Similar presentations:
ВИРУС
1.
Вирустық гепатиттер: негіздері,эпидемиологиясы және профилактикасы
2.
Вирустық гепатиттер ұғымыВирустық гепатиттер – бауыр жасушаларының (гепатоциттердің) спецификалық вирустармен
зақымдалуынан туындайтын жұқпалы аурулар тобы.
Негізгі ерекшелігі: бауыр тінінің қабынуы, интоксикация синдромы және көп жағдайда сарғаю белгілерімен
сипатталады.
Клиникалық ағымы: жедел (острое) немесе созылмалы (хроническое) түрде өтуі мүмкін.
ДДҰ деректері: әлемде миллиондаған адам бұл инфекцияның созылмалы түрлерімен өмір сүреді және
бұл бауыр циррозы мен қатерлі ісігінің негізгі себебі.
3.
Қоздырғыштардың жіктелуіГепатит А вирусы (HAV) – РНҚ-лы вирус, сыртқы ортада төзімді, жедел түрде өтеді, созылмалы формаға
ауыспайды.
Гепатит В вирусы (HBV) – ДНҚ-лы вирус, сыртқы орта мен дезинфекцияға өте жоғары төзімді, созылмалы
түрге жиі ауысады.
Гепатит С вирусы (HCV) – РНҚ-лы вирус, генетикалық құбылмалылығы жоғары, 70-80% жағдайда
жасырын созылмалы түрге ауысады («нәзік жендет»).
Гепатит D (HDV) және E (HEV) вирустары – D вирусы тек В гепатитімен бірге дамиды, ал Е гепатиті А
гепатитіне ұқсас жұғады.
4.
Жұғу механизмдері бойынша бөлінуіЭнтеральды гепатиттер (А және Е):
• Фекальды-оралды механизм арқылы жұғады.
• Берілу жолдары: ластанған су, тағам өнімдері және кір қолдар арқылы.
Парентеральды гепатиттер (В, С, D):
• Қан және басқа да биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады.
• Берілу жолдары: медициналық манипуляциялар, стерильді емес құралдар, жыныстық қатынас және
анадан балаға (вертикальды жол).
5.
Гепатит А және Е эпидемиологиясыИнфекция көзі: аурудың жедел түрімен ауыратын немесе жасырын формадағы нақты адам.
Маусымдылығы: күз-қыс айларында аурушаңдық деңгейінің артуы тән.
Қабылдаушылық: балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі, ауырып жазылғаннан кейін тұрақты
өмірлік иммунитет қалыптасады.
Ерекшелігі: Е гепатиті жүкті әйелдер үшін өте қауіпті, өлім-жітім көрсеткіші жоғары болуы мүмкін.
6.
Парентеральды гепатиттердің (B, C, D) өзектілігіИнфекция көзі: созылмалы гепатитпен ауыратын науқастар және белгісіз вирус тасымалдаушылар.
Жоғары қауіп тобы: медицина қызметкерлері, қан қабылдаушылар, гемодиализдегі науқастар,
инъекциялық есірткі қолданушылар.
Жасырын өтуі: В және С гепатиттері ондаған жылдар бойы ешқандай белгісіз дамып, бауыр фиброзы мен
циррозына әкеледі.
Гепатит D ерекшелігі: суперинфекция немесе коинфекция ретінде өтіп, бауырдың жедел дистрофиясын
тудырады.
7.
Инфекциялық процестің клиникалық кезеңдеріИнкубациялық (жасырын) кезең: А гепатитінде 15-50 күн, В және С гепатиттерінде 60-180 күнге дейін
созылады.
Продромальды (сарғаю алдындағы) кезең: диспепсиялық (тәбеттің төмендеуі, жүрек айну) және тұмау
тәрізді белгілер байқалады.
Сарғаю кезеңі: көздің склерасы мен терінің сарғаюы, зәрдің қарайуы (сыра түсті), үлкен дәреттің ағаруы.
Реконвалесценция (жазылу) немесе созылмалы түрге ауысу кезеңі.
8.
