Similar presentations:
3.1
1.
3 - ТАҚЫРЫП. ЖАЛПЫМАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕТЕҢДІК: ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ЖӘНЕ
ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС ҮЛГІСІ
Дәріс жоспары (2 сағат)
1 дәріс
1.Нақты және жоспарланған шығыстар. Кейнс
«кресті».
2.AD-AS моделіндегі макроэкономикалық тепетеңдік.
3.Қысқа мерзімдік тепе-теңдіктен ұзақ
мерзімдік тепе-теңдікке өту.
2.
3 - ТАҚЫРЫП. ЖАЛПЫМАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК:
ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ
ҰСЫНЫС ҮЛГІСІ
Семинар сабақтарының жоспары (4 сағат)
1-2 сабақ
1.Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың
тепе-теңдігі.
2.AD-AS моделіндегі тұрақтандыру саясаты
3.Өндірістің тепе-теңдік көлеміне жету
механизмі
3.
Жиынтық сұраныс(AD) –бұл
макроэкономикалық
субъектілердің белгілі бір уақыт
кезеңінде (әдетте,1 жыл ішінде)
өндірілген соңғы тауарлар мен
қызметтерге
деген
жиынтық
шығындары. Ол белгілі бір уақытта
сол макроэкономикалық субъектілер
тарапынан өз сұраныстарын тапқан
жиынтық шығарылым көлемінің
экономикадағы
бағаның
жалпы
деңгейімен
өзара
байланысын
сипаттайды.
4.
Ашық экономикалық жүйеде AD толыққанды мынадайтөрт макроэкономикалық элементтен (құрауыштардан)
құралады:
1.Үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары(С).
2.Фирмалардың инвестициялық шығындары(І).
3.Мемлекеттік шығындар(G).
4.Таза экспорт(Хn).
5.
Тұтынушығындары(С)
–бұл
үй
шаруашылықтарының
тұтыну тауарлары мен
қызметтеріне деген сұраныстарын сипаттайтын ADның негізгі және ең үлкен компоненті болып
табылады.Әдетте, тұтыну шығындары
AD-ның
құрамында 70-75% -ға дейінгі үлеске ие деп
айтылады.Тұтыну шығындары қолда бар табыс
көлеміне байланысты анықталатыны бізге белгілі.
Ұзақ мерзімде тұтынудың динамикасы табыстардың
басқа да түрлерімен, мүлікпен және баға деңгейімен
байланысты болып келеді. AD-ны талдау негізінен,
нақты тұтыну факторларына (бағалар индексіне
бөлінген
тұтынудың
номиналды
құнына)
жүгінеді.Тұтыну шығындары әдетте, AD-ның басқа
құрауыштарына қарағанда тұрақты, әрі баяу өзгеретін
компонент болып табылады.
6.
Инвестициялық шығындар(І) -бұл фирма сияқтыірі
макроэкономикалық
субьектінің
құралжабдықтар, қорлар, жылжымайтын мүліктер
ретіндегі инвестициялық тауарларға деген жеке
сатып алушылық сұраныстарын сипаттайтын ADның
ең
маңызды
компоненті
болып
табылады.Инвестиция көлемі негізінен шығарылым
көлемімен, негізгі капиталдың құнымен және
экономикадағы болашақ жағдайларды күтумен
байланысты
анықталады.
Инвестициялық
шығындар AD-ның құрамында ең өзгермелі
қасиетке ие,олардың өзгерісі мен қарқындылығы
экономикада үнемі ауытқуларды немесе толқуларды
туындатып отырады.
7.
Мемлекеттік шығындар(G)- мемлекет
тарапынан болатын тауарлар мен қызметтерге
деген сұраныстарды сипаттайтын AD-ның бір
компоненті
Мемлекеттік сатып алымдар ретіндегі
тауарлар мен қызметтерге әдетте, мыналар
жатады: қару-жарақтар өндіруге тапсырыс
беру,құрылыс
жабдықтарын
сатып
алу,мемлекеттік мекемелерді (мектептер,
ауруханалар т.б.) салу, басқарушылық
аппаратты қамтамасыз ету,т.б.
8.
