Similar presentations:
Бюджеттің атқарылуы
1. Бюджеттің атқарылуы
Бюджетке түсiмдердiң түсуiн,бюджеттiк бағдарламалардың (кіші
бағдарламалардың) iске асырылуын
қамтамасыз ету, бюджет
тапшылығын қаржыландыру
(профициттi пайдалану) жөнiндегi
iс-шаралар кешенiн орындау
бюджеттiң атқарылуы болып
табылады.
2.
Республикалық бюджеттің атқарылуын ҚРҮкіметі қамтамасыз етеді. Жергілікті б. а.
жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
орган бюджеттің атқарылуы саласындағы
мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және
оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті
шегінде республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді,
республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке
алу, қаржылық және бюджеттік есептілік
саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге
асырады.
3.
Бюджеттiң атқарылуы ағымдағықаржы жылының 1 қаңтарында
басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
Бюджеттің атқарылуы кезінде
жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе)
үшінші қаржы жылдарында көзделген
бюджет қаражатын ағымдағы қаржы
жылында пайдалануға жол берілмейді.
Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және
оларға кассалық қызмет көрсетуді ҚРның Үкіметі айқындайды.
4.
Бюджеттiң атқарылу негiзi болыптабылатын құжаттар
1) ҚР Бюджет кодексі;
2) республикалық бюджет туралы заң және
жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмi;
3) республикалық қаржы жоспары туралы
жарлық және жергілікті атқарушы органның
кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған жергілікті қаржы жоспары туралы
қаулысы;
4) ҚР Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы
органның республикалық бюджет туралы заңды
немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың
шешiмiн iске асыру туралы қаулылары;
5.
5) ҚР Yкiметiнiң немесе жергiлiктiатқарушы органның республикалық
немесе жергiлiктi бюджеттердi атқару
барысында қабылдайтын шешiмi;
6) мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарлары;
7) нысаналы трансферттер бойынша
нәтижелер туралы келісімдер;
8) міндеттемелер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспары,
түсімдердің және төлемдер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспары;
6.
9) бюджеттік бағдарламаларәкімшілерінің міндеттемелері мен
төлемдері бойынша қаржыландыру
жоспарлары;
10) мемлекеттік мекемелердің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша
қаржыландырудың жеке жоспарлары;
11) Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттiң
атқарылу тәртiбiн айқындайтын
нормативтiк құқықтық актiлер
бюджеттiң атқарылу негiзi болып
табылады.
7.
Бюджеттiң түсiмдер бойыншаатқарылуы:
1) түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық
шотқа есепке жазуды;
2) түсiмдердi республикалық, жергiлiктi
бюджеттер мен ҚР –ның Ұлттық қоры
арасында бөлудi;
3) бюджеттен артық (қате) төленген
түсiмдер сомасын қайтаруды не оларды
берешекті өтеу есебiне есепке жатқызуды
қамтиды.
8.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттіорган ҚР Үкіметі айқындайтын және ҚР Ұлттық
Банкімен келісілген тәртіппен:
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер
бойынша болжам және республикалық бюджеттің
қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы бюджет
қаражатының қалдықтары негізінде ҚР Ұлттық
қорынан республикалық бюджетке ағымдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңмен бекітілген оның көлемі шеңберінде
кепілдік берілген трансферттің қажетті сомасын
айқындайды;
2) ҚР Ұлттық Банкіне ҚР Ұлттық қорынан
республикалық бюджетке кепілдік берілген
трансфертті аудару туралы тиісті өтінімді жібереді.
9.
Есептi кезеңнiң аяғындағы жағдайбойынша пайдаланылмай қалған
қаражат кезеңнің аяғындағы бюджет
қаражатының қалдықтары болып
табылады.
Кезекті қаржы жылының 1
қаңтарындағы жағдай бойынша өткен
қаржы жылында бюджеттің атқарылу
қорытындылары бойынша
пайдаланылмай қалған қаражат жыл
басындағы бюджет қаражатының
қалдықтары болып табылады.
10.
Тиісті қаржы жылы ішінде республикалықбюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет
туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу арқылы республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң көрсеткiштерiн
өзгерту республикалық және жергiлiктi
бюджеттердi нақтылау болып табылады.
Республикалық бюджеттi нақтылау ҚР
заңнамалық актiлерiне сәйкес ҚР Үкiметiнiң
және (немесе) ҚР Парламентi депутаттарының
ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттi нақтылау жөнiндегi
ұсыныстарды Республикалық бюджеттік
комиссия қарайды.
11.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiнақтылау:
1) ҚР саяси, экономикалық, экологиялық және
әлеуметтiк тұрақтылығына қауiп төндiретiн
ахуалды жою қажет болған;
2) бюджеттер кірістерiн қысқартуды немесе
шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн ҚР заңнамалық
актiлерi қабылданған немесе өзгертiлген;
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi
атқару барысында түсiмдерi ағымдағы қаржы жылы
олардың бекiтiлген жылдық көлемiнен он
проценттен астам сомаға кеміген;
4) жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген
және бөлінген нысаналы трансферттер мен
бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгерген;