98.81K
Category: medicinemedicine

Емгерлік амбулатория : құрылымы, міндеттері және жұмысын ұйымдастыру

1.

Семей мемлекеттік медицина университеті
Қоғамдық Денсаулық Сақтау және Информатика кафедрасы
Емгерлік амбулатория : құрылымы, міндеттері және жұмысын
ұйымдастыру
Орындаған: Мырзабекова Еркежан С
Тексерген: Базарбек Ж.Б

2.

Жоспар:
1.
2.
3.
4.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Амбулатория;
Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері;
Емгерлік амбулатория міндеттері;
Жұмысты ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

3.

Амбулатория (лат. ambulatorіus — аяқтай жүріп емделу) —
науқас адам келіп-кетіп емделетін және үйден дәрігерлік
көмек көрсететін мекеме.
Амбулаторияның емханадан айырмашылығы: мұнда жұмыс
көлемі, сондай-ақ дәрігер құрамы аз және көбіне ішкі ағза, тіс
аурулары емделеді. Амбулаторияның негізгі мақсаттарына
өздері келіп, дәрігерлік жәрдем сұраған адамдарға және
үйдегі науқастарға нақтылы көмек көрсету, қажет жағдайда
дәрігерлік кеңес ұйымдастыру, диспансерлік бақылауды
жүзеге асыру, өндірістік мекемелерде медициналықпрофилактикалық сауықтыру жұмыстарын жүргізу, сондайақ кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттардың себептерін
анықтау т.б. жатады.

4.

Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы
медицина қызметкерлер жұмысының
ұйымдастырылуы.Адам - көп қырлы физикалық және
психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның
жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және
әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы
ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір
мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер
туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни
емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек.
Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын
сезінуінің маңызы зор.

5.

Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде
де, науқастың үйінде де көрсететін медициналық мекемені
айтамыз. Емханадан амбулаторияның айырмашылығы
ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін
тексерудің көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға
қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАПтың
жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді,
тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға
үйінде де ем жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен
акушерка медбике дәрігерге қабылдау кезінде көмек
көрсетеді.

6.

Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік
тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті
қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
Мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру үшін мейірбике білуі
қажет:
• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық
көріністерін, асқынуларын, алдын алуды;
• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
көрсету шараларын;

7.

• ішкі
мүшелер аурулары кезіндегі науқастардың
мәселелерін, мейірбикелік үрдістің мәнін.
Мейірбике істей білуі қажет:
• мейірбикелік үрдіс бойынша науқастардың мейірбикелік
күтімін ұйымдастыруды;
• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын
жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды;
• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік
реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді;

8.

• күтім
мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты
және туыстарын үйрету;
• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен
қарым-қатынаста болу.
Осы оқу құралында нақты жағдайлардағы мейірбикелік
үрдістің үлгілері, мейірбикенің кейбір іс-әрекеттері
ұғынылады. Оларды меңгеру -терапевтік науқастармен
жұмыс істеу кезінде жауапсыздыққа және
немқұрайлыққа жол бермейтін мейірбикенің
кәсіпкерлілігінің кепілі.

9.

Емдеу мекемелері және олардың қызметінін түрлеріАдам
денсаулығы - бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік
әл-ауқаттың косындысы. Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулық сақтау кұқығы Конституциямен
бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997
жылғы (17.12.1998 жылғы өзгерістермен,
толықтырулармен) "Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулығын сақтау туралы " заңында
жүзеге асырылған, Амбулаторлық көмек:
1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік
кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін)
немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде);
амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі
мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург,
стоматолог, гинеколог);

10.

2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті
медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына
стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі
мүмкін);
3) здравпункт - МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі
(кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу
орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен
басқа аурушылықтың алдын-алу және төмендету үшін
жоспарлы санитарлы-гигиеналык әрі емдеупрофилактикалық шаралар жүргізіледі;

11.

4) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың
және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеупрофилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық
дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық, диагностикалық
және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау,
квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу,
профилактикалық қарау, диспансеризация - аурулардың
белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау бойынша жұмыс жүргізеді;

12.

5) диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін
ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық
мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды
емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.);
емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды
үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлынасихатты жұмыс жүргізеді;
6) жоғары квалифицирленген медициналық көмек
керсететін мамандандырылған кенестік-диагностикалық
орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда,
медициналық университеттерде және т.б.);

13.

7) әйелдер консультациясы - гинекологиялык ауруларды
емдеу және алдын-алу, жүктілерді бақылау жұмыстары
жүргізіледі; акушерка дәрігерге кабылдау ксзіндс
кемектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды
нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;
8) жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді,
тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы
шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және
науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы
мүмкін; жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар
стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және
реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

14.

Стационардың турлері:
1) аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы
жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары
квалифицирленген көмек көрсетеді; кеп салалы (әртүрлі
ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған
(инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін;
облыстық және республикалық ауруханалар ауыл
тұрғындарын жоғары квалифицирленген медициналық
көмекпен қамтамасыз етеді;

15.

2) госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды
емдейтін аурухана;
3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылымизертгеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен
орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі
жүргізілетін ауруханалық мекеме;
4) шипажай - науқастардың емін жалғастыратын
стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық
сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты
жерлерге (курортта) салады.

16.

Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу
бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және
мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын
бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің
құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған
жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық,
булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме)
жатады.

17.

Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және
диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен
оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға
арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге
кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.
Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты
жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны
үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем
емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы
ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды
жақсылап кымтауы қажет.

18.

2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп
Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз
ауруханаішілік инфекцияның таралмауының алдын алуға
бағытталған санитарлық алдын алу және эпидемияға
қарсы іс шаралар жиынтығы. Емдеу сауықтыру
мекемесінің санитарлық эпидемияға қарсы тәртібі оның
бағытына қарай анықталады.
ЕПҰ-дағы мейірбике қызмет міндеттерінің ең негізгі
бағыты санитарлы – эпидемияға қарсы шараларды
қамтамасыз ету және орындау.

19.

ҚР заңы
«Тұрғындардың
санитарлық
эпидемиологиялық
саулығы тура лы» 4.
12. 02. № 361. 11-30 к.
ҚР ДС бұйрығы № 661.26.10 ҚР
«Вирусты гепатиттердің
ауруханадағы алдын алу
шаралары».
Сан Норма мен Ереже
№ 3.01.083.02.
ұйымдардың және ана
мен баланың
ауруханалық қорғау
ұйымдастыруы және
құрамына талаптар.
ҚР ДС Министрлігінің №
476.11.10.1999 ж бұйрығы
«Аурухана ішіндегі
инфекцияларға инфекциялық
бақылауды ұйымдастыру».

20.

Мейірбике міндеттері:
Қолды жуу деңгейлерін сақтау.
Биологиялық сұйықтықтармен, сонымен қатар қанмен
жұмыс істегенде қолғап кию.
Қолғапты шешкеннен кейін тез арада қолды жуу.
Төгілген немесе шашылған зарарлы материалды тез
арада жинау.
Қолданылған құрал-саймандарды, күтім заттарын, таңу
материалдарын нормативті құжаттарға сай тез арада
зарарсыздандыру.

21.

Емдеу бөлімшесіндегі емдеу сақтандыру тәртібі
Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің физикалық
және психикалық тыныштығын сақтауға бағытталған емдік
- сауықтыру шаралары. Оның негізінде бөлімде
науқастарға дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды
ауруханалық орта жасау, жарақаттаушы факторларды жою,
науқастың уақытын дұрыс ұйымдастыру жатады.
Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді:
Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін
қамтамасыздандыру.
Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау.
Рационалды физикалық белсенділік тәртібін
қамтамасыз ету.
English     Русский Rules