Similar presentations:
Өндірістік жарықтандыру, желдету, жылыту жүйелерін гигиеналық бағалау
1.
Кафедра: Еңбекгигиенасы
Тақырып 3
Өндірістік жарықтандыру, желдету, жылыту
жүйелерін гигиеналық бағалау. Еңбек
гигиенасының санитарлық- гигиеналық
зертханасының жұмысын ұйымдастыру
қағидаттары. Еңбек жағдайы мен өндірістік
факторлардың жұмысшылар денсаулығына
әсер етуінің өзара байланысын бағалаудың
негізгі статистикалық әдістері
М. ғ. к., доцент Ниязбекова Л. С.
Еңбек гигенасы кафедрасы КазНМУ
2. Жоспар
• Өндірістік жарықтандыру, желдету, жылытужүйелерін гигиеналық бағалау.
• Еңбек гигиенасының санитарлық- гигиеналық
зертханасының жұмысын ұйымдастыру
қағидаттары.
• Еңбек жағдайы мен өндірістік факторлардың
жұмысшылар денсаулығына әсер етуінің өзара
байланысын бағалаудың негізгі статистикалық
әдістері
3.
Өндірістік жарықтандыруға баға беру екі бағыттаіске асырылады: өндірістік жарықтандыру
жобаларына сараптама кезінде сақтық санитарлық
қадағалау жүргізу жолымен және жұмыс істеп
жатқан кәсіпорындардың жарықтандырылуына
баға беруге негізделген күнделікті санитарлық
қадағалау жолымен.
4.
Бұл кезде келесі нормативтік материалдарқолданылады: ҚНмЕ 2.04.05-2002 «Табиғи және
жасанды жарықтандыру», МЕСТ 24940-96
«Ғимараттар мен құрылымдар. Жарықтаныруды
өлшеу әдістері», МЕСТ 26824-86 «Ғимараттар мен
құрылымдар. Жарықтықты өлшеу әдістері», «Дәл
көру жұмыстары үшін олардың кернеулігін ескере
отырып жарықтандыру деңгейлерін анықтау
бойынша әдістемелік ұсыныстар» № 3863-85, РМ
01-58 «Жұмыс орындарының жарықтандыруларына
баға беру» Әдістемелік нұсқау 2.2.4.706-981/ӘН,
сонымен қатар салалық нормативтер.
5. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
Негізгі жарықтық түсініктер және өлшеу бірліктері. Оптикалықсәулелерге толқын ұзындығы 380-700 нМ болатын электромагниттік
тербелістер жатады. Бұл сәулелер келесі түсініктермен және бірліктермен
сипатталады.
Ж а р ы қ а ғ ы м ы - өзімен өндірілетін жарық сезіміне көзбен баға беретін
сәуле энергиясының қуаттылығы; жарық ағымының өлшем бірлігі – люмен
(лн).
Ж а р ы қ к ү ш і - жарық ағымының кеңістіктік тығыздығы; өлшем бірлігі –
кандела (кд).
Ж а р ы қ т ы қ - адамның көзі тікелей жауап беретін негізгі жарықтық шама
– сол немесе басқа беткейдің қасиеттеріне, оның шағылыстыру
қабілеттілігіне тәуелді болатын жарық ағымының кеңістіктік тығыздығы;
өлшем бірлігі – шаршы метрдегі кандела (кд/м²).
Ж а р ы қ т а н д ы р у – беткейге түскен жарық ағымының берілген
беткейдің ауданына қатынасымен анықталынатын жарық ағымының
беткейлік тығыздығы; өлшем бірлігі – люкс (лк).
Ш а ғ ы л ы с у к о э ф ф и ц и е н т і – денемен шағылысқан жарық
ағымының осы денеге түсетін ағымға қатынасы. Бірлік үлестерімен немесе
пайызбен беріледі.
6. Өлшеу әдістемесі.
Жасанды жарықтандыру жағдайына сандық баға беру үшіннегізгі жұмыс орындары мен қоршаған беткейлердің
жарықтандыры-луына және жарықтығына құрал-жабдықтық
тексерулер жүргізіледі.
Жарықтық жағдайды анықтау жарықтық қондырғының
жарықтық техникалық жобаға сәйкестігін тексеру үшін немесе
тексеру кезінде жұмыс орындарының жарықтандырылу
жағдайларына бақылау жасау үшін іске асырылады. Бірінші
жағдайда барлық күйіп кеткен шамдарды ауыстыру және
жарықшамдарды тазалау керек. Екінші жағдайда фотометрлік
тексерулерді жарықтандыру қондырғыларының сәйкес
дайындығынсыз жүргізеді.
