Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Жоспар:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
Эрик Григорьевич Юдин бойынша әдіснамалық білімдердің 4 – деңгейі бар:
Әдіснаманың жалпы мінездемесі
Ғылыми зерттеулердің қазіргі ғылыми әдіснамаға сай мінездемесі:
Әдіснамалық ұстанымдар мен қағидалар
Психологиялық - педагогикалық зерттеулердегі негізгі принциптер.
Түйіндеме:
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.10M

Слайд 2

1. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Тақырыбы: «Психология және педагогика
ғылымдарының әдіснамасы».

2. Жоспар:

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық
негіздері.
II. Әдіснаманың жалпы мінездемесі
III. Әдіснамалық ұстанымдар мен қағидалар
I.

3. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі пәні
бойынша оқу-әдістемелік кешені, 2015 ж.
2. Оқулық «Ғылыми-педагогикалық зерттеу
әдістемесі» авторлары: С.Е. Қаңтарбай,
Ж.А.Жүсіпова, Алматы,2011 ж.
3. Интернет желісі.

4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

«Әдіснама» педагогикадағы
ғана емес, жалпы
ғылымтанудағы күрделі,
көпмәнді түсініктердің бірі.
Ғылыми зерттеушілік
іс-әрекет әдістері.
Әдіснама
Міндеті– зерттеу
жұмыстарын әдіснамалық
жағынан қамтамасыз ету.
Әдіснамасыз кез-келген
ғылыми педагогикалық
зерттеулерді сауатты
жүргізу мүмкін емес.

5.

Әдіснама
Педагогикалық
Психологиялық
Педагогикалық әдіснама
– педагогикалық ақиқат
шындықтағы танымды
айқындайтын және оны
жаңартып, өзгертудегі
іс-әрекетке бағыттайтын
әдіс, принцип, форма
туралы ілім.
Психологиялық ақиқат
шындықтағы танымды
айқындайтын және оны
жаңартып, өзгертудегі
іс-әрекетке бағыттайтын
әдіс туралы ілім.

6. Эрик Григорьевич Юдин бойынша әдіснамалық білімдердің 4 – деңгейі бар:

1) Философиялық
деңгей
2) Жалпы
ғылымилық
деңгей
3) Нақты
ғылымилық
деңгей
4) Нақты зерттеуді
жүргізу деңгейі

7.

1) Философиялық
деңгей
Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі
танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның
категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан
философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық
қызмет атқарады.

8.

2) Жалпы
ғылымилық
деңгей
Екінші – жалпы ғылымдық әдіснама деңгейінде
ғылымдардың баршасында не көпшілігінде
қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды
белгілейді.

9.

3) Нақты
ғылымилық
деңгей
Үшінші деңгей – нақты ғылым әдіснамасы қандай да
нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу
әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды.
Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми
тануға тән болған проблемаларды, сондай-ақ
жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге
байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды,
мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру
мен жобалау (моделдеу) проблемалары.

10.

4) Нақты зерттеуді
жүргізу деңгейі
Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама зерттеу
әдістері мен техникасын белгілеп, деректі
эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы
өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер
өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл
деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау
сипатына ие.

11. Әдіснаманың жалпы мінездемесі

Әдіснама - бұл ғылыми танудың әдістерін оқу мен
жүйелеуге бағытталған ғылыми - танудың теориясы.
Ғылыми тану үрдісі 3
компоненттен тұрады
танудың нысаны
танылатын
субъект
танудың әдісі

12.

Методология (әдіснама) термині /грек - зерттеу немесе тану жолы ұғым, оқу/ ғылыми білімнің 3 түрлі деңгейін көрсетеді:
1. Жалпы әдіснама - ғылыми білімнің жалпы
қағидалары мен ұйымдастыру тәсілдерінің
байланысы. Мысалы, детерминизм принципі,
дамуы, келу, толықтыру т.б.
2. Жеке әдіснама - нақты білім облысында
қолданылған жеке қағидалар жүйесі.
3. Әдіснамалық қолданулар - даму, терапия
бойынша және т.б. зерттеу әдістерінің көптігі.

13. Ғылыми зерттеулердің қазіргі ғылыми әдіснамаға сай мінездемесі:

• 1/ нақты зерттеу
нысанының болуы
• 2/ эмпирикалық,
логикалық,
теориялық
тапсырмалардың
дифференциялау
шешімі;
• 3/ нақтыланған
факторлар мен
болжамдардың
арақатынасын
айыру;
• 4/ факт және
құбылыстарды
түсіндіру және
болжау.

14. Әдіснамалық ұстанымдар мен қағидалар

Әдіснамада
маңызды орынды
әдіснамалық
ұстанымдар алады.
Ұстаным - зерттеу
тапсырмасының алдына
қойған мақсатын шешетін
негізгі жол, ол осы
шешімнің бағыты мен
стратегиясын ашып
көрсетеді.
Әдіснамалық ұстанымдар қатарына:
a) Абстрактілі және нақты
b) Аналитикалық және синтетикалық
c) Статистикалық
d) Жүйелік - құрылымдық
e) Функционалдық
f) Модельдік және т.б. кіреді.
Қағида - кез келген ғылыми
мәселенің негізгі бастамасы
болып табылатын, оның
құрамы нормативті регулятивті мінездемесі бар
шарттарға байланысты
анықталады.

