Ұйымдық-өкілеттік құжаттар
Қарастырылатын мәселелер:
Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың жалпы сипаттамасы
Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың тілдік-стильдік ерекшеліктері
Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың негізгі түрлері
ІІІ. Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің құқықтық және ұйымдастырушылық маңызы
Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің құқықтық маңызы
Құжаттарды дұрыс рәсімдемеудің салдары
Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің маңызы:
. Бақылау сұрақтары: 1. Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің құқықтық мәнін түсіндіріңіз. 2. Ұйымдастырушылық тұрғыдан құжаттардың рөлі
334.03K

5-дәріс.Іс қағаз Презентаця PowerPoint

1. Ұйымдық-өкілеттік құжаттар

2. Қарастырылатын мәселелер:

1. Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың ұғымы
2. Мемлекеттік басқару мен қызметтік қарымқатынастағы рөлі
3. Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің құқықтық және
ұйымдастырушылық маңызы

3. Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың жалпы сипаттамасы

Ұйымның құрылымын, өкілеттілігін бекітетін
құжаттар
Ұйым қызметінің құқықтық негізін қамтамасыз ету
Ресми-іскери стильдің тілдік нормалары

4. Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың тілдік-стильдік ерекшеліктері

Ресмилік, нақтылық, қысқалық
Құжат мәтінінің стандарттылығы
Терминдер мен тұрақты ресми сөз
орамдарының қолданысы

5. Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың негізгі түрлері

Жарғы (Устав) –
ұйымның
құқықтық
мәртебесін
айқындайды.
Ереже (Положение) –
құрылымдық
бөлімшелердің
міндетін белгілейді.
Нұсқау
(Инструкция) –
қызметтің тәртібі мен
ережелерін көрсетеді.
Бұйрық (Приказ)
– басқару
шешімдерін
бекітеді.
Өкім (Распоряжение)
– жедел сипаттағы
тапсырмаларды
орындауға
бағытталған.
Хаттама
(Протокол) –
жиналыс, мәжіліс
нәтижелерін
тіркейді.

6.

Басқару жүйесінде құжаттарсыз іс
жүргізу мүмкін емес
Құжат – ұйым қызметінің айнасы, ал ұйымдықөкілеттік құжаттар – оның құқықтық негізі.
Бұл құжаттар ұйым мен оның құрылымдық
бөлімшелерінің қызметін реттейтін негізгі нормативтік
актілер болып табылады.

7.

Ұйымдықөкілеттік
құжаттар –
ұйымның құрылуын,
оның құқықтық
мәртебесін,
міндеттері мен
функцияларын,
қызметкерлердің
өкілеттілігі мен
жауапкершілігін
белгілейтін ресми
құжаттар
жиынтығы.

8.

Негізгі белгілері:
Ұйымның құқықтық негізін айқындайды.
Міндеттер мен функцияларды нақтылайды.
Басқару қызметін жүйелейді.
Мемлекеттік стандарттар мен заңнамаларға сүйеніп жасалады.

9.

Ұйымдық-өкілеттік құжат түрлерінің қызметі
Жарғы (Устав)
• Ұйымның құқықтық
мәртебесін, қызмет
бағытын бекітеді.
• Мысал: ЖОО жарғысы
– оқу орнының
құрылымын, оқутәрбие жұмысын,
басқару жүйесін
белгілейді
Ереже
(Положение)
o
o
Құрылымдық
бөлімшелердің
қызметін реттейді.
Мысал: Кафедра
ережесі, кітапхана
жұмысының
ережесі.
Нұсқаулық
(Инструкция)
Белгілі бір қызмет
түрінің орындалу
тәртібін түсіндіреді.
o Мысал: Қауіпсіздік
техникасы нұсқаулығы,
қызметкердің
лауазымдық
нұсқаулығы.

10.

