегі, басты міндеті
ведалық ритуалды зерттеу болып табылатын уттарамиманса.
«Вайшишика» атауы «вишеша»- «айырмашылық»,
«ерекшелік» сөзінен шыққан. Мектептің бүлай
аталуының себебі өз жүйесінде, «айырмашылық»
ұғымына айрықша мән беретіндігі. Вайшишика ілімі
Ньяя филиософиясына жақын.

14.

Йога
Йога термині «бірігу», «қатысу», «тәртіп» «терең
толғаныс» деп аударaылады. Йоганың маңызды ерекшелігіерекше рухани күйге жетуге арналған арнайы тәсілдердің
жүйесі болуында. Ертедегі Упанишадтарда Йогалық
практика және йоганың құрамдас бөлімдері туралы, ал
«Бхагавадгитада» азаттыққа жетудің үш жолы туралы
баяндалады.
Классикалық йоганың негізін қалаушы – б.д.д. II ғ.ғ. өмір
сүрген Патанджали деп саналады

15.

Читтаның бес негізгі күйі
Жалпы сипаттама
Ақыл – читтаның
күйлері.
Тынышсыздық,
алаңдаушылық
Ақыл бір объектіден екіншіге көшумен болады, читта
раджас, тамас гуналарының ықпалында, сезімдік
объектілерге ұмтылады,күштілікке, пәрменділікке
ұмтылыс тудырады.
Мұқалу
Ұйқысұраған жағдайда, читта тамас гунасының
ықпалында, бұл жағымсыз қылықтарға, білместікке,
ұйқыға жетелейді.
Салыстырмалы
тынышталған
Читта тамас гунасының ықпалымен босанып,раджас
гунасының ықпалына түседі.Бұл – таным мен ізгі
іректтер жасау мүмкіндігін тудырады.
Назары шоғырланған
Ақыл бір объектіге –ойлау нірсесіне тоқталады, читта
раджас гунасының ықпалынан босанып, саттва,
гунасының ықпалына түседі.
Ұстамды
Жан әрекетінің барлық түрлерінің тоқталуы. Читта
бастапқы тыныш, сабырлы қалыпқа қайта оралады–бұл
экстаз жағдайы.

16.

Иогадағы негізгі жаттығу
тәсілдері

17.

Жоғарғы құнды қасиеттер. Йоганы жақтаушылар
«йогамен айналысу арқылы – жоғарғы қасиеттерді
иеленуге: телепатия және көріпкелдікке ие болуға,
көзге көрінбейтін адамға айналуға, бір мезгілде
бірнеше жерде болып, тас қабырғадан көктей өтуге, кез
-келген жануарды қолға үйретуге болады» деп сенеді.
Жоғарғы құнды қасиеттер. Йоганы жақтаушылар
«йогамен айналысу арқылы – жоғарғы қасиеттерді
иеленуге: телепатия және көріпкелдікке ие болуға,
көзге көрінбейтін адамға айналуға, бір мезгілде
бірнеше жерде болып, тас қабырғадан көктей өтуге, кез
-келген жануарды қолға үйретуге болады» деп сенеді.

18.

Буддизм
Ортағасырлардағы
Үнді
философиясындағы
Гаутама
Шакьямуни ілімі – буддизм үстем
болды.
Буддизм – Үндіде (б.д.д. V ғ.
кейін), Қытайда, Оңтүстік Шығыс
Азияда(б.д.д. III ғ.кейін), т.б
аймақтарға кең тараған ілім.
Негізін
қалаушысы
Солтүстік
Үндіде ақсүйек отбасында дүниеге
келген
Гаутама
Будда
(Сиддхардха
Шакьямуни)(б.д.д563-483
ж.ж).
Аңыз бойынша Гаутама б.д.д. VI ғ.
өмір сүрген патша (раджа) ұлы
болып, қиыншылық көрмей өседі.

19.

Буддизмнің негізгі идеясы – орта жол –
рахат, ләззат,жолы мен «аскетизм жолы»
екеуінің арасындағы тепе- теңдікті
сақтай білу мен тән қажеттілігін тежеу.
Буддизмнің өзекті идеясы-Будданың
«төрт ақиқаты» туралы өсиеттерінде
берілген. Қасірет шегудің психологиялық
негізі үміт пен үрейдің байланысында.

20.

Будданың 5 қағидасы:
1.Өлтірме!
2.Ұрлама!
3.Ізгілікті, иманды бол!
4.Өтірік айтпа!
5.Естен адастыратын, масайтыратын
нәрселелерді қабылдама.

21.

