Similar presentations:
3.Топтау
1.
СтатистикаШайкенова Нұргүл Тыныштыққызы
«Есеп және аудит» кафедрасының қауымдастырылған
профессоры., PhD докторы
2.
Статистикалық мәліметтерді жинақтаужәне топтау
1. Статистикалық мәлімет ұғымы
2. Статистикалық топтауды өткізудің мәні мен реттілігі
3. Статистикалық топтау түрлері
4. Статистикалық бөлініс қатарлары
3.
Мәліметтердіжинақтау-зерттелетін
құбылысқа
тән
қасиеттер
мен
заңдылықтарды анықтауда жиынтықтың
нақты жеке бір фактілеріне жалпылама
сипаттама беру үшін ретімен жүргізілетін
іс-шаралар кешені.
4.
Материалды өңдеудің тереңдігі меннақтылығына байланысты мәліметтерді
жинақтау жай және күрделі болып
бөлінеді.
Жай жинақтау - бақылау бірлігінің
жиынтығы бойынша жалпы жиынын
есептеу.
Күрделі жинақтау - әр топ және
тұтастай
зерттеліп
отырған
объекті
бойынша қорытынды жиынтығын есептеп,
олардың нәтижелерін статистикалық кесте
түрінде бейнелеу.
5.
Статистикалық мәліметтерді жинақтауекі түрлі жолмен ұйымдастырылады:
- орталықтандырылған - барлық бастапқы
мәліметтерді бір орталыққа жинап, осында
қорытынды жасау;
- орталықтандырылмаған – алғашқы
мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде
жинақталып,
қорытынды
мәліметтер
жоғарғы
сатыдағы
мекемелерге
тапсырылады.
6.
Статистикалық топтау әдісі депқоғамдық құбылыстар мен процестерді
өздеріне тән белгілеріне сәйкес бір-бірінен
ажыратуға болатын топтар мен ішкі
топтарға бөлуді айтады.
7.
Кез келген топтау келесі реттілікпенорындалады:
- топтау белгісін таңдау;
- интервалдарды анықтау және топтарды
таңдау;
- топтастыру белгілері бойынша топтарға
бөледі.
8.
Сандықбелгісі
бойынша
топтау
құрғанда топ санын анықтау үшін
Стерджесс формуласы қолданылады:
n=1+3,322· lgN
мұндағы: n - топ саны,
N – жиынтықтағы бірлік саны
9.
Интервал дегеніміз-белгілі біршекараларда орналасқан әр түрлі белгілердің
мәндері.
Интервалдың төменгі шекарасы интервалдағы белгінің ең кіші мәні, ал
жоғарғы шекара - ондағы белгінің ең үлкен
мәні
Интервалдың мәні - интервалдың
жоғарғы
және
төменгі
шекаралары
арасындағы айырмашылық.
10.
Интервал шамасыанықталады:
мұндағы:
мәні;
келесі
формуламен
-жиынтық белгісінің ең үлкен
- жиынтық белгісінің ең кіші мәні;
n -топ саны
11.
Мысалы: қаладағы 20 сауда орны апталық тауарайналымы бойынша келесідей ранжирленеді:
25, 28,30,36 ......
205
млн.
тг.
Тауар
айналымының сауда орындарының басқа да
көрсеткіштеріне әсерін анықтау мақсатымен сауда
орындарын тауар айналымы бойынша 3 топқа бөлу
керек. Ол үшін ең алдымен топ аралығының
интервалын анықтаймыз:
i=
205 − 25
= 60 млн.тг
3
демек әр топқа енетін сауда орындарының тауар
айналымының шекаралары:
1-топ: 25-85 млн. тг. аралығы;
2-топ: 85-145 млн.тг. аралығы;
З-топ.145 -205 млн.тг. аралығы.
12.
Топтастыру мақсат-мiндеттерiне қарай үштүрге бөлiнедi:
1) типтiк;
2) аналитикалық;
3) құрылымдық.