Жарықтандыруды анықтау үшін Ю-116, Ю-117 фотоэлектрлік
люксметрлерін, «Аргус - 07» люксметр-пульсметрлерін және
т.б. қолданады.
7. Жарықтандыру жағдайларына баға беруге арналған өлшеу құралдары
Құралдың аталуы«Аргус-01» люксметрі
Ю-116 люксметрі
Ю-117 люксметрі
«ТКА-04/3» люксметряркомері
«Аргус-02» яркомері
Шектері және
өлшем бірліктері
5 - 200 000 лк
5 – 100 000 лк
0,1 – 100 000 лк
10 – 200 000 лк
10 – 200 000 кд/м²
5 – 200 000кд/м²
Қоректендірілуі Салмағы,
кг
Автономды
»
»
»
»
0,25
1,75
2,0
0,39
0,35
8.
Люксметрлердің метрологиялық аттестациядан жәнетексеруден өткені туралы куәліктері болуы керек.
Люксметрлермен жұмыс істеу кезінде келесі талаптардың
сақталынуы тиіс:
фотоэлементтің қабылдау табақшасы жұмыс беткейінде оның
орналасу жазықтығында (көлденең, тік, еңкіш)
орналастырылуы тиіс;
фотоэлементке жабдықтардан және т.б. кездейсоқ көлеңкелер
түспеуі керек.
Жарықтықты өлшеу, тікелей жарықтық бірліктерінің
көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік беретін «ТКА-04/3»
люксметр-яркомердің, «Аргус-02» және т.б. яркомерлердің
көмегімен тікелей әдіспен жүргізіледі.
9. Гигиеналық нормалау
Құрылыстық жарықтандырудың қолдануда барнормалары (ҚНмЕ 2.04.05-2002) өнеркәсіптік және ауыл
шаруашылық нысандарының табиғи, бірлестірілген және
жасанды жарықтандырылуына қолданылады.
Т а б и ғ и ж а р ы қ т а н д ы р у – сыртқы қоршамалы
құрылымдардың жарықтық ойықтары арқылы енетін
аспан жарығымен (тікелей немесе шағылысқан) бөлменің
жарықтандырылуы. Бұл жарықтандырылудың келесі
түрлері болады: а) жоғары – шатырдағы жарықтық
ойықтар арқылы; б) бүйірлік – сыртқы қабырғалардағы
терезелер арқылы; в) үйлестірілген – жарықтық ойықтар
мен терезелер арқылы.
10.
Бірлестірілгенж а р ы қ т а н д ы р у – нормалар
бойынша жеткіліксіз табиғи жарықтандырылу жасанды
жарықтандырылумен толықтырлатын жарықтандыру.
Табиғи және бірлестірілген жарықтандыруды нормалау
көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Құрылыстық нормалар және ережелермен жоғары, жоғары
және бүйірлік немесе бүйірлік жарықтандыруларға жекежеке нормалау қарастырылады. Бұл бүйірлік
жарықтандыруды қолдану кезіндегі жарықтандырудың аса
біркелкі еместігімен түсіндіріледі. Жоғары немесе
үйлестірілген жарықпен жарықтандырылуда
жарықтандырыудың біркелкілігі жеткілікті болады.
11.
Ж а с а н д ы ж а р ы қ т а н д ы р у - тек жасандыжарық көздері қолданылатын жарықтандыру болып
табылады; ол жарықшамдар бөлменің жоғарғы аумағында
біркелкі орналастырлатын (жалпы біркелкі жарықтандыру)
немесе жабдықтардың орналастырылуына қарай
қолданылатын (жалпы оқшауланған жарықтандыру) жалпы,
жарық ағымын тікелей жұмыс орындарына
шоғырландыратын – жергілікті және жалпы жарықтандыру
мен жергілікті жарықтандыруды үйлестіретін – үйлестірілген
болуы мүмкін. Жұмыс бөлмесі мен жұмыс орындарындағы
қажетті жарықтаныру шамасын, ажырату нысанының
жұмысшының көзінен 0,5 м көп емес қашықтықта
орналастырылған ажырату нысанының мөлшеріне
байланысты қалыптастырылады.