Ұйымдық-өкілеттік құжат түрлерінің қызметі
Бұйрық (Приказ)
• Басқару шешімдерін
заңдастырады.
• Мысал: Университет
ректорының
«Қабылдау
комиссиясын құру
туралы» бұйрығы.
Өкім
(Распоряжение)
Жедел сипаттағы
тапсырмалар береді.
Мысал: Әкімнің
мерекелік ісшараларды өткізу
туралы өкімі.
o
Хаттама (Протокол)
Жиналыс, мәжіліс,
конференцияда
қабылданған
шешімдерді бекітеді.
Мысал: Ғылыми
кеңес хаттамасы.

11.

Тілдік және стильдік ерекшеліктері
Ресмилік, нақтылық, қысқалық.
Стандартты сөз орамдары қолданылады
(бұйырамын, бекітемін, тапсырылсын).
Эмоциясыз, бейтарап баяндау тәсілі.

12.

Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың маңызы
Құқықтық тұрғыдан: ұйымның заңды мәртебесін
бекітеді.
Ұйымдастырушылық тұрғыдан: басқаруда
тәртіп пен жүйелілікті қамтамасыз етеді.
Қызметтік қарым-қатынаста: айқындық пен
жауапкершілікті қалыптастырады.

13.

Бақылау сұрақтары
1. Ұйымдық-өкілеттік құжаттарға қандай анықтама
беруге болады?
2. Жарғы мен ереженің айырмашылығы қандай?
3. Бұйрық пен өкімнің ерекшеліктерін мысалмен
түсіндіріңіз.
4. Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың стильдік
сипатына қандай белгілер тән?
5. Басқаруда бұл құжаттардың қандай маңызы бар?

14.

ІІ. Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың ұғымы, мемлекеттік
басқару мен қызметтік қарым-қатынастағы рөлі
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар – басқару жүйесінің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін негізгі
құралдардың бірі. Олар ұйымның құрылымын,
міндеттері мен функцияларын белгілейді, құқықтық
және қызметтік қатынастарды реттейді. Басқару
процесінің бірізділігі мен заңдылығын сақтауда бұл
құжаттар нормативтік-құқықтық мәнге ие
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар –
мемлекеттік органдар мен
мекемелердің құрылуын, жұмыс
істеуін, олардың өкілеттілігін,
қызметтік тәртібін белгілейтін ресми
құжаттар жиынтығы.

15.

Ұйымдық-өкілеттік құжаттартардың негізгі ерекшеліктері:
Құқықтық және
әкімшілік нормаларды
бекітеді.
Ұйым мен оның
бөлімшелерінің
қызметін реттейді.
Жеке қызметкердің
міндетін айқындайды.
Мемлекеттік басқаруда
заңдылық пен тәртіпті
қамтамасыз етеді.

16.

Мысалы:
ҚР мемлекеттік органдарының Жарғысы
– органның құқықтық мәртебесін
анықтайды.
.
Мекеме ішкі тәртіп Ережесі –
қызметкерлердің жұмыс режимін
белгілейді
Қызметтік Нұсқаулықтар – нақты
лауазым иесінің міндеттері мен
өкілеттігін анықтайды.

17.

Мемлекеттік басқарудағы рөлі
Мемлекеттік басқару жүйесінде ұйымдық-өкілеттік
құжаттардың маңызы зор:
Құқықтық негізді
қамтамасыз етеді
Жарғылар мен ережелер –
мемлекеттік органдардың
заңды қызметін
айқындайтын басты құжат.
Мысалы, ҚР Білім және
ғылым министрлігінің
Жарғысы министрліктің
құзыреті мен міндетін
белгілейді.
Басқару қызметінің
жүйелілігін сақтайды
Әрбір шешімнің,
бұйрықтың құжат жүзінде
рәсімделуі басқарудағы
тәртіпті күшейтеді.
Мәселен, министрдің оқу
жылының басталуына
байланысты арнайы
Бұйрығы білім беру
ұйымдарына нақты бағыт
береді.
Жауапкершілікті бекітеді.
Әр қызметкердің міндетін
нақтылау арқылы
мемлекеттік аппараттағы
жауапкершілікті арттырады.
Мысалы, мемлекеттік
қызметкердің қызметтік
нұсқаулығында оның
құқығы мен міндеті айқын
көрсетіледі.

