Similar presentations:
Шет ел азаматтарының құқықтары
1.
Шет ел азаматтарыныңқұқықтары
2.
Шет ел азаматтары — мемлекеттің азаматтарыболып табылмайтын, өзінің мемлекеттің
азаматтығына жататынын дәлелдейтін айғақтары
жоқ адамдар.
Шет ел азаматтарының және елде азаматтығы жоқ
адамдардың мәртебесін айқындайтын негізгі
ұстаным ҚР Конституциясының 12-бабында
баянды етілген, осы бапқа сәйкес мұндай адамдар
республикада азаматтар үшін белгіленген
құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,
сондай-ақ ҚР азаматтарымен бірдей міндеттер
атқарады.
3.
Құқықтық жағдайда Шет ел азаматтарыныңҚазақстанда тұрақты немесе уақытша болуына
қарай айқындалатын бірқатар
айырмашылықтары бар. Шет ел азаматтары
қандай жағдайда болғанына қарамастан заң
алдында бірдей. Олардың құқықтар мен
бостандықтарды пайдалануы Қазақстан
Республикасының мүдделеріне, Қазақстан
Республикасы азаматтары мен басқа да
адамдардың заңды мүдделеріне нұқсан
келтірмеуге тиіс.
4.
Шет ел азаматтары ҚР Конституциясы мензаңнамасын сақтауға міндетті. ҚР-да
тұратын шет ел азаматтары Қазақстан
азаматтарымен ортақ негізде жұмысшы және
қызметші ретінде жұмыс істейді немесе өзге
де еңбек қызметімен айналыса алады. Олар
демалысқа, денсаулығын сақтауға,
жәрдемақыға, зейнетақыға, әлеуметтік
қамсыздандырудың басқа да нысандарына,
тұрғын жайды пайдалануға, тұрғын үйге,
өзге де мүлікке, білім алуға, мәдениет
жетістіктерін пайдалануға құқылы.
5.
Оларға ұждан бостандығы, жеке басынажәне тұрғын үйіне тиіспеушілік кепілдігі
берілген, олар ҚР азаматтарымен некеге
тұра алады және некені бұза алады.
Алайда олар сайланбалы мемл.
органдарды сайлай алмайды және оларға
сайлана алмайды, жалпыхалықтық дауыс
беруге (референдумға) қатыса алмайды.
6.
Олар ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметатқармайды. Шет ел азаматтарының ҚР аумағында
жүріп-тұруына, тұрғылықты жерін таңдауына
ұлттық заңнамада және халықар. шарттарға сәйкес
белгіленген тәртіппен рұқсат етіледі. Алайда
мемл. қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық
тәртіпті сақтау мақсатымен бұл аяда шектеу
белгіленуі мүмкін. Шет ел азаматтары Қазақстанға
ҚР заңнамасына сәйкес келуі және одан кетуі
мүмкін. ҚР аумағында қылмыс жасаған, әкімшілік
және өзге де құқық бұзушылық жасаған шет ел
азаматтары Қазақстан азаматтарымен бірдей
жалпы негізде жауапқа тартылады.
7.
Шет ел азаматтары туралы заңнаманыбұзушы шет ел азаматтарының елде болу
мерзімі қысқартылуы мүмкін. Аталмыш
ережелершет ел дипломаттары және
консулдық өкілдік басшылары мен
қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР заңнамасы
мен халықаралық шарттарда белгіленген
адамдардың дипломатиялық
пұрсаттылықтары мен иммунитеттеріне
қолданылмайды. ҚР-нда босқындардың
мәртебесі арнаулы заңнамамен айқындалған.