Similar presentations:
Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары
1. ПРЕЗЕНТАЦИЯ Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары
Топтық жұмысОрындағандар:
Сабырхан А.
Байсейіт І.
Манет Г.
Патруллаева Б.
Мырзалиева Ұ.
2.
Адамның кәсіби іс-әрекетке жағымды қатынасы адамды ісәрекетке ынталандыратын күштердің, оның белсенділігініңсебептерін талдаумен байланысты.
Қатынастар теориясы негізінде қатынастар ерекшеліктерінің 3
аспектісін қарастыруға болады: (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев,
А.Ф.Лазурский, С.П.Франк, А.Н.Леонтьев, В.И.Чирков):
- когнитивтік аспект (пән саласының сипаттамасы);
- аффективтік аспект (нақты белсенділікті қамтамасыз ететін
мотивтердің сипаттамасы);
- мінез-құлық аспектісі (адам белсенділігінің қажеттілік
аумағы).
3. Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары. Өткен ғасырдың 70–80-жылдарында оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер
гуманистік психологияға негізделген болатын, әрі адамның өсу әлеуетін«мен» тұжырымдамасына баса назар аудара отырып қарастырған.
4. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған
факторлардың бірі болыптанылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым
Авраам Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол физиологиялық
қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге – өзін өзі көрсете, таныта
білуді қойды
5. Маслоу төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, себебі
төмендегідеңгейде ынта анағұрлым күшті болады. Оның кейбір оппоненттері бұл
иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды
орындамай-ақ, өз ойын іске асыра алады дегенді алға тартады. Соған
қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып,
пайдалы талдау құралын жасап шығарды:
1-деңгей: Аштық, шөлдеу, ұйқы, демалу және
физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық
қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып
қанағаттандырылуы керек.
6.
2-деңгей: Қауіпсіздікке деген қажеттілік болашағыболжанған және бірізділікке негізделген өмір
болуын көздейді. Егер де олар
қанағаттандырылмаса, адамдар өз әлемін қорғап,
жоғары деңгейлі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
бар күшін жұмсайды. Ал қанағаттандырылса,
адамдар үшінші деңгейге ауыса алады.
7.
3-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреугеқажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және
жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді
8.
4-деңгей: Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігеркүшке, жетістіктер мен шеберлік, құзыреттілікке иеболу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік,
абырой және мәртебені де жатқызуға болады.
9.
5-деңгей: Өзін өзі таныта білу – дарын, қабілеті менәлеуетін толық көрсете білу.
10.
Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретіндеқарастыруға болады деп ойлайды. Өзін өзі көрсету басты
мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар
да басымдыққа ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан
алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқызуға
болады.
11.
Мен ТұжырымдамасыКарл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке
тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым- қатынас
жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім беру
қисын мен интуиция, зияткерлік пен сезімді
қамтиды деген идеяны өрбітті. Оның ойынша, елеулі
немесе тәжірибеге негізделген оқудың сипаттамасы
төмендегідей:
12.
• «Оқу барысында жүретін сезіну және тану аспектілерінің екеуінде деадамның жеке өзінің араласуын көздейді.
• Өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул
сырттан жасалған күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және
түсіну сезімі іштен шығады.
• Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы,
тіпті жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.
• Оны өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме,
өзі білмейтін салаларды анықтай ма деген сияқты аспектілерді қарастыра
отырып оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік
пайымдарына негізделеді.
• Оның мәнi – мағынасында. Мұндай оқу орын алған жағдайда оқушы
үшін оқудың мағынасы жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» (Rogers, 1983).
13.
Демек, «мен» тұжырымдамасы бiздi алғажылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарды
бағыттайтын, өзін өзі өзгертуге жетелейтін
әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке
сипаттамалары бар барлық танымдық және
аффекттік компоненттердiң үйлесуі болып табылады