Төрт ақиқат
Ақиқаттар
Түсіндірмелер
өмір дегеніміз -азап
«туылу» дегеніміз азап, аурулар мен өлім азап,
сүйгеніңмен айырылу азап, сүймегенге қосылу да азап,
өмірдегінің бәрі азап.
Азаптың қайнар көзі
–біздің өз
тілектеріміз
Азаптардың басты себебі – бізге әрдайым бірдеменің керек
болуы болуынан және біздің өз қалауымызға еш қол
жеткізе алмауымыздан
Азаптан құтылу
үшін тілектерден
арылу қажет.
Тілектерден арылсақ, олардың орындалуынан азап
шекпейміз.
Тілектерден арылу
үшін, Буддалық
«Құтылудың
сегіз жолын
ұстану қажет»
Адам өзін-өзі үгіттеп, молшылықтан бас тартқанымен,
тамақ ішу, жеу, жүріп – тұру т.б тілектер сарқылмайды,
өйткені бұл тілектер өмір сүруге деген ұмтылыспен
тығыз байланысты.

22.

Буддалық азаптан құтылудың сегіз жолы
Сатылар
Түсіндірмелер
1.
Дұрыс
көзқарас
Төрт ақиқатты және Будданың ілімдерін толық білу
2.
Дұрыс шешім
Өз өмірін Буддалық ілімге сәйкес өзгертуге деген
берік шешім
3.
Дұрыс сөз
Өтірік - өсектен, ауыр сөздерден, орынсыз
әңгімелерден тартыну
4.
Дұрыс тәртіп
Түрлі жаладан, ұрлықтан, өз тілектерін бұрыс
жолмен қанағаттандырудан бас тарту
5.
Дұрыс өмірсалт
өмірді адал жолмен қамтамассыз ету;өзін аман алып
қалуда харам кірісті пайдаланбау
6.
Дұрыс күш
жұмсау
Ақиқат жолынан таймау, жаман ойларды жойып,
ақыл-ойды жаңа, адал ойлармен
толықтыру,жаңарту;

23.

7.
Дұрыс
бағыттау
Заттар мен адам тәнінің өткінші екенін ұғыну,
менің денем – «мен» емес. Дене- сүйектен,
қаннан, сіңірден құралады, яғни ол ажалды,
сондықтан шіритін массаға айналады. Демек ,
оған жойылып-жоғалатын уақытша заттарға
өкіну орынсыз
8.
Дұрыс
назарлар
Төрт деңгей
1-деңгей- ақылды қуанышпен, самарқаулықпен
және таза ойлаумен рахаттандыру
2-деңгей – қуаныш пен тыныштықты ұғыну
3- деңгей – нағыз мызғымастық, тәндік
сезімдерден босау және мызғымастық пен
бостандықты ұғыну
4-деңгей – мызғымастық пен бостандық
ұғымынан құтылу, еш мызғымастық; азап
пен құтылу қажет болмайтын өзін-өзі билеу
және жоғары селқостық жағдайы

24.

Нирвана – құштарлықты, демек сонымен
бірге азапты болдырмай, қайта туылуларды
тоқтатып,
сансарадан,
карманың
құзырынан – себептілік доңғалағынан
босану. Нирвана өмірдің жоқтығы емес,
керісінше, тұлға тіршілігінің айрықша түрі
мен тәсілі.

25.

Азаптың 12 тізбесі (карма туындататын Себептілік доңғалағы):
1.Өмір азаптары (тууылумен байланысты)
2.Тууылу (өмірге ұмтылыспен байланысты)
3.Өмірге ұмтылыс(өмірлік объектілерге байланысты)
4.Көңіл аудару, үйір болу,құштарлық (заттарды иелену тілегімен
байланысты)
5.Аңсау, көусеу(сезімдік қабылдау мен байланысты)
6.Сезімдік тәжірибе(объектілерді сезім арқылы қабылдауға
байланысты)
7.Сезімдік түйісу, жанасу( танымның алты мүшесімен байланысты)
8.Танымның алты мүшесі(тән мен ақылдан тұратын мүшенің
дамуының эмбриональды кезеңімен байланысты)
9.Эмбрионның дамуы(бастапқы санмен байланысты)
10.Бастапқы сана (өткен өмірдегі әсерлеріне байланысты)
11.Өткен өмір әсерлері (ақиқатты білмеуден байланысты)
12.Будда іліміндегі төрт ақиқатты білмеу.

26.

Жайнизм
Ежелгі Үндіде б.д.д.VI-V ғ. пайда
болып, қазірге дейін бар діни
философиялық бағыт.
Негізін
қалаушы

Вардхамана(б.д.д.VI-V ғ. )деп
саналады. Вардхамана Махавира
(«Ұлы батыр») және Джина
(жеңімпаз)
деп
те
аталады.
Жеңімпаз, Ұлы батыр есімдері
оның өз құштарлығын жеңіп, рух
азаттығына
жетуі
құрметіне
берілген.

