Similar presentations:
Біріншілік және екіншілік пиелонефрит
1.
Семей Мемлекеттік Медицина университетіБалалар хирургиясы кафедрасы
СӨЖ
Тақырып: «Біріншілік және екіншілік пиелонефрит»
Орындаған: Нұртазина М.Б..
418-топ ЖМФ
Тексерген:
Семей 2014ж.
2. Жоспар:
КіріспеНегізгі бөлім
-Біріншілік және екіншілік пиелонефрит
-клиникасы
-диагностикасы
-емі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3. Пиелонефрит
- бүйректің астауын,тостағандарын, милы және
қыртысты қабаттарын қамтитын
қабыну процесі.
Ол бала жасында жиі кездесетін
аурулардың бірі болып табылады
және жоғарғы тыныс жолдарының
ауруларынан кейін екінші
орында.Баларда алғашқы 5 жасына
дейін пиелонефрит 3-4рет жиірек
кездеседі.
Қыз балалар пиелонефритпен
ұлдарға қарағанда 3 рет жиірек
ауырады. Оның себебі әртүрлі
инфекциялар.
4.
Балалардың дамуында зәр шығару жолдарыныңинфекцияларына қарсы механизмнің ерекше төмендеуі
болатын 3 критикалық кезең бар:
Туғаннан
2-3жасқа
дейін
4-5жастан
7-8жасқа
дейін
Жасөспірімдік шақ
5. Этиологиясы:
Пиелонефрит дамуы үшін бүйрекке бактерияның енуіжәне зәрдің зәр жолдары арқылы ағуына кедергі
болатыны әсер етеді. Микробтар гематогенді,
лимфогенді, зәр жолдары арқылы енеді. Бактериялар
бүйрекке түскенмен бірден оны қабындырып жібере
алмайды. Бүйрек клеткаларының микробқа қарсы
иммунитеті сау бүйректе жоғары дәрежеде, тек
әлсіреген бүйректе ғана микробтар қабыну процесін
тудырады.оған қосымша қолайлы жағдайлар – витамин
жетіспеушілігі, баланың денесінің тоңазуы, тұмаумен
ауыруы, қатты шаршауы, жұқпалы аурулармен ауыруы,
жалпы иммунитетінің төмендеуі болуы керек.
Пиелонефриттің дамуы үшін негізгі жергілікті фактор –
обструктивті уропатиялар.
6.
Пиелонефриттіңқоздырғыштары
коккалар және коли
бактериялар:
стрептококк,
стафилококк, эшерихия,
протей, энтерококк және
басқалары. Науқастардың
жартысынан көбінде
аралас микрофлора
анықталады. Ауруды ұзақ
уақыт
антибиотиктармен
емдеудің нәтижесінде
саңырауқұлақты
инфекция - кандидоз
дамуы мүмкін.
–
7.
Қалыпты және пиелонефритпензақымдалған бүйрек
8. Классификациясы:
Балалар урологиясында пиелонефриттіңбіріншілік және екіншілік түрлерін ажыратады.
Зәр шығару жүйесінің біріншілік қабыну процесімүшелердің қалыпты құрылымында дамиды.
Екіншілік түрі - қуық, бүйрек , несепағар
құрылымында немесе орналасуында патологиясы
бар балаларда дамиды. Зақымдалу аймағына
байланысты бір немесе екі жақты болуы
мүмкін.ағымына байланысты –жедел ,
созылмалы жіне қайталанатын болады.
9.
10. Клиникасы:
Аурудың белгілері баланың жасыментығыз байланысты. Аурудың жалпы
ортақ белгілері – дене қызуының
көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі,
кейде жүректің айнуы. Дене қызуы кей
жағдайларда 39-40 градусқа дейін
көтеріледі. Бел аймағында
соққылағанда күшейетін ауырсыну
байқалады. Егер пиелонефритпен қоса
цистит немесе уретрит болса, онда іш
аймағында және зәр шығару кезінде
ауырсыну байқалады. 1 жасқа дейін
пиелонефритпен ұлдар жиірек ауырады.
Жиі пиелонефрит ешқандай белгісіз өтуі
мүмкін.
11.