12. Өндірістік жарықтандыруды гигиеналық тексеру
Әрбір тексеруді көру жұмыстарын орындауменбайланысты өндірістік үрдістің ерекшеліктерін ескере
отырып іске асырады: дәлдігін, күрделілігін,
кернеулігін. Ол ең бірінші кезекте нақты өндірістік
бөлменің жарықтандырылуына қойылатын
талаптардың сипаты мен деңгейін қамтамасыз етеді.
13.
Өндірістік жарықтандыруды зерттегенде және бағабергенде келесі мәселелер қамтылуы тиіс.
Орындалатын көру жұмысының сипаттамасы:
ажырату нысанының ең кіші мөлшері;
реңнің ажырату нысанымен контрасты және реңнің
шағылысу коэффициенті
Табиғи жарықтандыру:
жарықтандыру түрі (бүйірлік, жоғарғы, үйлескен);
қабырғалардың, төбенің, еденнің, жабдықтардың боялуы;
ТЖК анықтау және баға беру;
Терезе әйнектерінің тазалану кезеңділігі.
14.
Жасанды жарықтандыру:жарық көздері;
жарықтандыру жүйесі;
жалпы және жергілікті жарықтандыру жарықшамдарының түсі;
жалпы жарықтандыру жарықшамдарының орналастырылуы, олардың
арасындағы қашықтық, жұмыстық беткейлерден іліну биіктігі;
◦ жарықтықты, жыпылықтау коэффициентін, көз шағылыстыру
көрсеткішін анықтау және баға беру;
◦ жарық беру қондырғыларының күйі, жарықшамдарды тазалау
кезеңділігі.
«Жарықтық орта» факторы бойынша еңбек жағдайының
кластары:
◦ табиғи жарықтандыру;
◦ жасанды жарықтандыру;
а) жарықтық;
б) көз шағылыстыру көрсеткіші;
в) шағылыстыра жарқырау;
г) жыпылықтау коэффициенті.
5. Қорытынды. Сауықтыру шаралары.
◦
◦
◦
◦
15. Жасанды жарықтандыруға баға беру
Өндірістік бөлмелерді жарықтандыру үшін келесі жарықкөздерін қолданады: қыздыру шамдары және газды
разрядты шамдар – төмен (люминисцентті) және жоғары
(доғалы сынапты люминисцентті – ДСЛ ДСИ) қысымды.
Қыздыру шамдарына вакуумды (НВ), галогенді (ГЛН)
шамдар және т.б. жатады.
Люминисцентті шамдар жарық ағымын спектрлар
бойынша тарату сипатымен ерекшеленеді: ЛБ –
люминисцентті, ақ түсті; ЛД – люминисцентті, күндізгі
жарықтық; ЛТД – люминисцентті, жылы-ақ түсті; ЛХБ –
люминисцентті суық-ақ түсті; ЛБЦТ – люминисцентті, ақ
түсті жақсартылған түстерді бергіштері бар; ЛЕ –
люминисцентті, спектрі бойынша табиғи күн жарығына ең
жақын.
16. Табиғи жарықтандыруға баға беру
Адамдартұрақты
түрде болатын бөлмелер,
ережеге
сай, баға беруде 23-05-95 ҚНмЕ –де келтірілген
талаптарға сай келетін табиғи жарықтануы болуы
керек.
Жаңадан салынып жатқан немесе қайтадан
құрастырылып жатқан өнеркәсіптік нысандардың
жобаларына баға беруде табиғи жарықтануды
есептеуді ТЖК анықтау жолымен жүргізеді.
17.
Желдендіру өндірістік бөлмелердің ауа ортасынсауықтыру бойынша шаралар жүйесін толықтайтын
санитарлық-техникалық құрал болып табылады.
Желдендіру көмегімен жылу мен ылғалдылықтың,
сонымен қатар газдардың, булардың және шаңның
артық мөлшерімен күрес жүргізеді.
18. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
Желдендіру жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне баға беретінтікелей және жанама әдістер бар.
Жанама әдістерге - өндірістік бөлмелердің ауа ортасының
санитарлық нормаларға, жұмыс аумағының ауасындағы
зиянды заттардың концентрациясы, температурасы,
салыстырмалы ылғалдылығы мен ауаның қозғалу
жылдамдығы, жылулық сәулеленуі тұрғысынан сәйкестігіне
баға беру жатады; тікелей әдістерге – келесі өлшенетін
көрсеткіштер жатады: ауа ағымдарының жылдамдығы мен
температурасы, өнімділік, желдеткіштің дамытылған
қысымы мен айналымдар саны, қысымдар немесе зарядтар
айырмасы, желдендіру жүйесі элементтерінің шу және
дірілі, сорылатын ауадағы зиянды заттардың
концентрациясы.
19. Желдендірудің гигиеналық тиімділігіне баға беру
Желдендірудің гигиеналық тиімділігіне баға беругебөлмелердегі жабдықтардан артық жылу, шаң және
газдардың бөлінуін төмендету немесе жою тұрғысынан
барлық қажетті технологиялық, эксплуатациялық және
ұйымдастырушылық шараларды іске асырғаннан кейін
барып кірісу керек.
Санэпидқызмет өкілі желдендіру жүйелеріне бақылау жасар
алдында келесі құжаттармен танысуы керек:
қалыптастырылған тәртіппен бекітілген желдендіру
жобасы, сонымен бірге жобадан ауытқулар тізімі, ашу
жұмыстарын тексеру және қабылдау актілері, желдендіру
жүйелерін техникалық сынау және жөндеу хаттамалары,
жоспарлы-сақтық жөндеу (ЖСЖ) графигімен және оны
тіркеу журналы.
20.
Өндірістік бөлмелердің желдендіру жүйесінің тиімділігінетікелей баға беру алдын ала жүргізілетін шаралардан
басталады: технологиялық үрдістің регламентке
сәйкестігін тексеру, технологиялық жабдықтармен
коммуникациялардың жұмысының дұрыстығын (ақаулар
табылғанда оларды жоюға нұсқаулар беріледі), желдендіру
жүйелері мен олардың элементтерін қарап тексеру,
желдеткіш жұмысының дұрыстығына баға беру
(айналымдар бағытының дұрыстығы, айналу кезінде бөгде
шулардың болмауы), ауа жолдарының желісін қарау
(үзінділермен зақымдалулардың болуын), ауа жіберу және
ауа қабылдау құрылымдарын қарап тексеру (жалюзи,
торшалар, тетіктер және т.с.с.) және калориферлерін
тексеру.
21.
Артық жылу мөлшерімен күресуге арналған ауаалмасуды есептеу және баға беру
Бөлмедегі артығымен жылытылған ауаны, жылудың артық
мөлшерін жұтуға қабілетті суық ауамен сұйылту
қажеттілігіне негізделеді. Сұйылтылатын ауаның мөлшері
бөлмеден бөлінетін жылу мөлшерімен және осы бөлменің
қабырғалары арқылы жоғалтылатын жылу мөлшерінің
арасындағы айырма болып табылады.
Өндірістердегі жылу бөлу көздеріне жұмыс істеп жатқан
адамдар, қозғалмалы механизмдер, сонымен қатар
пештердің, жабдықтардың қыздырылған беттері,
қыздырылған металл және т.б. жатады. Сұйылтылатын артық
жылу мөлшерін есептеу үшін барлық жылу көздерінен
бөлінетін жылудың қосынды жалпы мөлшерін есептеу керек.
Ауа шығынын жылдың жылы және суық мезгілдеріне және
өтпелі кезеңдерге айқын артық жылудың артық мөлшерімен
алынатын үлкен шамасын қабылдай отырып жеке-жеке
анықтау керек.
22. Еңбек гигиенасының санитариялық-гигиеналық зертханасының жұмысын ұйымдастыру қағидаттары.
23.
Өнеркәсіп орындарының, объектілердің, мекемелержұмысшыларының санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығын қамтамасыз ету, ең алдымен адам
денсаулығы мен көңіл күйіне еңбек жағдайының
зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу, анықтау және
жою МСЭҚ Орталығы еңбек гигиенасы бөлімінің ісәрекетінің негізін құрайды.
24.
Бөлім МСЭҚБ-ның басқа да бөлімдерімен жәнезертханаларымен бірлесіп жұмыс істейді, сонымен
қатар (қажеттілік туғанда) кәсіподақ ұйымдарымен,
ғылыми-зерттеу институттарымен, ҚР еңбек
Министрлігі органдарымен және әлеуметтік
қамсыздандыру мекемелерімен кешенді жұмыс
жасайды. Бөлімнің құрамы, метериалдық-техникалық
жабдықталуы шаруашылықтық-экономикалық ісәрекетінің мүмкіншіліктерін пайдалану дәрежесімен
және міндеттерімен анықталынады.
25.
Еңбек гигиенасы дәрігерінің кәсіпкерлік іс-әрекетініңбарлық түрлерін шартты түрде сақтық және күнделікті
санитарлық қадағалау деп бөлу қабылданған.