Вирустық гепатиттердің зертханалық диагностикасыБиохимиялық зерттеулер: қан сарысуындағы бауыр ферменттерінің (АЛТ, АСТ) және билирубин деңгейінің
күрт жоғарылауы.
Иммуноферменттік талдау (ИФА): спецификалық антигендер мен антиденелерді (маркерлерді) анықтау
(мысалы, HBsAg, anti-HCV).
Полимеразды тізбекті реакция (ПТР): қандағы вирустың генетикалық материалын (РНҚ/ДНҚ) анықтау және
вирус жүктемесін (нагрузка) бағалау.
Маңызы: ПТР әдісі вирустың белсенді көбейіп жатқанын және емнің тиімділігін нақты көрсетеді.
9.
Энтеральды гепатиттердің профилактикасы (А, Е)Санитарлық-гигиеналық шаралар: су көздерін қорғау, сапалы ауыз суын қолдану және тағам өнімдерін
дұрыс өңдеу.
Жеке гигиена: қолды сабынмен жиі жуу, әсіресе тамақтанар алдында және дәретханадан кейін.
Дезинфекция: ошақтарда (науқас оқшауланған жерде) ағымдық және қорытынды зарарсыздандыру
жүргізу.
Спепификалық алдын алу: А гепатитіне қарсы жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша
вакцинациялау.
10.
Парентеральды гепатиттердің медициналық алдыналуы
Қан қауіпсіздігі: донорлық қан мен ония компоненттерін заманауи ИФА және ПТР әдістерімен мұқият
тексеру.
Медициналық құралдарды зарарсыздандыру: бір реттік шприцтер мен жүйелерді қолдану, хирургиялық
құралдарды дезинфекциялау, ПСО және стерилизациялаудан өткізу.
Госпитальдық індеттің алдын алу: медициналық қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарын (қолғап,
көзілдірік) қолдануы, асептика ережелерін сақтауы.
Қауіпсіз инвазивті процедуралар: сұлулық салондары, тату және пирсинг бөлмелерінде құралдардың
зарарсыздығын қатаң бақылау.
11.
Спецификалық иммунопрофилактика (Вакцинация)В гепатитіне қарсы вакцина: әлемдегі ең тиімді алдын алу шарасы. Вакцина бауыр циррозы мен қатерлі
ісігінен тікелей қорғайды.
Қазақстандағы Ұлттық егу күнтізбесі: нәрестелерге туылған алғашқы 24 сағат ішінде, кейін 2, 3 және 4
айлығында В гепатитіне қарсы егу жүргізіледі.
Медицина қызметкерлерін қорғау: жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде В гепатитіне қарсы
вакцинациядан өтуі тиіс.
С гепатиті ерекшелігі: қазіргі уақытта С гепатитіне қарсы спецификалық вакцина жоқ (вирустың жоғары
мутациясы салдарынан), бірақ тиімді вирусқа қарсы дәрілер бар.
12.
Эпидемиологиялық қадағалау және іс-шараларЕсепке алу және тіркеу: әрбір анықталған вирустық гепатит жағдайы туралы СЭС-ке шұғыл хабарлама
жіберу.
Науқасты оқшаулау: жұқпалы аурулар стационарына жатқызу немесе қатаң амбулаторлық бақылау орнату.
Байланыста болған адамдарды бақылау: отбасы мүшелері мен ұжымды медициналық тексеруден өткізу, А
гепатиті ошағында қарым-қатынаста болғандарға вакцина немесе иммуноглобулин енгізу.
Мониторинг: созылмалы вирус тасымалдаушыларды диспансерлік есепке алу және мерзімді тексеру.
13.
ҚорытындыВирустық гепатиттер – қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің ең күрделі әрі өзекті мәселелерінің бірі.
Инфекциялық процестің биологиялық және эпидемиологиялық заңдылықтарын білу дұрыс диагноз қою
мен індетті тоқтатудың кепілі.
Алдын алу шараларын (гигиена, медициналық қауіпсіздік, вакцинация) сақтау – халық денсаулығын
қорғаудың негізгі құралы болып табылады.
Назар аударғандарыңызға рақмет!
medicine