Similar presentations:
Орындау түрі
1.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстанмемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік
жұмысы
Тақырыбы:
Орындау түрі :презентация
Орындаған:
Тобы:
Факультет:
2.
Жоспар:1. Кіріспе
2. Алғақы қазақстандықтар
арасынан шыққан Кеңес
Одағының Батырлары
3. Қорытынды
4. Әдебиетер
3.
КіріспеКеңес Одағының Батыры— Кеңес
Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін
ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең
жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934жылғы 16
сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Кеңес
Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы
Кеңесінің Президиумының Жарлығымен
берілді. Кеңес одағының батыры атағы
берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз»
медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі
Президиумының грамотасы тапсырылды. Кеңес
Одағының Батыры атағын 2-ші рет алғандар
екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен
марапатталып, оның туған жеріне
қоладан бюст қойылды. Кеңес одағының
батыры атағын үш рет алғандарға
бюстМәскеуде қойылды. Кеңес Одағының
Батыры атағын ең алғаш
алғандар мұзда қалған кемелердегі адамдарды
құтқарушы ұшқыштар болды.
4.
Алғаш қазақстандықтар арасынан КеңесОдағының Батыры атанғандар С.В. Гуденко,
С.Е. Чуйков 1938 ж. Хасан көліндегі, В.К.
Булавский, Н.Т. Видяшев, М.С. Зубарев 1939
– 40 ж. қыста кеңес-фин соғысындағы
шайқаста көрсеткен ерліктері үшін алды.
5.
Сергей Гаврилович Гуденко (1915, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютауданы Қалдыаман қонысы - 9.1941, Украина) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы,
взвод командирі, лейтенант. Украинаға Кеңес әскері қатарына 1936 жылдың
қарашасында шақырылған. Қиыр Шығыс майданының 1-Приморье армиясына
қарасты 39-атқыштар корпусы 40-атқыштар дивизиясы 120-атқыштар полкінің
пулеетшісі Гуденкоға Хасан көлі (1938 жылы 29 шілде - 11 тамыз) жанындағы әскери
кақтығыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (25.10. 1938). Киев жаяу әскер
училищесін бітірген (1940). Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде ВладимирВолынский (Украина) қаласындағы жеке пулемет батальонының құрамындағы
Гуденконың взводы немістің бірнеше шабуылын тойтарып, өзі осы ұрыстарда ерлікпен
қаза тапты. Мамлют ауданындағы Дубровное селосындағы мектеп пен көшеге
батырдың есімі берілген. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен
марапатталған.
6.
Егор Сергеевич ЧуйковЧуйков Егор Сергеевич (1915, Алматы
облысы КерБұлақ ауданы Жайнақ батыр ауылы - 18.
5.1963, Ресей, қазіргі Санкт-Петербург қаласы) - 2дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы
жауынгер, 95-атқыштар полкінің сарбазы. Украин.
Орта мектептен кейін ұжымшарда жұмыс
істеді. 1937 жылы Қызыл армия қатарына
шақырылды. 1938 жылы 29 шілде - 11 тамыз
аралығында Хасан көлінде болған қақтығыстарға
қатысты. Осы соғыстағы ерліктері үшін
Чуйковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы
беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жүлдыз» медалі
тапсырылды (25.10.1938). Ленин,1 және 2-дәрежелі
Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы
Әскери саяси училищені бітірген соң Чуйков Қиыр
Шығыстағы әскери қызметін
жалғастырды. 1945 жылы ол 1-Қиыр Шығыс
майданында батальон командирінің саяси жұмыс
жөніндегі орынбасары болды.
7.
Виктор Константинович БулавскийБулавский Виктор Константинович (22.1.1918,
қазіргі Аршалы ауданы Аршалы қаласы —
26.12.1939, Ленинград облысыСестрорецк қаласы) — Кеңес
Одағының батыры (1940).
Петропавл қаласында мектеп бітірген (1936). 1939
жылы Коломенск әскери артиллериялық училищесін
бітірген соң, Мәскеу әскери округінің 402-артиллер.
полкінің 8-батареясына командир болып тағайындалады.
1939 жылы оның полкі Финляндиямайданына әкелінеді.
Булавский Финляндия жеріндегі Суммаяри кентінің
жағасындағы 65,5 биіктігі үшін болған ұрыста ерлікпен
қаза табады. Сестрорецк қаласында жерленген.
