389.02K
Category: informaticsinformatics

Компьютерлік графика

1.

2.

Екі өлшемді
Үш өлшемді

3.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.
Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және
әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең
орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің
санына тәуелді болады.
Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint

4.

5.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан
тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге
және үлкейтуге болатындығы.
Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

6.

7.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық
графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада
математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект
сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .

8.

Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың
жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.
Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар: - 3D Studio MAX 5; - AutoCAD; - Компас;

9.

10.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика
Іскерлік графика
Конструкторлық графика
Суреттеу (көркем) графикасы
Жарнамалық графика

11.

Графиктік файлдардың форматтары :
Графиктік формат – бейнені кодтау тәсілі.
ВМР- форматы (ағылш.тіл. Bit Map – «биттік карта»). ВМР – графиктік файлдың стандартты форматы.
PSD - Adobe PhotoShop пакетінің стандартты форматы, көп қабатты бейнелерді сақтайды.
CDR форматы - Corel Draw бағдарламасының форматы және ол векторлық бейнемен қоса, растрлік графиканы
және мәтінді сақтау мүмкіндігін береді.
РNG-форматы - ағыл.т. Portable Network Graphic Format – «желі бойынша графиканы жіберу форматы», «пинг» деп
оқылады).
GIF-форматы - (ағылш.т. Graphics Interchange Format – «графиканы алмастыруға арналған формат»).
JPEG-форматы - фотобейнелерді сығып сақтауға арналған аса әйгілі формат.
English     Русский Rules