«Астана медицина университеті»АҚ Профилактикалық медицина, тағамтану және спорт медицина кафедрасы
Жоспар
3.30M
Category: medicinemedicine

Денсаулық фестивалі. Денсаулық жолы

1. «Астана медицина университеті»АҚ Профилактикалық медицина, тағамтану және спорт медицина кафедрасы

Денсаулық фестивалі
Денсаулық жолы
Тексерген:
Орындаған:
Астана 2017

2. Жоспар


Денсаулық фестивалі
Фестиваль аясында
Акция максаты
Денсаулық жолы

3.

• Игі дәстүрге айналған бастамалардың бірі –
«Денсаулық фестивалі». Бұл шараны
өткізудегі негізгі мақсат – қарапайым
тұрғындарды спортқа тарту. Саламатты өмір
салтын ұстану, аурудың алдын алу – денсаулық
негізі екенін түсіндіру.
• «Жаттығуға көп рахмет — денсаулығым
керемет!». Сенбі күні облыстық салауатты
өмір салтын қалыптастыру орталығының
ұйытқы болуымен «Денсаулық фестивалі»
аясында өткізілген кең көлемді акция осылай
аталды.

4.

• Акция бір уақытта облыстық әкімдік ғимаратының
маңында және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев
атындағы саябақта ұйымдастырылды. Облыстық
әкімдік ғимаратының маңынан бастап аталған саябаққа
дейін веложарыс өткізілді. Ал саябақта көпшілік
жиналып, дене жаттығуын жасады. Концерттік
бағдарлама тамашалады. Сонымен қатар қала
тұрғындары мен қонақтары дәрігерлерден медициналық
кеңес алды.
• ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта
ұйымдастырылған шараны Өскемен қаласы әкімі
орынбасары Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов ашып,
құттықтау сөз сөйледі. Темірбек Жұмақұлұлы өз сөзінде
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға дейін
Қазақстан халқының дене шынықтырумен, бұқаралық
спортпен айналысатындар санын 30 пайызға жеткізу
міндетін қойғанын атап өтті.

5.

6.

• «Денсаудық эстафетасы» ұйымдастырылып
жатқанда орталық алаңда спорттық жарыстар,
ұлттық ойындар өткізіліп жатты. Сондай-ақ, дәл
осы күні өзге спорт түрлерінен де сайыстар өтті.
Концерттік бағдарламалар қойылып,
жиналғандардың көңілін көтерді. Сенбі күні
болған іс-шара аясында орталық алаң медицина
қалашығына айналды. Медицина мамандары
кеңес беріп, глюкометр аппараты арқылы қандағы
қантты анықтау, флюорографиялық тексерулер
секілді тегін медициналық қызметтер көрсетіліп
жатты.

7.

• Мәселен, «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы»
«УЗИ – ЭКГ» тексерулерін жүргізіп жатса, «Облыстық
медициналық орталығының» эндокринолог, кардиолог
мамандары қала тұрғындарына қызмет көрсетіп жатты.
Сонымен қатар, «Денсаулық фестиваліне» №4,6,5 қалалық
емханалар да белсене қатысып, өздерінің қызметін ұсынып
жатты. Әдетте, емханаларға барғанда ұзын-сонар кезекке
тұрудан шаршаған жандар үшін бұл фестивальдің маңызы зор
болғандығын аңғару қиын емес. Сондай-ақ, шараға келген қала
тұрғындарының басым көпшілігі қан қысымын, салмағын,
бойын өлшетіп жүргендер екен. «Ал, «ЭКГ», «УЗИ»
аппараттарына түсіп, денсаулығын тексергісі келгендер үшін
арнайы медициналық көліктер даярланған. Меддициналық
қызмет көрсетумен қатар мұнда ақпараттық-танымдық
материалдар таратылды. Орталық алаңның сахнасында облыс
өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт
ұйымдастырылды. Жиналған халықтың лайықты қошеметіне ие
болған әнші-бишілер өздеріне жүктелген міндетті абыроймен
атқарып өтті. Әсіресе, қызылордалық жастарға жақсы таныс
Бақытжан Найманбаевтің шырқаған әндері көңілге қонымды
болды.