Таза экспорт (Хn) - бұл экспорт пен импорт құндарыныңайырмасына тең, яғни шет мемлекеттердің ұлттық
экономикада өндірілген отандық тауарлар мен қызметтерге
деген экспорттық сұраныстары мен ұлттық сатып
алушылардың сол шет мемлекеттердің өз ұлттық
экономикаларында өндірілген тауарлары мен қызметтеріне
деген
импорттық
сұраныстары
арасындағы
айырмашылықты сипаттайтын AD-ның құрамдас бір
бөлігі.
Импорт
көлемі
ел
ішіндегі
ішкі
табыстар
шамасына,ұлттық өндіріс көлеміне, ішкі және сыртқы
нарықтардағы
бағалар
деңгейінің
арақатынастарына,сонымен қатар, ұлттық валютаның
айырбас бағамына тәуелді болып табылады.Ал экспорт
көлемі шет елдердегі табыстар деңгейімен және өндіріс
көлемімен,бағалардың арақатынасы мен валюталық
бағамдармен анықталады.
9.
Төмендегі суретте Р мен Ү –дің (ақша ұсынысыныңтұрақтылығы кезінде) әртүрлі үйлесімдіктері
көрсетілген.
Жиынтық сұраныс қисығы
Абцисса осінде –нақты ЖҰӨ, немесе өндірістің нақты
көлемі,ордината осінде-бағалар деңгейі, немесе дефлятор,
яғни абсолюттік емес,салыстырмалы көрсеткіш.
10.
AD қисығының теріс көлбеуліболуы мына үш әсер (эффект)
арқылы түсіндіріледі:
1.Кейнс әсері (пайыз
мөлшерлемесінің әсері);
2.Пигу әсері(нақты кассалық
қалдықтар әсері,немесе байлық
әсері);
3.Импорттық сатып алымдар әсері.
11.
Кейнсәсері
(пайыз
мөлшерлемесінің
әсері)былай
түсіндіріледі,яғни
бағаның
өсуімен байланысты ақшаға деген сұраныс
өседі;ақша
ұсынысының
тұрақтылығы
жағдайында пайыз мөлшерлемесінің деңгейі
артады.Пайыз
мөлшерлемесінің
өсуінен
экономикаға салынатын инвестиция көлемі
қысқарады,олай болса, AD көлемі де
қысқарады:
Р↑,→ М/Р↓,→і↑,→І↓,→ AD↓
12.
Пигу әсері (нақты кассалық қалдықтар әсері,немесе байлық әсері), бұл жағдайда бағалар
деңгейінің өсуінен нақты байлық көлемі
төмендейді,олай
болса,
тұтыну
қысқарады,сәйкесінше , AD көлемі де
қысқарады:
Р↑,→ М/Р↓,→С↓,→ AD↓
13.
Импорттық сатып алымдар әсері, бұлжағдайда импорттық бағалардың өзгермеуі
кезінде ел ішіндегі бағалардың өсуі
экспорттың
қысқаруына
алып
келеді,
сәйкесінше, ұлттық экономикада жиынтық
сұраныс көлемі қысқарады:
Р↑,→ Е↓,→ Xn↓,→ AD↓
14.
Осы аталған бағалық факторлардан басқа ADға бағалық емес факторлар да әсер етеді.Бұлфакторлардың өзгеруі AD қисығын оңға
немесе солға жылжытады.Оны төмендегі
суреттен көруге болады.
Жиынтық сұраныс өзгеруі
15.
Жиынтық жоспарланған шығындар (АЕ) – бұлашық экономикада макроэкономикалық
агенттердің тауарлар мен қызметтерді сатып
алуға жоспарланған жалпы шығындары.
Жоспарланған шығындар функциясы:
E = C + I + G + Xn
16.
Нақты шығындар – бұлфирмаларға сату деңгейінде
тосыннан болған өзгерістер
бола қалған жағдайында
ТМҚ-ға жоспарланбаған
инвестициялар салуға
мәжбүрлейтін қосымша
шығындар.
17.
E = C + I + G + Xn жоғарықарай I + G +Xn көлеміне
жоғары жылжыған
C = a + b (Y – T) түрінде
бейнеленеді.
Соған
байланысты Xn
толығымен
автономды
a + I + G +Xn
шығындардың
құрамына
қосылады
Xn көлемі Ү
автономды деп
алынады.
18.
Автономды шығындардың шамасы(a+I+G+g) таза экспорт функциясын есепке
ала отырып төмендегіге тең болады:
Xn= g - m′Y
19.
m′= ∆М/∆Ү∆Ү –
табыстың
өзгеруі
∆М –
импорт
шығындары
ның өзгеруі
20.
