2.08M
Category: biologybiology

Ангиологияға кiрiспе. Қан тамырлары құрылысының, тармақталуының және жiктелуi негізгі ұстанымдары

1.

Қалыпты анатомия
кафедрасы
доцент Дакенова
Қарашаш Толеуханқызы

2.

Тақырыбы:
“Ангиологияға кiрiспе. Қан
тамырлары құрылысының ,
тармақталуының және
жiктелуi негізгі ұстанымдары.
Микроциркуляциялық арна.
Жанама қан айналым.”

3.

Жоспары:
1. Ангиологияға кiрiспе.
2. Қан тамырларының
құрылысы.
3. Қан тамырларының таралу
заңдылықтары.
4. Жiктелуі

4.

I.Ангиологияға кiрiспе.
Ангиология – тамырлар
туралы iлiм (грекше, angeion –
тамыр; logos - iлiм). Тамырлар
жүйесi арқылы сұйық тiндер – қан
мен лимфа ағады. Осыған орай
қантамыр және лимфа жүйелерi
ажыратылады.

5.

Олар организмдегi зат алмасуды
қамтамасыз етедi, бiр жағынан организм
тiндерi мен жасушаларына қажеттi
қоректiк заттар жеткiзiлiп, екiншi жағынан
жасуша элементтерiнiң тiршiлiк әрекетiнен
пайда болған өнiмдердi сыртқа шығаратын
ағзаларға (бүйректерге) жеткiзiледi.
Жүрек ырғақты жиырылуы арқылы
тамырлардағы қанды қозғалысқа келтiредi.
Сондықтан олар жүрек – тамыр жүйесi деп
аталады.

6.

Жүрек-қан-тамырлар жүйесі
1) Орталық
Жүрек
2) Шеткі
қан-тамырлар
Артерия
вена
капилляр

7.

Қан тамырлары: терi мен
шырышты қабықтың
эпителиiнде, шашта, тырнақта,
көздiң мөлдiр қабығында және
буындық шемiршектерде ғана
болмайды. Қанды жүректен
әкететiн тамырлар –
артериялар, жүрекке әкелетiн
тамырлар веналар деп аталады.

8.

VESSELS
Vessels include the following
main structures: heart,
arteries, veins and capillaries
A
V
Closed cardio-vascular system

9.

II. Қан тамырларының жіктелуі.
Диаметiрiне байланысты: iрi, жуан,
орташа, ұсақ (жiңiшке) артериялар
деп бөлiнедi.
1) Дененiң қабырғаларын қанмен
қамтамасыз ететiн артериялар –
қабырғалық (париеталдық), iшкi
ағзаларға қан әкелетiн артериялар –
iшкi ағзалық (висцералдық)
артериялар деп аталады.

10.

2) Сонымен қатар артериялар – ағза
сыртындағы (ағзаға қан әкелетiндер)
және ағза iшiндегi (ағза iшiнде
тармақталатын бөлiгi) артериялар деп
бөлiнедi.
3) Көптеген артериялардың аталуы,
олардың қандай ағзаларды
қандандыруына байланысты (бүйрек
артериясы, көкбауыр артериясы)
4) жанасып жатқа сүйектiң аталуына
сәйкес (кәрiжiлiк артериясы);

11.

5) орналасуының тереңдiгiне
(беткей немесе терең артерия),
6)тамырдың бағытталуына
(санның медиалды айналма
артериясы) сәйкес болады.
Арнайы аты жоқ ұсақ артериялар
– тармақтар (rami) – деп аталады.

12.

Ағзаның iшiнде артериялар ұсақ
артерияларға бөлiнедi. Олардың
тармақталуының 3 түрi бар:
1.
Магистралды түрi – негiзгi тамыр
– магистралды артериядан бүйiрлiк
тармақтар кетедi.

13.

14.

15.

2. Дихотомиялық
3. Шашыраңқы түрi – негiзгi артерия
бiрден екi және одан да көп тармақтарға
бөлiнедi (ағашқа ұқсайды).

16.

17.

18.

4. Ғажайып тор

19.

20.

Әр артерияның қабырғасы үш
қабықтан тұрады:
1. Iшкi қабық, tunica intima,
эндотелии жасушалары қабатынын
және эндотелии асты қабатынан
тұрады. (Эндотелиоциттер базалдi
жарғақта жатады. Эндотелиасты
қабатының сыртында, ортаңғы
қабықпен шекарада iшкi серпiмдi
(эластикалық) жарғақ орналасқан).

21.

2. Ортаңғы қабық, tunica media –
бiрiңғай салалы бұлшықеттiк
жасушалардан (дөңгелек бағытта
орналасқан), сонымен қатар серпiмдi
және коллаген талшықтарынан түзiлген.
(Ортаңғы және сыртқы қабықтардың
шекарасында сыртқы серпiмдi жарғақ
орналасқан).
3. Сыртқы қабық немесе адвентиция,
tunica externa, s. adventicia, болбыр
дәнекер тiннен түзiлген.

22.

Веналардың да қабырғалары iшкi,
ортаңғы және сыртқы үш қабаттан
түзiлген, олардың қабырғалары
жұқа болады. Бұлшықеттiк
жасушалар мен серпiмдi талшықтар
ортаңғы қабықта аз болады, сол
себептi венаны кескен кезде ол
жабулы тұрады. Веналар өрiмдер
түзе отырып, бiр-бiрiне жалғасады.

23.

24.

25.

26.

Веналық қанның керi ағуына
веналардың ерекшелiгiн құрайтын –
қақпақшалар кедергi жасайды. Вена
қақпақшалары дәнекер тiндiк
қабаты бар эндотелии
қатпарларынан тұрады. Олардың
бос жиектерi жүрек жаққа қараған,
сондықтан қанның осы бағыттағы
ағынына кедергi келтiрмейдi, бiрақ
оның керi ағуына кедергi болады.

27.

28.

29.

Үлкен және кiшi қанайналым шеңберлерi:
Үлкен қанайналым шеңберi сол жақтағы
қарыншадан басталады, одан қолқа шығады
және оң жақтағы жүрекшеде жоғарғы және
төменгi қуыс веналар арқылы аяқталады.
Кiшi қанайналым шеңберi өкпе сабауы
арқылы оң жақтағы қарыншадан басталып,
өкпе веналары арқылы сол жақтағы
жүрекшеде аяқталады. Бұл шеңбер қанды
өкпедегi оттегiмен байыту үшiн қажет
(өкпелiк қанайналым шеңберi).

30.

III. Қан тамырлардың таралу
заңдылықтары (П.Ф.Лесгафт).
1. Артериялар ағзаларға ең қысқа
жолмен барады.
2. Үлкен қан тамырлар дененiң
бүгiлгiш беттерiнде орналасады.

31.

3. Магистралды iрi тамырдың саны
қаңқадағы сүйектiң санына сәйкес
келедi – омыртқа бағанасы бiреу –
қолқа бiреу, бiлекте екi сүйек – екi
артерия; саусақтар бесеу – бес
артерия.
4. Артериялар, нервтер, веналар көп
жағдайда қатар жүредi.
5. Тұлға артериялары сегметтiк
құрылысын сақтайды.

32.

Жанама қан айналым
Негiзгi жолдан басқа, жанама қан
ағысын қамтамасыз ететiн тамырлар –
коллатералдық жанама тамырлар деп
аталады. Негiзгi (магистралды) тамыр
арқылы қанның ағуы қиындаған немесе
тоқтап қалған жағдайда қан жанама
артериялар арқылы ағады. Бұл жағдайда
қан осы екi артерияны қосатын артериялар
аностомоздар – арқылы жанама артерияға
өтедi.

33.

34.

35.

36.

37.

Микроциркуляторлық арна.
Микроциркуляция- қан мен
лимфаның тамыр арнасының
микроскопиялық бөлігіндегі қозғалысы.
Микроциркуляциялық арна,
В.В.Куприянов бойынша 5 буынды
камтиды:
1. Артериялық жүйенің ең дистальды
буындары ретіндегі артериялар
( артериолалар )

38.

Артериолалар мен нағыз
капиллярлар арасында аралық буын
болып табылатын прекапиллярлар
немесе прекапиллярлық
артериолалар ( прекапиллярлар )
3. Капиллярлар
4. Посткапилляр немесе
посткапиллярлық венулалар және
2.

39.

5. Веналық жүйенің тамырлары болып
табылатын венулалар
Микроциркуляциялық арнаның
кейбір тамырлары ( артериолалар )
–негізінен тарату қызметін
атқарады, ал қалғандары
( прекапилляр, капилляр,
посткапилляр, венулалар)
трофикалық ( алмасу ) қызметін
атқарады.

40.

41.

42.

Capillaries (5-10 micrometers in width) and capillary bed
(interweaving network of capillaries supplying an organ)
English     Русский Rules