18.

Қызметтік қарым-қатынастағы рөлі
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар қызметтік қарымқатынастың ресми сипатын анықтайды.
Ресмилік пен
Қарым-қатынастағы
стандарттылық
айқындылық
Әр құжат мемлекеттік
Жазбаша нұсқаулар
стандартқа сәйкес
қызметкерлер арасында
рәсімделеді.
түсінбеушілікті
Мысалы: Бұйрықтың
азайтады.
құрылымы (кіріспе
Мысалы: Әкімнің
бөлік, нөмір,
Өкімі арқылы қысқа
орындалуы тиіс ісмерзімде нақты
әрекет, жауапты тұлға, тапсырмалар беріледі..
мерзімі).
Деректілік пен
дәлелділік
Қызметтік дауларды
шешуде құжат дәлел
ретінде қолданылады.
Мысалы: Еңбек тәртібін
бұзған жағдайда
қызметкерге қатысты
шешім хаттама және
бұйрық негізінде
қабылданады..

19.

Әкімшілік ғылымда ұйымдық-өкілеттік
құжаттар басқару коммуникациясының
негізгі арнасы ретінде қарастырылады.
Лингвистика тұрғысынан олар ресмиіскери стильдің үлгісі болып табылады:
қысқа, нақты, эмоциясыз.
Құқық ғылымында бұл құжаттар
нормативтік актілермен тығыз
байланысты, себебі оларды орындау
міндетті

20.

Сонымен ұйымдық-өкілеттік құжаттар:
мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті
қамтамасыз етеді;
қызметтік қарым-қатынаста айқындылық,
жауапкершілік пен дәлелділікті күшейтеді;
ресми-іскери мәдениеттің қалыптасуына ықпал
етеді.
Демек, бұл құжаттарды меңгеру – мемлекеттік
қызметкердің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші.

21.

Бақылау сұрақтары
1.Ұйымдық-өкілеттік құжаттарға қандай құжаттар жатады?
2.Жарғы мен ереженің айырмашылығы неде?
3.Мемлекеттік басқарудағы құжаттардың құқықтық мәнін
мысалдармен түсіндіріңіз.
4.Қызметтік қарым-қатынаста құжаттардың рөлі қандай?
5.Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың ғылыми тұрғыдан
зерттелу аспектілерін атаңыз.

22. ІІІ. Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің құқықтық және ұйымдастырушылық маңызы

Құжат – кез келген ұйымның,
мемлекеттік мекеменің ресми
қызметін бейнелейтін, заңды күші
бар ақпараттық жазба.
Құжаттарды дұрыс рәсімдеу –
басқару мәдениетінің, құқықтық
тәртіптің және
ұйымдастырушылық жүйеліліктің
кепілі.
Мемлекеттік басқаруда,
мекеме қызметінде құжаттың
дұрыс рәсімделмеуі
заңсыздыққа, басқарушылық
дағдарысқа, тіпті құқықтық
жауапкершілікке әкелуі
мүмкін.

23. Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің құқықтық маңызы

Құқықтық
дәлелдеме ретінде
Нормативтік
талаптарды сақтау
Заңды күші

24.

Құқықтық
дәлелдеме ретінде
Нормативтік
талаптарды сақтау
Заңды күші
• Құжаттар сотта, тергеу
органдарында, әкімшілік
тексерісте негізгі дәлел
болып саналады.
• Мысал: Егер еңбек шарты
дұрыс рәсімделмесе,
қызметкер еңбек құқығын
қорғауда қиындыққа тап
болады. Ал толық
рәсімделген шарт
қызметкердің де, жұмыс
берушінің де мүддесін
қорғайды
• Қазақстанда құжат жүргізу
мемлекеттік стандарттарға
(СТ РК 1042–2016, ГОСТ Р
6.30–2003) сәйкес
жүргізіледі.
• Бұл стандарттар құжаттың
міндетті реквизиттерін
(атауы, күні, нөмірі, қолы,
мөрі) айқындайды.
• Мысал: Сотқа жолданған
арызда міндетті
реквизиттер болмаған
жағдайда, ол қараусыз
қалдырылуы мүмкін.
• Дұрыс рәсімделген
құжаттың заңды күші
бар, ал талаптарға сай
келмесе – заңды құжат
ретінде танылмайды.
• Мысал: Әкімнің өкімі
заңды күшке ену үшін
онда: мекеменің атауы,
құжат түрі, нөмірі,
күні, мазмұны, қолы,
мөрі болуы қажет.