8.

«Денсаулық жолы - 2016» акциясының
аясында жылжымалы медициналық кешендер 5
облыстың шалғай аудандары мен Астананың
кәсіпорындарына барады
1-7 тамыз аралығында «Денсаулық жолы 2016» республикалық акциясының аясында
жылжымалы медициналық кешендер (әрі
қарай - ЖМК) Павлодар, Шығыс Қазақстан,
Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда
облыстарының шалғай аудандары мен Астана
қаласының кәсіпорындарына барады.

9.

10.

• 1-5 тамыз аралығында ЖМК Қызылорда облысының
Шиелі, Жалағаш, Сырдария аудандарына барады.
Мобильді медициналық бригадалардың құрамына
терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық,
онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір
салтын қалыптастыру аймақтық орталығының
мамандары кіреді.
• Аталған күндері Маңғыстау облысының Шебір,
Тұщықұдық (Маңғыстау ауданы), Басқұдық, Қызылтөбе
(Мұнайлы ауданы), Сарға, Қарасай (Бейнеу ауданы)
ауылдарының түрғындары терапевт, кардиолог, окулист,
гинеколог, психолог және т.б. дәрігерлерінің кеңесін
алып, тегін скринингтік тексеруден өте алады.

11.

• 1-5 тамыз аралығында Павлодар облысы
Лебяжі мен Ертіс аудандарының (Тоқта ауылы)
тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист,
отоларинголог, гинеколог, стоматолог
дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер
және клиникалық зертхана мамандары
тексеретін болады.
• Сонымен қатар, жылжымалы медициналық
кешендер 1 тамызда Аягөз ауданы Прогресс
ауылына, 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы
Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен ауылына
барады.

12.

2016 жылғы 3 тамызда астаналық Локомотивтіжөндеу депосының қызметкерлеріне кардиолог,
эндокринолог, онколог, маммолог, нутрициолог және
ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу қалалық
орталығының мамандары жіберіледі.
Кәсіпорындарға жіберілетін акция Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының ҚР ДСӘДМ салауатты
өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық
орталығы 2002 жылдан бастап жүзеге асыратын
«Денсаулыққа тиімді жұмыс орындары» жобасын
насихаттауға бағытталған.

13.

• Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 20162019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының
іс-шаралар жоспарын орындау аясында, 2016 жылдың 1 шілде – 31
тамыз аралығында «Денсаулық жолы» кең ауқымды шарасын орындау
мақсатында, СӨСҚПО Жаңаөзен қалалық филиалы мен №1 Жаңаөзен
қалалық емхананың ұйымдастыруымен, 10.08.2016 ж. Қызылсай
ауылының тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен тегін
қызмет көрсету арқылы кең көлемді шара өтті.
• Жылжымалы медициналық кешеннің (зертхана, окулист, гинеколог,
кардиолог, хирург, ВОП, узист, стоматолог) дәрігерлері тұрғындарға
тегін медициналық қызмет көрсетіп, ақыл кеңестерін беріп отырды.
Сонымен қатар ОСӨСҚПО мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы
аясында «RTF-19» қоғамдық бірлестігі «Никотинге – витамин!»
акциясын ұйымдастыру.
• Шараға келген тұрғындардың бойын, салмағын, қан қысымын өлшеп,
дәрігерлер аурулардың алдын алу бойынша ақпарат,кеңестерін беріп
отырды. ОСӨСҚПО Жаңаөзен қалалық филиалының мамандары
келген тұрғындарға аурулардың алдын алу жөнінде үнпарақтар,
бетшелер тарата отырып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Қамтылган адам саны – 100.

14.

• Акция нәтижесінде ЛОР-дәрігері – 12,
кардиолог – 17, узист – 55 (соның ішінде
1 тұрғында бүйрек ауруы анықталды
/киста/), гинеколог – 15 тұрғынды
(соның ішінде 1 азаматшада обыр ауруы
анықталды) қабылдады. Сонымен
қатар, 20 қызылсайлықтар жылжымалы
зертханада анализдерді тапсырды.
English     Русский Rules