15. Психологиялық - педагогикалық зерттеулердегі негізгі принциптер.

1. Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс
өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады,
тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді.
Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптау мен
айғақталады да, ал адам санасының дамуы – түпкілігінде
қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму
заңдарымен анықталады. Сонымен психиканың адамдық
қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және
дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.
a)
b)
c)
d)
Бұл әдіс психологиялық зерттеулерде
адамға әсер етуші факторды анық білуге
осы әсерлердің сандық және сапалық сипаттамасын беруге
тысқы жауап әрекет – қылықтарды белгілеп қалуға
тітіркендіргіш ықпалдарды салыстыруға мүмкіндік берді.

16.

2. Нақтылық принципі.
Психологиялық диагнозға
сүйенеді. Нақты өмірлік
жағдайларды көрсетуге,
сол адамдардың күйін
білдіретін талаптарын және
де психикалық даму
сәйкестілігін, психикалық
біліктілігін анықтайтын
психодиагностикалауын
таңдау, психо –
диагностикалық
зерттеулерді ұйымдастыру.

17.

3. Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі. Сана
және іс - әрекет – жантану ғылымының
өзекті категориялары. Бұл принциптің
жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды.
Алғашқы рет сана мен іс - әрекеттің бірлігі
жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.
Рубинштейн. Ол «іс - әрекет және сана
назар аударылған объектінің екі , әртүрлі
тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік
емес, бірлік» - деп жазған.
Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі
әрекетінің санасыз, ал сананың әрекет
қатыспайынша қалыптаспайтынын
негіздейді. Мұндай
көзқарастан
сананы тану іс - әрекетті зерттеу арқылы
ғана мүмкін екені дәлелденді. Әр бір
ғылыми таным әрекет пен оның өнімін
білуден олардың орныдалу барысында
көрінетін басқа психикалық процестерге
өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі
принципі психологиялық барша объектив
әдістерінің негізіне айналады.

18.

4. Концептуалдық бірлік принципі – концептуалдық –
бір бағыттағы құбылыстардың, ұғымдардың және
заңдылықтардың оқу – тәрбие процесінде
қолданылады.
5. Перспективада қалатын қол жеткізген бар және
міндетті принцип. Психологиялық зерттеу
практикада қол жеткізген деңгейге сүйену қажет.
Бірақ сол уақытта да берілген мақсатқа жетуі дұрыс
бағаланбауы мүмкін. Бірлік және үнемі сәйкестілік
практикада немесе перспективадан үзілген
зерттеулерден қашуға жол ашады.

19.

6. Жалпы келу және құрама аспектінің принципі –
психологиялық зерттеудің жақсы өтуі мақсатында
белгілі бір аспектті (көзқарасты) таңдау қажет.
Онда үш ұстанымды қолдану керек:
1. Таңдаған аспектіні ретінше ұстану;
2. Нысанды жан – жақты зерттеу;
3. Қорытындыны басқа аспектіліермен салыстыра
отырып шығару.

20.

7. Жүйелілік – ғылыми танудағы негізгі принцип.
Жүйеліліктің ішкі нысанына ұғым, элемент, құрылым,
функция, ұйым, басқару, даму, ашықтық, белсенділік,
орта т.б. ұғымдар кіреді.
Жүйеліліктің келесі ұстанымдарының көрінуі:
- қоршаған ортаға тұтас жүйелілікпен қарай;
- тұтасты жеке элементтерге бөлу;
- барлық жүйе элементтері қиын қарым – қатынаста
болғандықтан оларды бөліп көрсету;
- элементтердің құрамдас болуы нысанының
ұйымдастырылуының жүйелілігін көрсету.
- жүйе элементтерін жөндеу және өзгерту басқару
жүйесі арқылы жүзеге асады.

21.

8. Даму принципі.
Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде
жекеше маңызға ие. Даму идеясы Ч. Дарвинның эволюциялық
теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер
психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы
психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе
әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде
психикалық та, даму барысында қозғалыс мен өзгеруден
туындап және жойылуына орай танылады.
Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру
процесінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды.
Жантану ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі
оның зерттейтін объектісі психика - өзінің аса үлкен
динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты
даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді.

22. Түйіндеме:

Педагогика ғылымындағы әдіснаманың алатын орны,
атқаратын рөлі ғылыми зерттеулерде ғана емес,
практикалық деңгейде де күн санап өсіп келеді.
Практикада қолданылып жүрген әр саланың әдістәсілдерін педагогика талаптарына сай өңдеуден
өткізу әдіснаманың бірінші міндеті болса, ересектерге
арналған көптеген тәсілдер мен әдістерді студенттің
деңгейлеріне сай реттеу әдіснаманың екінші міндеті
болып табылады.

23. Тақырып бойынша сұрақтар:

1) Әдіснама дегеніміз не?
2) Э.Г. Юдин әдіснамалық білімдерді неше деңгейге
бөліп қарастырды?
3) Методология деген не?
4) Психологиялық - педагогикалық зерттеулердегі
негізгі принциптерді ата.
5) Даму принципі жайлы не білесін?
English     Русский Rules