Similar presentations:
Кәдімгі цикорий-Сichorium intybus l
1.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық УниверситетіТақырыбы:Кәдімгі цикорий-Сichorium intybus l.
Орындаған:Досмұқамет Д
Тексерген:Тыныбеков Б
2.
Жоспары:1.Медицинада қолданылатын мүшелері,оларды жинау
кептіру.
2.Қоры,таралуы,пайдаланылуы
3.Химиялық құрамы
4.Медицинада қолданылуы
3.
Кәдімгі шашыратқы -(Cichorium intybus l.) тамыры етті,сабағы тіп-тік, биіктігі 30-120 см, болып келетін,
күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін
өсімдік. Жақсы бал береді.Шірнесі мен тозаңы мол.
Ресейдің еуропалық бөлігінде, Батыс Сібірден Алтайға
дейін, Орта Азияда, Кавказда таралған
4.
Азық-түліктік өсімдік ретінде қолдан өсіріледі. Жабайыөсетін шашыратқы нәрсуының микробты өлтіретін, жара
бетін бырыстыратын және тыныштандырушылық қасиеті
бар. Гүлшоғыры мен тамырының тұнбасы орталық жүйке
жүйесін тыныштандырады және жүректің жұмысын
жақсартады.
5.
• Авиценна шашыратқыны безгекте, асқазан-ішек жұмысыбұзылғанда, жүрек айну, көз қабынуында пайдаланылған.
Тамыр нәрсуына шыланған дәкені тұз байланған кезде
буындарға және сарышаян, ара, жылан мен кесіртке
шаққан жерге таңуға көмектеседі.
6.
Медицинада қолданылатын мүшелері,оларды жинаукептіру.
Медицинада тамыр және шөбі пайдаланылады.Дәрілік
шикізат ретінде гүлдеу фазасында гүлдерін және
жапырақтарын жинайды,ал тамырларын күзде немесе
ерте көктемде жинайды.Тамырын күзде тамырларымен
жапырақтары сола бастағанда жинайды.Жуан
тамырларын ұзынша ал жіңішке ұзын тамырларды
көлденеңінен кеседі;салқын ағын суға салып
жуады.Цикорийдің табиғаттағы қорын сақтап қалу үшін әр
жерлерде кәдімгі цикоридің жақсы пісіп жетілген
дарақтарын қалдырып отыру керек.Жиналған шикізатты
арнай кептіргіштерде(50-60^C)кептіреді.
7.
Таралуы.Кәдімгі цикорий Европа,Солтүстік Қытайдакездеседі.ТМД елдерінің Европалық бөлігінде
Кавказда,Орта Азияда,Батыс Сібірде біржақтан әкелінген
өсімдік рөлінде кездеседі.Бұл өсімдікті мәдени түрінде
Батыс Еуропада,және Индияда,Индонезияда АҚШ та ТМД
елдерінде кездестіруге болады.Қазақстанның шөл және
биік таулы аймақтарынан басқа барлық жерлерінде
кездестіругеболады.
Қоры.Шикізат қоры Қазақстанда жеткілікті бірақ аз
зерттелінген
8.
• ПайдалануыСалаттық көкөніс және тамыр жемістілер ретінде өсіріледі.
Шашыратқы тамырын кептіріл, қуырып және ұнтақтап
үгітілген күйінде кофе сусынын әзірлеуге пайдаланады.
Бұл сусын түнбасының тіл үйіретін дәмі және қоңырқай
түсі болады.
Шашыратқыны кофеге де қосады (бір стақан суға 2 шай
қасық кофе, 1/2 шай қасық шашыратқы ұнтағы).
9.
• Жапырақты ( салаттық) шашыратқы ашқылтым салатөсімдігіне жатады; сәл ашқылтымдау, сүйкімді дәмі бар.
Жапырағын көк салат жасауға пайдаланылады.
• Дәрілік шикізат ретінде шашыратқының тек тамыры ғана
пайдаланылады. Оны күз айларында жауын – шашынсыз
күндері қазып алады да, топырақтан, жапырақтарынан
тазалап, көлеңке жерде кептіреді. Ағаш жәшіктерге, ол
болмаса қағаз қапшықтарға салып, құрғақ жерде
сақтайды.
10.
Химиялық құрамы.Кәдімгі цикорий тамырында жәнежапырағында полисахарид,инсулин көп болады,белок
заттары,гликозид интибин,илік заттар,органикалық
қышқылдар дәрумендер тиамин,рибофлабин,аскорбин
қышқылы каротин,гүлдерінде кумаринді гликозидтер,сүт
шырында-лактуцин және лактукопикрин, сияқты ащы
заттар және т.б тұқымдарында шыны май,(5-28%) ;жас
жапырақтарында каротин,аскорбин қышқылы (0,08%)
инсулин,калии тұздары болады.
11.
Медицинада қолданылуы.Ресми дәрі ретінде
қолданылмайды.Кәдімгі цикорий сүтті
шырынында ащы заттар болуына
байланысты цикорий тәбетті
ашады,терлеуді азайтады.Асқортыу
қызметін жақсартады,организмнен
артық холестиринді
шығарады,қанқантамыр
қабырғаларына,май қосындыларынан
тұрып,қалыңдауын,минералдық зат
алмасуының бұзылуын,бүйрек және
өт тасы ауруларын подагра ауруларын
емдейді.
12.
• Халықтар арасында цикорий өсімдігі «бауыр» шөбіретінде белгілі.Онымен бауыр ауруларын,өт қабығының
қабынуын,қуықтың өз бетімен істелетін қозғалыстарының
бұзылуын емдеуге
қолданыалады.Микробтардыөлтіреді.Цикорийдің
қайнатпасын булау,ауырған жерге дәріленген дәке басу
және таңғыш арқылы түрлі қышыма тері
ауруларын,тамырының сұйық ботқасымен фрункулозды
емдейді.
13.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1.Мухитдинов Н.М Дәрілік өсімдіктер
2.Кукенов М.К Ботаническое ресурссоведение Казахстана
Алматы,»Ғылым» 1999
3.Гемеджиева Н.Г Краткий терминологический солварь по
ботаническому ресурссоведению.Алматы,2000