835.58K
Category: medicinemedicine

Қоғамдық денсаулықпен байланысты медицинаның этикалық проблемалары

1.

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Тақырыбы:Қоғамдық денсаулықпен байланысты
медицинаның этикалық проблемалары
Орындаған: Жумашева Е.Б.
308-топ ОМ
Тексерген: Базарбек Ж.Б.

2.

Жоспары:
Медицина деонталогия ғылымы жайлы
Дәрігер мен науқас арасындағы қатынастың
әлеуметтік маңызы.
«Медбике – емделушінің туысқандары (және
жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар
Этиканың қажеттілігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Этика дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен
шықкан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінезқұлқы, әдептілігі туралы ілім. Этика адамдар мен
адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарымқатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін
оқытатын қағидалар жиынтығы. Ал мораль дегеніміз
қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі.
Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы
мінез-құлқы мен инабатты, адамгершілікке толы қарымқатынастарын реттейтін принциптер мен жиынтық
ережелерін мораль дейміз. "Адам - адамға дос, жолдас,
бауыр" деген ұлағатты сөз этиканың ең негізгі
қағидаларының бірі.

4.

Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне
мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай
алатын нағыз мамандар саусақпен
санарлық. Әрбір науқас қуанышқа
жетуге, ауруынан айығуға ұмтылады.
Оған жетудің сенімді жолы - ойлау
жүйесін бақылай білу. Ол сыртқы
факторлар мен жағдайларға да
байланысты,әрі қасында жүрген
адамдардың да қарым-қатынасына да
байланысты.
Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл
дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін
дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі
қасиеттері мен қылықтарын талдай
алатын, қоғам мен ұжым қоятын
талаптарды ескере отырып, бұларға сын
көзбен қарай алатындай қабілетке ие
болуы тиіс. Кім жақын адамдарына бақыт
әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа
жеткісі келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі
тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені
жөн.

5.

Медициналық қызмет этикасы
• Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті
зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология»
термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –
медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық
нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша,
медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:
• ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік
аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;
• практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен
ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық
тәжірибие саласы.

6.

Медициналық этика және медициналық деонтология – спецификалық жағдайдағы, үлкен
парыздың, кәсіби қызметтің, жалпы адамзаттың адамгершіліктік үлкен міндетінің айқындылығы
болып табылады. «Материалдық және рухани қызмет салаларында, денсаулық сақтаудың
қызметкерлерімен басқарылатын, денсаулықты сақтау мен нығайтуда адамдар мен қоғамның
қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық адамгершілік факторларының жиынтығын»
медициналық этика қарастырады. Медициналық этика мен медициналық деонтологияның
мағынасы, денсаулық сақтаумен тығыз байланысты, медициналық қызмет саласындағы
коммерцализацияға қатысты әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне, нарықтық,
маркетингтік үрдістердің еңгізілуіне байланысты кеңейе түсуде.

7.

Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарымқатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
медициналық қызметкер – емделуші,
медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,
медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.

8.

«Дәрігер–пациент” өзара әрекетінде жатқан қарым-қатынастың жалпы
ережелері мен терең психологиялық механизмдерін ажырата білген жөн.
* Коммуникативтік қарым-қатынас – бұл ақпарат алмасу (мысал, хәл, өзін
сезінуі туралы);
* Интербелсенді қарым-қатынас – тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ әрекеттермен
де алмасу (мысалы, мейірбикенің манипуляцияны орындауындағы немесе
пациенттің өтінішін орындағандағы);
* перцептивтік қарым-қатынас – адамдардың бір-бірін қабылдауы, сенімге қол
жету. Қарым-қатынастың бұл түрі біртіндеп қалыптасады және оңтайланады.

9.

Оған қоса қарым-қатынастың басқа да жіктелуі бар. Төменде келтірілгендер
зиянды өзара әрекетке көбірек келгенімен медицинада жиі ұшырасады.
А. "Бетперделердің контакты” – шынайы эмоцияларды жасырумен бірге
және азырақ қызығушылықпен бірге болатын сыпайлық, әдептілік (адамды
кәсіби алдын ала тексеруде кең тараған).
Б. Қарапайым қарым-қатынас – пациентті шулайтын немесе бөгет болатын
Адам
ретінде
бағалау.
В. Формалды-рөлдік қарым-қатынас – пациенттің тұлғасын танып білу оның
әлеуметтік рөліне қызығушылықпен алмастырылады.
Г. Іскерлік қарым-қатынас - серіктестік стилінің орнына авторитарлық
стилін орнату.
Д. Диагностикалық және емдік өзара әрекет жоқ рухани тұлғааралық өзара
әрекет.
Е. Пайда көру немесе марапат алу мақсатындағы манипулятивтік қарымқатынас. Манипулятивтік қарым-қатынаста пациенттегі аурудың ауырлығы
жалған түрде артуы мүмкін; әр түрлі тәсілдермен (дәріханамен контакт
жасау арқылы) қымбат, сынақтан өтпеген дәрі-дәрмектердің ұсынылуы
ықтимал; бағасы қымбат және қажеті жоқ процедуралар. Соңғы кезде
өкінішке орай бұл кең тараған.

10.

Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас
дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады.
Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бірбіріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем
нәтижелі болуына күмән тумайды. Ал дәрігер мен
науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда,
ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер
таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім
білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды.
Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина
қызметкерлері науқаспен және оның жақын
туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың
сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек.

11.

«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:
•Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті.
Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз»
деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
•Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға,
палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
•Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы
емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа
түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.