27.

Жайнизм өз ішінде екі бағытқа бөлінеді:
1.Шветамбарлар(ақ кигендер)
2.Дигамбарлар(жалаңаштанғандар ауаны
киім еткендер).
Екі бағытта бірдей философиялық бағыт
ұстанады, олардың арасындағы айырмашылық
діни әрекеттің кейбір сұрақтарына ғана
байланысты.

28.

Философиялық
көзқарастары.
Жайнисттер
Құдайдың бар екеніне сенбейді. Олардың ілімінде
«Бірегей жан» немесе құдай жоқ; дүниеде тірі
мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған
орасан көп және өзгермейтін жан бар. Жанды да
материяны да ешкім жасамаған. Олар мәңгі,
әуелден бар және әрқашан болады.олар сыртқы
дүниені және ондағы объектілердің реалды
тіршілігін мойындайды. Жайнисттер бойынша екі
мәңгілік бастама және мән бар: жаратылмаған және
жайылмаған тірі джива(жан) және өлі аджива
(материя,кеңістік, уақыт, эфир)

29.

Жайнизм қағидаларының бастысы – «Тірі
тіршілікке қиянат жасамау». Жайнизмде
Ахимса ілімі бар. Тіршілік иесіне қиянат
жасамау туралы принципке негізделген, яғни
тірі жанға зиян келтірмеу. Осы қағиданы
ұстанған
монахтар
қолдарына
арнайы
сыпырғыш
алып,
жолын
тазалап
жүреді,сондағысы:
құмырсқа,
қоңызды
жазатайым
басып
кетпеу.
Жайнизмді
ұстаушылар ет тағамдарын қабылдамайды.

30.

Дүниені танудың екі түрі бар:
- тікелей интуитивті бостандыққа,
азаттыққа жеткен жаннын танымы.
- тікелей емес – материяға байланған
жандардың танымы.
Адам зұлымдық пен жақсылықтың
қайсысын таңдауды өзі шешеді. Бұл үшін
адамға үш нәрсе көмектеседі:
- дұрыс сенім
- дұрыс таным
- дұрыс мінез-құлықы

31.

Чарвака-локаята
Чарвака терминін материалист терминінің
синонимі деп санауға болады. Чарвака сөзінің
шығуы туралы мынадай болжамдар бар.
«Чарвака»материалисттік
идеяларды
насихаттаған алғашқы философтың есімі.
«Чарвака» термині «Чару»- жағымды, түсінікті
сөзінен туады, «вак»-сөз, чарв-жуу, шайыну
мағынасын білдіреді және материалисттердің
«іш,
же,
көңіл
көтер»
ұранымен
байланыстырылады.

32.

Негізін қалаушы. Үнділік мамандар
Чарвака ілімінің негізін қалаушы ретінде
әйгілі дана Брихаспатиді атайды. Чарвака
Үнді
философиясында
жалғыз
материалисттік мектеп.

33.

Философиялық
көзқарастары.
Танымның сенімді көзі- тікелей,сезімдік
қабылдау. Танымның тікелей емес
жолдарының барлығы сенімсіз және
адастырушылыққа тірейді. Біздің сезімді
қабылдауға негізделген тәжірибеміз бір
ғана дүниенің материалды және тәндік
дүниенің бар екенін дәлелдейді. Құдайды,
құдайларды сезім мүшелері арқылы
қабылдау мүмкін емес, сондықтан оның
бар екендігін айту негізсіз.

34.

Онтологиясы. Барлық объектілер төрт
элементтен: от, ауа, су, жерден тұрады.
Адам
санасы
материяның
жемісі.
Материяның элементтері санаға ие емес
және олар құрайтын көптеген объектілерде
де сана жоқ, сана тәнсіз немесе тәннен тыс
тіршілік ете алмайды, сондықтан тән
өлімінен кейін сана жойылып, қуанышты
не қайғыны сезінетін ештене қалмайды.

35.

Этикасы. Ақылды адам осы дүниелік өмірде
барынша рахаттанып, азап-қайғыдан арылуға
ұмтылуға тиіс. Демек рахат күйге апаратын
әрекеттің барлығы жақсы. Қайғы әкелетін
нәрселер – жаман. Ал рахат күйге жеткізетін
басты құрал –байлық,сондықтан оған ұмтылу
қажет. Чарвака мектебінің кейбір өкілдері басты
рахат күйлер тізіміне тамақты, ішімдікті,
жыныстық ләззатты, молшылықты атаса, кейбірі
рахат күйдің ізгі, нәзік түрлерін (өнерді)
жатқызды.

36.

Тыңдағандарыңызға көп рахмет!
English     Русский Rules