Жедел дамитын пиелонефрит кәдімгіжұқпалы ауру сияқты болып көрінеді де,
аурудың бүкіл өне бойынан, әбден уланып қалған
сәтке тән нышандар көрініс береді. Жиі
дамитын гематогенді пиелонефрит дененің
қатты қалтырауымен басталады. Дене қызуы
көтеріліп , бірнеше сағаттан кейін күрт
түседі, бұл кезде ағыл-тегіл тер шығып, денесі
босаңсиды,әлсірейді.қан тамырының соғуы мен
тыныс алуы жиілейді.Жүрек айнуы, құсуы,
адинамияпайда болады. Ұйқының қашуы, бүкіл
дененің ауырсынуы, организдегі судың тез
азаюына байланысты денесі қаңсып, бетәлпеті сопайып,түрі өзгереді.
12.
Алғашқы тәуліктің аяғына қарайбелінің тұсы қатты сырқырап
ауырады.3-4 куннен кейін, дертке
ұшыраған бүйрек пальпация кезінде
ауырсынып, алақанға қап-қатты боп
тиеді. Ақырындап дененің қалтырауы
қызуы азайып,төмендейді.7-9 күнге қарай
көңіл күйі өзгеріп , тамаққа тәбеті
ашылады. Бірінші кезектегі жедел
дамитын сірнелі пиелонефритпен
ауырған балаларда көпшілік жағдайда
осылай басталып өтеді.
13.
Екінші кезектегі жедел дамитын пиелонефрит,көбінесе бүйрек шаншуы ұстағаннан кейін немесе зәрі
кенеттен тоқтап қалғанда дамиды.оның 80% іріңді
болады,ол қабына салысымен ауырады. Сондықтан
диагноз қоюға жеңіл болады.Науқастың денесі
қатты қалтырап, қызуы 40градусқа дейін
жоғарылайды. Тер моншақтап ағып, денесі
әлсізденіп, басы ауырып, төсек тартып қалады. Тілі
құрғайды, көзінің ағы сарғыш тартады, бауыры
үлкейеді. Зәрдің мөлшері азайып немесе мүлдем жоқ
болуы мүмкін, кейде зәр қан аралас шығады. Қанның
құрамындағы азот қалдығының мөлшері
жоғарылайды. Бүйректің ауруы күшейе түседі. Псоас
симптомы дамуы мүмкін. Балалардағы
пиелонефриттің білінуі оның қабынуы мен жасына
байланысты болады.
14.
Жаңа туған нәрестелердіңпиелонефриті жедел
басталады, бірақ бірінші
күндері дене қызуы онша
жоғары болмайды, тек
субфибрильді түрде ғана
көтеріледі. Кейін дене қызуы
біресе қатты көтеріліп,
біресе төмен түсіп, кезек
ауысып тұрады. Бүйрек
қабынуының ең ауыр
түрлерінде дене қызуы сол
кеселдің ауыртпалығына сай
болып өзгеріссіз көтеріледі,
сондықтан да кейде дене
қызуы күрт төмендеп түсіп
кетуі де ықтимал,
диспепсиялық синдромдар
байқалады.
15. Диагностикасы:
Балаларда пиелонефритті ертедиагностикалап ем жүргізу өте
маңызды болы табылады, себебі
бала бүйрегі қайтымсыз
өзгерістерге ұшырауы және
артериалды гипертония
қалыптасуы мүмкін.
Диагностикалау үшін қанның
және зәрдің лабораториялық
анализдері кеңінен қолданылады.
Балаларға зәр шығару жолын УДЗ
міндетті болып табылады.
Қажет болған жағдайда
мамандандырылған бөлімдерде
рентгенологиялық және
аспаптық зерттеулер кеңінен
қолданылады.
16. Емі:
Бірінші кезектегі жедел дамитынпиелонефритті емдеуді науқас баланы төсекке
міндетті түрде жатқызып, диета сақтау
тәртібінен бастайды. Содан кейін бүйрек
тырысқанын кетіретін, ауырсынуын басатын
дәрілер беріледі. Қабынуға қарсы кең көлемде
әсер ететін антибиотиктерді берумен қатар ,
сульфаниламидтерді және нитрофурандарды
қосып берген тиімді.егер жүргізілген
консервативті ем аурудың жағдайын тез арада
жақсартпаса, бүйректің қабынуы тоқтамаса,
организмдегі үрдіс пиелонефритке
ауысады.мұндай жағдайда дереу операция
жасалынады.
17. Пайдаланған әдебиеттер:
Интернет желісіGoogle/ru
«Детская хирургия» Ю.Ф.Исаков. Москва
медицина 1983г .