12.

«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы
қарым-қатынастар:
•Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы
қажет;
•Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс
орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;
•Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы
жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;
•Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс
күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.

13.

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау
Науқас адамның ауруын анықтауда, тиімді емшараларын тағайындап, іске
асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне,
басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативті
дағдыларды жүргізу дәрежесені байланысты.
Ал, дәрігердің
коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін қалай бағалауға болады?
Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін оның қарымқатынасқа түсе алу қабілеттігіне қарап бағалауға болады.
Ø Қатынас кезінде дәрігер қолданатын вербальды және вербальды емес
сұқпаттасу құралдарын қаншалықты жоғары дәрежеде қолдана алды?
Ø Науқас адаммен қатынаста өзіне деген сенімділікті тудыра алдыма?
Ø
Жедел жағдайдағы науқастарды қабылдау кезінде, оларға жедел
жағдайынан шығуға қанщалықты көмектесе алды.

14.

Ø Дәрігер созылмалы сырқаттармен дұрыс жұмыс
жүргізе ала ма?
Ø Науқасқа, оның жақындарына қайғылы ақапартты
жеткізуді жоғар деңгейде жүргізе алады ма және
отбасына қаншалықты қолдау көрсете алады.
Ø Өз әріптестерімен сыйластықпен қарап, жақсы
қарым-қатынас орната алады ам?
Ø
Орат
және
кіші
буынды
медицина
қызметкерлерімен тығыз байланыста болады ма?
Аталған сұрақтарға жауап дәрігердің бойында
табылса, дәрігер коммуникативті дағдыларды өте
жоғары деңгейде жүргізе алады деген сөз.

15.

Медицинадағы емдеу үрдісі барысындағы
азаматтардың ерекше құқықтарының сақталуы
керектігін және оның маңызды екендігін
гуманистік тағлым ету дәлелдейді . Әрбір
пациенттің белгілі бір құқықтары мен міндеттері
бар. Егер оларды бұзған жағдайда әкімшілік, тіпті
заң жүзінде жауапқа тартылады. Медициналық
этика да, заң да негізінде бір сұрақты реттейді,
олар:дәрігерлердің, медқызметкерлердің, пациент
пен қоғамның өзара қарым-қатынасындағы
міндеттері мен құқықтары, медициналық көмек
көрсету және көмек алу шарттары, көрсетілетін
көмек сапасы, еңбек мерзімі, көлемі және еңбек
ақының реттілігі, т.б.

16.

Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы
болғандықтан, олар бір өздері қызмет атқарып, басқа
әріптестерімен көп қатынасқа түспеген. Қазіргі таңда
дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық амалдардың
да саны артты. Және диагностикалық және емдеу
технологияларын, ақпараттарды қолдануына байланысты,
медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар
да жұмыс атқарады. Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер жұмыс
бабына орай күнделікті көптеген әріптестерімен,
медициналық орта буынды қызметкерлерімен, науқас және
оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады.
Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі,
қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен
және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас
құруына байланысты.

17.

Дәрігерлердің сапасын жақсарту үшін не істеу керек?
Біріншіден, медицина институтына адамзатқа деген сүйіспеншілігі мол, дәрігер
болуға қабілетті жастарды қабылдауымыз керек.
Екіншіден, дәрігерлік мамандыққа мектеп жасынан бастап дәрігер болуға бейімі
бар балаларды алдын-ала іріктеп алып даярлаған жөн. Оларды іріктеу кезінде
тұқымында, отбасында емші, балгер, сынықшы, бақсы болып немесе осымен
айналысқан шаңырақтарға баса көңіл аударған дұрыс. Осындай ерекше
қасиеттері бар жастарға арнайы медициналық білім берілсе медицинада,
биологияда небір ғажайып жаңалықтардың ашылмасына кім кепілдік береді! Бұл
біздің болашақ ұрпағымыз үшін қажет.
\

18.

Үшіншіден, оқуға қазақша мектепті бітіріп келіп түскен студенттер
үшін барлық сабақты бірінші курстан бастап аяғына дейін ана
тілінде жүргізілуі керек. Сонда институт бітірген жастарымыздың
арасынан суырылып алдыға шығып, өздерінің шын талант иесі
екендіктерін ана тілінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
ана тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап,
дәлелдеп беретін күн де алыс емес.
Төртіншіден, оқуға түскен жастарымыздың жақсы дәрігер болуболмауы тек өздеріне ғана байланысты. Ол үнемі оқып ізденсе,
ерінбей-жалықпай еңбек етсе алдына қойған мақсатына жетеді.
Халқымыз егеменді, дені сау, мәдениетті елге айналу үшін бүгінгі
дәрігеріміз саналы, сауатты, білімділігі мен шеберлігі, мәдениеті
мен парасаты жоғары болу керек. Қазіргі білімнен сусындап,
студенттеріміз келешекте халқын сүйген жақсы дәрігерлер болып
шығуы үшін этика мен деонтология ілімінің атқаратын рөлі зор.

19.

ҚОРЫТЫНДЫ
Адам-белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын
сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым
қатынаста
болады.Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу,
көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару - ол әр дәрігердің
міндеті болып табылу керек.
Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану - «Ақ халатты
абзал жандар» деп атанған дәрігердің парызы деп санауымыз қажет.
Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби
этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі
қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек
пайдаланған абзал.
Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап
ететін қызмет.
Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды
құрайтын биологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес,
сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр түрлі болуы қайталанбас
психикалық
көрініс
құрайтын
тәуелділікке
байланысты.
English     Русский Rules