Стационар мен емханалардың жұмысын ұйымдастыру
Емдеу-сауықтыру  мекемелерінің  түрлері және медицина қызметкерлерінің  жұмысының ұйымдастырылуы
0.96M
Category: medicinemedicine

Стационар мен емханалардың жұмысын ұйымдастыру

1. Стационар мен емханалардың жұмысын ұйымдастыру

2. Емдеу-сауықтыру  мекемелерінің  түрлері және медицина қызметкерлерінің  жұмысының ұйымдастырылуы

Емдеу-сауықтыру мекемелерінің түрлері және
медицина қызметкерлерінің жұмысының
ұйымдастырылуы
Біздің мемлекетімізде халыққа медициналық көмекті
әртүрлі амбулаториялық - емханалар, ауруханалар,
санаторлы-курорттық мекемелер, жедел жәрдем
мекемелері, аналарды және балаларды қорғау
ұйымдары және т.б. орындары береді. Медициналық
көмекті науқас өзінің жергілікті тұратын жерінде
(шекаралық ауруханалар мен емханалар) немесе
жұмыс орнында (ұйым және кәсіпорындардың емдеу
мекемелерінде) алады, ол аймақтық принцип
бойынша салынады.

3.

Амбулаторлық (яғни ауруханалардан тыс) көмекті
қала емханаларында, диспансердің емхана
бөлімдерінде (арнайы емдеу-сауықтыру
мекемелерінде емдеу шараларын ұйымдастырады
және белгілі бір профильдегі науқастардыңкардиоревматологиялық,
онкологиялық, дерматовенерологиялық және т.б.
белсенді түрде диспансерлі бақылау жүргізеді)
береді

4.

Ауылдық жерлерде көмекті фельдшер-акушерлік
бөлімдер, аудан, облыс және республика
ауруханаларының амбулаториялық және емхана
бөлімдері жүргізеді, ал өндірісте - медицикосанитарлы бөлімдер және денсаулық пункттерінде
жүзеге асырады.

5.

Амбулаторлық-емханалық емдеу мекемелері
науқастарға жоспарлы немесе жедел түрде ауруханаға
жатуды қажет етпейтін медициналық көмекті (сонымен
қатар, мамандандырылған - хирургиядан,
неврологиядан, офтальмологиядан және т.б.) көрсетеді.
Науқасты тексеру және емдеу емханада жүргізіледі;
қажет болған жағдайда науқасқа үй жағдайында да
аймақтық дәрігер жәрдем көрсетеді.

6.

Амбулаторлық-емхана мекемелері, сонымен қатар,
диспансеризация жүргізеді, яғни белгілі контингенттегі
тұрғындарды белсенді түрде бақылайды. Соңғы кезде
медицина, ғылыми-зерттеу және дәрігерлердің білімін
жетілдіру институттарының қарамағында науқастарды
зерттейтін және емдейтін жоғары дәрежелі
амбулаторияларда көп салалы ірі ауруханалар негізінде
клиникалар құрған кеңестік-диагностика орталықтары
кеңінен дамып жатыр.

7.

Стационарлық дәрігерлік көмекті жүйелі түрде бақылауды,
өзінің жалпы жағдайына байланысты, күрделі диагностикалық
және емдік шараларды қажет ететін науқастарға көмек
көрсетеді. Аймақтық, аудандық, қалалық, облыстық және
республикалык ауруханаларда, медико-санитарлық
бөлімдерде, дирпансердің стационар бөлімдерінде, әскери
ауруханаларда (мысалы, Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне
арналған), медицина институтының оқу және ғылыми-зерттеу
клиникаларында стационарлы емдеу жүргізіледі. Науқасты
ауруханаға жатқызуды амбулаториялы-емханалық дәрігер
шешеді, ал төтенше жағдайларда жедел көмек көрсететін
дәрігер немесе аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігері
шешеді.

8.

Емдеу-сауықтыру мекемелерінің жеке тобын жедел
және шұғыл көмек көрсететін (станция, ауруханалар
немесе жедел және шұғыл көмек көрсету бөлімшелері)
мекемелер, акушерлік-гинеконологиялық (әйелдерге
арналған кеңес орындары, босануға арналған мекемелер,
аурухананың босануға және гинекологияға арналған
бөлімшелері) көмек көрсететін мекемелер, педиатрия
көмегін көрсететін мекемелер (балаларға арналған
емханалар мен ауруханалар), санаториялар және
санаторлы-сауықтыру мекемелері құрайды.

9.

Әртүрлі емдеу-сауықтыру мекемелерінің құрылысы
мен жұмыс істеуі туралы арнайы курстарда
оқытылады (әлеуметтік гигиена және денсаулық
сақтауды ұйымдастыру, акушерлік және
гинекология, педиатрия және т.б.).

10.

Алуан-түрлі емдеу-сауықтыру мекемелерінің саны біздің
мемлекетімізде күннен күнге көбейіп жатыр
Науқасты ауруханаға жатқызу кезінде, олар бірінші
стационардың қабылдау бөліміне түседі. Ол жерде науқас
қабылданады және тіркеуден өтеді. Сонымен қатар, арнайы
медицина құжаттары толтырылады, аурудың сипатын және
ауыртпалығын анықтайтын дәрігерлік бақылау жүргізіледі.
Науқасты қандай бөлімге жіберуді де осында анықтайды
және қажет болған жағдайда жедел жәрдем көрсетеді,
санитарлық тазарту жүргізіледі.
English     Русский Rules