Similar presentations:
Жалпақ құрттар
1. Жалпақ құрттар
ЖАЛПАҚҚҰРТТАР
Орындаған: Жунуспаева А.Е.
Тексерген: Булекбаева Л.Т.
2.
Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) –төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың
ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ
жағына қарай қысыңқы келеді.
Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін.
Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5
класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар,
сорғыш құрттар, моногенетикалық
сорғыштар, таспа құрттар, цестода
тәрізділер. Соңғы 4 класс өкілдері –
нағыз паразиттер.
3.
4.
Жалпақ құрттардың еркін қозғалатынтүрлерінің денесінің сырты түкті
эпителиймен қапталған, ал паразитті
түрлері ядросыз қалың қабат –
тегументпен жабылған. Жалпақ
құрттардың негізгі ерекшелігі – терібұлшық ет қапшығының болуы. Ол
эпителий мен оның астында орналасқан
бұлшық ет талшықтарының бірігуінен
түзілген. Бұл талшықтар бірнеше қабат
(сақина тәрізді, ұзына бойына, қиғаш)
түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет
талшықтарының жиырылуынан
қозғалады.
5.
Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды,паренхима мүшелер арасындағы барлық
кеңістікті алып тұрады. Ол тірек
қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың
ас қорыту жүйесі біркелкі дамымаған.
Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы)
бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды
жұтқыншақпен және тұйық бітетін
энтодермальды ортаңғы ішекпен
жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі
болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз,
ішектері мүлдем жоқ, қорегін сыртқы
қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады.
6.
Жүйке жүйесі бас жүйкетүйінінен басталып,
денесінің құрсақ жағына
жүретін жүйке
бағаналарынан (өзара
сақина тәріздес
өсінділермен байланысқан)
тұрады. Қан айналу және
тыныс алу жүйелері
дамымаған. Зәр шығару
мүшесі – протонефридии.
Олардың тарамдалған
каналдары паренхимада
кірпікшелі жұлдыз тәрізді
клеткалармен аяқталады.
Жармасқақ
7.
Жалпақ құрттар – гермофродиттер. Жынысжүйесінің құрылымы өте күрделі. Бұлар
негізінен еркек, ұрғашы жыныс бездерінен,
ұрық өткізу түтіктері мен ұрпақ жетілдіру
органдарынан тұрады. Жалпақ құрттар
тікелей, құбылу, иесін ауыстыру арқылы өсіп
дамиды. Жалпақ құрттардың көпшілігі адам
мен жануарлардың паразиті (мыс.,
фасциолез, эхинококкоз, т.б.)
8.
Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішініжапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа
тәрізді жалпақ құрттардың денесі
бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды.
Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан
айырмашылығы – денесі екі қабаттан
емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың
дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма
аралығынан аралық жасушалы қабат –
мезодерма пайда болады. Мезодермадан
әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі
түзіледі.
9.
Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу)жүйесі деп аталады. Бүл – бұған дейін тірі
ағзаларда болмаған жүйе. Жалпақ құрт
типіндегі ағзалардың барлығында қантарату
және тыныс-алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың
тыныс алуына бүкіл денесі қатысады. Жалпақ
құрттардың асқорыту мүшесі екі бөліктен
қүралады. Бір бөлігі – жұтқыншақ, екіншісі –
ішектің ортаңғы бөлігі. Жалпақ құрттарда артқы
ішек пен аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар –
қосжынысты гермафродит) жәндіктер. Олардың
жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ
құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін
бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен
дамиды.
10.
Назарларыңызғарахмет!