13.
Типтiк топтастыру- статистикалықбақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы
жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір
жүйеге келтіріп, топтарға бөлініп, оның
қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасалады.
Аналитикалық топтастыру – белгілер
арасындағы өзара байланыстарды сипаттайтын
топтастыру.
Біртектес, бір типті жиынтық бірліктерінің
өзгерісін өзіне тән белгілеріне қарай бөлуді
статистикалық құрылымдық топтау деп
атайды.
14.
Республика халқының тұратын жері бойынша топқа бөлінуіБарлық халық саны, мың адам
оның ішінде,% есебімен
қалада
ауылда
2016
17794,0
2017
18037,7
2018
18276,4
2019
18513,6
2020
18513,7
57,0
43,0
57,8
42,2
58,0
42,0
58,5
41,5
59,7
40,3
15.
Топтастыру бір немесе бірнеше белгілернегізінде жүргізілуі мүмкін. Бір белгі
негізінде құрылған топтастыру — қарапайым
немесе бір өлшемді топтастыру деп, ал екі
және одан артық белгілер негізінде құрылған
топтастыру – күрделі немесе көп өлшемді
топтастыру деп аталады.
16.
Бөлініс қатарлары - жиынтық бірліктерінөздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі
бір тәртіп бойынша ретке келтіріп, топқа бөлуді
айтады.
Бөлініс қатары екі элементтен тұрады: варианта
мен жиіліктен
Варианта - зерттеліп отырған белгінің жеке
мағынасы ,(х)
Жиілік - вариантаның неше рет кездесетінін
көрсетеді, (f)
қатары берілген белгілеріне қарай сандық және
сапалық( атрибуттік) болып екіге бөлінеді.
17.
Дискретті бөлініс қатары вариантаныңтек бүтін сандармен берілуімен сипатталады.
Дискретті қатарды бейнелегенде полигон
қолданылады.
Интервалды
бөлініс
қатарында
варианта мәні интервалдар арқылы беріледі.
Интервалды
қатарды
бейнелеу
үшін
гистограмма қолданылады.
18. 2 кесте. Жұмысшылардың тарифтіік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне бөлінуі
Тарифтік кесте бойыншамамандық дәрежелері
1
2
3
4
5
6
Барлығы
Жұмысшылар саны
адам
% есебімен
3
5,0
6
10,0
15
25,0
20
33,3
10
16,7
6
10,0
60
100
19. 1 сурет. Жұмысшыларды тарифтік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне бөлу.
2520
Адам
15
10
5
0
1
2
3
4
5
6
Тарифтік разряд бойынша мамандық дәрежесі
1 сурет. Жұмысшыларды тарифтік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне бөлу.
20. 3 кесте. Жұмысшылардың еңбек өтілі бойынша бөлінуі
Еңбек өтілі (х)Жұмыскерлер саны
адам (f)
қорытындыға % есебімен
1-5
10
20,4
5-10
18
36,7
10-15
13
26,5
15-20
8
16,4
21. 2 сурет. Жұмысшыларды еңбек өтілі бойынша бөлу.
2018
16
Адам саны
14
12
10
8
6
4
2
0
5
10
15
Еңбек өтілі, жыл
2 сурет. Жұмысшыларды еңбек өтілі бойынша бөлу.
20
22.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:1. Мәлімет жинауға қысқаша анықтама беріңіз.
2. Статистикалық топтау дегеніміз не?
3. Топтау белгісінің ерекшелігі?
4. Топтың ара қашықтығы деген не және оның қандай
түрлері болады?
5. Топтау әдісі арқылы статистика қандай мәселені
шешеді?
6. Топтаудың қандай түрлерін білесіз, олардың бірбірінен ерекшелігі?
7. Статистикалық бөлу қатарының мағынасы және олар
қандай белгілер бойынша құрылады?
8. Вариациялық бөлу қатары қандай элементтерден
тұрады?