Оның есімі Коломенск артиллериялық училищесі жеке
құрамының тізіміне мәңгілікке тіркелген. Булавскийдің
есімі өзі қаза тапқан биіктікке, Петропавл мен СанктПетербург қалаларындағы бір көшеге беріліп, оқыған
мектебінде ескерткіш тақта ілулі тұр. КСРО Қорғаныс
министрлiгiнiң 1967 жылғы 18 маусымдағы бұйрығымен
Кеңес Одағының Батыры В.К.Булавский жоғары
артиллериялық училищенiң І батареясының тізiміне
мәңгiлiк енгiзiлдi. Бiрiншi батареяның казармасында Кеңес
Одағының Батыры В. Булавскийдiң мүйiсi жасақталған.
8.
Николай Тимофеевич ВидяшевНиколай Тимофеевич Видяшев (15.12.1903, Батыс
Қазақстан облысы Орал қаласы 11.3.1940, Ресей, Ленинград облысы Выборг қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, полк командирі,
капитан.1919 жылдың қаңтарынан Кеңес
әскері қатарында, В.И.Чапаев атындағы 25-дивизия
кұрамында әскери қызметте болды. Командирлер
құрамын дайындайтын курсты (1921), Иркутск жаяу
әскер мектебін (1924), «Выстрел» курсын (1937)
бітірген. 1939-40 жылы Кеңес-фин соғысына
қатысып,Солтүстік-Батыс майданына қарасты 7армияның 7-атқыштар дивизиясында 257-атқыштар
пол- кін басқарды. 1940 жылдың ақпан наурызындағы ұрыстарда Видяшевтің
полкі Выборг бағытындағы жау шебін бұзып өтті.
1940 жылы 3 наурызға қараған түні маңызды тірек
пунктін басып алып, жаудьң 4 қарсы шабуылын
тойтарды. Фин соғысында жауынгерлік тапсырманы
орындауда көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін
Видяшевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді
(21.3.1940). Ленин орденімен марапатталған.
9.
Талғат ЖақыпбекұлыБигелдинов
(5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9
қараша,2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры,
«Барыс» орденінің иегері.
10.
•Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігітТалғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң
сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді.
•Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң,
Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.
•Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды
үйреніп шығады.
•Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға»
басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты
ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау
ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын
сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының
екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан
майданнан аман-есен оралады.
Талғат Жақыпбекұлы
Бигелдинов
11.
Талғат ЖақыпбекұлыБигелдинов
•Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды.
•Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады.
•1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады.
•1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола,
Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу
ісіне өлшеусіз үлес қосады.
•1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс
саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім
ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.
12.
Соғыстан кейінгі жылдары Кеңес Одағы Батыры атағына иеболғандар:
ұшқыш Пономарев Михаил Сергеевич (1951), Карацупа Никита Феодорович
(1965), ұшқыш ғарышкерлер Пацаев Виктор Иванович (1971), Шаталов
Владимир Александрович (екі рет алған), сынаушы-ұшқыш Тоқтар
Әубәкіров (1988), қолбасшы Бауыржан Момышұлы (1990), ұшқыш Николай
Майданов. Бұған қоса Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер
Б.Бейсікбаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1996), Қазақстан
Республикасының Халық қаһарманы (1998), ғарышкер-ұшқыш Т.Мұсабаевқа
Ресей Федерациясының Батыры (1994), Қазақстан Республикасының Халық
қаһарманы (1995) атақтары берілді.
13.
ҚорытындыСонымен соңғы деректерге сүйенер болсақ, Кеңес Одағының Батыры атағын
алған қазақтардың саны бүгінде 103-ке жетіп отыр.
1941 – 45 ж. Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында
қазақстандықтар ерлікпен шайқасып, Украина үшін шайқаста 200-ге жуық,
РКСФР үшін – 70, Белоруссияда – 50-ден астам, Латвияда – 8, Молдовада – 7,
Литвада – 6, Эстонияда – 1, Польшада – 47, Венгрияда – 22, Чехословакияда – 7,
Румынияда – 5, Австрияда – 3, Югославияда – 2, Германияда – 63 және
Жапонияға қарсы соғыста (Қиыр шығыста) – 3 жауынгер батыр атанды. Қ. К. О.
Б. арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері,
мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери
атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса
Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып,
қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8
татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 беларусь, бір-бірден тәжік, эстон, корей, лезгин, ұйғыр
және еврей халықтарының өкілдері бар. Бұл жоғарғы атақты 4 адам
(Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды.
14.
Қолданылған әдебиеттер:1."Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы,
Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5том
2. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы
Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
3. http://www.inform.kz/kz/bugin-kenesodagynyn-batyry-atagynyn-belgilengenine-80zhyl-toldy_a2649446