Импорттауға шектібейімділіктабыстың кез –келген
өзгерісінде импорттық
тауарларға жұмсалатын
шығындар өсімінің пайыздық
үлесі
21.
«Кейнс кресі» үлгісі22.
«Кейнс кресі» үлгісі – бұл бағалардыңикемдігі мен экономиканың жұмыспен
толық қамтылмағандығы жағдайында
игіліктер нарығында инвестициялар
мен жинақтардың, жоспарланған
шығындар мен ұлттық табыстың және
сәйкесінше, жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін
қалыптастыру арқылы оңтайлы
сұранысқа қол жеткізуді қарастыратын
кейнстік қысқа мерзімді
макроэкономикалық тепе-теңдік.
23.
2.AD-AS моделіндегі макроэкономикалық тепетеңдік.Классикалық экономика теориясы екі негізгі
жобаға негізделеді:
Біріншіден, ресурстардың толық жұмсалуымен
өндірілген өнімді сатып алу үшін жиынтық
шығын деңгейі Y = C + I + G + Xn
толық
жұмыспен қамту кезінде өндірілген өнімдерді
сатып алуға жетпейтіндей жағдай орын алмайды
деп болжайды, яғни жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныстың бір-біріне тең болмау
(AD≠AS) жағдайының орын алуы мүмкін
еместігіне сенімділік білдіреді.
24.
Екіншіден, егер осы жағдай болса да, ондаеңбекақы, бағалар және пайыздық мөлшерлеме
дереу
өзгереді,
жиынтық
сұраныстың
төмендеуінен кейін өндірістің құлдырауы
болады, әрі аса маңызды болмайды, яғни жағдай
икемді көрсеткіштер арқылы тез арада қалпына
келе бастайды. Ақша нарығы инвестициялар мен
жинақтардың теңдігіне және ресурстардың
толық қамтылуына әрқашанда кепілдеме беріп
отырады. Тек табиғи деңгейдегі «ерікті»
жұмыссыздық орын алуы мүмкін.
Бұл AD және AS тепе-теңдік нүктесінде
өндірістің нақты көлемі Үо әрқашанда әлуетті
деңгейіне Ү∗ тең дегенді білдіреді.
25.
PAS
P0
AD
Y0≠Y
Y
Өндірістің нақты көлемінің әлеуетті деңгейімен сәйкес келмеуі
26.
Кейнстік экономикалық теория мұндай өзінөзі реттеу механизмінің болуын жоққашығармайды.
AD мен AS теңесуі (12 слайдтағы сурет) әдетте,
ресурстардың толық қамтылуы деңгейімен
сәйкес келмейді: А нүктесінде AD=AS теңдігі
орындалады, бірақ тепе - теңдік өндіріс көлемі,
яғни өндірістің нақты көлемі әлеуетті
деңгейінен кіші болып табылады Үо < Ү∗ .
27.
3. Қысқа мерзімдік тепе-теңдіктен ұзақ мерзімдік тепетеңдікке өту.28.
29.
Ұзақ мерзімдік кезенде экономиканың функциясыклассикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық
ұсыныс қисығы соның негізіңде, өндірілген өнімнің,
көлемнің,
еңбектің
және
классикалық теория
бойынша тұрғызылады,
— өнім өндіру көлемі тек қана қолданылатын
факторлар санына, яғни капитал мен еңбекке,
технологияға байланысты, ал баға деңгейіне
байланысты
емес;
өндіріс
факторы
мен
технологиядағы өзгерістер баяу болады;
— экономикадағы барлық өндіріс факторлары
қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әлуетті өнім
көлеміне тең;
— баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың
өзгеруі нарықтағы тендікті қамтамасыз етіп
отырады. Классикалық үлгі негізінде өнім шығару
көлемі баға деңгейіне тәуелді емес.
30.
Қысқа мерзімдік кезеңде баға икемсіз,жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен
берілген және жиынтық сұраныс өзгерісі өнім
шығару көлеміне әсер етеді. Ұзақ мерзімдік
кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс
қисығы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі
тек қана баға деңгейіне әсер етеді.
Сөйтіп, жиынтық сұраныс өзгерісі уақыттың
әр кезеңінде бірдей емес.