25.

Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің ұйымдастырушылық маңызы
Басқару
процесінің
жүйелілігі
• Құжаттар басқару
шешімдерін заңдастырады
және олардың орындалуын
қамтамасыз етеді.
• Мысал: Университет
ректорының оқу үрдісін
ұйымдастыруға
байланысты бұйрықтары
студенттердің оқу кестесін
қалыптастыруға негіз
болады.
Жауапкершілікті
бөлу
• Дұрыс рәсімделген
құжат кімнің қандай
іс-әрекетке жауапты
екенін айқындайды.
• Мысал: Қызметкерді
іссапарға жіберу
бұйрығында нақты
жауапты тұлға мен
мерзім көрсетілмесе,
ұйымдастыруда
түсінбеушіліктер
туады.
Ақпараттықанықтамалық
қызмет
• Құжат – ұйымның
тарихи дереккөзі. Ол
басқарушылық
тәжірибені сақтайды
және кейінгі қызмет
үшін бағыт-бағдар
болады.
• Мысал: Өткен жылғы
қаржылық есепқұжаттар ағымдағы
жыл бюджетінің
жоспарлануына негіз
болады.

26. Құжаттарды дұрыс рәсімдемеудің салдары

Құқықтық тұрғыдан –
құжат жарамсыз деп
танылып, мекеме немесе
жеке тұлға
жауапкершілікке тартылуы
мүмкін.
Ұйымдастырушылық
тұрғыдан – басқаруда
ретсіздік туып,
шешімдердің орындалуы
кешеуілдейді.
Моральдық тұрғыдан –
ұйым беделінің
төмендеуіне әкеледі.
Мысал: Мемлекеттік сатып алу
келісімшарты дұрыс
рәсімделмеген жағдайда тендер
нәтижесі заңсыз деп танылып,
мекеме қаржылық айыппұл
төлейді.

27.

Құқықтану ғылымында құжаттарды дұрыс
рәсімдеу – заңдық актілердің міндетті шарты
ретінде қарастырылады.
Басқару теориясында құжат рәсімдеу –
ұйымдағы коммуникацияның формалды
арнасы.
Лингвистикада ресми құжаттардың тілдік ерекшеліктері
(нақтылық, стандарттылық, эмоциясыздық) дұрыс рәсімдеудің
негізгі өлшемі деп танылады.

28. Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің маңызы:

құқықтық жағынан – заңды күшке ие
болуын қамтамасыз етеді;
ұйымдастырушылық жағынан – басқару
процесінің тиімділігін арттырады;
әлеуметтік жағынан – мекеме беделін,
азаматтардың сенімін нығайтады.
Демек, құжаттарды дұрыс рәсімдеу – кәсіби
мәдениеттің, құқықтық сауаттылықтың және
мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі.

29. . Бақылау сұрақтары: 1. Құжаттарды дұрыс рәсімдеудің құқықтық мәнін түсіндіріңіз. 2. Ұйымдастырушылық тұрғыдан құжаттардың рөлі

қандай?
3. Құжаттардың заңды күшіне ие болуы үшін қандай реквизиттер
болуы қажет?
4. Құжат дұрыс рәсімделмеген жағдайда қандай салдарлар
туындайды?
5. Құжат жүргізу мәдениеті мемлекеттік басқару тиімділігіне
қалай ықпал етеді?
English     Русский Rules